Жарқынбек Сейтінбетұлы. Мектептердегі рухани азғындық | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Жарқынбек Сейтінбетұлы. Мектептердегі рухани азғындық

Жәрдемші


Міне, тағы бір оқу жылын артқа тастадық. Мектеп бітірген жастармызға Алла алдынан жарылқап, мақсаттарына жетіп, бақытты, жақсы өмір сүрулеріне тілектеспіз. Алда УБТ тұр. Тек экзамен өткен жылдардағыдай болмай, жастармыз жолдарын таза бастаса дейміз. Бәрімізді білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебімізді, жаман атқа қалдыру емес, амалсыз әзіргі мектептегі рухани азғындықтар мені бір сәтте тыныш қалдыра алмайды.

Бұрын соңды әлемде балаларымыз білім, тәрбие алатын білім ордаларында ақша жинау, сыбайлас жемқорлық, пәре алу жайлады деп қоғам тарапынан дабыл қағылып, мектептерде «ақша жинау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық штаб» құрып күресуде дегенді естіген бе едік. Жоқ. Штабтың ашылғанына ОҚО 10 жыл болды, неге  әлемде тек біздің облыста бар? - деп намыстанған басшы көрмедім. Бұдан ары мекетептерді рухани азғындыққа жол бергеніміз үлкендер үшін ұрпақ алдында кешірлмес қылмыс. Бәрін тізбектеп жатпаймын, Қазақстанның әр азаматы біледі десем болады: мектептердегі атыс-шабыстан оқушылардың өлімінің артуы, жемқорлық, мамандарды пәремен алу /ОҚО 1000-2000 АҚШ доллары аралығында/ / Айыптауға кірмейтін білім ордалары үлгі тұтарлық.: білім бөлімінде мықты сектор меңгерушілері бар, мамантаңдай білетін/ комиссияға пәре жинау, өзіндік пікірі бар, ары таза білікті мұғалімдерді қудалау, аластату,  білім-тәрбие сапасындағы көзбояушылық, мектеп басшылырының білім, тәжрибелерінің, әдеп, мәдениетінің төмендігі т.б толып жатқан кемшіліктер. Мысалы алматыдағы мектептің тарих пәні мұғалімінің қысым, жаланы көтере алмай қайтыс болғанын айтуға болады. /Директоры З.Валиева ханымның құдағиы/. Мектеп директоры тарапынан мұғалімдерге жасалған осы тектес қиянаттарға дәлелдер көп. Атам қазақ «Сөз сүйектен өтеді...» деуші еді, бірақ білім саласы басшылырының көбісінің сүйегі мықты екен. Қоғам тарапынан қанша дабыл қағылса да барлық деңгейдгі депутаттар мен, әкімдеріміздің үнсіздігі де білім ордаларындағы азғындыққа жол ашқандай. Білім бөлімі басшылары директорларын қорғап, - сын айтып,  кемшіліктерін ашқандарды айыптаудан ары бара алмай отыр. Осы жылы мамыр айының 6-жұлдызында Шымкентте «Ұлт тағдыры» ҚБ ұйымдастыруымен «Мектептегі сыбайлас жемқорлыққа» байланысты өткен кездесуде мен мектеп директоры болу үшін 10-20 мың ақыш долларына жеткенін, ақша жинау, пәре туралы айтқаныма Шымкент қалалық білім бөлімі бастығы Ж.Тәжиева ханым дәлеліңіз қані сотқа беремін дейді. Ж.Тәжиева алғашқы бастық болып келегенде біздің пікірмізді қолдап, мектеп басшыларын тәртіпке салатындай болған еді, аз уақыттың ішінде директорларды жақтап, шық жуытпайтын болды. Әйтеуір бастық болғандар тез арада өзгеріп шығады.  Пәре, сыбайлас жемқорлық жайлаған мектепте білім, тәрбие спасы төмендеп, рухани азғындыққа ұшырау салдарынан,  2010-2011 оқу жылының өзінде  Шымкентте оқушылар, екі оқушыны атып, біреуін пышақтап өлтірді. Күнәсіз оқушыларымыз өліп жатқанда Ж.Тәжиева ханым дәлел сұрайды.  Мектепте пәре, ақша жинаудан... бөлек,  кейінгі жылы бала бағу демалысынан оралу үшін де 40-60 мың аралығында пәре алуды шығарыпты. Бұларды сұрасаң екінің бірі біледі, тек басшылар білмейді, дәлел сұрайды. Атым ұстазғой, елден,  ұжымнан ұят болады-ау дегендер жоқ. Өйткені айтқан ұстаз қудаланып жұмысынан айрылады, басшылардың бар білгені, басты құралы сол, ілік іздеп қорқыту. Қалай әділетті қоғам орнатамыз, баларымыз білім, тәрбие алатын жерде азғындық, жемқорлықтың, қылмыстың неше түрі көбейіп жатса. Мүмкін, бұл білім саласы басшыларының егемендігіміздің 20 жылдығына қосқан үлесі болар.   Мектепте ақша көп. Мысалы, Шымкент қаласындағы №31 мектепте, сағаттарды қоспағанда,  22 адам жоқ болсада айлығы алынып, екі жылда 5 млн аса бюджет қаржысы жұмсалған.  Директорының үстінен сот жалғасуда. Мұғалімдер шағымымен /атын айтып мазаламайын, ол апай демалыста/ қаладағы №40 мектепке барғанда, ақылы қосымша сабақтың өзінен жылына 6 млн. тенгеден аса түседі екен.  Жылда ыдысымен гүл ала берген. Шығындарды директордың өзі актсыз есептен шығарып отырған. Ремонтқа, күзетші штаты бола тұра, күзетшіге де ақша жиналған. Облыстық қаржы полициясының мәліметі бойынша, өткен жылдың өзінде ОҚО мектептерінде  186 қылмыстық іс тіркеліп, көбісі сотқа өтіпті. Осыдан кейін ақталып, дәлел сұраудың орнына, бастықтар орындарын босатса, қоғам пайдасын ойлайтын, азғындыққа жол бермейтін басшы келіп қалуы мүмкін.

