Әзірет БАРБОЛ. УАҺҺАБИСТІК АРНАНЫҢ МАҚСАТЫ НЕ?! | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Әзірет БАРБОЛ. УАҺҺАБИСТІК АРНАНЫҢ МАҚСАТЫ НЕ?!

Жәрдемші


«Abai. kz» ақпараттық порталында «Асыл арна» ислами телеарнасының директоры М.Тазабековтың сұхбаты жарияланды. Онда Мұхамеджан өзінің «уаһабистік» бағытын жасырып, ондағы сұрақтарға нақты жауап беруден қашқақтап, енді бір жерінде сұраққа тіпті жалған жауап беріп, қазақ мәдениетімен ұлттық дүниетанымымен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын таза салафиттік сарындағы «Асыл арнаны» дәстүрлі исламның, ұлттық дәстүрдің насихатшы құралы ретінде көрсеткісі келіпті. Болмаса қазақ даласында атымен, затымен жоқ, бұрын-соңды болып көрмеген құбылыс «ширкпен күресу», «дәстүрді мойындамау» туралы идеяны алғаш алып келіп, таратқан Мұхамеджандар енді «қазақы дәстүрді мойындап» қапты. Әйтпесе, «анау ширк», «мынау болмайды», «анай бидғат» деп елдің басын қатырып, қоғам арасында, әсіресе мұсылман жамағаты арасында іріткі, фитна тудырған, ақыры елдің бірлігін алған салафиттік, уаһабиттік жамағат болса, әсіресе біз білетін М.Тазабеков енді аспаннан түскендей «елдің бірлігін» ойлап қапты.

«Қазір қарапайым жұрт «ойбай анау уаһаб, мынау сопы» деп сол сөздердің мағынасын білмей жатып үрейленетін болды. Таратып айтып беріңізші. Бұл қайдан шыққан терминдер?» деген сұраққа Тазабеков: «... Сақал қойған, дін ұстанған адамды өзіңе ұнамаған сипаты үшін «оңбаған уаһаб, артта қалған сопы» деп айдар тағып кінәласақ, ертең Алла алдында жауап беруге тура келеді. Сондықтан бізге көлеңкемізден қорқып, көп ішінен жау іздегеннен көрі адамдарға ақиқат жолдың абзалдығын айтып немесе өз иманымызды көркемдеумен айналысқанымыз жақсы» деп, сопы кім, уаһаб кім нақты белгілерін атап көрсетуден жалтарып, аса қатерлі уаһабизмді «қалыпты» көрсетіп, сұраққа тұщымды жауап қайырмаған. Болмаса қазіргі таңда елімізде террорлық әрекеттерімен бас-аяғы жүзден астам азамат бас бостандығынан айырылып, тар қапаста отырғандығы белгілі. Ал, еліміздің заңына сай құқық органдары «аса қатерлі» деп тапқан террористерді Мұхамеджанның «қауіпті емес» деп ақтауының себебі не? Міне осыдан да түсінікті болып отыр кімнің кім екендігі.

«Бір автор сіз бен Шорабек Айдаровты «қып-қызыл уаһаб» деп атады. Шыныңызды айтыңызшы, бұл не қылған парадокс? Өзіңіз уахаб, телеарнаңыз салафи...» деген сұраққа  өзінің қып-қызыл уаһаб екендігін, телеарнасының салафи екендігін мойындап, М.Тазабеков: «Қандай пікірді болса да, сөзді болса да естіп жүруге мойынсұнған Алланың бір құлымыз да» депті.

«Сіз салт-дәстүрге қарсы адам екенсіз» деген сұраққа Мұхамеджан: «Салт-дәстүрге қарсы адам» деп аруаққа сыйыну мен сыйлаудың арасын ажыратуға қатысты, ырым мен ақиқат сенім жайлы араласып кеткен пікірлерді ажырату жайында айтқандарым үшін айтып жатса - жаңсақ сөз. Бір Аллаға сыйынып аруағын сыйлаған халықпыз» деп бұл сұраққа да Тазабеков жалған жауап қайырған. Әруақты қазақ сыйлаған. «Жеті шелпегіңді сенің өлгендер жейді дейсің бе», «өмірден қайтқанның жетісін, қырқын, жылын беру өліге пайдасы жоқ», «қабірлерді көтермеу керек, қирату керек», «тірісінде құрмет көрсетпеген өлген соң қалай сыйлайсың» деп уаһабилер уағыздаса, онда қалай әруақты «сыйлап» қалған.

«Әулие, аруақ жайлы. Сіз айтқан сыйыну мен сыйлаудың ара-жігі қай жерден ажырау керек? Мысалы, Бекет ата, Райымбек батыр басына барып жатқандар бар ғой» деген сұраққа Мұхамеджан: «...Ал жай адам немесе әулие түгілі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өзінен жәрдем тілеу, сыйыну - Ислам тыйым салған. Алла Тағала қасиетті Құранның бәрімізге белгілі «Фатиха» сүресінің соңғы аятының соңғы сөзінде «до лин», яғни, «адасқандардың» жолынан бізді сақта дейді. Адасқандар деп отырғаны кімдер? Христиандар. Ал олардың адасуының ең басты себебі неде? Христиандар Исаны (а.с.) Құдайдың баласы деп пайғамбарға сиынып кетті. Пайғамбарға сиынуды Алла Тағала адасқандар десе, жай адамға сыйыну деген тіпті сорақылық болмақ.... Біз құрметі биік Бекет атаның өзінен жәрдем сұрағаннан көрі, ол кісінің артына тастап кеткен өсиетінен азық іздегеніміз дұрыс... Бабалар жолына, бабаларға деген адалдығымыз осы ма? Бабаларымызды сыйласақ, олардың аруағын құрметтесек, олар бізге не айтқысы келді? Олар қалдырған өсиеттердің үдесінен шығуға тырысуымыз керек емес пе? Сонда ғана аруақ, баба сыйлаған, бабалар ұстаған қастерлі жолда жүрген болып есептелеміз»

