Берік Әбдіғалиев. Смағұл сүйегінің күлі... Астанада жерленуі керек | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Берік Әбдіғалиев. Смағұл сүйегінің күлі... Астанада жерленуі керек

Жәрдемші


Қазақ тарихында ұлт азаттығы үшін болған қантөгіс көтерілістер, Алаш арыстарының айбынды күресі, 1986 жылғы оқиға, мұның бәрінің жемісі - бүгінгі азаттық, тәуелсіздік. Ата-бабаларымыз осы еркіндік жолында құрбан болды. Мұны біз ешқашан ұмытпауымыз керек.

...Мен өзім әрқашан үлгі тұтатын ұлт зиялылырының шоғыры ол - Алаш арыстары. Әлихан Бөкейханов та, Ахмет Байтұрсынов та, Міржақып Дулатов та елі үшін қызмет етіп, сол жолда құрбан болды. Тарихымызда «ұлт» үшін ғазиз басын бәй тіккен қазақтар көп болды. Ұлттық мінезді жандар Қазақстан үшін бүгін де ауадай қажет. Қазаққа алған мақсатынан қайтпайтын, ел үшін қызмет жасайтын өр мінез жетіспей тұр қазір.

Бұның негізігі себебі Қазақ еркіндігін армандап, көре алмай кеткен асылдарымыздың есімдері мемлекеттік деңгейде дәріптелмей жатқаннан да болар деп ойлаймын. Біз Алаш арыстарының толқы құрамын әлі түгелдей алмай келеміз. Жуырда алаш қайраткері Смағұл Садуақасовты зерттеуші белгілі ғалым Диқан Қамзабекұлынан Мәскеу қаласындағы «Донской» зиратындағы шіркеуде Садуақасов сүйегінің күлі жатқанын естіп, арнайы іздеп бардым (суреттерді қараңыз - ред). Марқұмды Қазақстанға қайта жерлеу үшін, зират басшылығына өтініш білдірдім. Қарсылығымыз жоқ деді олар, бірақ қисапсыз көп құжаттардың керек екенін айтты. Мәскеуде көп таныстары бар, қоғам қайраткері Сабыр Қасымовты көмекке шақырып едім, ол кісі менің өтінішімді бірден ескеріп, қазір рұқсат қағазын алып жатыр. Енді ел болып, жастай арманда кеткен арысымыз Смағұлды Тәуелсіз Қазақстанға, Астанамызға әкеліп жерлеу қажет.

«Абай-ақпарат»


 




Арыстарды издеу аркылы мемлекетшил идеяны ныгайтуга болады. Беке Сизди Смагул атаныздын аруагы колдасын!



Пікір алынып тасталды!



Міне, іс деп осыны айтуға болады! Жарайсың Берік!



Берік мырза жарадыңыз! Біз Сіздер бастаған істі қолдаймыз.



БЕРІК СЕНІ БІЗ ҚОЛДАЙМЫЗ. АЛЛА ӨЗІҢЕ ЖӘРДЕМШІ БОЛСЫН!!!



Әп, бәрекелді! Тусаң ту бауырым, нағыз қазақ екенсің!

Ауылдың қазағы



Игілікті іс екені сөзсіз. Алла жар болсын!

ҚАБЫЛ



Міне арыстарды тірілтпесеңде тірлтердей руқ деген осы.Ақырындап руқты көтеріңдер ұлдарым!



