Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2592 7 пікір 7 Қараша, 2019 сағат 10:31

Түркия президенті әл-Бағдадидің әйелі ұсталғанын мәлімдеді

Түркия “Ислам мамлекеті” (ИМ) экстремистік тобының лидері Әбу Бакр әл-Бағдадидің әйелдерінің бірін ұстады. Бұл туралы түрік президенті Режеп Ердоған Анкарадағы университетте сөз сөйлеп жатып, мәлімдеді.

"Біз оның әйелін ұстадық, бірақ шу шығарған жоқпыз. Одан бөлек Сирияда оның әпкесі мен жездесі ұсталды", - деді Ердоған.

Әбу Бакр әл-Бағдадидің қанша әйелі бары белгісіз. “Ассошиэйтед Пресс” агенттігі төрт, “Рейтер” агенттігі Ирактағы дерекөздеріне сүйеніп, үш зайыбы бар екенін жазған. Абу Бакр әл-Бағдадиді ұстау операциясы кезінде онымен бірге екі әйелі өзін-өзі жарып, мерт болғаны хабарланған.

5 қарашада түрік әскерилері әл-Бағдадидің әпкесін ұстаған. Расмия Авад Сирияның солтүстік-батысында жасырынып жүрген. Онымен қоса күйеуі, келіні және бес баласы қолға түскен.

26 қазанда "Ислам мемлекеті" (ИМ) террорлық ұйымның жетекшісі әл-Бағдади америкалық арнайы қызметтің операциясы кезінде өлтірілді.

Abai.kz

7 пікір