Ю.Баласұғани «Ақшамен бәрі істейді, әділет үшін кім істейді?» дегеніндей ақша болса бәрін істеуге болады. Істеліп жатқан жұмыстарды да жоққа шығара алмаймыз, бірақ адамдардағы мейрім мен ар тазалығы,... рухани байлығында екені ескерусіз қалып келеді. Мектептегі рухани азғындықты  ақшасыз да  тоқтатуға болады. Ол туралы «штаб» мүшелері облыс әкімдеріне бірлесіп жиын өткізуге ұсыныстар жасалғанмен аяқсыз қалды. Қоғам өкілдерінің дабылына құлақ аспағандық болар, А.Мырзахметов облыс әкімі болып келегенде мұғалім болуға пәренің ставкасы 500 доллар еді, әзір 1000 -2000 доллар аралығына өсті. Бұған қалай баға береміз? Білім, тәрбие сапасы пәре өскен сайын төмендей береді. Ол аксиома. Тура қазір мектептегі азғындықты тоқтату қиындау. Себебі, мектеп басшыларының басым көпшілігі  терең білімді,  тәжрибесі жоғары, нағыз ұстаздық қабілетімен танылып құрметке ие болған,  педагогика сырын жетік меңгергендер емес: директор болу оңай, табысы мол, жоғарының тілін тапсаң болды деп, ... келгендер.  Кейінгі жылдары да ұстаздық қабілетімен танылып құрметке ие, ары таза, тәжірибесі мол директор болыпты дегенді естімедім. Нәтижесінде, жауапты басшылардың мектеп басшыларын таңдаудағы немқұрайдылығы қоғам мен мектептің рухани азғындауын арттыруда.. Ашына айтқанда, қоғам мен ұрпағымыздың рухани өрлеуіне балта шабылуда. А.Каменскии «Адам баласының бұзылғандығын жөндеу үшін жас өспірімдерді дұрыс тәрбиелеуден басқа жер бетінде тиімді жол жоқ» десе, біздің білім ордалары керісінше рухани азғындап барады. Бір жастар болашағын ойлайтын министр болса, білім мекемелеріне демократиялық реформа ауадай қажет болып тұр. Әзіргі білім саласындағы азғындыққа көп азаматтар билік жүйесін кінәлайды. Солай дегеннің өзінде, жергілікті жерде президент, парламент басқарып отырған жоқ қой. Түзесек кім қой дейді?  Олай болса кінәлі, жергілікті басшылар мен үлкендердің ұрпақ алдында жауапсыздығы.   Қысқасы директор боламын деген, ұсынылған маман: Менің білім, тәжрибем ұжым алдында ар тазалығым, қабілетім ұстазға-ұстаз болуға лайықпын деп санаймын. Директор болу мансабым емес, ұстаздардың шығармашылық қабілетін көтеруге жағдай жасап, білім, тәрбие спасын көтеру. Бұлар қолымнан келеді,  дегендей уәдесін алып, талқылау керек. Жастарымыздың болашағы, еліміздің  мәдени, рухани дамуы, өркендеуі білім бөлімі басшылары мен мектеп директорларының рухани деңгейіне тікелей байланысты. Конфуции «Адал кісіні адал еместерден биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың» дейді. Біздің басшы орынға ары таза, терең білімділер болсын дейтініміз де осы. Мұхаммед ғ.ә.с «Кімде кім адамдар арсында бастыққа лайықты біреу болса да, сол орынға оны сайламай өз жақынын сайласа: ол бүкіл момынға қиянат жасағаны» дегені, ұжымда директор, орынбасары болуға лайықты маман бола тұра, одан төмен маман директор болса бүкіл ұжымға қиянат жасағаны деп түсінген дұрыс. Бұл жағдай бізде жиі кездеседі. Осыны да ескеріп мектепте директордан, орынбасарынан - ұстаздық білім, қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, ары таза ұстазға, ұстаз болатындарға: директор, орынбасарлары өз еркімен орындарын босатып, сол ұстазды басшылыққа ұсынуын бүгіннен жолға қоюуымыз керек. Бұл мектептерді рухани азғындықтан тазартып, білім сапасы мен ұстаздар ынтасын, ізденіс-шығармашылығын көтеретін төте жолдардың бірі.

