Телекөрермендер үшін жағымды жаңалық. Таяу күндері, анығын айтсақ, 26-қарашада «Жетінші» арна эфирінен жастарға арналған жаңа жоба «Жар-Жар» телеклубы жарыққа шықпақ. Аталған бағдарламаның продюсері - телекөрермендердің көзайымына айналған бұрынғы «Аялы алақан» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болған Бибігүл Дәулетбекқызы.
- Бибігүл, «Аялы алақан» бағдарламасы жабылғаннан кейін сізді көрермен қауым жоғалтып алды.
- Иә, «Қазақстан» арнасынан «Аялы алақан» бағдарламасының жабылғанына да біраз уақыт болды. Бағдарлама жабылса да, көрермендерімді жоғалтып алған жоқпын. Осы күнге дейін хабарласып, араласып тұрамыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, «Аялы алақанның» көшірмесі іспеттес қазір арнада «Жан жылуы» деген бағдарлама жүріп жатыр. Форматы да, тіпті жүргізушісінің киім киісіне дейін айна-қатесіз көшіріп алған бағдарламаны шығарып отырған басшылыққа таңым бар. Арнадан кеткен соң, ойымды жинақтап, көкейімде жүрген жобаларды жүзеге асыру үшін біраз ойланып, толғандым.
- Неге телеарна басшылығын заңды түрде сотқа бермейсіз?
- Сотқа берейін деп ойлағанмын. Иә, қолымдағы бағдарламаның құжаттары заңды болды. Бағдарламаның авторлық құқығы да қорғалған болатын. Осы іске шындап кіріскенімде, заң орындары мені жақтар еді. Алайда, «Қазақта су ішкен құдығыңа түкірме» деген өте жақсы сөз бар. Сол сөзден аттап кете алмадым. Талай жыл қызмет еткен киелі ортаны ластағым келмеді. Оның үстіне, арна басшыларына бола, көмекке зәру жандарды үміттерінен айырғым келмеді. Қазақстанда қаншама адамның менің бағдарламама зәру болып отырғанын білемін. Олар «Аялы алақанға» үлкен үмітпен қарайтын. Мені көшірсе де адамдарға көмектесе берсін дедім. Сол себепті сотқа да, басқаға да жүгінбедім. Бас аман болса әлі талай бағдарламаны дүниеге әкелетініме сенімді болдым.
- Бізге айтар жағымды жаңалығыңыз бар көрінеді. Жаңалығыңызбен бөлісе отырсаңыз?
- Ойымда жүрген бірнеше жоба бар еді. Сол жобаларымның жақында біреуін эфирге шығардым. «Кино.kz» деп аталатын бірінші бағдарламамның еліміздегі республикалық «Жетінші» арнадан көрсетіліп жатқанына бір айдың жүзі болып қалды. Мұндағы негізі мақсатымыз - қазақ киносының майталмандарын дәріптеу. Алғашқы бағдарламамыз белгілі актер Нұржұман Ықтымбаевқа арналды. Ал, екінші жобам жастарға арналады. Қараша айының 26-да эфирге шығатын жобам «Жар-Жар» деп аталады. Негізінен бұл жоба өмірден өз жартыларын таба алмай жүрген қыз-жігіттерді табыстыруға бағытталған. Телеклубты танымал актриса Данагүл Темірсұлтанова жүргізеді.
- Жобаны жарыққа шығарғалы отырған «Жетінші» арна білуімізше, таяуда ғана ашылды. Бұл арнаны біреу көреді, біреу көрмейді дегендей. Жобаңызды осы арнаға бергенде қорыққан жоқсыз ба? Бағдарлама үшін басты мақсат жоғары көрсеткішке ие болу ғой.
- Сұрағыңыз орынды. Әрине, қорқыныш басымдау. Әйтсе де нар тәуекелге бел буып отырмын. «Жар-Жар»-дың алдағы уақытта осы арнадағы ең белді бағдарлама болатынына сенімдімін.
- Жобаның ғұмыры қаншалықты ұзақ болмақ?
- Ол жағын айта алмаймын. Басшылардың патша көңілі біледі.
- Бұл бағдарлама қазақы менталитетке қайшы келмей ме?
- Нені айтқыңыз келгенін түсіндім. Жеңгетайлық дегіңіз келіп отыр ғой. Неге біздің менталитетке сай емес, ата-салтымызда осы жеңгелері емес пе қайын інілеріне қыз таңдап, қайын сіңлілерін жігіттермен таныстыратын. Сондықтан мен бұл жерден ешқандай сөкеттікті көріп отырған жоқпын. Қазіргі таңда бойдақтар саны артып барады. Жүріп қалған жігіттер мен отырып қалған қыздар көбейіп бара жатыр. Осы бағдарлама арқылы жастарды бір-бірімен таныстырмақпыз. Ары қарай олардың өздері біледі. Жарасып жатса қуанамыз. Мысалы, алдыңғы хабарымызда танысқан екі жұп бір-бірін шынымен ұнатып қалыпты. Қазір жақсы араласып тұрады екен.
- Айтыңызшы, неліктен осы форматтағы бағдарлама ашқыңыз келді?
- Бұл жоба бүгін ойланып, ертең дүниеге келе салған жоба емес. «Жар-Жарды» осыдан 2-3 жыл бұрын шығарғым келген. Алайда, мұндай бағдарламалар ұзақ ойлануды, жан-жақты дайындықты талап ететінін ескердім. «КТК» арнасында ашқан «Алақан» деген бағдарламамның кезекті бір санында қарттар үйіне барып, ондағы қарттарды түсірген болатынбыз. Қарттармен әңгіме барысында сондағы 75 жастағы атайдың бір әжейге көңілі бар екенін білдік. Атаның ұнататынын жаңағы әжейге айтқан болатынбыз. Кейін қарттар үйінің директоры бізге хабарласып, атай мен әженің үйленгендерін айтты. «Аялы алақан» бағдарламасынан Салтанат есімді арудың 18 жылдан кейін анасын тапқанын көрсеткен болатынбыз. Сол хабар шыққан соң, біздің телефонымызға маза болмады. Хабарласқандар Салтанатқа құда түсіп жатты. Осының бәрін көре келе, неге осы жастарды бір-бірімен табыстыратын бағдарлама ашпасқа деген ойға қалдым. Аз уақыттың ішінде осы бағдарламаны қолға алып, енді міне эфирге бергелі отырмыз.
- Телеклуб неліктен «Жар-Жар» деп аталды?
- «Жар-Жар» деп аталу себебі, қазақта екі жастың үйлену тойында міндетті түрде «Жар-Жар» әні айтылады, бәріңіз білесіздер. Сол әнді негізге ала отырып, атын осылай деп қоюды ұйғардық.
- Ал, телеклубқа қатысатын кейіпкерлерді қалай табасыздар, таңдайсыздар?
- Бір нәрсені баса айтқым келеді. Мұнда біз кейіпкерлерді шынайы өмірден аламыз. Бағдарламаға келген қыздар мен жігіттер бір-бірін мүлде танымайды. Түсірілім барысында оларды әдейі бөлек бөлмелерге отырғызамыз. Олар тек бағдарлама барысында ғана көріп, сол жерде танысады. Алғашында қорқыныштың болғаны рас. Шынымен қыз-жігіттер келісе ме, жоқ па деп ойладық. Жалпы, біздің қазақ халқы ұяң болып келеді ғой. Алайда, жастардың қызығушылығын көріп риза болдық. Редакциямызға өздері хабарласып, келіп жатыр. Тіпті сахнада жүрген бойдақ әншілер мен халыққа танымал кісілер де болашақта міндетті түрде қатысатындықтарын жеткізді. Менің ойымша, қызықтың бәрі әлі алда.
- Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз?