Беке, ассалаумағалейкум! Сіздің алашшыл, ұлтшыл азамат екеніңізді білеміз, сол Алаш қайраткерлерінің рухы қолдап жүрсін Сізді! Бірақ, мына бастамаңызды біз онша жөн санамадық. Құдай адамға қай жерде топырақ бұйыртса, оның жамбасы сол жерде жерге тигені дұрыс. Смағұл қайтыс болғанда, оның туған қайын атасы Әлекең - Ә.Бөкейхан һәм көптеген Алаш азаматтары Смағұл сүйегінің күлін Мәскеуде қалдыруға үнсіз көнген. Әрине, ол кезең саяси тұрғыда аса қиын кезең еді. Сол арыстардың көпшілігінің Смағұл соңынан "Дон" зиратына сүйектерінің күлі жерленіп кетті. Кезінде біз Мұстафа Шоқайдың сүйегін әкелмек болдық. Міржақыптың сүйегін Соловецкіден қазып әкеліп, қайта арулап туған жеріне жерледік. Х.Омаров айтқандай, сол жерлеуге қатысқан бір зиялы бар ма екен? Немесе Міржақыптың әруағына Құран бағыштауға ат терлетіп алыстан барған кімді көрдіңіз? Ол тұрмақ, Алматының өз ортасында, Райымбек даңғылындағы қалың зиратта жатқан Смағұлдың жан досы Мұхтар Әуезовтің басына тым құрығанда жылына бір рет барып Құран оқып қайтатын қазақты көрдіңіз бе? Дәл сол зиратта топырағы торқа болғыр Қасым Аманжолұлы мен Күләш Байсейітова жатыр. Кеңсайды айтпай-ақ қояйық. Меніңше, дүниенің қиыр шетінде жатқан Арыстарымызды жоқтау, олардың жатқан жерін еске алып жүру жақсы дәстүр. Мысалы, Германияға барған қазақтар Берлиннің мұсылман зиратына жерленген М.Шоқайдың бейітіне барып қайтатын болып жүр. Әрине, бойында ұлттық бір нәрсесі барлары. Бірақ, әруақтың жатқан жерін қозғап, оның рухын күңірентіп, елге жерлеу дегенді доғаруымыз қажет. Қазақтың тарихында мұндай дәстүр болмаған және бүгін де қажет емес. Қазыбек биді аманаттап сақтап, жаз шыға Түркістанға жерлеудің салты басқа. Ертең өзге Арыстардың, әсіресе, Алаш қайраткерлерінің жатқан жері белгілі болады да, оларды да елге әкелеміз деп шығатын жоқтаушылары табылады. Бұның соңы үлкен акция сияқты жаман сипатқа айналып кетсе қайтеміз? Біз Сіздің игі ниетіңізді түсініп отырмыз, алайда, Смағұл сүйегін әкелгеннен гөрі, оның прозасын, саяси мақалаларын, атқарған ісін бүгінгі ұрпаққа насихаттау анағұрлым қайырлы һәм сауапты іс деп білемін. Әлі де кеш емес, осы жерден мен де, сіз де тоқтағаныңыз дұрыс. Сіз бүгінде тарихпен емес, қазіргі ұлттық саясатпен айналысқаныңыз дұрыс!



Ой, бір сөз емес, сөздің боғын терген қыртылбай екенсің. Данияр



Міне, бұл нағыз сөз! Мына кісі адалын, ақиқатын айтып отыр! Берік Әбдіғали, ниетің дұрыс шығар, күлін әкелем дегенің жөнсіз енді. Қайта сол Мәскеуде жатса, қадірлі болады. Ғанидың да сүйегі Мәскеуде. Қайта сол жақта жатыр деп еске алып тұрады. Сондықтан жөнсіз желпілдемей, Жезқазғаныңды басқарып отыра бергенің дұрыс ау!



Жоғарыдағы пікірлер әр алуан. Бәлкім, солай болғаны да дұрыс шығар. Не нәрсені болсын пісіріп, ақылдасып шешкен орынды. "Қалай тұр - солай қала берсін" дегендер бір нәрсені ескермеген сияқты. Біз осы қай діндегі елміз?.. Енді Берік мырза жариялаған суретті қараңыз. Бірінде - шіркеу, екіншісінде - Смағұл денесінің күлі тұрған тас ыдыс. 30-жылдары да, бүгін де шіркеу бізге жат еді. Бірақ С.Садуақасұлы қайтқан 1933 жыл көшеде атеизм мен большевизм құйыны соғып тұр еді ғой. Қазір кім дінсіз болғысы келеді? Ал, қайраткеріміздің күлі сол төбесінде кіреш тұрған шіркеудің бас ғимаратының бір бөлмесінде тұр. Бұл тәуелсіз, ата дініне қайтып жатқан Қазақстан үшін ұят емес пе?.. Мен С.Садуақасұлы мұрасын 20 жылдан бері зерттеп жүрмін. 2 томдық еңбегін шығарып, 1 монография жаздым. Сондықтан бұл қайраткер туралы бір нәсе айтуға моральдық құқым бар ғой деп ойлаймын.
Смағұлдың жайы басқаларға қарағанда сәл күрделірек. Мен мүрдесі туралы айтып тұрмын. Біріншіден, ол жер қойнына берілмеген. Екінші, жат діннің қорымында тұр. Ал, Мұстафаның жайы бөлек. Оның мүрдесі Германиядағы түрік-мұсылмандарының қорымында тұр. Айырма осы. Мен кезінде "Мұстафа бізге сүйегін емес, еңбегі мен ісін аманаттаған" атты мақала жазғанмын. Мұндағы ойым - М.Шоқайды саяси саудаға салып, елге әкеліп жерлейміз дегендерге қарсылығым еді. Себебі, ол бәрімізге көп нәрсені ойлантып, қилы тағдырымен, өз жөнімен жатыр.Ал, енді Смағұлдың мүрдесіне қатысты көп ойлануымыз керек-ау. Оның үстіне С.Қасымов сынды батыл, іскер ағаларымыз Мәскеу басшылығымен келісіп, мәселені шешуде қазақ абыройына олжа салып отыр. Әрине, Сәкең де, Берік те, мен де бұл мәселенің өте шетін екенін білеміз. Мұнда үш принцип басшылыққа алынуы керек: елшілдік, зайырлылық және діни. Жоғары дәрежелі діндарларымыз "Өзге діннің қорымында тұрған мәйіттің мұсылман қорымына көшірілуінің өзі - үлкен сауап. Дене ме, оның бөлшегі ме, күлі ме - міндетті түрде жер қойнына берілу керек" деп отыр. Сонда әлігі "басы даулы" күлді Дон кладбищесінің жеріне көмеміз бе?.. Сол зиратта шашылып қалған Алаш зиялыларының сүйегін табу, әрине, мүмкін емес. Ал, Смағұлдікі айрықша ойландыратын факт болып тұр. Д.Қамзабекұлы



Мен Смағұл Садуақасұлы туралы көп оқыдым. "Алаш" баспасынан шыққан 2 томдығын алып, мұқият таныстым. Ол - біртуар тұлға. Сондықтан Берік Әбдіғалиев сияқты азаматтардың "С.Садуақасұлы мүрдесін /күлін/ Қазақстанға әкеліп жерлеу қажет дегенді" қолдаймын. Оны мұсылманша жерлеу керек. Астананың мұсылман қорымында. Бәлкім, ұлттық пантеонды Смағұлдан бастаймыз ба?! Жалпы Смағұлды елге келуі - үлкен мақтаныш, жастарға аса серпін беретін оқиға. Алла жарылқасын!
Сайлау Асанов, мектеп мұғалімі



Ең абзалы Астанадан атақты адамдар үшін пантеон ашып, сол жерге арыстарымызды қойып отыру керек. Сонда барған жастар Қазақ елі үшін кімдердің айрықша еңбек сіңіргендерін біліп, олардың өмірі мен қызметін тануға ұмтылады. Патриоттық тәлім де осыдан басталады. Алдымен оған Смағұл жерленсе жарасып тұрады, саналы жас оның кім екенін білмекке ұмтылады. Ертеңгі күні қазіргі көзі тірі абыз ағаларымыз бен аналарымызды да сонда қойған дұрыс. Мәс, С.Зиманов, С.Сартаев және т.б. Бірақ шу дегеннен онда қойылатындардың критериі белгіленуі керек, әйтпесе қазекемдер ертең белгісіз, қазаққа еңбек сіңірмей өз қарнын ғана ойлаған "әкесін" "жәкесін" қоюға ұмтыла бастайды. Пантеонға мұсылман дәстүрімен жерлеу керек, ал молдалардан онда жерлейік пе деп сұраудың керегі жоқ, өйткені әрі тарт-бері тарт деп білгішсінетін біздің дүмше молдалар қасиетті істі ақыр аяғында аяқ асты етеді. Жақсылық



Мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Садуақасовқа қандай мемлекеттік құрмет көрсетсе де аз емес. Оның күлін елге, Астанаға әкеліп, мұсылманша жерлеу керек. Ол - қазақтың мақтанышы, елдің жарық жұлдызы. Біздің Көкшетауда ауылшаруашылық институты 90-жылдары сол кісінің атымен аталып еді, кейін институттар қосылғанда атаусыз қалды. Соған қатты өкініш білдіреміз. Бір мемлекеттік вуздың атын Смағұлға берсек. Аян Асылжанов, Көкшетау



Оян да ойлан, қазағым! Тұр да еңбектен, Қазақстаным! Сенің Смағұлдай ел үшін, жер үшін жас ғұмырын құрбан еткен атаң болған! Смағұл Садуақасов есімі Астанада асқақтаған күн - "өлі разы боп, тірі байыған" күн! Марқұмның аруағы риза болсын!
Жания Мұртазаева (Қызылжар қаласынан)



Құрметті ақын-жазушылар, драматургтер! Сіздер неге мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлы туралы роман, поэма, пьеса жазбайсыздар? Неге жастарға танытпайсыздар?
Құрметті мемлекет қызметкерлері! Сіздер неге Астана мен Алматының көрікті даңғылдарына, мектептеріне Смағұл атын бермейсіздер?
Құрметті Смағұлдың жерлестері! Сіздер неге бейқамсыздар? Неге осындай асыл ерлеріңізді лайықты бағаламайсыздар?
Құрметті қандастарым! Ертең Смағұл Астанаға әкелініп жерленгенде, күйбең тіршілікпен даңқты аталарыңыздың бейітіне барып Құран оқып,тәубелеріңізе келесіздер ме?
Бүгінгі Абылайхан



Смағұл Садуақасовты зерттеп, сүйегінің күлін елге жеткіземіз деген ғалымдарға ризашылығымызды білдіреміз. Біз жерлесіміз Алаш қайраткері Смағұл Садуақасовты мақтаныш тұтамыз. Ауданымызда бір орта мектеп С.Садуақасов атында. Біз бұрын Көкшетау облысы Ленин ауданына қарағандықтан, Көкшетау облысы С.Садуақасовты жақсы білуші еді. Қазір Солтүстік Қазақстан облысына кіргенбіз. Қызылжарлықтар С.Садуақасовты жақсы танымайды. Осыған реніштіміз. Петропавл қаласын Қызылжар қаласы деп атауды және осы қаладағы бір оқу орны мен көшеге С.Садуақасов атын беруді Астанада отырған басшылардан өтініп сұраймыз.
Сәлеммен Қапаров Мұрат. Өзім қазір Қызылжар қаласында тұрамын. Ағайын тумаларым Ақжар ауданы Ұялы-Жарқында тұрады. Бұл солардың да ұсынысы



Смағұл ата рухына

Қаймықпаған Кремльдің кәрінен,
Жақсы көрген ер қазағын бәрінен.
Жиырма жаста ел қорғаған батырым,
Аластаған құзғындарды жерімнен.

Жиырма бесте болған елдің панасы,
Сый көрсеткен оған ұлттың данасы.
Ойы қандай, бойы қандай ғаламат,
Асыл сөздің, өршіл істің жаңасы.

Бүгін елің азаттықтың сәулесі,
Жоқ емес қой оның біраз әуресі...
Күлің жатыр елде емес, Мәскеуде
Үнің жатыр... "Ұрпағым ба бос кеуде?.."

Мирасбек



Берік мырза! Теміртауда қызмет атқарған бірнеше жылдың ішінде түгелдей орыстанған қалада қазақтың рухын алаулатып кетіп едіңіз. енді міне үлкен істің жаршысы екеніңізді ағы көрсетіп отырсыз. қазіргі қазақ елі сіздей азаматқа зәру. игіліктің дәнін сепкен саясаттың серкесі бола беріңіз.



Berik murza! 21 kantarda Astanaga Smagul Saduakasov suiegin akelgende bolmadynyz goi...



Арбаның алдыңғы дөңгелегі, бастап беру болар.
іні\қарындас, қолдау мен орындау болар...
Мыңды ойлар ер, токтамасын,
іштей тілектес қарындас, кашанда тілеулес болар.



"Берік мырза! Теміртауда қызмет атқарған бірнеше жылдың ішінде түгелдей орыстанған қалада қазақтың рухын алаулатып кетіп едіңіз. енді міне үлкен істің жаршысы екеніңізді ағы көрсетіп отырсыз. қазіргі қазақ елі сіздей азаматқа зәру. игіліктің дәнін сепкен саясаттың серкесі бола беріңіз." қосыламын!!!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



ALLAHQA SANSYZ MADAQ , BERIK AGHALARYMYZ JEZQAZGHAN TOPYRAGHYNDA AKIM BOLGHALY BIR NESHE AI OTKENIMEN , KOPTEGEN IGI SHARALAR OTTI , BERIK AGHA JEZQAZGHAN BURYNGHY ORYSTARDYN QAPTAGHAN JERI EMES , NAGHYZ QAZAQTYNA QALASYNA AINALDY , QALAMYZDA OKINISHKE ORAI MESHIT QALANYN SYRTYNDA ORNALASQAN , OTE ESKI , AL ORYSTARDYN SHIRKEULERI QALAMYZDYN QAQ ORTASYNDA ZAULIM ETIP SALYNGHAN, RASYNDA UYAT SYMDYQ DESEK BOLAR , ENDEGI SURAITYNYMYZ MESHIT MASELESIN SHESHIP BERSENIZ , ALLAH SIZGE BASTAGHAN JUMYSTARYNYZGHA BEREKE BERSIN !!!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



zovirax :P synthroid pills 41500 ultram 882640















 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>