Міне, Мұхамеджан өзін «бабалар жолына адалмын» дей отырып, «әулиеден, әруақтан» медет тілеген қазақ халқын мүшриктерге теңепті. Қазақ ешқашан әулиесін Иса  (ғ.с.) пайғамбарға табынған христиандар секілді оған арнайы құлшылық жасап, табынып кетпесе де Мұхамеджан  «медет тілеу» мен «жәрдем сұрауды» «сыйынуға» санаған. Егер де қазақ халқы христиандар, т.б. мүшриктер секілді әулиесіне «Сен құдайдың баласысың», немесе, «Құдайдың баласы, әйелі бар» деп оларға арнайы құлшылық қылса, онда әңгіме басқа болар еді. Ал, бұл жерде Мұхамеджанның «ширк» деп шиқылдаған сандырағы «медет тілеу, рухани жәрдем сұрау» болып тұр. Енді осы мәселенің ара-жігін ажырату керек.

«Асыл арнаның» ашылу салтанатында сөз сөйлеген Б.Тілеухан: «телеарнаның ашылуына жанашырлық танытып, көмек көрсеткен азаматтарға» шексіз алғыстар жаудырып жатты. Ал, ол «ширк» емес пе? Ол да Алладан өзге пендеден болған көмек.  Мұхамеджан өзің де осы арнаны ашу үшін біраз бизнесмендерден көмек сұрағаның өтірік емес қой. Ол да Аллаға серік қосу емес па? Сен де Алладан емес пендеден медет тілеп отырсың ғой, көмек сұрап. Ал көмек сұрауды, медет тілеуді «сыйынуға» санасақ, онда сен де «Христиандар істеген сорақы істі» жасадың ғой. Ал, тіріден көмек сұрауға, медет тілеуге болады. Тек өлілерден көмек сұрамасақ болды десең, олда Құранда Алла «оларды өлі демеңдер, олар тірі» деп ерекше атап көрсеткен ғой. Егер де осы аталған аятқа иман келтірсек тіріден қалай көмек тілесең, Құдай Құранда атаған, әулиені де «тірі» деп есептеп «көмек сұрауға» болады. Ал сенің қазақтың «медет тілеуін», «көмек сұрауын», «сыйынуға» санауың ол қиянат.

Қ.А.Яссауидің ілімін «исламның таза қайнар бұлағына тамған нәжіс» деп бағалап жүрген сендер, әулиенің ізбасары сопы Бекет әулие туралы «құрметі биік» деп қалайша атап қалғансың. Ол да жалған пікір, қисынсыз әңгіме. Оны өзіңнің де, жұрттың да іші сезіп тұр.

«Бекет әулиені, өткен тарихтағы хақ ислам жолында жан қиған құрметі биік тұлға» деп бағаладың. Ал, енді сондай әулиені неге зиярат етеміз? Деген сұраққа «өлілер бізге мұқтаж» дедің. Ал, Бекет әулие өзің атап көрсеткендей «хақиқатты таныған тұлға» болса, онда Құранда Алла ондай әулиенің пендеге «шапағат ететіндігін айтқан». Ол туралы 43-ші Зұхраф сүресінің 86-шы аятында: «Олардың Алладан өзге құлшылық қылғандары шапағат ету күшіне ие емес. Бірақ хақиқатты біліп, куә болғандар басқа. Шапағат ете алады.» - делінген. Міне, қазақтың әулиеге неге құрмет көрсететіні, оған арнайы баратындығы осы аяттан мәлім болды. Бірақ М.Тазабеков сияқты уаһабистер «өлілер бізге мұқтаж» дейді. Бауырым адаспа, осы аталған аятты оқы Құраннан. Одан соң Бекеттің пендеге қалай шапағат ететіндігін көресің. Ал ол аятқа иман келтірмесең, онда сенімен сөйлесу харам.

«Сізге мін тағушы жазарман «уахабилер Абайлар сияқты сақал-мұртын қатар өсірмейді. Сақалын өсіріп, мұртын тақырлар алады» дейді. Сақал-мұрттың «садаққа» іліну себебі неде?» деген сұраққа М.Тазабеков: «Кез-келген хадис кітабын ашсаңыз, пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) «сақалдарыңды жіберіңдер, мұрттарыңды қысқартыңдар» деген.            ... Демек, мұсылмандардың басқа дін өкілдерінен ерекшеленіп тұратын сыртқы бір белгі - мұртымыздың қысқа болуы» депті. Онда Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) - нің жоғарыдағы келтірілген хадисіне сүйене отырып біз М.Тазабековты нағыз дінге жаңалық енгізуші «бидғат» жасаушы деп толық айта аламыз. Өйткені ол хадисте «Сақалдарыңды жіберіңдер де, мұрттарыңды тақырлаңдар» делінбеген ғой. Тек, «қысқартыңдар» деген. «Қысқарту» мен «тақырлау» екеуі екі әңгіме. Мұхамеджан сен өзің сол хадисті айта отырып, оған қарсы амал етесің, сонда пайғамбарға қарсысың ба не өзі? Жоқ жұртты ақымақ санағың келеді ме? Қанша айқайлап бақырсаң да, шынайы бет-бейнеңді жасырсаң да көрініп тұр көзі қарақты зиялыға. Қып-қызыл уаһһаб екендігің.

