Жексенбі, 8 Желтоқсан 2019
1190 7 пікір 15 Қараша, 2019 сағат 11:26

Ресей әскери техникасын Сирия мен Түркия шекарасына қарай көшірді

Ресей қорғаныс министрлігі Сирия мен Түркия шекарасы маңындағы Әл-Камышлы қаласының әуежайына Ми-35М тікұшағы мен бір Ми-8 тікұшағын орналастырды.

Оларды қорғау үшін "Панцирь-С1" зымыран-пушкалы кешеннің бірнеше әскери көлігі көшірілген. Бұл туралы "Ведомости" Әл-Камышлы авиация комендатурасының басшысы Тимура Хожаевқа сілтеме жасап хабарлады.

Бұл маңда Ресейдің онға жуық бронды техникасы мен әскери полицияның бірнеше жасағы бар.

Бұдан алдын бұл аэродромға Ресейдің Ил-76 әскери ұшағы қонған. Ресей авициясы Сирияның солтүстік-шығысындағы шекараны күнде күзетеді. Ресей мен Түркия күзеті қазан айының соңында қойылды. 22 қазанда Сочиде Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Ердоған хаттама қабылдаған.

Abai.kz

7 пікір