- Алда істелетін жұмыс та, ойда жүрген жоспарлар да жетерлік. Ойымда жүрген бірнеше жаңа жобаларым бар. Соларды жүзеге асырмақпын. Олар әзірге құпия әрине. Алдағы уақытта көретін боласыздар. Ал, әзірге «Жетінші» арна эфирінен қарашаның 26-да кешкі сағат 18-00-де, қайталауы қарашаның 28-де күндізгі сағат 15-15-те көрсетілетін «Жар-Жар» телеклубын көруге шақырамын.
- Әңгімеңізге көп рахмет. Тауыңыз шағылмай, әрқашан биіктерден көріне беріңіз!
"Абай-ақпарат"



Менің "жарым болса" дейтін-ақ екен, иманы бар қыз .
"Жар-жарын" қайдам, "бар-бары" жақсы екен.
Орыстардан тағы бір дүние көшірілген екен ғой....
Жарнамасын көре қап, орекеңдердің тағы бір көшірмесі ме деп секемденіп қалдым. Осы біздің арналардағы бағдарламардың біразы көшірме екені айдан анық. Айна қатесіз көшірілетінінен таңым бар. Соны көшірме екендігін сездірмей, білдірмей, тігісін жатқызып жіберетін шеберлер жетіспейді-ау... Бұны да көрейік. Алғашқы хабарынан белгілі болады ғой...
Орыстардың "Любовь с первого раза" деген бағдарламасы болған. Бұл да соның көшірмесі болмасын.
ой, осы қыздан құтылдық па деп жүр едік, тағы шыға ма?
Орыстардың "Давай поженимся" хабарының көшірмесі болғалы тұр ғой. Дегенмен, бұл хабардың рейтингі жоғары болуы керек.
Бибигул апай биз сизди катты сагындык!Аялы алаканды кашан эфирден коремиз сиздин хабарынызды асыга кутушилердин бири едим.багдарламаны сиз жургизесиз бе?
Пікір алынып тасталды!
Мынауың тура "Первый каналдағы" "Давай поженимся!" жобасынның көшірмесі ғой. Онда жігттер мен қыздарды бөлек бөлек бөлмеге отырғызып қояды. көшірме жасаудан қашан көз ашар екенбіз.
Неси бар кошире берсин! Бибигулдин Аялы алаканын коширип отырган жок па, ол да биреуди коширсин. Бул багдарламага калай катысуга болады, адреси кайда?
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Бибигуль сиздин жобаларыныздын ардайым сатти болатынын жаксы билемиз. сизге әрдайым сәттілік тілейміз!
Көре алмаушылықты қашан қоямыз осы. Қазақ десе өзіңе тиеді. Сынамай тұрып, алдымен бағдарламаны көріп алсаңдаршы. Бибігүл жасымаңыз, мойымаңыз!
Бибігұл қарағым сені тағы теледидардан көретінімізге қуаныштымыз. Жұмысыңа табыс тілеймін. Елдің көңілінен шығатын жақсы бағдарлама шығара бер. Біз сенімен біргеміз.
Пікір алынып тасталды!
Биби хабарында зандастырып ал, кейін дау шыкса басшыларды сотка бірден беретін боласын.
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Жорналист мырзалар, "жоспарыңызбен бөліссеңіз" деген сөз қазақта жоқ. "Жоспарыңыздан хабардар етсеңіз", "ьағы қандай жсопарыңыз бар?" деген жалпақ сөздер жоқ емес қой. "Поделитесь планами" дегенді калька аударуды қашан қоямыңдар осы? Тілімізді осылай өздерің қор етесіңдер.