Ал «Асыл арнаны» уаһабилік идеяны таратуға құрылған арна деп атауымызға толық негіз бар. Мәселен, дәл осы телеарнада көрсетілген «Қабірге зиярат ету» атты телекөрсетілімде мынадай «уаһабиліктің» белгілері ашық айтылды.

Диктор:

- Әулие мен аруқтардан және ғайыптағы адамдардан күнәміздің кешірілуіне көмек сұрап дұға талап етуге болама? Болмайды. Өйткені бұл Аллаһ алдында кешірілмейтін күнә, үлкен ширк. Оған дәлел, Бухари Аллаһ оған разы болсын! жеткізген хадис: «кәмде кім Аллаһ Тағаладан басқа біреуге дұға етіп, жалбарынып жүрсе, ол тозаққа енеді».

- «Аллаһпен бірге басқа тәңір шақырма. Онда, сен де азапқа ұшыраушылардан боларсың»   (Шура сүресі. 213 аят).

- Егер пенде Ұла Раббы мен жолығуды қаласа, әрине оған алдын ала дайындалуы қажет. Ол үшін алдамның Аллаһ Тағаланың алдына тек ізгі іс, игі жақсылықтар мен баруға, бар күш жігерін жұмсауы, мерейлі міндетіне айналуы тиіс. Осы жолға қажетті азық , жаратушының әрбір иманды пендеге жүктеген парыз амалдарын қағлез орындау,  шариғи білім алу. Ең бастысы ауыр күнәдан, яғни Аллаһқа серік қосудан аулақ болу.

Жалелдин Шамшидинұлы (Қаскелең қаласы «Ақ мешіт» мешітінің найб имамы):

- Өкінішке орай, қазіргі біздің қоғамымызда көп осындай шариғатқа қайшы жұмыстар көбінен етек алып жатыр. Яғни әулие ата бабалардаң басына барып тілек тілеу, оларға құрбандық шалу, олардан көтермеген әйелдер немесе құрсақ көтермеген келіншектер барып солардан бала сұрап жатады. Бұлардың бәрі исламға жат. Исламға қарама қайшы тірліктер. Сондықтан бұндай амалдардан аулақ болуымыз керек. Қабірге барғанда. Яғни тек қана біз қабірді зиярат етеміз, оларадың, олардан тек қана біз ахретті еске алу үшін, ахретті еске түсіру үшін ғана, тек қана қабірдің басына барамыз.  Олардан немесе бір тілек тілеп, олардан жанағыдай бір дұғаның қабыл болуын тілеу бұл шариғатқа қайшы. Яғни бір сөзбен айтқанда бұл шариғатқа өте қарама қайшы тірлік. Бұл ширк амалына жатады. Өлген кісіден бірдеңені талап ету - бұл ширк амалына жатады.

...Сонымен қатар Бухари мен Муслим жеткізген мына хадисті әрбір пенде жанында берік ұстағаны дұрыс. «Аллаһ елшісі оған Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәсемі болсын! қабірді сырлауға, үстіне отыруға, кесене тұрғызуға, топырағын биік етіп көтеруге, және оған бір нәрсе жазуға тиым салды.».

Профессор А.И.Артемьев: «Ваххабизм Сауд әулетінің саяси менмендігінің ресми жалауы болды. ХІХ ғасырдың басына қарай ол Арабия жарты аралының көпшілік бөлігінде нық орнығып, келе-келе Үндістан, Индонезия, Шығыс және Солтүстік Африкаға жайылуға мүмкіндік алды. Сауд Арабиясының көптеген арабтары, - оның ішінде король отбасы да бар, - қазірдің өзінде де ваххабиттер болып табылады.

Киелі орындарда билік жүргізу, яғни барлық мұсылман әлемін билеу мақсатындағы күресінде бұл әулет ештеңеден тайынбады: кінәсіз адамдар жаппай қырылды, олар тіпті Меккеге қажылық сапармен барғандарды да тонады. Бұндай қорлаушылықты тоқтаттыру үшін, Ұлыбритания билігінде отырғандардың (ағылшын тәжі саудтық билеушілерді қамқорлығына алған) араласуына тура келді. Сауд әулетінің киелі қалалар - Меккеде, Мединеде және Таяу Шығыста да тікелей Ұлыбританияның қолдауы арқасында бекініп алғанын айтпай кетуге болмайды. Қаржылай, әскери және басқа дай көмек бұл режимге осы уақытқа дейін тек жекелеген ғалымдар ғана кіре алатын Британ мұражайы Кітапханасында сақтаулы жатқан мемлекеттер басшылары арасындағы келісім-шарттарға сәйкес түсіп отырады. Келісім бойынша британ тәжі қашанда Сауд әулетін Хиджаздағы (екі қасиетті орын кіретін аймақ солай аталады) билік басында ұстап тұратын болды. Саудтар арқылы Батыс өз саясатын бүгінгі таңда да жүргізіп отыр ...Бүгінгі таңда ваххабит идеологиясындағы анықтаушы сәт - ол жиһадты уағыздау және исламдық емес күштерге күйрете соққы беру болып отыр. (А.И.Артемьев. «Дінтану» Алматы 2008 ж.486-487-бет) деп жазды.

