Нұра Матай. Мемлекеттік сыйлық бәйгесі «Қылмыссыз» жалғаспақ | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Нұра Матай. Мемлекеттік сыйлық бәйгесі «Қылмыссыз» жалғаспақ

Жәрдемші


Қытайдың Шәуешек қаласындағы өз үйінде мырзақамақта (үйқамақ) өмірін өткізіп жатқан, биыл 85 жасқа толған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы 2010 жылғы Қазақстанның әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін тартыстағы конкурстан құлады. Шеттетілді. Не үшін?  Кім жазықты?

«Қылмыс» романы саяси себепке байланысты өтпей қалған және «шығарма біздің елдің проблемасы емес», «өзге елдің азаматы» деген деген уәж айтылған. Дауыс беру кезінде «Қылмыс» аз дауыс жинап, өтпей қалған.

Өмірінің қырық жылын Қытайда айдауда, түрмеде өткізген тар есік, тар босағада отырып алты томдық роман жазған, туған топырағына, Отан анасының құшағына жетуге өмірі бойы зар болып әлі күнге өз үйінде тұтқын болып отырған 85 жастағы Қажығұмар Шабданұлынан бір сыйлықты да қимадық...

Хош, сыйлық бұйырмады делік, тым құрыса, туған топырағымен қауыштыруға қазақ билігі саусағының ұшында қимылдатпады. Жаныңа бататыны осы. Естуімізше, Қажығұмар Шабданұлының денсаулығы сыр беріп жүрген көрінеді. Тұрмыстық жағдайы да жұпыны дейді. Қытайдан хабар алып тұратын азаматтардың айтуынша, ол кісі бәйбішесінің зейнетақысына ғана күнелтіп отырғанға ұқсайды. Ал, біз «итке де» бұйыратын бір сыйлықты қимай отырмыз...

Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романын мемлекеттік сыйлыққа мәдени саясат және өнертану институты ұсынған болатын. Абай ақпараттық порталы әуелі Қажығұмар Шабданұлы елге қайтару туралы соңынан «Қылмыс» романына мемлекеттік сыйлық беру туралы ашық хат  жариялаған еді.

Абай ақпараттық порталы жаряилаған Қажығұмар қарияны елге қайтарып алу жөніндегі ашық хатта: «Қазақстан республикасы - саяси-тарихи себептермен кіндік Отаны Қазақстаннан қилы кезеңдерде көз жазып қалып, әлемнің түрлі мемлекеттерінде қоныстанған күллі қазақ азаматтарының  тағдырына толықтай жауапты» делінген. Алайда, «шығарма біздің елдің проблемасы емес», «өзге елдің азаматы» деген уәждерге қарап мемлекеттік сыйлық беру комиссиясына қазақтың біртұтастығының көк тиындық құны болмағаны ма?..

 

«Абай-ақпарат»

 


 




ИТТЕР: ИТТЕР-ай. Қажығұмарды елге әкеле алмаған.



Құлдар! Орыстың құлақ кесті надан құлдары! Мәстектеріңе мініп алыңдар, со ит жегір сыйлықтарыңды! Да!



Пырзыдентіміз айтты ғо, "бұлар Казахстанға еш пайда әкелмеді" деп!!!



Силық комиссиясының төрағасы Саудабаев жолортада Шәмші мен Жұмекен жарықтықтарды қосыпты. Ол екеуіне берілген силық автоматты түрде Назарбаевқа беріледі, сездіңіздер ме? Әнұранның бір авторы ғой! Жағымпаздық Шәкең мен Жұмекеңнің аруақтарын саудаға салдырды, ұят, масқара!



Судың да , жасаған қылмыстың да, ұрлықтың да сұрауы бар!!! Е Алла бір өзің төреші!



Шынымен алып тастапты ма? Мына сұмдықтан кейін сыйлыққа ұсынылғандар кандидатурасын өз еріктерімен алып тастауы керек. Сыйлықты кім алса да халыққа жексұрын болайын деп отыр.
М.Шаханов: "Әр ұрыда екі орден, төрт медаль бар. Орден,медаль берсе де алмаймын. Ұрылардың қатарында тұрғым келмейді", - деп еді. Сондай мәрттік әлгілердің қолынан келер ме екен?



Пiкiр жазып отырган замандастар! Iштерiнiзде осы романды окып шыккандар бар ма? Коркемдiгi,тiлi,жазу шеберлiгi кандай дарежеде екен? Алемдiк классикалык туынды катарында тура ала ма?
Коптен iздеп осы шыгарманы колыма тусiре алмай журмiн. Окыгандар артурлi пiкiр айтады. Кiтапты кайдан табуга болады?
Ал сыйлык жагына келсек- сол озi Кажыгумарга керек пе екен? Казак акын-жазушыларынын талайынын сол сыйлыкка лайык болмаса да алып жургендерi баршылык. Сол лайыксыздар сыйлыктын кунын тусiрiп болды емес пе. Кунсыз сыйлыкты алмады деп жыламай-ак койдым. Бiрак шетелде журiп казактын камы ушiн курескен, сол ушiн омiрiн арпалыспен откiзген Кажыгумар гумыры КАЗАК ХАЛКЫ ушiн арине аяулы,арине кымбат,кадырлы деп ойлаймын. Менiн естуiмше, ол кiсiде жалгыз гана арман бар деседi: ол-туган жердiн топырагына жетiп мангiлiк дуниеге аттану.
Ал мына жактагы Жазушылар Одагындагы дау-дамай мен кыркыс,итiс-тартыс оз iшiмiздегi баягы усак тiрлiк кой. Солай! Ол адам сыйлык кутiп жаткан жок казагынан. Елге жету, Елге жету, Елге тездетiп жету арманы!
Солай ма деп ойлап, оз туйсiгiмдi жазган мен - Алтынажар.



