Туралиева Жанат. БІЛІМДІ ЖАС-ЖАНЫП ТҰРҒАН ШЫРАҚ | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

Туралиева Жанат. БІЛІМДІ ЖАС-ЖАНЫП ТҰРҒАН ШЫРАҚ

Жәрдемші


Нарық заманында нан тауып жеу оңайға соқпайды. Мұндайда кездескен қиыншылықтан тек білімді де біліктілер аман шығады. Сол себепті, оқушыларды осы бастан заман талабына сай біліммен сусындатып, өмір үшін күресе білуге икемдеу қажет-ақ.
Комсомол негізгі орталау мектебінде «Жастар өмір бойы білім алуы керек» деген тақырыпта өткен апталық көздегені-осы.
Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру мен білімге деген талпынысын нығайту мақсатындағы шара 10 кезеңнен тұрып, оған барлық сынып оқушылары атсалысты.
«Білім және еңбек» тақырыбында қабырға газетінен болған алғашқы байқау кезеңінде 5-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Темірғалиева) суырылып алға шықты.
«Бала жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?» тақырыбында 2-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Н.Жолдасова) мен ата-аналардың қатысуымен өткен дискуссия өз деңгейінен табылды.
Апталықтың үшінші кезеңінде «Білімді ұрпақ-ертеңгі ел тірегі» атты тақырыпта 5-сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылса, 4-кезең «Білім-өмір шырағы» тақырыбында 3 және 4 сынып оқушыларының (сынып жетекшісі З.Зинуллина) ертеңгілігімен сабақталды.
Бесінші кезең «Білім мейрамымен» есте қалды. Насырова Майяның ұйымдастыруымен өткен танымдық ойын бәйгесі 6-сынып оқушыларының қатысуымен жүзеге асты.
Сондай-ақ, апталықтың алтыншы кезеңінде оқу озаттары арасында сайыс өтсе,
жетінші кезең «Эрудит» тарихи-танымдық ойыны 7-сынып оқушыларының (сынып жетекшісі Б.Ашығалиева) қатысуымен жалғасын тапты.
«21 ғасыр көшбасшысын» анықтаған 8-сынып оқушыларының да, «Ал кәнекей, жұптар!» сайысында бақ сынаған 9-сынып оқушыларының өнері мен білімі көрерменін тәнті етті.
Апталық «Жыл оқушысы-2009» байқауымен қорытындыланды. Байқауға 5-9 сынып аралығындағы сынып екпінділері қатысты. Нәтижесінде, А.Амантаева (9 сынып) «Ең шығармашыл оқушы», Г.Ағыраева (7-сынып) «Сегіз қырлы оқушы», А.Аманша (6-сынып) «Ең үздік оқушы», Қ.Қырым (5 сынып) «Ең белсенді оқушы», Б.Ағыраев (8-сынып) «Жас ғалым» атанып, лайықты марапатталды.
Мектеп басшысының оқу мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жаниеваның қадағалауымен болған апталықтағы сайыс, дискуссия, дөңгелек үстелдің барлығы да тартымды әрі қызықты өтіп, көрерменін бей-жай қалдырмады.

 

 

Туралиева Жанат,
тәлімгер,
Комсомол кенті, Атырау облысы


 




REVERVEVEV

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 14 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>