Намысқой Барысов. Қазақстан “ырбыңдаған” мемлекет пе? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

Намысқой Барысов. Қазақстан “ырбыңдаған” мемлекет пе?

Жәрдемші


2011 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпан аралығында Алматы мен Астана қалалары жетінші қысқы Азия ойындарын қабылдайды. Не керек, екі қала күні-түні дайындалып бағуда. Спорттық кешендер салынып, екі астананы абаттандыру бағытында біршама жұмыстар да атқаралып қалды. Ойындарды өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитеті күн сайын біресе "тұмар жасайық", біресе "әнұран жазайық" деп тырбаңдап-ақ жатыр. Не керек, ұйымдастырушыларға күнде мейрам, күнде той...

Мысалы, күні кеше ғана «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ өкілдері мен еліміздің бір топ өнер қайраткерлері Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, ойындардың ресми әнұранының мәтіні мен әнін жазуға байқау жариялады. «Әнұранның өзіндік ұлттық ерекшеліктері болғанын қалаймыз. Себебі, ол басқа әнұрандардан ерекшеленіп тұруы керек. Біз Қазақстанның ән орындаушыларын, композиторларын және басқа да азаматтарын осы бастаманы қолдауға және байқауға қатысуға шақырамыз. 7-ші қысқы Азия ойындары әнұранының авторлары әлемдік спорт тарихында қалады, әрі Қазақстанның қазіргі тарихына айтарлықтай үлес қосады», деді ұйымдастырушылардың бірі Евгений Никитинский.

Ертеңіне қазақтілді баспасөз құралдарының барлығы "Әнұран қазақ тілінде жазылуы керек", "Әнұран қазақ тілінде орындалуы керек" деген тақырыптарға толды. Дұрыс-ау, бұл әлемдік тәжірибе, әлемдік үрдіс. Шенеуніктеріміз өздерінің жаман ауруына салып, "әнұран үш тілде орындалуы қажет" деп жүрмесе болды деп тілейміз ғой.

Осыған орай біздер 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ғаламтордағы www.astana-almaty2011.kz сайтына кіріп, ойындардың басқа да рәміздерінің "қазақылығын" тексердік.

 

Қарап отырсақ, сайт үш тілде сайрап тұр екен. Қазақ тіліндегі мақалалардың көбі ақпарат агенттіктері мен орыстілді басылымдардан аударылғаны көрініп тұр.

Ойындардың ұраны ретінде "Мақсаты бірдің - рухы бір!" деген сөздер алыныпты. Жөн!

Азиаданың логотипі (суретте) ағылшын тілінде дайындалған екен. Оның түсіндірме жазбасында: "Өз кескінінде логотип көшпелі арба доңғалағының суретіне ұқсайды. Геральдикалық өнерде доңғалақ кеңістікте де уақытта да үнемі қозғалыс белгісін білдіреді. Тұрақты даму идеясының белгісі бола отырып логотип өмірдің алға қарқынды жылжуды білдіретін эмблема болып табылады. Доңғалақ белгісі шеңбер белгісіне ұқсас, көне сенімге сәйкес Күн құдайының Жерді айналу идеясын білдіреді. Осы үлгімен логотип күн белгісін білдіреді және өзіне өмір мен қуат сыйлайтын күн көзінің сәулелі энергиясын қамтиды" - делінген екен.

Ал Азиаданың тұмары болып еліміздің символы - барыс "тағайындалыпты" (суретте). Ұйымдастыру комитеті өз таңдауын төмендегі шүлдірмен түсіндіреді (негіздеменің орфографиясы мен стилистикасы толық сақталып отыр): "Қар барсын 7-қысқы Азия ойындарының талисманы ретінде таңдау бірқатар себептермен негізделген:

1.Қазіргі ақпараттық кеңістікті (қазіргі қоғам санасында, әлемдік қоғамдастық санасында, немесе қазіргі уақытта) қар барсы тәуелсіз Қазақстанның күші мен беделін білдіретін негізгі белгілердің бірі ретінде бекітілді. Талисманның түйінді міндеттерінің бірі - ойындар өткізілетін орынның бірегей рухын білдіру болып табылатыны белгілі.

