Қазіргі тоғысулар мен алмасулар кезеңінде ұлттық мәдениетіміздің хал-күйі - ішінде жылты бар жанның жүйкесіне жүк, санасына салмақ. Еуоразия кіндігіне орналасқан мемлекетімздің бүгінгі дөп келіп отырған тарихи сәтінде «біз қандай мәдениеттің өкіліміз» деп, келбетімізге үңіліп отыру лазым. Тақырып төңірегіндегі ой-толғау сіздің қаперде.
Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті, академик

Біз төл мәдениетіміздің өкіліміз
Қазақ халқы өте көне халық. Арғы аталарымыз Сақ, Ғұн деп аталатын Түркі жұрағатымыз. Сондықтан біз қандай мәдениеттің өкіліміз деген сауалға «өзіміздің төл мәдениетіміздің өкіліміз» деп жалтақтамай жауап беруге болады. Түркіден бастау алатын қазақтың өз мәдениеті бар. Бүкіл түркілердің атажұрты осы Қазақстан. Бір кездері Енесейді ен жайлаған алып империя да болдық. Сол дәуірден сыр шертетін балбал тастарға жазылған жырлардың бәріде бүгінгі біздің тілімізге соншалық жақындығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал, сол мәдениетімізді, өркениетімізді Батыстың (Еуоропаның) мойындағысы жоқ. Батыстың мойындайтыны Үндінің, Мысырдың, Римның және өздерінің мәдениеті. Неге түркінің мәдениеті жоқ? Әңгіме осында. Керек болса түркінің аліпбиі орыстардан, болгарлардан, гректерден бұрын болған. Тарихи жағдайларға байланысты, үш жүз жылдық бодандықтың кесірінен өркениетімізге көлеңке түскені анық. Оған бола қазақтың мәдениеті жойылды деп байбалам салуға болмайды ғой. Қазіргі мәдениетіміз байырғы мәдениетіміздің тұғырына орналасқан, әр жақтан қосылған, ескі мәдениеттің жаңартылған түрі. Мысылы, қазақтың үлкенді ,ата-ананы сыйлайтыны, әке-шешені бағатыны, рухани наным-сенімімі бұрынғыдан еш айырмасыз. Тілімізді алайық, сосын рулық-тайпалық жүйемізде де онша өзгеріс болып кеткен жоқ. Осының бәрі біздің дәстүрлі мәдениеттегі ел екенімізді аңғартпай ма. Қазақ жүзге бөлінеді, руға бөлінеді деп жатамыз. Шындығына келсек, ол бөліну бір-бірінен ажырау үшін емес, қайта бір-біріне жақындау үшін. Бөлінуді белгіленумен шатастырмауымыз керек. Қазақ Ру-руға бөлінбейді, белгіленеді. Көшіп-қонып жүрген халықымыз жеті атаға дейін қыз алыспайды. Неге? Ата-бабаларымыз генетикалық ерекшеліктерді зерделей алғандықтан, ұрпарының сау денелі, мығым болуын белгіленумен сақтап отырған. Сол үшін де қазақ қаны бұзылмаған халықтардың қатарына жатады. Білгенге бұл да үлкен мәдениет. Әрне, бодандықтың тамырымызға шапқан балтасынан қаймағы бұзылмаға қазақ дүбәралану кезеңін бастан кешіргені рас. Осы саясаттың кесірінен орыстардың, орыстар арқылы Еуропаның мәдениеті дәстүрлі қазақ қоғамына ықпалын тигізбей қоймады. Бұл енді әлемдік, адамзаттық дамудың басатын жолдары. Кезінде Тұран жеріне Парсының, Арабтың мәдени революциялары жүргенмен түркілік түптамырымыздан ажыраған жоқпыз. Кеңес одағы кезінде де қазақтар 16-17 ғасырда пайда болды дегенге бізді сендіргісі келді. Оның бәрі бос аңгіме, бодандық саясаттың ықпалы. Тіпті 1913 жылы Қазақстанда хат таныйтындардың саны бес-ақ адам, 1917 жылы елуге жетті деп жазды орыс баспасөзі беттері бүлк етпей. Халықтың арабша сауат ашқаны ескерілмеді. Мен Қарағандыда «Қазақ тілі қоғамының» төрағасы болып тұрғанымда бір конференцияда патшалық Ресей кезінде, 1870 жылдары жазылған Қазаннан табылған бір құжатты көпшілік назарына ұсындым. Ол құжатта былай жазылған еді «биыл қазақ даласына бес мың кітап сатылды». Ал, қараңыз, халық соншалық сауатсыз болса осыншама кітапті кім оқыйды? Біз осындай бодандық саясаттан қалған жалған информацияларды өзгертуіміз керек. Қазақ халқы ежелден өз мәдениеті өзіне жеткілікті халық.
