Өркен Кенжебек. Досқалиевтың «диагнозынан» да қателестік пе? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Өркен Кенжебек. Досқалиевтың «диагнозынан» да қателестік пе?

Жәрдемші


Біздің дәуірге дейін дәурені өткен Гиппократ дегенді білерсіз. Білсеңіз, ақсақал дәрігердің артынан ант қана емес, айта жүретін сөз де қалыпты. Айталық, «Ars longa, vita brevis...» Түсінікті тілге «тәпсірлей» қойсақ, - «өмір қысқа, өнер жолы ұзақ, оңтайлы сәттер өткінші, ал тәжірибе алдамшы». Нақ осы нақыл басқа емес, Жақсылық Досқалиевтің төңірегіндегі жайға сұранып тұр.

Неге десеңіз, бүгін баспасөз мәслихатын шақырған Қаржы полициясының ресми өкілі журналистерді қайран қалдырды. «Жақсылық Ақмырзаұлы жорта ауырады екен». Шашын сулап жатқызған Мұрат Жұманбайдың айтуынша, Денсаулық сақтау министрі осы кезге дейін сырқаттың рөлін ойнап келген. «Бізде, тергеу алдындағы тексерулер кезінде-ақ, Досқалиевтің қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін түрлі жол іздеп жүргені жайлы ақпарат болған. Соның ішінде шетелге кетіп қалу, немесе денсаулық жағдайын нашар қылып көрсету арқылы қамаудан қашуды жоспарлап жүрген, - дейді М.Жұманбай, - Шетелге қаша алмай қалған соң, ол амалсыздан екінші нұсқаны таңдады. Өтірік науқас кейпіне енді». Журналистерге Ж.Досқалиев жатқан палатадан түсірілген бейнежазбаны көрсеткен. Бейнежазбада «науқас» емін-еркін сөйлеп, қол-аяғын қозғалтып отыр екен! Пошымы Досқалиевке келетін адам палатадан күзет алынған соң, емдеуші дәрігерлерімен сөйлесіп әм қолын қимылдатқан. Әрине, бейне бұлыңғыр ғой... Бас дәрігерді тергеуге алғандағы бейнежазбаның да үзігін көрсетіпті. Естеріңізге сала кетсек, Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлері Досқалиевтің денсаулығы әлі де нашар деп отыр. Кеше оны жансақтау бөлімінен кардиологиялық бөлімге ауыстырса керек. Дәрігерлердің айтуынша, министрге қойылған диагноз - инсульт. Денесінің сол жағы жансызданып қалыпты деген хабар да ішінара расталған-ды. «Ол тілден қалған. Жасанды тыныс алу жүйесімен ғана дем алып, дәрі-дәрмектің күшімен ұйықтап жатыр (медикаментозный сон). Оның қайтадан тілге келіп, адам тануына кемі 2-3 жылдың жүзі керек», - деген де дәрігерлердің тұжырымдары жаһанторға жарияланып кетті. Ал, Мұрат Жұманбай «Ол қойылған диагнозына сәйкес медициналық құрылғылардың ешбіріне жалғанбаған. Күзет кетісімен, Досқалиевтің палатасында медбикелер тың тыңдайтын аудио, бейнеқұрылғыларды іздеп, әлек болған», - деп ешкімді бет қаратар емес. Сонда бұл кішігірім спектакль болғаны ма, қалай? Солай дейін десең, сәрсенбіде министрдің адвокаты Роберт Шмаль «Досқалиев әлі де ес-түсін білмейді. Былайша айтқанда, клиникалық өлімнің алдында жатыр. Қазір оның жүрегіне операция жасауға дайындап жатыр», - деп мәлімдеп отыр. Оның пікірін Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың директоры Абай Байгенжин қос қолдап қостап отыр. «Министрге қойылған диагнозды құжат жүзінде де дәлелдеп бере аламыз. Егер компьютерлік томографта осы құжаттың барлығы анықталып жатса, қандай әңгіме болуы мүмкін? Бұны біз ойлап тапқан жоқпыз ғой! Бұл сала салатын сурет емес», - деп ол безек қағады.

Қысқасы, біз қанша жазып, депутаттар қанша шырылдаса да, Досқалиевтің ауруханадан кейінгі барар жері белгіленіп қойған сияқты. Қадалған жерінен қан алмай қоймайтын Қаржы полициясының қарқынына қарап отырып, осылай деп ой түюге... мәжбүрміз. Гиппократтың ант-суын ішкен Досқалиев енді оның «оңтайлы сәттер өткінші» дегеніне де ойлана қарар. Кірпіштеп қалаған карьералық баспалдағы құлады. Атақ-абыройын сөз етпей-ақ қоялық. Қандай да бір шенеунік орнынан құласа, оны кресло үшін шайнасып қалатын кландық шайқастардан көтерілген түтін деп танушы едік. Осылай деп саясаттанушылар пікір айтады. Осындай деп жұрт ойлайды. Айналып келгенде, биліктің бұтағына отырған үлкеннің де, кішінің де қолы таза емес деген сенім бек орнады. Жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты нәтижесі де осы болған шығар, тәйірі...  Ал, мына қызық жағдайда ақиқатты айырып көріңіз. Ендеше, қызықтың көкесі әлі алда дей беріңіз!