«Ұлт тағдыры» ҚБ ОҚО төраға орынбасары.

ОҚО  мектептерінде ақша жинау, сыбайлас

жемқорлыққа қарсы   қоғамдық штаб жетекшісі

Жарқынбек Сейтінбетұлы


 




Қоғам өкілдерінің дабылына құлақ аспағандық болар, А.Мырзахметов облыс әкімі болып келегенде мұғалім болуға пәренің ставкасы 500 доллар еді, әзір 1000 -2000 доллар аралығына өсті. Бұған қалай баға береміз?
--------------------------
1000 доллармен кірген мұғалім, ақшасын қайтаруға отыз мың теңгелік айлығымен бес ай тырбыңдауы керек екен. Сосын әрі қарай "отметкасы" бар. Бірақ оған әкім емес, білім жүйесі кінәлі емес пе?



Өте орынды айтылған, қордаланған түйіннің бірі осы. Мектеп басқарумен оның жұмысын қадағалау, балалардың мұралдық және білім сапасын нақты дамытудың түйіні. Себебі болашақты қалыптастыратын келешектің келбетін айқындайтында солар болмақ. Олардың қалай қалыптасыуы ел келешегін белгілемек, бізде осы саланы басқаратындар бөлінген ақшамен салынған құрлыстан басқаға көңіл бөлмейді ау деймін шамасы, сондықтанда көп мәселе қордаланып әлі сақталып келеді.