Шетелдік жат ниеттегі зерттеушілердің бізді ешқандай мәдениеттің өкіліне жатқызбай, «бұзылған» халық ретінде бұрмалап жазатыны түсінікті жағдай. Оларға да өз ағымдарын, идеологияларын сіңретін кеңістік, аңқау ел керек. Біздің өркениетімізге аузы ашылып, бай мәдени қорымызға таңырқап, тамсанып жазып жүрген шетелдіктер де бар. Окуд деген жазушы «қазактар» деген кітабында «қазақтар өте мейірбан, қонақжай, бір-бірімен тату тұратын, үлкенді сыйлайтын, рухани қазынасы мейілінше жетілген халық» деп жазған.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде үштен екісін жоғалтқан қазақ, құрып кетудің аз-ақ алдында қалды. Тағдырдың тезінен өттік. Ашаршылық кезінде тағы да қазақтың жартысы қырылды. Соның бәрінен Құдай сақтап тәуелсіз ел болдық. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Біз туралы кім не айтса да талдау жасап, байыппен қарауымыз керек. XX ғасырдағы аумалы-төкпелі жағдайлар, қоғамдық формациялардың өзгеруі әрине, төл мәдениетімізге өзгертулер мен толықтырулар әкелді. Бірақ, ешқандай мәдениеттің өкіліне жатпайтын дүбәра ұлтқа айналып барамыз деген сыңар жақ пікірге жол берілмесе дұрыс болар еді.
Тұрсын Ғабитов, мәдениеттанушы

Дәстүрлі мәдениетті сақтап қалатын ұлттық идеология керек
Біз қандай мәдениеттің өкіліміз деген сауал өте орынды. Себебі, бір ғасырдың ішінде (жиырманшы ғасырда) қазақ халқы, қазақ мәдениеті өте күрделі кезеңдерден, сатылардан, мәдени ауысулардан өтті. Айталық, жиырмансыншы ғасырдың басында Қазақтар негізінен еурозиялық көшпелі мәдениеттің, түркілік мәдениеттің өкілі болса, Кеңес одағында социалисттік мәдениеттің, сосын жиырманшы ғасырдың аяғында Қазақстанның егемендік алуына байланысты нарықтық мәдениетке дөп келді. Нарық болғанда жабайы нарыққа. Сосын барып мемлекеттік реттелуші нарыққа өттік. Қорта келгенде, қазақ халқы көшпелі мәдениеттен тоталитарлық, тотарлитарлық мәдениеттен егемен елдің әлемдік мәдениетіне беттеді. Тағы бір жағынан қандай елміз, қандай мәдениетті негіз етеміз дегенде әлемдік топтасу бойынша осы арада үлкен мәселенің басы қылтиады. Батыс сарапшылары, Батыс мәдениеттанушылары қазір әлемде сегіз үлкен өркениет бар деп есептейді. Ол супер өркениеттер: Батыс өркениеті, Латын америка өркениеті, Ресейлік өркениет, Ислам өркениеті, Үнді-будда өркениеті, Конфуциялық өркениет, Азиялық-Тынық мұхиттық өркениет, Африкалық өркениет. Осы бойынша әлем елдері өздерінің қай мәдениетке жіктелетінін ажыратады. Өкініштісі сол картада Қазақстан белгіленбеген, ашық қалдырылған. Себебі біздің қай өркениетке жататынымызды батыстың ғалымдары да ажырата алмай отыр. Тек Ресейлік мәдениетке жақындатады. Олардың пікірінше түріміз