Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3271 0 пікір 24 Маусым, 2011 сағат 06:58

Абай-ақпарат - ғылыми айналымда

Осыдан екі жыл бұрын әлемдік интернет кеңістігіне түрен салған Абай.кз порталы осы уақыт ішінде әр күн сайын о бастағы ұстанған жолынан қия баспай мемлекет пен ұлт мүддесі жолында қызмет етіп келеді. Біздің қоғамдық-саяси және басқа салалардағы күрмеуі көп күрделі мәселелерді көтеруде бұғып қалмағанымыз һәм тек ел сөзін, жұрт ниетін жеткізіп отырғанымыз әмбеге аян. Порталымыздың сәт сайынғы қызметі оқырмандарымыздың көз алдында жіпке тізгендей тізбектеліп өтіп жатыр.

Осыдан екі жыл бұрын әлемдік интернет кеңістігіне түрен салған Абай.кз порталы осы уақыт ішінде әр күн сайын о бастағы ұстанған жолынан қия баспай мемлекет пен ұлт мүддесі жолында қызмет етіп келеді. Біздің қоғамдық-саяси және басқа салалардағы күрмеуі көп күрделі мәселелерді көтеруде бұғып қалмағанымыз һәм тек ел сөзін, жұрт ниетін жеткізіп отырғанымыз әмбеге аян. Порталымыздың сәт сайынғы қызметі оқырмандарымыздың көз алдында жіпке тізгендей тізбектеліп өтіп жатыр.

Портал көтерген қоғамның қамы, әлеуметтің күйі, ұлттың намысын шабақтар дүниелер биліктің неше мәрте назарына ілігіп, тиісті іс-әрекеттер жасалды. Тынымсыз еңбек пен табанды ұстаным өз жемісін беріп, портал былтыры award интернет сайттар арасындағы бәйгеден мемлекеттік тілдегі үздік сайт атанған еді. Міне, жыл бойына қазақтың қабырғасын қайыстырып, жанына батып жүрген ана тілінің ахуалын әр кез ауданды жұрттың алдына шығарып, талқысына ұсынып, ұсыныстар мен шешімін табуы қажетті түйткілдерді ұдайы жария етіп келдік. Мемлекеттік тілдің толыққанды мәртебесі үшін күрестегі порталдың тамшыдай үлесі Алматы шаһарындағы ана тілдің бірден бір арашасысы Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының жыл сайын өткізетін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты қалалық байқауында елеп-ескеріліп, Абай.кз-нің шеф-редакторы Өміржан Әбдіхалықұлы мен Маса.кз-нің шеф-редакторы Ардабек Солдатбай жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал порталдың тұрақты авторы, қарымды қаламгер Серік Ерғали бас жүлдені жеңіп алды.

 

Абай.кз порталы ғылыми айналымға түсті

Күні кеше Астанадан қуанышты хабар жетті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің студенті Айнұр Жетпісбаева «Қазақстандағы қазақ  интернет-газеттерінің пайда болуы мен олардың қазіргі кезде дамуы» (Қоғам.кз және Абай.кз порталдарының негізінде) деген тақырыпта Шархан Қазығұловтың жетекшілігімен дипломдық жұмыс жазып бітіріп, қорғауға жіберіліп отыр.

Порталдың қысқа уақыт ішінде қара орман қазақ оқырманының көкейіндегісін қозғап, ел мен жердің тағдырына алаң көңілмен әр уақыт қағілез үн қатқаны бұқараның ғана емес, ғылымның да қырағы көзіне шалынып, ғылыми тақырыптың өзегіне айналып отыр.

Айнұр Жетпісбаева дипломдық жұмысында порталымызға бүтін бір тарау арнаған екен.

Онда Абай.кз-нің құрылғанынан бастап осы күнге дейін атқарған жұмысы мен жеткен жетістіктері індете талданыпты.

Ғылыми жұмыстың «Абай.кз   ақпараттық порталы - ең алғашқы қазақ тілді толыққанды портал» деген тақырыптағы арнайы тарауында ізденуші Айнұр Жетпісбаева: «Күн сайын порталда жиырмадан астам мақала, жаңалықтар басылып, қызу талқыланып жатады. Порталдың «Абай», «Алашорда», «Тарих», «Мәдениет» т.б. тарауларында баршаға ашық қомақты ақпараттық қорлары жинақталып келеді.

Абай.кз-те  көтеріліп жатқан мәселелер республикалық, аймақтық газеттерде, сайттарда жалғасын тауып жатады.