 

«Абай-ақпарат»

Суреттер www.zakon.kz сайтынан алынды

 


 




Мәл-ләдесс! Жарайсың, Өркен! Қаламың мұқалмасын. Көкең.



Адамнан айла артылған ба? Мынауы енді сұмдық қой, бұл бейшараны мен аяяяп жүрсем, аяр екен ғой. Дәрігер болмай, актер болмадың ба, Жақсылығым-ау



Бұл билік байлық үшін не бір зұлымдыққа барып отыр. Досқалиевті қасақана ауыр хәлді жасап отыр дегенді қалай шімірікпей мәлімдейді, қаржы полициясы? Мына суретті көрсін та, онда: http://www.zakon.kz/top_news/185542-ministr-zdravookhranenija-rk.html. Кезінде қайран асыл Зәкемді өзін өзі үш рет атып өлді деген мұндайлар.



Иә, мұндай былықтан ақиқатты көлденең кесе айту оңайға соқпасы айқын. Денсаулық министрі бар мәселені өз денсаулығының ахуалы арқылы шешіп кетуге дайын екендігін көрсетіп бағуда. Дегенмен, палата есігін Қаржы полициясының "шабармандары" тазыдай күзетіп тұр. Олардың да өз қарымын жіберіп алмайтынына сенгендей-ақ болып отырмыз. Денсаулық министрлігі өз басшысының денсаулығына көңіл бөле алмаса, онда дүйім жұрт денсаулығының қайда қалғаны? Жоғарыдағылардың барлығына "инсульт" диагнозын қою сәнге айналып барады ма? Әзірге бұл мәселе, жасырылған жұмбақ күйінде. Мүмкін, "денсаулық сақшысы" қатал тәрбиені қажетсініп отырған шығар. Жоқ, әлде басына күн туғанда, "етігімен су кешкен" қадамы ма? Қалай сөз қозғасақ та, қоғамда орын алған осы ахуалдың жағдайын түсінгендейміз. Бәрі болашақ уақыт еншісінде...



Иә, расында батыл жан екенсіз, Өркен аға! Қаламыңыз ұштала берсін, бір Аллам сізге жар болсын!



Иәәәәәәәәәәәәә,осы ағаларымызға қарап біз жастар өсіп келеміз! Халық адамының мұндайы тіптен ұят қой...



материалын жаксы бирак онын шашын сумен кайыра ма, алде осирип тастай ма шаруан канша? Жеке баска тисуді қою керек.



аянышты..... ол да пенде ғой....((((



Доскалиевтин шашын сулап, палатага жаткызган Мурат Жуманбай екен деп калсам.... хехехеххе



Иштен шыккан жау жаман демекши. Озинди озин канаган агаларга карап тан каларсын. Жемкорлыкпен жеген акшасын ана дуниеге алып кетпейтинин ойланды ма екен.



Мына суреті шыннан түсірілген сияқты... Қап-ай, а Досқалиев өтірік ауру ма, әлде шын науқас ба, білмей дал болдық қой



Қазақ құдыққа құласа, жебірей адвокат болады. Ана Шмаль дегенің Жақаңды жаладан арашалап алса болар еді. Негізі Жақа иманды жігіт.Жарайсың, ӨРКЕН!



Жақан жаксы адам проста 2 туйенің арасында калган гой



Абай-кз порталын шолушылардың ішінде Жәкеңді емдеп жатқан реаниматологтар да бар шығар. Сіздерден өтініш шындығын айтып, диагнозын осы порталға салсаңыздаршы, тым болмаса беймәлім атпен. Әйтпесе, өзіміздің қай елде өмір сүріп жатқандарымызды біле алмай қалдық қой. Бәрі жалғандық, бәрі алдау.



Бір аптаның ішінде бір адамға дұрыс диагноз қоя алмайтын қандай елміз? Әлемге мазақ болдық қой! Храпунов сияқты шын ұры биліктің көзін бақырайтып қойып, миллиардтарды ұрлап шет елде миығынан күліп жүр. Ал қалғандары миллиардтарын мықты жерге жасырып, өз кетер күнін күтіп жүр. Билігіміздің жүргені мынау, мақтанғаннан торсылдақ сияқты жарылуға шақ қалып. Сонда біз қандай елміз? Түсінбеймін. Бәрімізді үрей, қорқыныш билеп, есімізден айрылдық па? Адам есінен бір-бірлеп айрылатын еді.



О,Аллаһ,адамдарға иман бере гөр.Не болып барады өзі?Бір нәрсеге сенуден қалдық



Қоғамда орын алып жатқан осындай жағдайларға қарап, көңілге үрей ұялайды екен,кім -кімге сенер заман,бұл заман



Ж.Досқалиевтың ауру екеніне күмәндімін,не болса да бір Аллаға ғана аян!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
14 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>