Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 3603 2 пікір 14 Қараша, 2019 сағат 11:46

6+11(12)=?

Өзім 12 жылдық мектептің түлегімін.

Мектепке 7 жасқа толған соң бардым. 18 жастан 19 жасқа жақындап 12 жылдық мектепті бітірдім. Бір жылға жуық уақыт Қазақстанға келем деп, құжатпен алысып жүріп қалдым, келген соң бір жыл дайындық оқыдым.
Сөйтіп жүріп университетке оқуға түскенде, өзімнен 4 жас кішілермен курстас болдым.

Группада сөз бастайтын "ата" едім. Кейін білінбей кетті.
Қазір де оқитынымды білетін сыныптастарым "Әлііііі оқып жүрсің бе? Сен де шаршамайды екенсің" дейді. Әрине, шаршауға уақыт жоқ.

Айтпақшы, 12 жылдық әлемде бар үрдіс, басты мәселе 12 жылдыққа көшуге материалдық, техникалық, кадрлық мәселелер дайын болса, мектеп жетіп, оқулық сапалы болып, бағдарламалар жүйеленіп тұрса болғаны. Ал, тек форма көшіп, мазмұн алдап тұрса, онда ұтыламыз.

6+11(12)=? деп, форма қумай, мазмұн тұрғысынан сұрайтын сенатор болса, онда риза болар ем.

Баланың жасын есептеп, баланың тірлігін қылмай...

Аятжан Ахметжанұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір