Шоқан жайлы шынайы еңбек | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Шоқан жайлы шынайы еңбек

Жәрдемші


Көрнекті этнограф-ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына орай Мемлекеттік Орталық мұражайда көрме ашылды. Салтанатқа қатысушылар «Шоқан Уәлиханов. Таңдамалы шығармалар» деген атпен жарық көрген екі томдық және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреты, көрнекті қоғам қайраткері Шота Уәлиханның «Наш Чокан» (қазақ және орыс тілдерінде) кітаптары тұсаукесерінің куәсі болды. Ғалымдардың зерттеуіне жүгінсек, ежелгі Құсмұрын округіне қарасты Сібір ведомствосының аға сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың бел баласы, орта жүз руынан шыққан Уәли ханның (1781-1821) немересі, қазақтың атақты ғалымы, көрнекті саяхатшы Шоқан 1835 жылы туған. Шоқанның балалық шағы осы аймақтағы Құсмұрын және Сырымбет қоныстарында өткен. Дәстүрлі дала мектебінен тәлім-тәрбие алған Шоқан Уәлиханов 18 жасында, дәлірек айтқанда, 1847-1853 жылдары аралығында Омбыдағы Сібір кадет корпусында білім алып, оны «армия кавалериясы» бойынша үздік бітіреді. Арада екі жылдан соң ол Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфордтың Орталық Қазақстанға, Жетісу мен Тарбағатайға жасаған әскери-инспекциялық сапарына қатысады. Ал 1856 жылы полковник М.М.Хаментовскийдің жетекшілігімен ұйымдастырылған экспедицияның құрамында Ыстықкөл мен Алатау қырғыздарына, одан әрі Қытайдың Құлжа қаласы аймағына сапар шегеді. Болашақ ғалым Шоқан Уәлиханов осы саяхат-сапары негізінде Орталық Азияның тарихы, географиясы мен этнографиясы жөнінде аса құнды зерттеу еңбектерін жазып қалдырған. Еуропалықтар түбегейлі зерттей алмаған Қытай өңірін терең зерттеп, аса құнды әрі бағалы деректер жинағаны және өте маңызды жаңалықтар ашқаны үшін ғалым-саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа штабс-ротмистр шені атағы беріліп, орденмен марапатталады.
Ол 1859-1861 жылдары Петерборда жұмыс жасап, 1857 жылы Императорлық орыс географиялық қоғамының мүшелігіне қабылданады. Одан кейінірек Сыртқы Істер министрлігінің Азиялық департаментінде жауапты қызмет атқарды. 1861 жылдың орта шеніне қарай Шоқан қазақ даласына қайтып оралып, өмірінің соңғы жылдарын бұрынғы Верный - қазіргі Алматы қаласында өткізді. Ал 1864 жылы қазіргі Талдықорған облысындағы Алтынемел жотасының Көшен-Тоған шатқалының көрікті баурайын мекендеген Алатау округінің аға сұлтаны Тезек Нұралыұлының ауылына көшіп барады. Көрнекті ғалым һәм саяхаттанушы Шоқан Уәлиханов 1865 жылы осы ауылда дүние салды. Ғұмыры қамшының сабындай қысқа болғанымен қазақтың тамаша ғалымы Шоқан Уәлиханов соңына аққан жұлдыздай мәңгі өшпес із қалдырып кетті.
Саяхатшы-ғалым Шоқан Уәлихановтың оқырманға жол тартқан таңдамалы қос томдығында зерттеу еңбектері мен тарихи жазбалары орын алған. Атап айтқанда, Шоқанның «Көшпенді қырғыздар туралы», «Құлжа мен Шәуешектегі сауда туралы», «Қытай елінің Батыс өлкесі және Құлжа қаласы», Қоқан хандығы туралы», «Қырғыз-қайсақ зираттары туралы», «Орақтың әндері», «Абылай туралы әндер хақында» деген тәрізді жазба-зерттеулерімен кеңінен танысуға болады. Ал көрмеге Шоқанның зерттеу еңбектері, жазған хаттары, күнделікті өмірде қолданған жеке заттары т.б. қойылған. Қалай десек те, қос томдық пен көрме Шоқан Уәлихановтың көпшілікке жұмбақ өмірі мен оның ғалымдық жолынан терең сыр шертіп, бірін-бірі толықтыра түсетіні анық.

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

 

Две новые модели чугунных печей- каминов. . Авто, продажа и цены: ремонт капота. Объявления специалистов.

 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 7 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>