Өзім байқаған кей кемшіліктерді айта кетейін .

Бізде білім саласында әсіресе мектептерде қағаз бастылық тым ауыр, сабақ қалай өткеніне емес қағазы толық болуына көп көңіл бөледі, бұл өз кезегінде пормашылдыққа көз бояушылыққа, уақыттарын алуға себеп болап отыр.

Енді бірі мектеп директорын сайлау көбінде талантты білікті ұстаздардан емес, таныс тамырлы не басқа жолмен келеді, ал бұл барлық еңбекті зая ететін оқыту сапасын мектеп жұмымын орнымен жүргізбейтін басты себеп . Ондай директорлар өзінің жақындарын не пара бергендерді жұмысқа алып өзіне ұнамаған не пікір айтқыш мұғалімдерді түрлі сылтаумен жұмыстан қуғындайды. Бұның талай мысалын естіп көріп жүрміз, сонда білім саласында кімдер болмақ ұрпақ тәрбиесі кімдердің қолында қалмақ.

Енді бірі Мектепте түрлі ақша жинау, оқушылардан ақша алу әлі жалғасып келеді, ал қарасты білім бөлімдерімен басқармалар мектептермен мұғалімдерден ашық пара жинайды , бұны талай көз көрді, сонда олар білім ісін қалай басқармақ түрлі жарыстармен шараларда пара мен алдын ала белгіленеді сонда кім шын үздік болмақ, қаншама оқушымен ұстаздың еңбегі далада қалмақ.

Мемлекеттік аралық бақылау оқытушылар көмегімен, ал мемлекеттік мекемелерден келген тексерушілердің көбі пара жинаумен жолға салынады, сонымен бәрі жақсы боп қала береді. Осыны көріп біліп отырып жұмыстан кетуден қорқып көп ұстаз үнсіз қалып отыр. Бұл ұрпақ алдында қиянат емеспе ?! ал арыз шағым айтқандардың айтқаны жайында қалады, не өз басына зиян келеді сонда кімге сөз айтып мәселе шешпек!

Мектептің "сапасын" төмендетпеу үшін мектеп бітіруші сынып балаладың нашар оқитындарды мектептен аластау шараларын жасап оқушылардың құқығын бұзу ,ҰБТ ға қатыстырмау, Журналға 2 қоймау сынды талай қиянатты көз бояушы істер кездеседі , мұғалімдердің барлық мәселесі директор қолында болғандықтан , кәсіподақ қуыршақ болып оқытушылар құқағын қорғай алмағандықтан көп іс үнсіз қалуда, директорлар жеке "патша" болып өз білгендерін істеуде. бұдан қалай ұстаздардың мәртебесін көтеруге болмақ, қалай өркениетке беттемекпіз. бала тәрбиелеуші құлқы ісі түзу болмаса ұстаздардың құқығы тапталып қадірі кетсе қалай ғана сапалы білім тәрбие болмақ.
айта берсе мәселе көп, бұған үкімет реттеу жасауы кезек күттірмейтін мәселеге айналды . Бұл мемлекет қоржынынан бөлінген қыруар қаражаттың орынды жұмсалуымен, білім саласын көтеруде елміздің дамуына және ұрпақ алдындағы борыш болса керек.

Абай ақпарат пен жоғарыдағы қоғамдастықтың, жәнеде басқа саналы азаматтармен білім саласындағылар, ата-ана болған көпшіліктін білім минстірлігіне ашық хат жолдап бұл мәселеге азда болса түрткі болса деймін.



Санамызды өзгертпей ештеңе өнбейді.Жаңа көзқарас туу керек.Заман лебімен еру үшін барлық мәселеге көзқарас өзгеру керек.Қалай ұрпақ тәрбиесін түзейміз?Шешім шығу керек былай-былай деген.Әділдік болмай ештеңе шықпайды.Мектеп басшылары дұрыс болу керек.Қалалық,облыстық оқу бөлімдерінде жаңа көзқарастағы адамдар болу керек.Мектептің проблемасын шеше алатын адамдар болу керек.Тәжірибе болмаса жас маманды бірден басшы етіп қоя салмау керек.Жанымыз ашиды елге.Қазақ еңсеңді көтер,Ұрпаққа ие бол.



