Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2009 жылы ғылым саласында келесі конкурстар өтетіндігін хабарлайды:
Жаратылыстану ғылымдары бойынша үздік ғылыми зерттеулер үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтар (бірінші және екінші); гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми зерттеулер үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар (бірінші және екінші); жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы үш сыйлық; гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы үш сыйлық; педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы (бiрiншi, екiншi және үшiншi) сыйлықтар; түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық. Конкурстар үстіміздегі жылдың шілде-тамыз айларында өткізіледі.
Конкурстардың шарттары Ғылым комитетінің сайттында www.scedu.kz “Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар» бөлімінде орналастырылған.
Конкурстың материалдары хабарландыру жарияланған күнінен бастап 30 күн аралығында авторлардан немесе олардың сенімді адамдарынан мына мекен жайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Оренбургская көшесі, 8, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 606 бөлме, тел. (8-7172)-74-24-62.



Сол сыйлықтардың әділ бөлінетініне ҮЛКЕН КҮМӘНІМ бар. Бірақ қарапайым оқытушы пікірі кімге дәрі.ЖОО үздік оқытушысы конкурсына 5 жыл бойы құжат өткізіп,бір де рет алмаған профессорлар бар.Ал оңтүстіктен келген ағайындардың "жас баласына" дейін иеленіп жатыр. Сонда бұл конкурстар ғылым үшін емес әншейін бәсеке үшін сияқты.Министр соны біле ме екен???!!!!!!!
Пікір қосу