Өркен Кенжебек. «Президенттіктен» бас тартамын | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Өркен Кенжебек. «Президенттіктен» бас тартамын

Жәрдемші


Айдың-күннің аманында Ресейдегі ұлттық республикалардың басшылары үш сөзден өздеріне үкім шығарып жатыр. Рамзан Қадыровтың риясыз бастамасының тездетіп қолдау тапқанына «таңымыз» бар.

Қадыровтың депутаттарына арнаған сөзіне Дағыстан, Ингушетия, Қабарды-Балқар, Қарашай-Шеркес республикаларының басшылары да әскери бұйрық алғандай, бастарын шұлғып қалды. Удмуртия президенті Александр Волков қазір-ақ «президенттіктен» құтылуға асық. Ол «Республикада президенттер емес, айталық республика басшылары болуы тиіс», - деген пәлсапаға көшіпті. Марий Эл республикасының президенті Леонид Маркеловтың де айтары осы. Бурятия басшысы Вячеслав Наговицын өз лауазымын басқаша атау туралы өтінішін Халық Хуралына (парламент) жолдап жіберді. Сонда оларға есіктегі алтын жалатылған тақтайшаларын ауыстыру арман боп келіпті... осы кезге дейін. Бұған, әрине ешкім сенбейді. Себебі, ат ауыстыру акциясында ақ жайманы қара жіппен көктеген Кремль саясаты жатыр.

Бәрінен бұрын бауырлас башқұрт, татар ағайын үшін тарылған өрісте тыныстау, империялық саясатқа иілмеу қиындап барады. Естеріңізде болса, Башқұрт құрылтайы орталықтың астамшыл саясатын ашық айыптаған болатын. Сондағы Мәскеу бағытына айтылған мірдей сөздерден соң, президент Мұртаза Рахымов мансабын қиды. Осыдан соң, басшылыққа келген Рүстем Хамитовтың жан-жүйкесі кіммен жақын болатыны аян шығар. Ол да «президент» сөзінен пәле көріпті. Татарстан ғана бұл дүрмектен тыс. Мәскеудің ызғарына Рустам Миннихановтың (Татарстан президенті) қашан ығатынын уақыттың еншісіне қалдырдық. Әзірге... Кремль заңнамасында бекітілген федеративтік құрылымды қайта қарап, унитарлы ел болудың қамына кірісті. Кешенді кірісіпті. Алғашында Ресейдің Конституциялық соты арнайы ұйғарыммен бірқатар ұлттық республикалардағы заңдардан «суверенитет» туралы баптарды алып тастауды талап етті. Ендігісі мынау. Бұдан кейін ұлттық республикалар мен облыстарды қосып жіберуге қарекеттенуі кәдік. «Аса құпия» грифі қойылған құжаттардың сызбасы «оңтайландыру», «бюджет қаржысын үнемдеу» деген желеулермен көрініс тауып жатса, қайтесіз? Айталық, Орынбор облысына апарып Башқұртстанды қоса салса.. Қалай десек те, бұл түбі түркі татар, тыва, саха, башқұрт, чуваш ұлттарының өзін-өзі сақтау қабылетіне сынақ болмақ. Тек осы сынақтың тарихтың қайта келер әлеуетіне тап болуын тілейік.


«Абай-ақпарат»

 


 




Жаңылмасам екі апта бұрынғы жаңалық қой!



Иә, сондайы сондай, Абай.кз түстен кейін маңырап отырғаны шындық. Бірақ та мына орыстың зымиян саясатын мың жыл өтсе де айта беру керек. Өз басына келгей атаңа нәлет отаршылар!



Екі апта бұрынғысы, әлгі Рамзан батырдың ұсынысы еді ғой. Ал мынау содан кейінгі реакция, саясаттың жалғасы. Дұрыстап оқысаңдаршы жазғанды. Қалмақан



Әкесі Ахмат марқұм да орысшыл болып өтті ғой. Басқа-басқа емес, шешеннің аузымен президенттікті жоюды шығарған сары орыстың да қулығына құрық бойламас. Осының ақыры - ортақ теңгеміз болсын, ортақ президентіміз болсын, ортақ әскеріміз болсын - деген гөй-гөйге ұласқаннан сақтасын.



Әй шешеңнің....... сенің бозамық рамзан;сенің түбіңе шешендер жетеді әлі.Олар Қазақтар сияқты намыссыз емес еді ғой



Ресейде этникалық мектептер жабылған. Этникалық тілдер факультатив түрінде ғана оқытылады. Сондықтан Рамзановтың түбіне шешендер жетеді деген комментатор қателеседі. Көрші ел орыстан басқа ұлттарды осылайша бірте-бірте жоя береді.



Сен өзін қателесесің. Біріншіде, Рамзанов емес, Қадыров Рамзан, екіншіде, шешеннен бұрын орыстың өзі құриды!



Айналайын, Р.Қадыровты шешендер құртады деген комментатор! Мен этносаясаттың барлық саласын терең білетін адаммын. Менің айтпақ болғаным, дәл Қадыров туралы емес. Орыстан басқа этностар Ресейде бірте-бірте ассимияляцияға ұшырайды.
Орыстан тілінен басқа тілдерде мектепте білім алу мүмкіндігі жойылды. Мұның қандай нәтиже беретінін өзің білесің бе?
Оған қоса, консциенталдық технологиялар деген бар. Адамның сана-сезімін, көзқарасын өзгертуге бағытталған.
Референттік тәуелдікке, яғни адамды дүниетаным, сана-сезім деңгейінде тәуелдікке ұшырату деген тағы бар.
Осының бәрінің әсері болады.
Тағы да айтамын, Қадыров емес, шешендер, т.б. этностар бірте-бірте жойылады.



Ресейдің бүгінгі этносаясатының салдарынан, атап айтқанда, ол елдегі мұсылман этностар орыс халқының субэтносына - ресейлік мұсылмандар немесе орыс мұсылмандар субэтносына айналады.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 11 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>