Сенбі, 20 Сәуір 2024
4349 1 пікір 14 Қараша, 2019 сағат 10:31

«Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» атты конференция өтеді

2019 жылғы 20 қарашада сағат 10:00-де «Ел-шежіре» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» («Ұлы дала халықтарының құндылықтары») ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылып отыр.

Конференцияның мақсаты – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының контекстіндегі жаһандық тарихтағы қазақ халқының рөлін талқылау үшін алаң ұйымдастыру, қазақ халқының тарихи тамырларын қарастыру, қазіргі заманның жаһандық мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтау.

Аталған іс-шара 2 күн өткізіледі (2019 жылғы 20-21 қараша). Конференцияга Қазақстанның барлық өңірінен 150 адам, соның ішінде Түркі тілдес елдерден (Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б.) 10 шетелдік сарапшы қатысады. Атап айтқанда:

Гатин Марат Салаватович – Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазан университетінің тарих және қоғамтану білім беру кафедрасының доценті (Татарстан);

Миңнегулов  Хатип Юсупович – Қазан университетінің еңбек сіңірген профессоры, филология ғылымдарының докторы (Татарстан);

Бакашова Жылдыз – Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасның директоры, Еуразия кітапхана Ассамблеясының вице-президенті, профессор (Қырғызстан);

Мусаев Сыртбай – И.Арабаев атындағы ҚМУ Лингвистика институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қырғызстан);

Юлдашев Қазақбай – Ташкент Мемлекеттік университеті, Өзбек тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (Өзбекстан);

Утанова Сирдарехон – Өзбекстан Республикасы Фанлар академиясы, Өзбек тілі мен әдебиеті және фольклоры институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (Өзбекстан);

Назаров Насриддин Атакулович – Ташкент Сәулет-құрылыс институты, философия ғылымдарының докторы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор (Өзбекстан);

Бахадырова Сарыгул – Өзбекстан Ғылымдар академиясының Қарақалпақстан бөлімі ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қарақалпақстан).

Конференцияның бірінші күні 5 пленарлық және секциялық отырыстар өткізіледі, екінші күні конференция қатысушыларын өңірдің тарихымен, көрікті жерлерімен және қасиетті орындарымен таныстыру барысында экскурсия ұйымдастырылады.

Басталуы: 20 қараша, уақыты 10:00

Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Байланыс: Думан Жорахан – 8 707 909 07 67, dunga_zhorakhan@mail.ru

Abai.kz

1 пікір