Нұржан ЖЕҢІС. Жәкішевтің жұмбағы | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

Нұржан ЖЕҢІС. Жәкішевтің жұмбағы

Жәрдемші


«Қазатомөнеркәсіп» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке мемлекеттік уран кеніштерінің 60%-ын заңсыз меншіктеніп алғандығы жайлы айып тағылып отыр. Оның нұсқауымен құрылған оффшорлы компаниялар мен жалған фирмалар 2004-2007 жылдары құны он миллиардтаған доллар тұратын 200 000 тонна уранды кеніштерді меншіктеп алған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпарат таратты.
Тергеу кезінде Жәкішевтің «қара кассасы» анықталған. Онда тергеушілер қолма-қол 3 млн доллар ақша мен құжаттар, оффшорлы компаниялар мөрін тапқан. Күдіктілер бұл қаражаттың «Қазатомөнеркәсіп» қызметіне қатысы бар кәсіпорын басшыларынан жинап алынғанын және оның Жәкішевтің өзіне тиімді шешім қабылдату үшін лауазымды тұлғаларды сатып алу мақсатында жұмсалғанын мойындаған. Ондаған мың доллар көлеміндегі заңсыз ақшалай сыйлық пен қымбат сый-сияпат алған мемлекеттік органдардағы лауазым иелері мен іскер топ өкілдерінің аты-жөндері жазылған тізімнің табылуы мұны растай түскен. Мұхтар Жәкішев ұсталғаннан кейін осы адамдар алғандарын «ақтау» үшін оны «халықаралық деңгейдегі менеджер» деп, «сүттен ақ, судан таза» басшы туралы қоғамдық пікір қалыптастыру үшін БАҚ-та ақпараттық науқан ұйымдастыруда деп есептейді құқық қорғаушылар.
Оған қоса, Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабаралуынша, «қылмыстық іске қатысы бар тұлғалар: «Қазатомөнеркәсіптің» вице-президенттері Малхаз Цоцория, Асқар Қасабеков, Дмитрий Парфенов, – сондай-ақ куәлер: Степногорск тау-химия комбинаты мен Үлбі металлургия зауыты және өзге де кәсіпорындар басшылары Жәкішевтің уран кәсіпорындары негізінде бірқатар оффшорлық компаниялар құрғанын және соларға иелік еткенін растаған». Мысалы, тергеу кезінде 2004-2006 жылдары уран өнімдерін тарату ісінде ақша ұрлау мақсатында Жәкішев, Әблязов және олармен байланысы бар тұлғалар шетелде «New Power Sіstems Ltd», «UrAsіaLondon Ltd», «Jefcott Ltd» тәрізді оффшорлы компаниялар құрған. Әрі қарай осы шетелдік компаниялардың қатысуымен "Қызылту", "Батпақ Дала", "Кең дала KZ", "Байкен-U" және тағы басқа кәсіпорындар жасақталған. Осы біріккен кәсіпорындарға өтеусіз негізде "Ақдала", "Инкай", "Харасан-1", "Мыңқұдық" және тағы басқа да ірі уран кеніштерін игеру құқығы берілген. Ал бұл кеніштерде құны миллиардтаған доллар тұратын 200 мың тоннадан астам уран жинақталған.
Осы кеніштерде өндірілген уран оффшорлы компаниялар арқылы шетелге жіберіліп, одан түскен табыс Жәкішев, Әблязов және басқа адамдар арасында бөліске түскен. Табыстың тағы бір бөлігі несие мен қарыз ретінде "New Power Sіstems Ltd", "UrAsіaLondon Ltd" атынан өздері иелік ететін уран кеніштері пен олардағы өндіріс ісін жетілдіру мен кеңейту ісіне құйылып отырған. Бұл фактілерді 2007 жылы сәуір айында Қаржы бақылау комитеті толықтай дәлелдеп шыққан.
Анықталған деректер бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық іс қозғады. "Қазатомөнеркәсіптің" әртүрлі деңгейдегі жеті басшысы негізгі дәлелдермен күдікті деп танылса, Жәкішев тұтқындалған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық істің қозғалуының ешқандай саяси астары жоқ екендігін мәлімдеуде. "БАҚ-та жазылып жүргендей, Жәкішев мырзаның "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы президенті қызметінен босатылуы, содан соң тұтқындалуы ешқандай саяси тапсырыспен жасалынып отырған жоқ. Ол Рахат Әлиевпен және Мұхтар Әбләзовпен байланысы болғаны үшін қудаланды деген сөздер де негізсіз", – деді арнайы қызмет өкілдері. Олардың айтуынша, "Қазатомөнеркәсіптің" сатылуы туралы әңгіме қозғау да орынсыз екен. Құқық қорғаушылар қылмыстық істі тергеу ісі Конституция мен заң шеңберінде жүзеге асып жатқандығына сендірді. Оған қоса бұл істі тергеу барысын Бас прокуратура бақылауға алған.

«Айқын» газеті, 03.06.09


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 6 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>