Тоғызқұмалақтан Тұңғыш Әлем Чемпионаты өткізіледі | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Тоғызқұмалақтан Тұңғыш Әлем Чемпионаты өткізіледі

Жәрдемші


2010 жылдың 1-7 қараша аралығында Астана қаласында Тоғызқұмалақтан Тұңғыш Әлем Чемпионаты өткізіледі. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті, Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығы және Астана қаласының туризм, спорт және дене тәрбиесі басқармасының ұйымдастыруымен, Халықаралық Тоғызқұмалақ Қауымдастығының қолдауымен өткізілгелі тұр. Мақсаты - түркі халықтарының зияткерлік ойыны тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде насихаттау, ең үздік спортшыларды анықтау, бұқаралық сипатын арттыру болып табылады.

Алғашқы әлем чемпионатына Англия, Әзірбайжан, Германия, Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Латвия, Монғолия, Түркия, Түркменстан, Ресей, Чехия, Швейцария, Украина сияқты елдерден барлығы 50-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Әр елдің құрамасы 3 ер және 3 әйел. Чемпионат ерлер және әйелдер арасында жеке-жеке өткізіледі.

Қазақстан Республикасынан команда құрамында мына спортшылар өнер көрсетеді: ерлер арасында хдсш Ғ.Темірбаев (Оңтүстік Қазақстан облысы), хдсш А.Сейтжанов (Астана қаласы), сш Б.Әбілбеков (Қостанай облысы), қыздар арасында хдсш Д.Кенина (Павлодар облысы), хдсш Ә.Далиева (Қызылорда облысы), хдсш С.Сапарбекова (Оңтүстік Қазақстан облысы).

Басқа елдерден қатысқысы немесе толық ақпарат алғысы келетін азаматтар болса мына мекен-жайға хабарласуға болады: тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы М.Шотаев - 8701-426-76-42, электрондық адрес -  mshotay@mail.ru

Қазақтың төл зияткерлік ойыны тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі, облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалаққа халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп келеді. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.

Тоғызқұмалақ алты рет 2006 жылы - Лондонда, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдары  - Прага мен Пардубицеде (Чехия), 2010 ж. - Каннда (Франция) дүниежүзілік зияткерлік олимпиада мен фестивальдердің бағдарламасына енді.

2007 жылы Македонияның Охрид қаласында өткен Түркі тілдес халықтардың жастар құрылтайында 40 елден келген 240 делегатқа ұлттық ойыннан семинар өткізілді.

Шетелдегі тоғызқұмалақ жанашырлары үшін Англияда /2009 ж./, Швейцарияда /2008 ж./, Колумбияда /2008 ж./, Қытайда /2008 ж./, Түркияда /2007, 2008, 2009, 2010 жж./, Өзбекстанда /2009, 2010 жж./, Қырғызстанда /2010 ж./, Ресейде /2007, 2008, 2010 жж./ бірнеше таныстырушылық шаралар және халықаралық жарыстар ұйымдастырылды.

Бүгінгі күннің тағы бір маңызды оқиғасы 2009 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ зияткерлік ойын ретінде тіркеліп, www.iggamecenter.com - сайтында тоғызқұмалақтың онлайн жүйеде ойнайтын бағдарламасы жасалынды. Алдағы уақытта төрткүл дүниенің мықты ой шеберлерімен осы сайтқа кіру арқылы электрондық бағдарламада тоғызқұмалақ ойнауға, ойын шеберлерінің партияларын талдауға, сақтауға  болады.

 

Абай-ақпарат

 


 




That's an intelligent answer to a difficult qeusiton xxx



s9oDgE hlfqnrlrfgap



life insurance 60001 levitra koyfu



Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 5 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>