Түркістан газетінің (27 тамыз, 2009 ж.) санында газет тілшісінің «Өзіңіз діни білімді қайдан алдыңыз?» деген сұрағына М.Тазабеков: «...Мекке-Мәдинаға оқуға ниет етіп барғандығын» ашық айтқан болатын.

Ислам және өркениет (№05 (89) 1-15 наурыз, 2007 ж.) санындағы М.Естеміров «Іштен ірітуші уаһһабилер, өзін «таза ислам» жолындағы «сәләфилерміз» дейді» атты мақаласында: «...Бүгінгі таңда облыс аумағындағы шет елдерден келген ислам қорлары мен ұйымдары жабылып, шетел азаматтары Қазақстан аумағынан аластатылғанымен, олардың іс әрекетін қазақстандық шәкірттері мен Мәдинадан білім алып оралған, солардың жетегіндегі өзге де жастардың жалғастырып жатқандығы өкінішті» деп жазды.

Саудия ілімінің аса қатерлі екендігін сенатор ағамыз Ғ.Есім: «Қазіргі Қазақстан жағдайында ислам екі түрлі бағытта аңғарылып келеді. Бұл жақсылық емес. Арабиядан білім алып келген біздің жастар Қожа Ахмет Иассауиді құрметтеуді қойыңдар, аруақты құрметтемеңдер деген үгіт таратып жүр. Бұл болмайтын әңгіме. Біз тамырымызға балта шаба алмаймыз. Біздің халықтың менталитетінде аруақты құрметтеу қасиетті іс. Аруағын жерге таптап, мұсылман болуға қазақ көнбейді. Біз аруақты құрметтегенде, Аллаға, пайғамбарға шек келтіріп тұрған жоқпыз. Бір кезде бірыңғай орыстандыру саясаты жүрсе, енді бірыңғай арабтандыруға көшпекпіз бе? Исламның Иассауи салып кеткен жолы бар. Ол - түркілік ислам. Егер, біз осы мәселеге сақ болмасақ, ұлтығымыз бен елдігімізге сызат түседі. Сөйтіп мұсылмандықтың өзі бірнеше жіктен тұрады ғой. Қазір арабтар әкелген мұсылмандық пен біздің дәстүр-салтымызға сыналай еніп, қалыптасып кеткен софылық әдебиеттің негізінде Иассауи әкелген мұсылмандық екеуінің арасында түсінбестіктер орын алып отыр.» (Амреева  А.А., «Діни экстремизм мен терроризм: мәні және Қазақстанға ықпалы». Алматы, 2005 ж.,168-169-бет) - деп атап көрсеткен болатын.

Міне осындай нақтылы деректерге сүйене отырып «Асыл арна» телеарнасы мен оны басқарып отырған М.Тазабековты «қып-қызыл уаһһабист» деп толық айтуға негіз бар. Ал, Мұхамеджан болса неге екендігі белгісіз осындай «қатерлі уды» таратуға әбден ынтық.

Мұхтар Мағауин ағамыз «...Міне, алақай! Аруақ! Ақсарбас! Қазақ Ордасы құлағаннан соң жүз қырық төрт жыл дегенде ұлысымыздың туы қайта көтеріліпті. Адасып емес, таңдап тауып, бақ қонған деген осы емес пе?» деп жазды. «Ұлтсыздану ұраны» («Алаш» Алматы 2004 ж., 9-бет).

Шерхан Мұртаза: «Райымбек Сейтметов туралы жаза келіп, «...Оның рухын ұлы Домалақ ананың, Тұрардың әруақтары қолдай жүрсін, Алла о дүниесін жұмақтан берсін» деп жазды. «Бір кем дүние» (Алматы «Жазушы» 2008 ж. 99-бет.)

Міне қазақтың әдебиеті мен мәдениеті, тарихында өзіндік орны бар ұлт зиялылары да «аруағын шақырып, пірінен медет тілеген».

 

«Абай-ақпарат»


 




Пікір алынып тасталды!



Мына Әзірет Барбол деген бала кеше қана шалбарын көтере алмай жүр еді.
Бүгін мұсылмандарды сынайтын болған ба ?
Әлде еврейдің қол шоқпары болып кеткен бе?
Құрту керек мұндайларды



Біреу айтты, мынау мықты пікір, мынауым қоғамда пікір тудырады, деп кез-келген нәрсені сайт бетіне баса бермесеңші! Соңғы кездері сендер сияқтыларды пайдаланып, сыртқы күштің қазақ қоғамын бөлу әрекеті қатты белең алып барады. Журналист екеніңді білеміз, ішіңде мен бірінші болсам, деген нәпсани пиғыл да жатуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай барлық пенделерде кезігеді. Брақ, бір жерді басқарып өз жауапкершлігіңе алған екенсің, онда абай болу қажет. Әрберідең соң сайттың да аты абай емес пе?!
Бір-біріміздің арттарымызды шұқып, әдейі келекелеп жүргенде шеттен кегендер қазақ салтына да, дініміз Исламға да қайшы кино, концерттер, мультфильмдер жасап жастарды әбден адастырды. Мадияр