2.Tалисман Азиаданың фирмалық стилінің бөлігі болып табылады және барлық көзге шалынатын материалдардың жалпы контексіне дөп келуі керек. Бұл жерде туған ортасы қар шыңдары болып табылатын барстан басқа өзгені алу өте күрделі.

3.Талисман қазіргі заманғы олимпиада қозғалысының құндылықтарын білдіруі керек, ал қар барсы шынайы олимпиадалықтың барлық негізгі қасиеттерін: күш, батылдық, төзімділік пен тектілікті білдіреді.

4.Қазіргі заманда спорт  талисманы өз халқының дәстүрлерін, оның тарихын және маңызды мәдени кодтарын көрсетеді. Осы жерде де барс бірнеше мәнге және мазмұнды нышанға ие белгі болып табылады.

Өздеріңізге белгілі зооморфты образдар ертеден көшпелі өркениет мәдениетінде әлемді көрсету құралы ретінде қызмет етті. Сақтардың мифологиялық берілістерінде барс әділдіктің қорғаны ретінде беріледі, "ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз шолады" (кімнің цитатасы, қайдан?). Сондай-ақ барс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі болып табылып Өмір ағашының қорғанышы ретінде көрінеді, осының барлығы өз кезегінде олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады" (цитатаның соңы).

Бір қызығы ұйымдастырушылар Азиада тұмарына еркелеткенсіп IRBY (Ирби) деген ат та тауып қойыпты. Азиадалық пиаршылар оны былай негіздейді (тағы да бір сөзін өзгертпей беріп отырмыз):

"Талисман атауы персонаждың өзіне түпнұсқалы және оған салынған мәдени кодтаулармен берілуі керек. Сондай-ақ ол транс-тілдік түсіндіруде жеңіл беріледі.  Бұдан басқа атау баспалық сызу құрылымымен үйлесімге ие болуы керек, себебі ол Азиада - 2011 фирмалық стилінің бөлігі ретінде болып табылады.

Тағы бір маңызды аспект, талисман атауы мен оның сыртқы үлгісінің көркем қиюласуы - ономастикалық және анатомиялық балалар антропоморфизм   (бала денесінің пропорциялары, үлкен бас, күлімсіреу, көрерменге тура қадалған адам көзі, мен баланың қысқартылып, еркелетіп алынатын атауы). Бұл тадисманға ашықтық беріп, бүкіл аудиторияның қабылдауын береді.

Жоғарыда аталған міндеттерден шығып негіз ретінде қар барсының әйгілі халықаралық атауы ретінде «ИРБИС» сөзі алынды. Одан кейін кішірейтіп - еркелеткен нысанда ИРБИ - латын транскрипциясында IRBY түрін алды.

Фоносемантикалық талдау IRBY атауының барынша ерекше көрінетін мына сипаттамаларын анықтайды: жақсы, көңілді, ашық, батыл, жарқын, қауіпсіз. Барлық берілген салыстырулар персонаждың қызықты сипатын құруға мүмкіндік беріп, оған деген оң көзқарасқа кепілдік береді.

Сипаттама:

Батыл, ұтқыр және төзімді  ИРБИ үшін қар - туған орта, ал спорт - өмір келбеті. Күшті, әсем, энергияға толы, ол өте бауырмал және өз өмірін қозғалыс пен араласусыз көре алмайды" (цитатаның соңы).

Ал қай бетімізді шымшиық? Айтыңыздаршы, бұл елімізді мақтау ма әлде мазақтау ма? Қазақстанды әлемге танытамыз деп елге атын берген ұлтты дәл осылай қорлауға бола ма? Кез-келген дүниені түсіндіру үшін қазақ тілінің мүмкіндігі де, әлеуеті де жетеді емес пе? Ол үшін "транс-тілдік" деңгейге шығудың да қажеті шамалы емес пе?