қытайға, тіліміз түрікке, дініміз арабқа, ішкі жандүниеміз орысқа ұқсайтындықтан бізге жіп тағу қиынға түскен көрінеді- мыс. Ал өзімізше талдар болсақ Қазақстан Ислам, Проваславие, Конфуцилық үш өркениеттің тоғысқан, түйіскен жеріне орналасқан, Ислам мәдениетін негіз еткен мемлекет. Кейде біз Еуоразиялық елміз дейміз. Мен боған онша илана бермеймін. Саяси жақтан маңызы бар шығар. Халқымыздың үштен бірін құрайтын еуорапалық тектілерді ескеріп, саяси тұрақтылық үшін Еуоразиялық мәдениет деп айтуға болады. Еуорапаға да, Азияға да жатпайтын бұл идеяы он тоғызыншы ғасырда Славян мәселелері ортаға шығарып, кейін орыс имигранттары арасында кең қолданыс таппқан Ресейлік бастама. Менің ойымша Қазақстан Шығыс өркениеттеріне жатады. Иағни бұл жағынан біз өзімізді шығыстық өркениетті негіз еткен мұсылман ел екенімізді естен шығармауымыз лазым. Қазір жиі айтатын «Еуорапа мен Азияны тұтастырған алтын көпірміз» деген сөзіміздің байыбына барғанымыз жөн. Көпірден кім өтпейді? Әртүрлі мәдениеттерді тасымалдаушы құрал болу менің ойымша, маңызды емес.
Қазақстан өркениеті, қазақ елі, қазақ мәдениеті шығыстық мәдениет негізінде батыстық озық үлгілермен толықтанып отырса ол басқа әңгіме. Мысалы, біздің көшпелі өмір салтымызды бәрібір әлемдік даму өз ырқына көндірді. Абай айтпақшы «дүние үлкен көл, замана соққан жел». Мәдениет заманға сай жаңарып, толықтанып отырады. Әр заманның толқыны басқа. Өмірдің талаптарына сай болу үшін, тарих доңғалағының қалай айналатыны да қоғамдық сананы белгілейді. Бір орында қатып-семіп қалу адамзаттық дамуды кері шегереді. Түркия, Жапония секілді мемлекеттерді қарасаңыз өздерінің мәдени негізін сақтай отырып, заман талаптарына сай дамыған елдерге айналды.
Біз атеистік қағамнан шыққан халықпыз. Тәуелсіздік алған соң жан-жақтан анталаған миссионерлер «бұлардың ділдері бос, рухани таянышынан көз жазған жұрт» деп қарап, өз діндеріне бет бұрғызуға ақшасын да, басқасын да аяп қалған жоқ. Адасқандарымыз да болды, оны жоққа шығармаймыз. Пакстаннан, Сауд Арабиядан білім алып келген жастарымыз, сол елдің мәдениетін жалпыластырып, кешегі Абайдың, Шәкарымның жалпы, қазақ санасындағы Құдай тану іліміне үлкен бетбұрыс жасағысы келетіні де шындық. Бұл да қазіргі қазақ қоғамы тап келіп отырған мәселе. Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі діни сенімі, ұстанған мазхабы бұрмаланды. Исламның атын жамылған Уаххабтар, Ахмадишілер секілді ағымдардың не бүлдіріп жатқанын күнделікті баспасөзден оқып, біліп жүрміз. Бізде дәстүрлі мәдениетті сақтап қалатын ұлттық идеология қалыптаыпайынша, дүбәра мәдениеттің шылауынан құтыла алмаймыз. Саяси тәуелсіздігін алған қазаққа сол жетіспейді.
Ырысбек Дәбей
«Қазақ Әдебиеті» газеті



Тұрсын аға, сіз Қазақстан жері үш діннің түйіскен жері деп қателесіп отырған жоқсыз ба? Негізінен біздер дәстүрлі ислам дінін ұстанып жүрген елміз. Мысалы, үнділер хиндуизм дінін, еврейлер иудаизм дінін, ал орыстар хрестиан дінінің православиелік тармағын ұстанып отыр. Өзіңіз білетін шығарсыз хрестиан діні үш тармаққа бөлініп кеткен. Біз де ислам дінін өз дәстүрімізге айналдырып алғанбыз. Барлық дәстүрді салыстырып көрсеңіз болады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты жетік меңгерген қазақ баласы адамгершіліктің мектебінен өткен болып есептеледі. Себебі ислам діні құдайға қалай құлшылық етудің жүйесі болса, біздің дәстүріміз мінез-құлық пен адалдық, адамгершілік пен кішіпейілділік сияқты қасиетті бойға сіңіретін жүйесі. Сіз шатастырмаңыз. Біздердің өз мәдениетіміз бар.
Дұрыс айтады. Біздің өз идеологиямыз болған, бола береді. Болмаса жасап аламыз.
Мұрат аға, сіз қожа емессіз бе? Түбіміз араб деп көп жерде айтасыз. Мына пікіріңізден ұялып отырған жоқсыз ба? Болмаса осылай біз түркі баласы қазақпыз деп неге ертеректе айтпайсыз?
Болған оқиға: Ауылда бір кісі ауызашарда отырып, біз қожамыз, біз пәленшеміз, қарадан қыз алмаймыз да бермейміз де, деп қоймапты. Сонда бір үлкен кісі: Қожеке, малдың тезегінен түскен бидайды қай уақытта жеуге болады? деп сұрапты. Қожекең: Үш рет жерге егілген соң жеуге болады деген екен. Әлгі кісі тағы да: Қожалар осы жерде қанша жылдан бері тұрады? деп сауал тастайды. Қожекең мақтанып: пәленбай жыл депті. Әлгі кісі сонда: осы топырақта қанша рет егілген екенсіңдер несіне қазақ емеспіз деп пәлсініп отырсың деп қожа кісіні жерге бір қаратыпты. Осыны көп қожекеңдер түсінсе екен. Әйтпесе, астамсынып жерге сыймай жүреді. Еврейлер өздерін: Біз құдайдың сүйген құлымыз сондықтан бізге бәрі жарасады, дейді. Сол сөздері үшін құдайдың қарғысына ұшырап кеткен. Біздің қожалар да сондай болып кетпесін деген ниетпен айтып отырмын, ағайын. дұрыс түсін.
керемет жазылыпты
Мурат ағаң саған арабтан тарадық деп тұрған жоқ, араб тілінде сауат ашқан деп тұр. Қит етсе, біреуге анау емессің бе, мынау емессің бе деп тиісесіңдер, сосын өздерің тағ ренжисіңдер қожамын деп айтты, найманмын деп айтты деп, осындай қысыр әңгіменің не қажеті бар, содан кейін Ерімбетовтер сендерге күлмей қайтеді, ошақтың қасынан шыға алмай жүр деп!
Осы қазақты мына Түрсекең сындылар құртады, үш діннің түйіскен жері деп сандалып,бұл жерде конфуцианство деген қашан болыпты, хритсиан дінінің өзі бәрібір келімсектердің діні ғой, жер қазақтыкі, дәстүрлі дін де тек қазақтыкі, кірмелер өз орнын білу керек, неменеге оларды дәріптеп, төбеңізге шығарып отырсыз
Пікір қосу