Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4269 7 пікір 15 Қараша, 2019 сағат 13:36

АҚШ-та қаржылық сауаттылық мәселелері қызу талқыланады

Менен капиталды сақтау және оны көбейту мәселелері жөнінде жиі сұрайды. Адамдардың көбі қандай да бір жолдармен ақша таба алады. Бірақ Қазақстанда тапқан ақшаны сақтау және көбейту мәселесі өте өзекті болып отыр. Бұл, расында да, үлкен мәселе. Бұл мәселенің шешілуі ұлтымыздың әл-ауқаты мен зейнетімізді қамтамасыз етілуіне тікелей әсер етеді. Біздегі зейнатақы жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және болашақ зейнеткерлер ақшасының қалай басқарылатынын қарастыратын болсақ, олар өмірлерінің соңында өздері жинаған ақшаның бәрін ала алмайтыны анық болады. Зейнатақы жинақтарының көбеюі туралы айтпай-ақ қояйық.

АҚШ Ұлттық қаржылық білім беру қоры (NEFE) балабақша тәрбиешілерінен бастап 12-сынып мұғалімдеріне дейінгі оқытушылардың бәрінен сауалама алған. Солардың 90%-ы студенттер қаржылық білім беру курстарынан өтуі немесе орта мектепті бітірер кезде осы пән бойынша емтихан тапсыруы тиіс деп айтқан. Бұл жалпы халқының 50%-ы инвестор, ал қор нарығы әлемдегі ең үздік ел саналатын Америка тұрғындары туралы айтылып отыр. Ал біз туралы не айтуға болады?

Қаржылық сауаттылық дегеніміз – ақша табу деген сөз емес. Ақшаны жұмыс істеп табу керек. Қаржылық сауаттылық дегеніміз – бұрын тапқан және қазір тауып жатқан ақшаны басқару деген сөз. Сіз «90-шы, 2000 жылдарда мынанша ақшам бар еді... пәленбай мың тапқан едім...» деген секілді сөздерді жиі еститін шығарсыз? Ал қазір ше? Мұндай адамдар қазір жалақыға өмір сүріп, жұмыс істеп жүріп өткен күндерді еске алумен өмір сүреді. «Бұрынғы миллионерлер». Оның үстіне, 90-шы жылдары тәуір ақша тауып, онысын сақтап, көбейте алғандардың пайызы уақыт өте келе ақшасы болмай қалғандарға қарағанда бірнешесе есе аз. Қарттық жақындап қалды, ал біздің БЖЗҚ-нан, өкінішке қарай, үміт жоқ.
Міне, сондықтан да, АҚШ-та қаржылық сауаттылық мәселелері қызу талқыланады. Америка ақылды әрі бай қоғам болғысы келеді. Тап осы қаржылық сауаттылық арқылы миллиондаған қарапайым америкалықтың дәулеті артады.
Қаржылық сауаты бар кез келген қазақстандық, өзінің өмірлік белсенді кезеңіндегі кірісіне сәйкес, белгілі бір жасқа дейін «жеке байлығын» жинай алады және, өмір сүру деңгейін төмендетпестен, жиналған ақшаның пайызымен өмір сүре алады.
Ертегі сияқты ма? Олай емес.
Міне, күрделі пайыз эффектісінің қалай жұмыс істейтінінің мысалы.

1996 жылы Озеола Маккарти Билл Клинтонның қолынан мемлекеттік сыйлық алды. Содан шамалы уақыт бұрын, сол жылы, оған Миссисипи штатында Олимпиада алауын алып жүру құқығы берілді. Озеола Маккарти 1908 жылы АҚШ-та дүниеге келген. Алтыншы сыныпта ол кір жуатын жерде ақша тауып күнелту үшін мектепті тастауға мәжбүр болды. Ол бала кезден бастап күн сайын тапқан ақшасының бірнеше долларын Миссисипидің Тұңғыш ұлттық банкіне әкелетін.

Бір айда 100 долларға жуықтады. Осылайша жылдар өтті.
Бірде банк қызметкері егде жастағы Мисс Маккартиден шотында қанша ақша бар екенін сұрайды. Озеола, шынымен де, білген жоқ. Сөйтсе, 75 жыл бойы оның шотына 500 000 доллардан астам ақша жиналып қалыпты.

Банкир оған осыншама ақшамен мүлдем жұмыс істемей-ақ қоюға болатынын айтқанда, ол жұмыс істеуге әбден үйреніп қалғанын, азға қанағат ететінін және ақшаның қажет емес екенін айтты. Ақшаның жайы не болады деген сұрақ туындайды. Мисс Маккарти оннан бір бөлігін жергілікті шіркеуге, 30%-ын туыстарына, ал қалған бөлігін жағдайы төмен отбасылардан шыққан қаранәсілді талантты балаларға сапалы білім беру үшін сондағы университетке берді.
Осы ақшаға 1995 жылы Оңтүстік Миссисипи университеті Озеола Маккарти атындағы қор ашты. Бұл хабар бүкіл Америкаға тарап, Американың жер-жерінен келген демеушілер кедей отбасынан шыққан балаларды оқытуға көмектесетін қорға ақша аудара бастады. Мисс Маккарти 75 жыл бойы жалпы сомасы 90 000 АҚШ долларын (жылына 1200 доллар) инвестициялаған. Бірақ күрделі пайыз (шамамен, жылына 4%) бен ұзақ мерзімді инвестицияның арқасында, капиталдың жалпы сомасы 500 000 доллардан да асады. Оның 400 000 доллары – таза табыс.

Мінеки, бұл – күрделі пайыздың ғажайыбы!
Қаржылық тұрғыдан сауатты әрі пассивті портфельді инвестициялау қағидаларын үйрене отырып, қазақстандықтар ағымдағы кірістерінің бір бөлігін инвестициялай алады және жылына 10%-ға дейін пайда көруі, ақыр-аяғында, 15-20 жылдан кейін қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізіп, капиталдан пассивті кіріс алады да, бай адамға айналады.

Сондықтан да, достар, алған білімдеріңіз сіздерге тек ақша табуға мүмкіндік беретінін, ал ақшаны сақтап, оны көбейтуге тек қаржылық сауаттылық қана көмектесетінін ұмытпаңыздар.

Марғұлан Сейсембайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3509