Жоғарыда пікір жазғандардың арасында "Қылмысты" оқығандардын бар екеніне қатты күмәнданамын. Әйтеуір, "Сөйлеп қалған ауыз"...
Мен де алты оқып шықтым деп өтірік айтпаймын. Бірақ біршама үзінділерін оқыдым. Меніңше, романның көтерген мәселесі ауқымды, қамтыған дүниесі өзекті болғанымен, көркемдік деңгейі төмендеу. Сөз қолданысы түсініксіз, қытайлық диалектілер өте көп. Сөйлем құрау тәсілі де тартымсыз. Әрине, түрмеде отырып, шығарманы қолына түскен бір жапырақ қағаздарға жазып шығу деген сұмдық қиын жұмыс. Бірақ тер төгілген еңбектің бәрі бірдей шедевр еместігін ұмытпаңдар. "Қылмыстың" деңгейі мемлекеттік сыйлыққа лайық емес.
"мемлекеттік сыйлықты анау да алды, мынау да алды" деп, сыйлық алған қырт ақын-жазушыларды алға тартудың қажеті жоқ. Ол басқа әңгіме. Егер биліктің әділетсіздігін сынап жүргендерің рас болса, ондаөздерің де әділетсіздікке бармай, обьективті бағаларыңды айтыңдар. "Қылмыс" мемсыйлыққа лайық емес.
Жалпы, Қажыұмар ақсақалға сыйлықтың бір тиынға қажеті де жоқ, ең бастысы, халық шығарманы оқыса, соған не жетсін.
"Қлмысты" оқымай, пікір білдіргендер әшейін халықты алатайтай бүлдіргісі келетінде. Сендерге айтам, жоғарыдағы коммент авторлары.



Аса құрметті Қылмыс орманыны шалып оқыған азамат! сізге айтарым!білмей тұрып білдім демеңіз көрмей тұрып көрдім демеңіз! Қылмысқа бұлай баға беру бір халыққа оның тағдарына сүле сапа қарайтын ез енжар білгішшіл адамнынң сөзі !көрем сені сондай роман жазбағанды қойып артыңды дұрыс сүрте аласыңба! Қылмыс құдай бұйырып шет тілдерде шыққанда әлем халқы оны таласа тармаса оқитын болады! бұл тек қана көркем шығарма емес бір халықтың тағыры ! оны түсінбеген оқырман сен сияқты мәңгүріт! биліктің итаршысы! Шындық осы! бәріне халық өзі баға береді тарихтың таразысы қашанда әділ! Ал сен сияқтылар ешқашанда Қылмыс шыққан биікке шыға алмайсыңдар!



Сiз жогарыдагы адамга катты соз айтыпсыз. Ол адам оз жауабын озi бере жатар. Ал мен тура сол адамнын жазып отырганын куптаймын.
Неге десенiз айтканынын барi рас. Романнын тiлi шоркак екенi, коркемдiк дарежесi томен екенi рас. Ал ендi осы романды орасан енбекпен жазып шыкканы жане рас. Ол кiсi Казакстаннын Мемлекеттiк сыйлыгын алайын деп ойламайтын да шыгар. Шыгарманы сыйлык алу ушiн жазбаганы да анык.
Мен бiлсем, Кажыгумар корген киянаты мен тар жол-тайгак кешуiн артында калган халык бiлiп, керек болса зерттеулерiне пайдалансын, осындай да осындай заман болган деп жазып отыр. Романды еш коркемдемеген-калай болды, калай кордi солай баян еткен. Бул-бiр тагдырдын баяны гана.
Мен Халифа Алтайдын "Атажурттан Анадолыга дейiн" жане Хасан Оралтайдын "Елiм-айлап откен омiр" атты кiтаптарын 2 кайталап окып шыкканмын. Каны тамшылап турган шындык, журек жылайтын тустары да жетерлiк. Жуп-жумыр коркем шыгарма деп айта алмаймын.Коркемдiк жагы, стилистикасы т.б. аксап тур.Баяндап кана шыккан.Бiрак казакка керек кiтаптардын бiрi."Кылмыс" та тап солай. Казакка керек кiтап. Бабаларым осындай заманды да басынан кешiптi-ау деп келер урпак бiлiп журуi ушiн де жазылган болар.
Егер коп болып, укiмет алдына талап койып,Кажыгумарды тiрi отырганда елге акелiп алсак ол ушiн де, казак ушiн де сыйлыктын кокесi сол болар едi.
Аузы дуалы, президентке ыкпалы бар дейтiн улкен топ жиналып, Елбасына калайда жолыгып Кажыгумарды алып келудi шешуге тиiс.
Омiр аккан судай, шапкан аттай. Кеш калганымыз-ай деп окiнбесек болганы.
Г&M.



Pikir jazgych KYRTULAR...



Жоғарыда бір қарындас кітапты қайдан сатып алуға болады деп сұрапты. Мен Розыбакеив көшесінің жоғары жағындағы Мегацентрден жоғарырақ тұрған Евразия кітап дүкенінен көргенім бар еді.
Қабыл

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>