Жұма, 29 Наурыз 2024
2610 1 пікір 8 Қараша, 2019 сағат 10:52

Қазақ шенеуніктеріне қайтадан смартфон қолдануға рұқсат беріледі

Қазақстанда таяу күндері мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнында смартфон қолдануға қайтадан рұқсат беріледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Аблайхан Оспанов мәлімдеді.

"Маған жеткен мәліметке қарағанда, тиісті жарлық үкіметке түсіп, барлық мемлекеттік органдар оны мақұлдаған. Жақында бұл үкімет жиынында қаралады. Мәселе мемлекеттік қызметкерлерге шектеусіз смартфон қолдану мүмкіндігін қайтарып беру жөнінде болады. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы", - деді Оспанов.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнында смартфон қолдануға 2016 жылы тыйым салынған. Оны сол кезде құпия мәліметтер жарияланып кеткен жағдайлар көбейіп кеткенімен түсіндірген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600