Бізде ақылы бар адам керек емес екенін ұқтым.Жоғарыға надан керек өзінің айтқанынан аспайтын пікірі жоқ адам керек.Сондай қоғамды құрып берген кім екен?Мұғалім де қазір бастықтан қорқатын қорқақ болды ғой.Бәрі жалған,өтірік ҰБТ дан баласы ұпай алғанына мәз:Ұстаз, кімді алдап отырсыз дейтін адам жоқ.Енді бұл қоғамда ештеңе өзгермейтінін түсіндік.Сабыр сақтаймыз.Құдай өзің реттемесең болатын емес.Алла жар бол!



Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарағанда ғана қоғам өзгереді.



Қазір мектептерде жаппай жағымпаздық белең алған.Өзіндік пікірі жоқ мұғалімдер өте көп бәрінің мақсаты ақша беріп өз сағатын көбейтіп жағымпаздықпен өмір сүру.Ақ-адал ұстаздардың үстінен өсек айтып өмір сүру.



мектептен ақша жинаса білмим онда кедейліктің әсері ғой сосын бастықтарының
сосын мұралық емес моральдік шығар
шымкент жақта осы ақшаны түрлі әдістермен жейді, солардың жағдай шынымен нашар ма не сонда?



Жалғыз мектепте ғана емес барлық мемлекттік мекемелерде осылай



Мұғалім ең жаман жұмыс. Оған алтын берем десе де, ешкім барғысы келмейтін шығар деп ойлаушы едім. Оған пара беріп кіреді дегенді естігенде, жағамды ұстадым. Егер шынымен осылай болса қазақ ең артта қалған сауатсыз ел болады.



Мұндай штаб бар екенін 1-рет естіп, таңданып отырмын... Естімеген елде көп екен-ау штаб бар деген сөз, проблема да бар деген емес пе
Осы мәселе неге қылмыс түрінде қаралмайды Ақша жинамау,сыбайлас жемқорлық туралы қанша айтылып та, жазылып та жатыр Бәрі бәз-баяғынш
ОҚ-тар дегенмен ерлеп тұрсыңдар,бір қадам болса да алға ұмтылу бар екен Қаншама мұғалімдер мектептерінде осындай заңсыздықтардың "жемі" болып жүр Мұғалімдерден ақша жинамау Білім заңында ашық айтылса да, директорлар оны белінен басып отырса заңның қандай құны бар
Осы заң бойынша аттестациядан өтерде тест тапсырамыз-ау, өте ұят Жұмыс жасамай отырған заңды мұғалімге біл деуге министрліктегілер де
ұялмай ма екен Айтуға сөз жоқ Бұл жыр айта-айта термеге айналатын шығар



Мұндай штаб барын ел неге білмейді?
Сайтқа бәрі кіре бермейді, неге теледидардан анда-санда хабар таратып отырмайды?
Бәріне әкім кінәлі, оның білім бөлімін басқаратын адамдары кінәлі, облыстық, қалалық, аудандық білім басқарушылар кінәлі.
Бүкіл ел біледі пара бермесең жұмысқа қабылданбайтынын, парасыз мыңнан біреу ғана қабылданатынын. Каз-келген тексеру комиссиясына ақша жинап беретінін де бәрі біледі, бірақ ешкім қарсы шықпайды. Дәлел сұрайды прокурорлар, заң деген арсыздардың қалқаны болған, арсызда ар-ұят болмаған соң еш уақытта істеген қылмысын мойнына алмайды, мойындамағанды заң қорғайды. Сонда бұл қоғамға не деуге болады? Қу мен сұмның қоғамы болғаны ма? Адал адамдар кайда, сонша жарге тапталып қалғаны ма?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>