Пікір жазып қажеті жоқ екен,алып тастайды,демократия жоқ екен
Әрине, қарындасымыздың бұл жобасына сәттілік тілеймін. Бірақ, тілді шұбарлаудың "ордасы" 7-арна ғой деймін. Олар қарақұйрық деген аңды кезқұйрық деп аударды. Яғни, құсқа айналдырды. Кәдімгі бірқазанның түрін су құзғыны деп аударды. Тіпті ақбас су құзғыны деп аударды. "Арыстан бала тапты" дегені де болған. "Хайуанаттар бағында шілдехана болды" деген. Сөйтсек, маймыл балалапты. Оның үстіне ұлттық сипаттағы дүние бұл арнада жоқ. Естуімше, бастығы Бибігүл Жексенбай болса да ұлттық мәселелерді қамтитын дүние эфирге шықпайды. Тіпті, сондай ойы бар журналистерді Бибігүлдің еврей орынбасары қудалап жатқан көрінеді. Қысқасы, 7-арна оңған арна емес. Тек мына Бибігүл қарындасымыздың жобасына, дұрысы қабілет-қарымына обал болмаса болғаны. Өйткені, көшірменің аты көшірме
"Абайдағы" ағайынға. Жаққан пікірді қалдырып, жақпағанын "талдырып" жатқандарың не? Әлде, ана қыз біреуіңнің ашынаң ба еді?
Пікір алынып тасталды!
Соңғы жазған адамға Тіліңе жылан жұмыртқаласын! Тексіз, арсыз екенің осыдан-ақ білінеді. Отқа май құймай жөніңе отыр. Бұл жер сен сияқты *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*дардың орны емес, бұл қызда біреудің әлпештеп отырған баласы. Сонда сен сияқтылардың көкіген жаман сөздерін туған-туыстары, бауырлары оқысын дейсің бе?! Әлде, мектеп оқушылары мен жастарға айтып отырған өнегең бе? Егер мықты болсаң Бибігүлдің бетіне барып шімірікпей айтсаңшы, тасада отырып тас атпай. Жеке басында нең кетті?
Бибігүл, құтты болсын! Құттықтаймын, ұзағынан болсын! Ит үреді, керуен көшеді. Жаман пікірлерді жазғандар қмірде жолдары болмай жүрген бейбақтар деп біл
kutty bolsyn! Bibigul biz sizdi sagindik!
Бибігүл биіктерден көріне бер. Көшірсеңде қазақ үшін еңбектенсең, еңбегің ақталады. Бес саусақ бірдей емес екенін білесің, мұнда әркім әрқалай жазады. Кейбіреулерінде намыс жоқ, көреалмаушылық жасайды. Қолдарынан келсе неге өздері жасамайды. Тек айтарым қазақшаға дұрыстап аударуларыңды, ойларыңды қазақша таза жеткізулеріңді сұраймын.
Самат.
Бибігүл Дәулетбекқызы жарайсың! Мен қазір бағдарламаңызды үзбей көремін, тым жақсы.Әсіресе, қазақы салт дәстүрлерге байланысты ойларыңыз ұнады. Алла әрдайым жар болсын! Бірақ, анау музыкаларыңды өшірсеңдер жақсы болар еді. Рахмет!
Багдарлама конактарынын салт-дастур бойынша коятын сурактарга мудирмей жауап берулери тан калдырады. Алдын-ала айтып коятын шыгар деп куманданып та каламын.
Бибігүл жарайсын керемет бағдарлама!
Не болса да Бибігүл Дәулетбекқызы жарадың! Сен арқылы біз жетінші арнаны танып, білдік. Жар жарды көрмейтін адам жоқ, барлығының аузында жар-жар,жар-жар,жар-жар. бастапқы кезде осы бағдарламаны шоу ма деп күмәнданатынбыз, өткен жолғы үйленген жас жұбайларды көріп мәз болып қалдық. Жұрттың осылайша сауаптарын алып жүре бер!
мен 16 жастамын
Бибигуль Даулетбеккызы мен С1зд1 катты курметтейм1н! С1з сиякты жорналист карындастарымыз кобейе берс1н! Ког1лд1р экраннан корей1к тездет1п с1зд1. Рамазан айында С1зге барлык жаксылыктарды т1лейм1н жумыстарыныз сатт1 болсын!
телдидарга шыкпай-ак анкета калтырып танысуга болама?
Пікір қосу