Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Спорт 1973 0 пікір 10 Қараша, 2019 сағат 22:10

Қызылордалық «Қайсар» 2019 жылғы маусымды жақсы нәтижемен аяқтады

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 2019 жылғы маусымдағы соңғы матчтары өтіп, чемпионат мәресіне жетті. 

Ел біріншілігіндегі соңғы ойында өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдаған қызылордалық «Қайсар» 1:1 есебімен тең тарқасты. Сөйтіп, «Қайсар» футбол клубы 33 ойыннан 42 ұпай жинап, алғашқы алтылықты түйіндеді.

Қызылодалық клуб сонымен қатар Қазақстан кубогын жеңіп алып, 2020/2021 маусымда Еуропа лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл қызылордалық жанкүйерлер үшін баға жетпес сыйлық болды. Енді келесі жылы Сыр бойында нағыз еуропалық футбол тойы өтетін болады.

«Қайсар» — «Оқжетпес» 1:1 (1:0)
Голдар:
 Барсегян 40 (1:0), Нөсербаев 84 (1:1)

Ал чемпионат қорытындысы бойынша, «Астана» қатарынан алтыншы мәрте ел чемпионаты атанды. Алматылық «Қайратқа» күміс жүлде бұйырса, «Ордабасы» үздік үштікке кірді.

Соңғы екі орынға тұрақтаған «Ақтөбе» мен «Атырау» Премьер-лигамен қош айтысты. 10-шы орынды иемденген «Тараз» келер маусымда ҚПЛ-да өнер көрсету құқығына Бірінші лигада үшінші орын алған оралдық «Ақжайықпен» таласатын болады.

Премьер-лиганың соңғы турындағы өзге ойындардың нәтижесі: 

«Ордабасы» — «Тараз» 3:0 (1:0)
Голдар:
 Жоао Пауло 5 (1:0), Диакате пенальтиден 53 (2:0), Щеткин 79 (3:0)

«Жетісу» — «Шахтер» 3:2 (2:1)
Голдар:
 Зенев 10 (0:1), Степанюк 30 (1:1), Адамович 37 (2:1), Тошев 52 (3:1), Нұрғалиев 63 (3:2)

«Қайрат» — «Атырау» 2:1 (1:0)
Голдар:
 Жуков 18 (1:0), Эсеола 70 (2:0), Дугалич автогол 77 (2:1)

«Тобыл» — «Ақтөбе» 2:1 (1:1)
Голдар:
 Себаи 30 (1:0), Саулет 39 (1:1), Тұрысбек 58 (2:1)

«Астана» — «Ертіс» 0:2 (0:1)
Голдар:
 Манзорро 40 (0:1), Мингазов 58 (0:2)

Abai.kz

0 пікір