Оның үстіне (ілбісіннен ібіліс жасайтын пиаршыларға құлаққағыс!) үлкен маңызы бар Азия ойындарының тұмарына Ирби деп атау бергендеріңізге жол болсын. Кез-келген брендті жасау және жарнамалау кезінде пиаршылар бренд атауының барлық тілдерде (соның ішінде қазақ тілінде) дұрыс қабылдануын ойлайды. Ағылшын не орыс тілінде IRBY деген атау керемет бір жаңалық болып көрінгенімен, қазақ тілінде ерсілеу естіледі. Себебі Ирбиге ең жақын қазақ сөзі "ырбию"! Ол дегеніміз Ресейде 2014 жылы өтетін қысқы Олимпиаданың тұмарын "выпендреж" деп атаумен бірдей.

Ең болмаса ғаламтордағы кез-келген қазақ-орыс не орыс-қазақ сөздігіне назар аударсаңыдар бұл сөздің еліміз бен ұлтымызды келемежге айналдыратынын түсінер едіңіздер. Мысалы:

Ырбыңдату - баловать без основания;

Ырбыңдау - возмутительно смеяться, глупо баловаться.

Сонда біздер Азиаданы "баловать без основания", "возмутительно смеяться" және "глупо баловаться" ету үшін өткізіп отырмыз ба? Орысша бұны "пиар" емес, "позор" деп атайды.

Жаңағы қорлығы аз болғандай азиадашылар Ырби туралы "аңызды" ойлап тауыпты. Авторлық нұсқадағысы былай: "Биік жоғары тауда Ирби атты қар барсы тұрады. Онымен ешкім ұтқырлық, күш пен төзімділікке күш сынаса алмайды. Бәрінен бұрын оның сүйікті ісі - қарда шапқылау, шыңнан шыңға секіру мен бір орында отырмау үшін тағы да қозғалысқа толы жолды үнемі тауып ала қояды. Бірақ өкінішке орай жоғары тау шыңдарында ойнайтын пенде жоқ - тек секемшік арқарлар мен қанат қағып биікте самғаған бүркіттер ғана, ал Ирбиге ойын керек, ол достық қалыпқа жақын. Бір күні Ирби оның елінің маңызды қалаларында - Астана мен Алматыда - Қысқы Азия ойындары деп аталатын үлкен мереке, оған қар барстары сияқты күшті, төзімді де батыл түрлі адамдар әр елден келетінін естіді. "Міне, мен қайдан достар табамын" - деп Ирби қуанып кетіп жолға шықты..." (цитатаның соңы)

Егер осындай "аңызсымақтар" әлемге "тәуелсіз Қазақстанның күші мен беделін", "ойындар өткізілетін орынның бірегей рухын", "қазіргі заманғы олимпиада қозғалысының құндылықтарын" айқын танытатын болса, редакция болып мұрындарымызды кесіп беруге әзірміз!

 

"Абай-ақпарат"


 




Біздің шенеуніктер әдеттегідей пиар шараларын Ресейдің мамандарына тапсырған болуы керек, содан бұлар өз тілдеріне ыңғайлап алғандағысы ғой. Жалпы, атау таңдауда кез-келген кәсіби пиарщик оның сол жергілікті жердегі тілде қаншалықты жағымды естілетініне және де мағынасына нұсқан келмейтініне мән беруі тиіс қой. Мысалы, дәстүрлі көлік атаулары кей елдерде өзге атпен жарнамаланып, сатылады. Себебі төл атауы жергілікті тілде айтқанда жағымсыз сипатқа ие болуы мүмкін. Осы мәселе назардан тыс қалған ғой. Әйтпесе, "ырби" деген ауылдың шайпау қатындарынан басқа дені дұрыс адам қолданбайтын сөз ғой.



Ресейліктерге тапсырған болар емес, дәл солай. Өткенде "Хабардан" сөйлеген ұйымдастыру комитетінің өкілі дәл солай деп айтқан, міне, алғашқы жеміс. Ырбиған Азиада құтты болсын!



Тек Азиада ғана емес, қазаққа қатыстының бәрі ырбиып тұр немесе ырбитып тұр. Мұндайға қашанғы көнер екен, бұл қазақ! бір күні сол ырбитқандардың өзін ырбитып тастайды, қара да тұр!



Ешкашан да , казак сумелек халык - сондыктан аркимнин кулы болып журе береди.