Бұл пікір Дәурен Қуатқа және сол сияқтыларға арналған. Мадияр



Қазақи Исламды насихаттау керек.Менің ойымша Қазастандағы барлық секталарды жою керек.Кришнаны да,Йегованы да,барлығын.Сондай-ақ "Қазақи Ислам" атты кітап жазып,сол арқылы өмір сүру керек.Сондай-ақ басқа ағымдарды елден сыпырып тастау керек.Заңды түрде қамал қою қажет.
Ереке,Көкше елі



Кума Азирет! Спонсор болган тири адамдарды аруактармен катар койганы неси! Осынын аузын ким жабар екен



Бауыр Ислам қазақы, өзбекі, арабы Ислам деп бөлінбейді ғой. Жаратуыша Иеміздің жіберген Құраны сіздің тақияңызға тар келіп, енді Қазақы Ислам деген кітап жазғыңыз келді ма!



БӘРЕКЕЛДІ, ЖАҚСЫ ЖАЗЫЛЫПТЫ. ҚҰЗЫРЛЫ ОРЫНДАР ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР?



Asylarnanyn uahhabystyk bagytta ekeny eshkimge zhasyryn emes. barboldyn kim ekenyn bilmeimyn birak AKYKATTY ZHAZYP ZHATYR



НӘН-нің өзі ғой бүлдірген бәрін. Бір елге бүкіл ұлтты, бүкіл дінді сиғызамыз, тату тәтті өмір сүргіземіз деп кіргізіп, енді олардан оңайлықпен құтылмаймыз



Мен қазақпын мың өліп мың тірілген!!! Қазақ елін өз елін сатып кеткен уақаптар түбі бір құдіреті күшті аллам аман болса сыбағасын алар!! Салтты, ата бабаның әруағын сыйлап қастерлеу керек!!



Бурын орыс т1лд1 казах, казах т1лд1 казах болып, каланын казагы,даланын казагы болып, онын уст1не жузге, руга бол1н1п жатканымыз аздай, енд1 д1ни козкарастарымыз бойынша кырык болшек боп бол1нге1м1з ок1н1шт1! Кашан, калай ел боламыз? Доска кулк1, душпанга таба боп б1тт1к кой, бауырлар-ау! "Асыл арна" теле арнасы мусылман д1н1н насихаттап жаткан жалгыз арна гой, иеогова куагерлер1 емес, кришна емес, исламды. Аягынан шалмай, кундемей, ундемей отыра турсак болмай ма?! Балыгын уакыт оз орнына кояр сосын.



Осы бир хиджаб кигендер мен сакал койгыштар пале болды гой



Олар хиджап кисе, сақал қоятындар сақал қойса, сенің жалақың азайып қалып па? Әлде нансыз қалдың ба?



Хиджабта турған не бар мен қайта қуанып журмін оранып журетін қыз-келіншектерге  оның әурет жерлерін жауып жургенінде турған ешнарсе жоқ деп ойлаймын. Менімше сізге кошеде жалаңаштанып жургендер көбірек ұнайтын сиакты сізге солай ұнаса қарындас, қызыңызды жалаңаштандырып кошеге жібере беріңіз!



АстахриАлла,Аллахтан корыкшиш,ауретті жерін жауып,хиджап киіп жургендер ушін куану керек,Кіндігін ашып,шешініп журген кыздардын кай жері жаксы,



Әзірет Барбол осы мақаланы жазуға қанша күнін жұмсады екен!Егерде есті,білімді,діни сауаты бар адам болса мақаланың қандай мақсатта жазылып отқаны айдан анық емес па?Сол баяғы айрандай ұйытқысы ұйып отқан елдің тыныштығын бұзу.Неге осы жұрттар Тазабековке сын айтқыш болып кетті?Осы сұраққа өзімнің ойымды жазып көрейін.Асыл арна елдің діни сауаттылығын арттыруға септігін тигізіп отырған бірден бір телеарна.Елдің діни сауаты артып,білімі артқан сайын намысшыл,ұлт жанды,иманды ұрпақ өсері белгілі.Ал Қазақстандай мемлекеттің мұндай болғанын көре алмайтын,ақпараттық соғыс арқылы тыныштығын бұзып іріткі салып жүргендерге жүрегіне шоқ түскендей әсер етері сөзсіз!
Автордың мына жазған сөзіне қараңыздар:«Асыл арнаның» ашылу салтанатында сөз сөйлеген Б.Тілеухан: «телеарнаның ашылуына жанашырлық танытып, көмек көрсеткен азаматтарға» шексіз алғыстар жаудырып жатты. Ал, ол «ширк» емес пе? Ол да Алладан өзге пендеден болған көмек. Мұхамеджан өзің де осы арнаны ашу үшін біраз бизнесмендерден көмек сұрағаның өтірік емес қой. Ол да Аллаға серік қосу емес па? Е айналайын ау қайдағы шірік,қайдағы серік қосу.Қазақта "Жақсының жақсысын айт,нұры тасысын" дейді."Біріңді қазақ бірің дос,көрмесең істің бәрі бос" дейді Абай атамыз.Адамның күні адаммен деген ежелден келе жатқан тағы сөз бар.Былай айтқанда байларын кедейлерге көмек беріңдер,білімділерің білімсіздердің көзін ашыңдар дегендей.
Есбол.



