Сейсенбі, 10 Желтоқсан 2019
1190 9 пікір 14 Қараша, 2019 сағат 11:19

Кремль Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысына ыңғай білдірмеді

"Путин кездесу үшін ғана кездесудің пайдасы шамалы, кездесуге дайындықпен келу керек деп санайды… Біз "норман форматына" дайындалып жүрміз" деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ол мұны сейсенбі күні журналистермен кездесуінде айтқан. Песковтың сөзінше, Ресей - Украина қатынастары қалыпқа түскенін Мәскеу де қалайды, бірақ ол Киевтің дәл сондай ықыласынсыз мүмкін емес"

12 қарашада Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин арасында Нұр - Сұлтан қаласында келіссөз өткізуді ұсынған болатын. Сол күні Нұр - Сұлтанда өткен форумда Назарбаев бұл ұсынысқа Зеленский келісім бергенін, Путиннің хабардар екенін айтқан.

Назарбаев "Егер олар (Путин мен Зеленский – ред.) кездесуге бейтарап жер іздесе Қазақстанды ұсынамын" деген болатын.

Песков меңзеген "Норманд форматы" немесе "Норман төрттігі" - Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Украина, Ресей, Франция және Германия жетекшілері мен сыртқы істер министрлігінің кездесу форматы.

Ресей мен Украина арасы 2014 жылы Ресей Қырым түбегін аннексиялап, Украинаның шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткеннен кейін ушыққан.

Abai.kz

9 пікір