Әлім Баялиев. Демократияның нығметтері | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Әлім Баялиев. Демократияның нығметтері

Жәрдемші


Қыркүйектің 12-сінде Түркияда ел конституциясына кейбір өзгерістерді енгізіп-енгізбеу турасында референдум болғалы жатыр. Негізінен алғанда, бауырлас елдің конституциясы да, іс жүзіндегі саяси жағдайы да біздікінен әлдеқайда тәуір. Бүгінде Түркияны орныққан демократияның елі деп айтуға болады. Мемлекетті парламенттік демократия жүйесімен басқарып отырған, сол демократияның арқасында экономикасын қарыштатып дамытқан, дамытып қана қоймай, әлемнің ең ірі, беделді, ықпалды жиырма мемлекетінің басын қосқан G-20-ға мүше болып отырған, қоғам өмірінің барлық саласында Еуропа Одағының стандарттарын жедел түрде қабылдап, сол одақтың төріне ұмтылып отырған ел Түріктер бүгінде. Саяси реформаларына, экономикаларының динамизміне, туризмді дамытуда жеткен деңгейлеріне мадақ айтпайтын саясяткерлер мен мамандар дүниеде кемде-кем. Осының бәріне қарамастан, Түріктер демократияларын одан сайын дамыта түсу мақсатында 1982 жылы (әскери хунта тұсында) қабылданған конституцияларын өзгерткілері келеді. Алдымыздағы айда халық даусына салынғалы жатқан өзгерістер де, міне, осы санаттан. Патша көңілді халықтың төрелігіне ұсынылып отырған өзгерістердің дені әскери және сот жүйесін демократияландыруды және кейбір хұқықтар мен бостандықтарды кеңейтуді көздейді. Бұл өзгерістерді мақұлдап, 12-ші қыркүйекте «иә» дейтіндер мен өзгерістерге қарсы шығып отырған, референдум күні «жоқ» дейтіндердің үлес салмақтары, соңғы сауалнамаларға сүйенсек, парапар. Науқан қыза түсуде. Саясаткерлер митинг алаңдарында сайысқа түсіп, халықты үгіттеп әлек. Халық youtube, facebook сияқты интернет-ресурстарда пікір таластырып, бірін-бірі үгіттеп әлек...

Жалпы, Түркиядағы демократияның тарихы Османлы империясы өмірінің соңғы жылдарынан бастау алады. Монархияны жойып, республиканы құрған Ататүрік асылында батысшыл болғанымен және демократияға оң қарағанымен, өтпелі кезең және жедел модернизация қажеттілігі жағдайында елді авторитарлық тәсілмен биледі. Осылайша, Түркия Ататүрік және ізбасары Исмет Инөнү тұсында, 1919 - 1950 жылдар аралығында, бір ғана партияның билік монополиясы жағдайында басқарылды. (Біз бен сізге қандай таныс жағдай десеңізші.) Совет Одағынан сескеніп, Батыспен жақындасқан Инөнү Батыстың демократиялық стандарттарын қабылдауға мәжбүр болды. Сөйтіп, Түркияның тарихындағы алғашқы демократиялық сайлау 1950 жылдың 14 мамырында өтті. Сайлауда оппозиция жеңіске жетті. Содан бері әскери төңкерістер, әртүрлі кедергілер мен кемшіліктерге қарамастан, Түрік демократиясы жұмыс істеп және дамып, қанат жайып келеді.

Еркін, әділ, ашық, бәсекелі, өтіріксіз сайлау... Түріктер бұл жолы да өз тағдырларын өздері шешіп, еркін таңдауларының жемісін көрмек. Бәрінен бұрын, әділ, демократиялық референдумға қатысып, азамат ретінде ел мәселелеріне дауыс беру арқылы тікелей әсер ету мүмкіндігінің ләззатын тағы да татпақ... Не дейміз? Қызыға да қызғана қараймыз. Қалаған қайраткерін мемлекеттің басына әкеліп, ұнамаса алып тастайтын, өз Атазаңдарын өздері қалыптастыратын ұлт Түріктер бүгінде. Ұнатқан саяси партиясын ашық жақтап, ой-пікірін жасқанбай айтатын, әкім-басшыларынан қатал есеп сұрайтын халық бүгінде Түріктер. Өмір сүріп жатқан елі үшін, Отаны үшін жауапкершілігін сезінетін, сол Отанды көркейту жолында үлкен-кішісі білек сыбанған қауым Түріктер бүгінде. Өз елдерінің шынайы иесі де, киесі де Түріктер бүгін. Түріктің басына туған күн Қазақтың басына да тусын дейміз. Осы күндері 15 жылдығы аталып жатқан конституциямызды біз де ұлтымызға лайықты, жарасымды, демократиялық стандарттарға сай мәнді мәтінмен алмастыратын кезге жетейік. Тез уақытта...

 

«Абай-ақпарат»


 




Aумин!!



Түріктерден алдымен мұратшылдыққа үйренейік, ағайын!



Демократия саналы, ұлтшыл, жаңашыл жастармен ғана келеді. Өзінің көлеңкесінен қорқатын, бұға беретін, "сен тимесең, мен тимен, бадырақ көздерге" демократия да, адамша өмір де бұйырмайды...



Түріктің артын жалаудың алдында ғана қалыпты ғой.Қазақ топас түрік ғұлама дегенге апарып тіреген екен.Ееее сорлы қазақ қайтеміз енді Гюленнің қазақстандық шәкірттері осылай бізді топас десе ертең к...нен бір теуіп жұмсайды. Сонда нағыз топасқа айналамыз. Оян Қазақ!!!Рухынды көтер!!!Әйтпесе жемтік болып қалармыз.



Бар ұққаның осы ма? Түріктегі жақсылық қазаққа да келсін делінген ғой. Аузыңа ақ ит алып, қара ит шығарғанша, салқынқанды ойлауды үйренсеңші. Оян қазақ деп қайта қайта байбайлам салғанша, пайдалы бірнәрсе істейік...



Пікір алынып тасталды!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 18 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>