Бауырым макаланын сонына деин окысаи.Барболды уакаб кылып корсеткенин не?
"Автордың мына жазған сөзіне қараңыздар:«Асыл арнаның» ашылу салтанатында сөз сөйлеген Б.Тілеухан: «телеарнаның ашылуына жанашырлық танытып, көмек көрсеткен азаматтарға» шексіз алғыстар жаудырып жатты. Ал, ол «ширк» емес пе? Ол да Алладан өзге пендеден болған көмек. Мұхамеджан өзің де осы арнаны ашу үшін біраз бизнесмендерден көмек сұрағаның өтірік емес қой. Ол да Аллаға серік қосу емес па?"
бул созди Барбол ана ширкпен курескиштерге (олардын ойынша тек кана Аллаһтан комек сурау керек,адамнан сурау куна?ягни ширк)сын ретинде аиткан гой.сенинде акылын сол ширкпен шектелип калган гой деимин



Аллах разы болсын Есбол бауырым!



Азірет Барболдың жан айқайын естейтін құлақ, тыңдайтын адам барболса! Қазақта "жау келгенше қорық, келгесін қорық не қорықпа бәрібір"- дейді."Ауруын жасырған өледі" деген қағида тағы бар. Бұл қазақтың басына төніп тұрған үлкен наубәт, қасірет десе де болады. М.Тазабековты ақтайтындай ештенке калмапты.АҒАЙЫНДАР ЕСТЕРІНДІ ЖИСАНДАРШЫ.



Қазақстанда уахаббизммен салафизмнің кең қанат жайылуына мұрындық болып, жан-алысып жан берісіп қызмет жасап жатқандардың лидері М.Тазабеков болса қол шоқпары тәжірбие алаңына айналдырып сол ваххаптардың кадрлерін дайындап жатқан жер ҚМДБ муфтиятпен кеше ғана өздерін ашық түрде жариялаған "Асыл арналықтар" басқа бізге осы тараптан басқа еш жерден қауіп жоқ.Іштен шыққан жау жаман.Кап не болыпкетті басқарушы органдар ай қарап отырма қашан жарылады деп.Болды гой барлық белгілерін ашып жазыпты гой. Бұдан артық не керек.



"Уаһһабистік арнаның мақсаты не? деген сауалға абай кз тұрақты оқырманы ретінде айтар едім. Елдің арасына іріткі салып, ауыз біршілікті алу, Арабиландыру процесін жүзеге асыру, ВАҺҺАБИСТЕРДІҢ идиологиясын толық жүзеге асырып, елдің санасына сіңіріп, насихаттау.Одан басқа бұлардың арасынан ҚР жаны ашып жатқан ешкімді көрмедім.



Ей кумандаршы!!!!!!!



Босқа сөйлей бермендерші. Осы отырғандырдын ішінде дәл Мұхамеджан ағадай қазаққа кім еңбек атқарып жатыр.
Егерде телеарна ашса қазағымды дұрыс жолға салу үшін ниеттеніп ашқанда.
қазақтың "Өзі істемейді, істеген адамды даттайтын міңезінең құтылу керек"



Адамдар қыздарымыз әуретті жерін жапқан сайын қорқып,жартылай жалаңаш киінген сайын қуанатын болып қалды.Ерлеріміз сақал қойса уаһабис деп,қыз теке сияқты болса еш ойланбай,мән бермей жүре беретін болып қалды.Бұның барлығының бір ақ себебі бар.Ол мұсылманның атын жамылып,іріткі салу мақсатындағы осы сияқты мақалалар мен іс әрекеттер арқылы жиеркенішті қылып көрсету..Жай ғана мысал,осы мақаланың өзінен қанша мұсылманның арасында пікірлер қақтығысынан ақ көруге болады.Ал егерде ұлтқа жаның ашып қалса елді рухани азғындатып жатқан хит.тв,муззон сияқты телеарналарды неге сынға алмайд!



"Салт-дәстүр" деп ұрандағандар түгел қазақтың жанашыры секілді боп көрінеді.іс жүзінде Абай айтпақшы "қазақ мақалының іске татырлығы да, ...іске алғысызы да бар..." деп. Салт та сол секілді. Әлде олай емес, бәрі керемет пе? Қазақты Хакім Абай қаны қайнап, жаны аышағннан сынайды деп ойлаймын. Әлде ол қазақтың жауы ма?



Қазаққа жаны ашығандар! Қазақты ақиқаттан адастырмаңдар! ата бабаң да пенде. жоқ әлде олай емес пе? Онда бір Аллаға жалынып "жандары жанатта болсын!" деп дұға тілеңдңер! Ал қазақты Аллаһ өзіне басқа ешкімге құл етіп, жаутаңдата көрмесе екен!Рахымды Алла қазаққа рахым ет!!! Береке бере гөр! Бүкіл әлемді жаратқан Аллаһтың ғана қолынан бәрі келеді!