Портал құрылғалы бірнеше интернет-конференция, отызға жуық сауалнама өткізілді. Порталдың «Қазнет» тарауында қырықтан астам қазақтілді сайттардың жарнамасы жарияланады.

«Count zero» рейтинг сайтының дерегі бойынша бүгінгі күні Абай.кз порталы Қазақстандағы төрт мыңнан астам сайттың алғашқы жүздігінен орын алып, 70-90-шы орындарда мықтап орналасқан.

«Count zero» сайтының дерегі бойынша бүгінде аталмыш портал ғаламтордағы қазақстандық 337 баспасөз құралының ішінде алғашқы жиырма сайттың құрамына кіріп, аты әйгілі «Номад», «Зона», «Тудэй.кз» ақпараттық порталдарымен, «Қазақ ақпарат агенттігі», «Қазақстан бүгін» ақпарат агенттіктерімен, «Время», «Караван», «Диапозон», «Казахстанская правда» сияқты газеттердің сайттарымен иық теңестіріп тұр.

Сонымен қатар,  порталдың «Аймақтар», «Тарих», «Мәдениет», «Әдебиет» сияқты тараулары бар. Оларға «Шоқан Уәлиханов» атты арнайы бет те қосылды.

«Ойтөбе» атты блоггерлік платформасы мен қазақ саясаты мен руханиятының патриархы Ахмет Байтұрсыновтың әйгілі туындысымен аттас «Маса.қз» атты саяси-ақпараттық сайты да іске қосылды», - деп жазады. Сонымен бірге, өзінің ғылыми жұмысында Айнұр Жетпісбаева порталдың әрбір айдарына тоқталып, әр кезде жарияланған әртүрлі тақырыптағы мақалаларға талдау жасайды және Абай.кз-нің ұстанымы мен мақсатында атап көрсетеді.

Мінекей, оқырман, өзіңіз күн сайын ой бөлісіп отыратын және елдегі сан алуан оқиғаларды үнемі жылдам жеткізіп, ойыңызға түрткі болып мемлекетіміз бен ұлтымыздың мүддесін бәрінен биік қоятын Абай.кз порталы ғалымның жазған хатындай ғылымның қорына қосылып отыр. Алдымызда ұзақ жол - Алаш алар асулар!

Абайшыл, Алашшыл болайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

 

Алматы қаласы әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасының «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпараттық құралдары» атты бәйгесінде жүлделі орын иеленген әріптестеріміз:

«Баспасөздегі үздік журналист»

1-орын - Ермек Зәңгіров

2-орын үшеу -  Динара Мыңжасарқызы, Айнаш Есали, Өтеш Қырғызбай

3-орын үшеу - Динара Ізтілеу, Мәриям Әбсаттар, Қазыбек Иса

 

«Интернет-сайттағы үздік журналист»

1-орын -  Серік Ерғали

2-орын үшеу -  Ардабек Солдатбай, Өміржан Әбдіхалық, Ардақ Құлтай

 

3-орын үшеу - Шырын Айтмағанбетова, Жұмахан Тастанбек, Манас Жантекеев

 

«Үздік тележурналист»

1-орын - Назгүл Стамбекова, «Алматы», «Тіл сақшысы» бағдарламасы

2-орын екеу - Айжан Батырова, «КТК», «Мәссаған» бағдарламасы, Назгүл Сарыбаева, «Қазақстан», «Сегіз қырлы» бағдарламасы

3-орын екеу - Индира Болатқызы, «Асыл арна», «Тұнық тіл» бағдарламасы, Әсем Көбеева, «Хит.тв»

 

«Үздік радиожурналист»

1-орын -Янгибаева Нұржамал, «Қазақ радиосы», «Мемлекеттік тіл»

2-орын екеу - Айнұр Төлеу, «Тіл-майдан», радиоойыны, «Шалқар», Жылбек Керімбек, «Қазақ радиосы», «Даму» бағдарламасы

 

3-орын -Жарқын Сәленұлы, «Қазақ радиосы», «Қайырлы таң, қазақ елі!» бағдарламасы

 

Алғыс хат

Ләззат Дүйсембекова

Динара Идаялова

Қуаныш Әбділдақызы

 

Бәйге жеңімпаздарын және барша әріптестерімізді төл мерекелерімен құттықтаймыз! Алаштың «көзі, құлағы һәм тілі» болып отырған қызметтеріңіз өрге бассын!

abai.kz тобы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1068
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 956
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 807