сен оттай берме мәңгүрт



ирби халқымыздын руы мемлекеттің спорттың білімді жаннуары



Ықықықықық....өлдім нақ...



Масқараааааа....



Бұндай дайындығын ұрайын. Не деген өзін өзі сыйламаған халықпыз, осы?



Кайсыбiрiн айтайын, кайран казагым-ай! Бай тiлiмiздi жутан гып екi ауыз создiн басын казакша курап жаза алмайтындарды жазаласа гой. Бiлмейтiнiмен коймай казак намысы сынга тускелi турган сатте улт атынан соз айтатындарын кайтерсiн булардын! «Каргайын десем жалгызым» деген осы да.



Орыс-орыс деп бір күні өліп кетпесек жарады. Оларға не, ақшасын алады да, "қазақтарың далбай екен" деп Мәскеулеріне барып семіріп, арағын ішіп, шошқсын жеп отырады. Масқарасы бізге, елге, ұлтқа.



Осындай пиаршыларды ұстап алып тепкілесе, шіркін.
Адай



Дұрыс айтасың! Шіркін!



Барыс емес КӨКБӨРІ болу керек қазақтың символы. Барыс ол мысық, құрып бара жатқан мияу. Көкбөрі ол жыртқыш, ешқашан есесін жібермейтін нағыз Көкжал.



Оһ жазған екен де мына намысқой жігіт! Мақаланың тілі қандай жинақы, ойын осып тұрып айтыпты. Қаламың қарыштасын жігіт. Дұрыс айтасың "Ырби" - дегені масқара енді. Илбіс болса мақұл дер едік. Бүркіт емес пе еді біздің елдің символы. Мақұл Барыс бола қойсын бірақ атын дұрыстап адамша айтсын. Масқарашыл, еркетотай, ырбиған барысының керегі жоқ



шешең...



Алматы каласындагы реклама дайындайтын мекемеде казак тілін тексеретін маманнын ұлты ұйгыр, білімі жок тек кана хореография училищесін бітірген. Казак тілінен макырум, бірак жалакысы кудай аткандай уш мын доллар колемінде. Турі келіскен әдемі, аягы ұзын, сымбатты. Біреудің ол казак болуы керек чиновниктін любовницасы. Сол оны осындай жумыска койып отырган. Сонда казак тілінің көрін казушы баска улт адамы емес, өзіміздін казагымыз болганы ма? Осы фактіні тексеру керек.



егерде оның ұлты шынымен ұйғыр болса,онда ол қазақ тілін он жерден біліп тұрса да әдейі істейді.өйткені сарт қой.өзіңнің жаның ашымай тұрғанда оған келіп-кетер пайда не?ақша алса болды.Өзіңді өзің сыйласаң,жат жанынан түңілер деп зар қақсаған қайран біздің бабалар-ай!



Осыдан кейін шенеуніктердің ұяты болса атылып өлмейме?



Өз билігіңе өзің жиіркеніп қарайтын заманда өмір сүріп жатырмыз. Бір Алла қолдасын бізді.



Ирби - тек ырби ғана емес, ЕРБИ болуы да мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды - біздің ұлттық құндылықтар жөніндегі түсінігімізді, өзгелер алдындағы имиджімізді өзіміздің ішкі әлемімізді түсінетін өзіміз емес, өзгелер, бөгделер, бейсауаттар дайындайды. Бұл кино, сән, спорт қатарлы өнер мен спорт салаларында кең етек алған. тіптіоқу-білім, саясат пен экономикада солай ма деп ойлаймын. Көкшеден



Дұрыс айтасыз! Ырбию да, Ербию де жетіскендік емес.



"Ирби" сөзін Ирбис (қар барысы, яғни Ірбіз, Ілбіс) сөзінен еркелеткен түрде қысқартып алған ғой. "Ирбис" те, "Ірбіз" де, "Ілбіс" те - арғы тегі жағынан алғанда, орыс тіліне де, қазақ тіліне де монғол тілінен енген сөз. Монғол тілінің сөздері.

