Сенбі, 20 Сәуір 2024
Анық 11124 44 пікір 30 Қазан, 2019 сағат 12:16

«Мынау адамның емес, періштенің дауысы»

Өткен 2018 жылдың «Жыл әншісі» болып, бүкіл әлем елдері бойынша Димаш Құдайберген баламыз танылды.

Қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан Димаш Құдайбергеннің жұлдызы жанды, ірі сахналарды бағындырды. Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген әнші Лондонда жеке концертін өткізіп, Ресей сахнасында халықты таңдай қақтырды.

Лондонда өткен жеке концертіне Қытай, Канада, Белгия, Чехия секілді 45 елден жанкүйерлер келіп, "Indigo at the O2" концерт залында ине шаншар орын болмады. Димаш жеке концертінде Adajio, "Дайдидау", "Сағындым", Michael Jackson tribute, The Show Must go on, "Лейла", If I Never Breathe Again, "Любовь уставших лебедей" секілді 29 әнді жанды дауыста айтып, әлемге әйгілі Құрманғазының «Адай» күйін домбыра да орындап жанкүйелердің ыстық ықыласына бөленді.

Түсініктеме: Халық әні "Дайдидау" Шыңғыс хан ордасының сол заманғы білім ордасы Дайду қаласынан айрылып қалуына қатысты шыққан ән. Ол қаланы салдырған да, салған да Адай жұрты болатын. Димаштың осы әнді орындардан бұрын Құрманғазы атамыздың "Адай" күйін орындайтыны сондықтан.

Мәскеудегі Кремль сахнасында ән салып, «НТВ» арнасының «Орталық телевидение» бағдарламасында қонақта болған Димаш Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен "Шаршаған аққулардың махаббаты" әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, Ресейдегі «Жыл әні – 2018-ге» қатысып, Олимпийскиді де бағындырды. Халықтың ыстық ықыласын көрген жүргізушілер Димашты "жыл жаңалығы" деп атады.

24 мамыр күні, сағат 11:06

«МЫНАУ - АДАМНЫҢ ЕМЕС, ПЕРІШТЕНІҢ ДАУСЫ»

Әлем жұртшылығы қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің талантына тамсанады:

Кристин Орбст (Германия): «Мәссаған, мына жігіттің көмейінде тенор мен сопраноның арасындағы, ерге тән дауыс пен әйелге тән үн арасындағы бүкіл дыбыс гаммасы түгел жүр ғой! Тұла бойым тітіркеніп кетті!»

Иан Стюарт (Ұлыбритания): «Құдайым-ау, қандай ғажап! Қайта-қайта тыңдап отырмын. Осындай да дауыс болуы мүмкін бе? «Мүмкін» дейтін шектен де шығып кеткен диапазон ғой мынау! Жаратқанның өзі берген дарын. Қуанышым кеудеме сыяр емес».

Марсия Никайдо (Бразилия): «Бұл сайыс емес шығар деп үміттенемін. Сайыс болса, басқа қатысушыларға жасалған әділетсіздік бұл. Мұнымен жарысуға кімнің шамасы келеді? Құдды бір әншінің ішінде үш әнші тұрған сияқты. Ғажап!».

Кристина Дельмендо (АҚШ): «Қандай дауыс! Тыңдап отырып көзімді жұмып едім, көңілім босап кетті. Көз жасым бетімде тарам-тарам боп ағып жатыр. Тілде кедергі болса да, музыкада кедергі жоқ: ол жүректерді біріктіріп, мейірімге үндей алады!».

Эса Сейтту (Швеция): «Бұл әнді тыңдап отырғаныма бірнеше сағат болды, тіпті тоқтай алар емеспін. Әннің не туралы екенін де білмеймін. Мынау - адамның емес, періштенің даусы. Музыка арқылы соғысты тоқтатуға бола ма? Иә, мына жігіт тоқтата алады. Мен әлемнің жеті кереметі туралы естігем, бірақ мына әншінің ғажайыбы бәрінен асып түсетін сияқты. Мұндай дауысты жаратқан Құдайға енді сенбесіме амал жоқ!» (Сәкен Сыбанбай «Мынау адамның емес, періштенің дауысы»).

Димашты тыңдағандардың саны қазіргі таңда 11 миллиардтан асып кетті. Әлі де тыңдауға ынтықтар жетерлік. Астрономдар бір жұлдызға Димаштың атын берді. Ертеректе академик-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа бір жаңа ашылған жұлдыздың атын беріп еді. Димаш екінші болып отыр. Димаш өнерімен бүкіл әлемді жаулап алған орыстанбаған (дәстүрлі әндерімізді нақышына келтіріп айтатын) шебер әнші.

Әлемдік өнер мамандары адам-адам болғалы Димаштан асқан әнші болған емес деген тұжырымға келіп, оны бүкіл әлем елдері бойынша ең үздік әнші деп мойындады.

Қазақты әлемге Әміреден кейінгі танытқан әнші осы Димаш баламыз.

Қазақтың Ата-аналары мен балаларының Димаштың отбасынан үйренері көп. Әрбір қазақ отбасы балаларын жастай армандауды үйретуі керек. Димаш баламыз қазақтың ежелгі Ата салты бойынша, жас кезінен Атасы мен әжесінің  тәрбиесін алып, бал кезінен бүкіл әлемді аузына қарататын әйгілі әнші болуды армандаған. Содан бері күніне үш сағат жаттығуды күні бүгінге дейін бір тоқтатқан емес. Демек, баланың арманы асқақ және еңбекқор болса шығар шыңы да соншалықты биік болмақ.

Қазақта өте ежелден келе жатқан «Ат айналып қазығын, Ер айналып елін табар» деген мақал бар. 

Бүкіл әлем елдерінің озық ойлы өнер сүйер ұрпақтары осы Димаш баламыз арқылы қазақты танып, қазақтың Ана тілін үйреніп, әнін жаттап жатыр. Демек, қандай ма бір себептермен, бүкіл әлем елдері өздерінің шыққан тегін іздеп табатынына күмән болмауы керек. Бұл Алланың қалауы. Әйтпесе, әлемнің ең үздік бірінші «дауысы» қазақтың қара баласынан шықпаған болар еді. Бүл қазақтың Ана тілінен безіп жүргендерге берілген нақты жауап. Кімде-кім «мың жерден басын тасқа ұрса да» Ана тілінен безген безбүйректердің ішінен мұндай ұлы дарын иелері шықпаған, шыға да алмайды.

Димаштың Ата-тегі, яғни руы: Қазақ-Кіші Жүз (Бегарыс)-Алшын-Алты ата Әлім-Шекті. Бұл ру мұқым қазаққа ежелден әйгілі “Қыз Жібек” дастаны арқылы кеңінен таныс. Димаш сол Жібек сұлудың бүгінгі заманғы інілерінің бірі.

«Жақсылыққа жарысу» қазақтың Ата салты. Жақсылыққа жарысыңыздар! Осындай ұл мен қыздарымыз көп болғай!

Мамбеткарім Қожырбайұлы

Abai.kz

44 пікір