Имансыздықтан,иманның әлсіздігінен 18 ғасырда Қазақ хандығы құлдырады.Ислам діні бірлікке шақыратыны баршамызға мәлім.Кенесары бабмыздың Шариғатқа сүйенгенін де естен шығармайық,яғни ол діннің біріктіруші фокторын түсінген.Ислам бөлінушілікті жақтамайды.Қазақты тек қана ислам діні ғана құтқара алады!

Ерлан



Байдың асын байқұс қызғанады дегендей, Мұхамеджанда нелерің бар. Ол қазақтың маңдайына біткен азамат. Мына бір итаяқтан ас ішкен Әзірет Барбол бір сияқтыларға сенбеңдер. Осы Бекболат пен Мұхамеджан кімнің басын жарып көзін шығарды. Қайта қазақ қалай ел боладлы деп шырқырап жүргені. Егер де уахабист осынджай болатын болса онда уахабист болу менің де арманым. Ал, ақымақатр айғайлаңдар!
Алтай Қобда



Алтай Қобда жалған арманшылдықтың қажеті не? Уахабистпін деп ашық айта берсей.Ресейде атқылап олтірген С.Буриятскимен айтып отырған Бекболат ағамен Мұқамеджан аға қалай байланыс жасап ауыз жаласқанын елдің бәрі біледі.Енді келіп отірік ата-баба дінімен салт дәстүрін құрметтеп қалыпты. Менде елтің бір туар азаматы осы кісілердей болсын деуші едім.Енді көзім жетті ненің не екеніне.Сондықтан арманыңды дұрыстап арманда.



Алтай Қобда ағаны қолдаймын. Уахаб деген ол Аллаһтың таңдаулысы және бір аты. Сендер соны неге түсінбейсіңдер. Бекболат пен Мұхаммеджан ағаларым қазақты исламға кіргізіп жүр. Оларды жамандамаңдар. О дүниеде біздерден келіп кешірім сұрайсыңдар. Жаннаттың кілті Бекболат ағамның қолында екенін білесіңдер ме? Ертең Әзірет Барбол бастаған сопыларды жаннатқа кіргізбейміз.



Бекболат пен Мұхаммеджан ағаларым қазақты исламға кіргізіп жүр. ...............
!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Айналайын ! Сөз саптауға шорқақ екенсің, сөйлем жазу құрылымы былай тұрсын, ойыңды қисынды түрде жеткізе алмайды екенсің, онда пікір жазбағаның дұрыс!!!
Ал бұл не сөйлем...."Бекболат пен Мұхаммеджан ағаларым қазақты исламға кіргізіп жүр."
Біріншіден , қазақтың ислам дінін енгізуге еңбек еткен, ғылыми тілмен айтсақ аккультурация жасауға ат салысқандар - дала данышпандары Қожа-Ахмет Йассауи, Махмұд Қашқари, Ахмет Йүгінеки, Сүлеймен Бақырғани , бертінде жыраулар поэзиясының белді өкілдері ерен еңбек етті. Бертінде Бекет Әулие (Әулие, уәли - Алланың досы мағынасында), Ер-Есет, Мөңке бабаларымыз. Қала берді Меккеде мешіт салдырған Құнанбай қажылар, Абай мен Шәкәрім сынды, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Ғұмар Қараштай ғұламалар. Олардың қазақ елінің исламның сара жолына түсуге жасаған еңбегі мен ықпалына баға жетпейді.

Бекболат пен Мұхамеджан деген олардың жанында не тәйірі ?!

Халифа-Алтай секілді хәкімдерді айтсаң бір жөн... Олардың бағасын болашақ ұрпақ береді.
Қазақтың ұлттық құндылығын жоюға, болмысы мен бүкіл ұлттық дәстүрлі мәдениетін жоғалтып , Хас-Сақтардың ұрпағын АРАБ қылғандары үшін.... Ия, мақтайды , алғыс айтады !!! Яки , *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тайды, даттайды !!!
Дін - өте нәзік нәрсе !!!....



Ал сен өзің адасқан адамдарды Исламға кіргіздің ба?
Ондай сенің қолыңнан келмейді!!!
Сенің қолыңнан қазақтың хақ ұлдарын, Аллахтың хақ құлдарын сынағаннан басқа ештеңе келмес! Азамат. Алматы.



Мұқтар Мағауин мен Шерхан Мұртазаны үлгі қылып көрсетіпті. Олар дінді білмейді. Намаз оқымайды. Кәпірлер. Аруақ деп ширк келтіріп, мұсылмандарды адастырушылар.



Ей, бауырым, сөйлегенде дұрыстап сөйлесейші, сен өзің кімді кәпір деп отырғаныңды білемісің?!
Біле білсең, сол екі ағамыздың біреуінің өзі қазаққа сенің Бекболатың мен Мұхаметжаныңды қоса алғанда барлық уахабтарыңнан көп еңбек сіңірген адамдар ғой!!!
Мұхтар мен Шерхан ағалар кәпір емес, өзің кәпірсің, мынадай ғайбатты олардың сыртынан айтуға қалай дәтің барады, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*!!! Өзің мұсылман болсаң, мұсылманды ғайбаттау туған бауырыңның етін жегенмен бірдей дегенді естіп пе едің?
Мұхтар мен Шерхан ағалардың кәпірлігіне адам алдында да, Құдай алдында да кепілдік бере аламысың? Егер адам алдында кепілдік бере алсаң, шық, халықтың алдында жар салып айт, тығылмай! Егер, құдай алдында кепілдік бере елсаң.........оны қияметте көрерміз!!!
Алла өзі таразыға тартар кімнің халыққа көп еңбек сіңіргенін...
Бекарыс.



