Өркен Кенжебек. Атабаевтың бекігені қандай екен? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Өркен Кенжебек. Атабаевтың бекігені қандай екен?

Жәрдемші


Болат Атабаевты білмейтін қазақ жоқ шығар. «Ақсарай» театрындағы режисcерлігі өз алдына, қара қылды қақ жаратын туралығын айтсаңызшы.  Сол ағамыз жақында «Общественная позиция» газетіне сұхбат беріпті. Сөзі шымыр, ойы жұмыр. Әңгіме дін мәселесіне ауғанда Атабаев: «Я сам был баптистом..., был свидетелем Иеговы, а в студенческие годы кришнаитом. Я был в них по 2-3 года. А в свидетелях Иеговы 5 лет. Был в миссии Грейс в южнокорейской церкви», - деп төпей жөнеледі.

Мұнысын «ақиқат іздеудегі арпалысындай» мақтана айтқандай көрінді. Сан секталардың арасында сарсылып жүріп, Ислам дінінің бұрыс ағымына болсын, кірмеген екен-ай... Бұдан әрі Атабаев «мен үшін маңыздысы - сенім, ал сенім мен дін деген екі бөлек дүние. Дінде топ болып, қауым болып Құдайға сыйынады. Рухы әлсіз адамдар қауымға ұйысып, Құдайға сыйынғанды ұнатады» деп тағы бір сілтейді. Мәссаған, сонда мешітке келген жамағаттың барлығын рухы әлсіз жандар деген пәтуа шығару керек пе?

«Ақыр аяғында, менімен Құдайдың арасындағы тікелей байланыста ештене болмауы тиіс деп түйдім». Атабаевтың әлгіндегі сөздерінен соң, оның Құдай деп, Алла тағаланы айтып тұр ма, әлде «басқасын» меңзеп тұр ма, біле алмадық. Осымен доғарса мейлі ғой. «Ислам, например, говорит: «Алланың ризалығы үшін», тос есть «дашь на дашь». Если я буду нравственным, то завтра мне воздастся в раю. Это что за постановка вопроса? Не надо ждать добра от добра. Человек от природы не делает ничего плохого...», - деп діни танымынан бізге хабар бере түседі.

Мүмкін, біз Болат ағамыздай И.Кант, Ф.Ницшенің бар кітабын тауыспаған шығармыз. Мүмкін, Атабаевтың рухани сәулеленген кемел тұлғасының қасында мешел баладай да көрінерміз. Бірақ, «Алланың ризашылығы үшін» деген қандай да қайырымның, игі істің о дүниеде қайтарымы сауаппен таразылануымен,  жәннатқа жолдама берілуімен өлшенбей ме? Осы арқылы Жердегі тірліктің жалғандығы, сөз-ойымыздың оң-терістігіне қарап, шынайы тұрағымыздағы жағдайымыз белгілі болады емес пе? Әлде, олай емес пе еді? Осыған қарап, «Атабаевтың көкігені мұндай, бекігені қандай?» деген ойда қалдық...

 


 




Ағамыздың діни биографиясы мықты екен!



Ағалықтан садаға кетсін!



"Өз сөзі - өзінікі". Оған неге қиналасыздар?! Өз басым zonakz-тегі Атабаевпен болған сұхбатты оқып қайран қалғам... Сіздерге де сол сұхбатты оқуға кеңес берген болар едім... Пікірлеріңіз өзгеріп қалар.



Болат Атабаев оз ойын айтты. Оны Оркеннiн сози аркылы емес, сухбатын оку керек. Орысша билетиндер ушин сол да киын болып па? Болатты жазгырудын еш жони жок. Дини Баскармага журт сенбейтин болганы рас кой. Мен Болатты батыл ари еркин ойы ушин катты сыйлаймын. Казирги диндардан гори адастырушы тым коп.

Алтайшы



қор болған қандастарым-ай, " бақсам, бақа екеннің" кері, білімді , занғарларымыз осылар болса, надандарымыз қандай екен? Түкірдім, түңілдім!!!



Атабаев неміс театрында неғып жүрді деп ойлаушы едім. Бұл пақырдың режиссерлік дәрежесі өте төмен екенін оның Әуезов театрында қойған спектакльдерінен аңғарғам. Мәселен, Мақатаевтың "Қош, махаббат" сықылды нәзік те терең ойлы дүниесін тоқсаныншы жылдардағы арақ сатушыларды әшкерелеу сияқты "өзекті" тақырыппен алмастырып, арзанқол әдістермен шешкенін көргенде, спектакльден шығып кеткім-ақ келіп, көршілерден ұялғанымнан ақырына шейін отыруға мәжбүр болғаным бар еді.
айтайын дегенім, бұның неміс театрына шақырылуының себебі дін мәселесіндегі жалпақшешейлігіне, жалдаптығына байланысты екенін енді ұғып отырмын.
Атабаев өнердегі *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* екені туралы қазақтың белгілі театр қайраткерлері да біраз айтқан, қайталап жатпаймын. Ал енді мына исламға тиісуі өнердегі абыройдан айрыла бастаған рухани ұстанымы сұйық адамның дін мәселесіндегі салдақылығын көнге салғаны сияқты көрініп тұр.
Сол арқылы әлдекімдерден - атап айтқанда мұсылмандыққа қарсы күресетін шетелдік грантберушілерден /грант беретіндердің 90 пайызы мұсылмандыққа және қазақтарға қарсы әрекет ететінін айта кету керек/ бірдеңе дәметкені деп түсіну керек.
Бізде сондай бір үрдіс қалыптасқан. Егер шетелдік бай ұйымдардан грант түріндегі нәпақа алғың келсе, немесе әлдебір атақтан, сый-сияпаттан дәметсең, онда қазаққа қарсы, қазақтың тіліне қарсы, мәдениетіне, дініне қарсы сөз сөйлеп, мақала жазып "еңбек етуің" керек. Мұны Ермектің "Келіні", Олжастың қазаққа қарсы сұхбаттары, Д.Көшімнің Жовтисті қорғауы, т.б. құбылыстардан байқауға болады.
Ал енді Атабаевтың исламға таққан айыбына келейік. "Если я буду нравственным, то завтра мне воздастся в раю". Атабаевты осы принцип қобалжытатын көрінеді. Сонда мұндай тезис жоқ қай дінді біледі екен бұл әпенді? Христиандар олай демей ме? Яһудилер олай демей ме? Буддашылар олай демей ме? Олжастың Алжас болғаны секілді, Атабаев та Оттабаев бола бастапты. Қайырлы болсын...
Қабыл



Soz tapkanga Kolka jok.
Kabylga



Осы кісіні тәуір көріп жүруші едім, мынаны оқып, түңіліп отырмын. Сона бұл кісі алыс бір шет елде туып, қазақтың салт-дәстүрінен мақұрым қалып, тіпті қазақша бір кітап қолына тимей, тірі бір қазақпен сөйлеспей өскен бишара ма екен? Таң қалып отырғаным, студенттік кезімде кришнаит болдым дегені, ол заман ксро-дінсіздік заманы емес пе еді. Қазақтан садаға кет атың өшкір, діннен безген, бес байға тиіген жүзіқара. Жөргегіңнен жиренген тексіз, білімдімін дейді-ау жөйттердің жәләбі. Інілеріме көрсетіп отырған өнегесі ме екен? жауыз . Істеген күнәларыңды жәрия қылып, өзгеге айтпа - деп, өскен қазақ едік, мынауың таза надан екен.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>