ирби́с "сиб. барс, Felis irbis", монг. (Даль). Из монг. irbis – то же, калм. irwṣ (см. Рамстедт, KWb. 210), ср. также тел., леб. irbis, тоб. ilbis (Радлов 1, 1471, 1497).

http://dic.academic.ru/dic.nsf/vasmer/40218/%D0%B8%D1%80%D0%B1%D0%B8%D1%81



Ол дұрыс қой. Сол сілтеменің астына көз жүгіртсең мынандай тарихи деректі көресің: Батыс Түрік қағандығы ханының және Екінші Түрік қағандығы ханының есімдері "Ирбис" болған. Яғни Көк Түріктер елінде тарихта әр кезеңде Ирбис аталған екі хан болған. Сондықтан "Ирбис" сөзін монғолдыкі, қалмақтыкі деп кесчіп айту жөн болмас.

  • Ирбис-Шегуй хан — Ирбис Шегуй хан Ирбис Шегуй хан 乙毗射匮可汗 Каган Западно тюркского каганата 642 год   650 год Предшественник: Ирбис Ышбара Джагбу хан Преемник: Халлыг Ышбара Джагбу хан   Вероисповедание: Тенгрианец Смерть: 650 год Династия: Ашина… (Википедия)
  • Ирбис-Ышбара-Джагбу хан — Ирбис Ышбара Джагбу хан Ирбис Ышбара Джагбу хан 乙毗沙钵罗叶护可汗 2 й Западно тюркский каган (Из Нушиби) 640   641 Предшественник: Иль Кюлюг шад Ирбис хан Преемник: Ирбис Шегуй хан   Вероисповедание: Тенгрианец Смерть:… (Википедия)

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Монғолша, түрік сөзі емес, және орыстанып кеткен. Шынымен ақ қазақтар осындай жасық болғаны ма? Негізінде жоғарыда айтылған ұйғыр қыз туралы мысалдар көп. Декандардың көбі ұйғыр дегенге не айтасыз?



Сонда Көк Түріктердің хандары өздеріне монғолша есімдер қойған ба. 6-7 ғасырларда жер бетінде монғол, қалмақ деген халықтар болған жоқ қой. Және ол заманда Көк Түріктердің маңайында ешқандай монғол тілдес көне халық та болмаған.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



менің ойымша сенің пікірің дұрыс ирбидің достары болмады.



Бул Барыс шамасы рахидпен ауырган сиякты. Ерлан.



Қазіргі қазақ тілінде ирбис деген сөз жоқ қой. Ілбіс емес пе, қазақшасы. Қазіргі моңғол тілінде ирвэс. Орысша снежный барс немесе ирбис. Көне түркіні қоя тұрайық,сонда біздің эмблемамыздың атауы моңғолша болайын деп тұр-ау? Қазақ тілінің транскрипциясына негізделген қазақы ұғым бекітілмесе, осылай кете береміз.



Символдың аты да, заты да сүйкімсіз. Барыстың басы неге үшбұрыш? Көздерінде тірлік нышаны жоқ, сәтсіз салынған. Олимпиадалық символда бір сүйкімділік болуы керек қой. Мишканы алайық, басқасын алайық. Мына Ырбиы түнде түсіңе кірсе шошып оянасың. Біздің суретшілер соншалықты дарынсыз болғаны ма? Әлде бәрі маскүнем болып кеткен бе? Әйгілі үш бидің сиқы анау, адам күлерлік. Адамның бет сүйегінің қандай болатынын білмейтін суретшілердің қолынан шыққан портреттер екені айдан анық. Теңгелеріміздің түрі мынау, барған сайын құлдырап бара жатқан. Біздің шенеуніктер ақшаны ұрлауды ғана біледі, сосын қалған құтқанына арзанқол суретшілер мен пиарщиктерді жалдайды. Санаққа бөлінген жарты миллиард соманы бір жеріне тығып, ана қыз кетті, әні...
Жапалақ келіп жалп етіп, жартсын алып ол кетті... деген бір тақпақ болушы еді. Көрген күніміз сол ғой.
Қабыл



Бәрекелді Қабеке! Өлтірдіңіз!



"Бул Барыс шамасы рахидпен ауырган сиякты. Ерлан."
турі солай сиякты )))



Жалпы біздің қазақ қашан барысты кие тұтып, дәріптеп еді, өзі. Бәрі әлгі көкемнің "егер кәрістер мен жапондар шығыстың жолбарысы болса, біз де соларды қуып жетеміз, сөйтіп біз Азияның барысы боламыз" дегеннен бастау алып еді ғой. Бірақ 20 жылда экономикамыз оларды қуып жетпек түгіл, шаңына да ілесе алмай қалды. Біз барыс емес, мысық болдық. Сондықтан қойдай жуас халықпыз, оданда эмблемаға қозыны алу керек еді, сүп-сүйкімді етіп.



Кеңес кезеңіндегі қазақтарды, соның ішінде "қазақы" мультперсонаждарды тым моңғол тектес қылып бейнелеу үрдісі әлі тоқтамаған ба? Мынау Ұлан Батыр, әрі дегенде Бішкекте өтетін ойындардың символы сияқты ғой.

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



Қазақтардың моңғол пішіндес екені айдан анық мәселе. біздің арғы ата-бабаларымыз көк көзді, сары адамдар болды, моңғолдар келіп неткеннің салдарынан көзіміз сықиып қалды дегеннің өзі кезіндегі қожа-молдалардың қазақты ана сахаба, мына сахабадан тарататыны сияқты бірдеңе. Арғы аталарымыз бен аналарымыздың аруағы алдында да ұят емес пе, бұлай айту.



Орташа алғанда қазақтарда моңғолоид гендері басымырақ екені рас, бірақ Ирби орташа қазақтан да моңғолдау сияқты. Мүмкін, сіз менен көбірек моңғол тектілеу шығарсыз, мен өз жеке ата бабаларымнан ұялмаймын былай айтуға

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



Ілбіс сөзі моңғол емес, жалпы түркі-моңғолға ортақ атау. Бәрін моңғолға теңегенді қойыңдаршы, ақысын берейін.
Ырбидің алдына ж әрпін қосқанда ғой... шынында өте ерсі сөз.



Ырбидің Қарнындағы өрнек те суретшінің бейшаралығын көрсетеді. Corel Drawтың дайын, тегін және арзанқол өрнектер коллекциясынан ала салған. Қазақтарға осы да жарайды дегені ме екен?..
Қабыл



Ырби,Жырби,Ерби... Мысқылдағанда, шіркін, ешқайсыңыз да алдарыңызға жан салмайды екенсіздер. Ал енді өз ұсыныстарыңызды неге айтпайсыздар, сіздер қандай ат қояр едіңіздер?
Алмагүл



шіркін сол білдірген пікіріңді тыңдайтын құлақ болса...!



Неге бұл барыстың атын Тұмар деп қоймасқа? Ең бастысы ұлттық нақышта болғана емес пе, аударғысы келіп бара жатқандар Талисман деп түсіндірсін.
Алмагүл



бәрібір қоймайды.қарапайым адамның пікірін тыңдаған басшылықты көргеніңіз бар ма?



мынадан әнебір мультфилімдегі шалдан насыбай сұрайтын мысық әдемі.Рас айтам



Кеш жарық!
Бұл жердегі мәселе Азия ойындары тұмарының атауы болғандықтан, неліктен "Ырби"дың орнына "Алан" атауын бермеске? Қайран қазағым басқасы болмаса да, жан-жануарлардың атын нақты берген! Қасқырға Арлан, Көкжал деген атауларды таққандай, барыстың күшігін қазақта алан деп атағанын да ескере кетейік, ағайын!



Ырбидың қасына Барбиды қосып қойса тіпті қатып кетеді



Осыны да мақала деп дәм болсын.
Дым масштабы жоқ нәрсені да мақала деп жазып жүрген күлкілі екен.
Одан да ұйымдастырылу жағын сынаса болар еді.
Осы қазақтарға жағу мүмкін емес, жоқ жерден кілтипан іздеп.
Ал Ирбиді ырбию сөзіне ұқсату мүлдем негізсіз.
Жап-жақсы персонаж. Мағынасы да атау да жақсы.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>