Бекарыс! Сенің мына макаланды окып шыктым! Сен 100% ВАХХАБИСТ екенсің! Сәлеммен Манат! Алматы.



Сорлы, Мұқтар Мағауин- қазақтың Арысы! Құдай-аруақ(қазақша кәлима, Құдай- Алла, аруақ- Мұхаммед пайғанбарымыз)деген біздер сендерді Құранды оқитындарың үшін ғана "кәпір" атамаймыз ғой. Жалпы біреуді кәпір атаудың өзі күнә. Кәпірдің өзі Жаратқанның мейірімімен бүгін-ақ мұсылман болып кетуі мүмкін. Сонда ана жақта беттеріне қалай қарайсыңдар?



Байғұс бала, Шерхан мен Мұхтар қазақты рухын оятуға қаншама еңбек сіңірген адамдар екенін білесің бе? Оларды кәпір деуге қалай аузың барды сенің?
Біреуінің бір шығармасын оқып көрдің бе өзі? Сондай тұлғаларды қаралаған бәзбіреулердің айтқанын тотықұс құсап қайталай беруге арлансаңшы.
Өзіндік ойы, көзқарасы жоқ, айтқанға көніп, айдағанға жүретін, айтақтағанға үретін мақұлық қана осындай ғайбат сөз айтады.
Шерхан мен Мұхтарды кәпір деп, кесімді сөз айтатын сен кім едің? сауатың қандай дәрежеде? Мұсылман баласына сондай ауыр сөз айтуға бола ма? кімнің иманы қаншалықты дәрежеде екендігі бір Аллаға ғана мәлім!
Мен бекболат пен Мұхаметжан туралы ештеңе айта алмаймын. Оған діни сауатым жете қоймас. Бірақ соларды ақтау үшін Мұхтар мен Шерханға тіл тигізген бауырым үшін ұялып отырмын.



Абай сайтындағы адамдар кәпір Әзірет Барболдың мақаласын жазғаны үшін о дүниеде жауап береді. Ойланыңдар.



Бүкіл аруақтап келген ата-бабалырын сауатсыз кәпір болып, бесіктен белдерің шықпай жатып сендер гана мұсылман болып калыпсындар гой.М.Мағауин мен Ш.Мұртазаның жазған дуниелерінің бір кітабын алып оқымағасындар.Надан, тоң мойын догматиктер.Ауыздарына келгенін отай бермей салмақты ой пікірлерінді айтсандаршы.Бұл сендерге уағыз айтатын жер емес.



Автор таза дал..еп



Тазабеков ағамыз Қазақстан мұсылмандары ұстанып отырған Имам Ағзам Абу Ханифа мазхабы туралы не айтар екен.



Мағауин мен Мұртазаны араластырып нелерің бар? Олардың діннен сауаты қандай екен деп неге сұрамайсыңдар осы? Сөз жоқ, Мұртаза - көрнекті жазушы, қазақ әдебиеті мен журналистикасына сіңірген еңбегі мол. Бірақ діннен хабары жоқ десе де болады. Автор айдалаға қуып кеткен. ОСының да сандырағын қолдап отырған адамдарға таңқаламын. Муфтияттың кез-келген қызметкерінен сұраңызшы, әруаққа сыйынуға, одан жәрдем тілеуге бола ма? Автор сынау керек болғаны үшін сынап жазды. АЛ былайша толық далбаса нәрсе.



Масаған мына жерде қызып жатыр айтатын нарсе қалматты гой.Бірақ менің діннен хабарым жоқ сондада.Өзіміздің ата-баларымыз ұстанған қағидасын ұстағанымыз дұрыс шығар.Сыртан келіп жатқан діндермен соны насихаттаушылар біздің жағдайымызды ұлттың келешегін ойламайды деп ойлаймын соны айтындаршы!



Қазаққа керегі не? Муфтияттың пәтуалары бар, сонымен жүру керек қой. Себебі онда жан-жақты таразыланып, ненің дұырс, ненің бұрыстығы ашық жазылған. Соған сүйенуіміз керек. Сонда дінге де қайшы келмейміз, сыртқы күштерідң жетегіне еріп кетпейміз. Ал құр "ата-бабаларымыздың жолын ұстанайық" деп алды-артына қарамай шапқылай бергенімізге жол болсын. Сонда ата-бабаларымыз осылай жасады екен деп, әруақтар қолдасын, бізді желеп-жебеп жүрсін" деуіміз керек пе? ең үлкен күнә осы деп жазылмап па еді исламда? Ал енді осыны мойындау немесе мойындамау бар. Мойындаған адам - мұсылман, мойындамай, әруақтан тілеп жүрген адам - мүшрик. Бар болғаны осы...



Ақымақ



Муфтияттың пәтуаларында адам жазған емес пе?Ол адамда сол вахапттардын жетегінде жүргендер гой.Пәтулар жинағының ішінде іліп алар ештенке жоқ.Әруақта нелерін бар.Корлерінде тыныш жатсында.Әнгіме М.Тазабековпен ҚМДБ-ның үсанған бағыты болып отыр.



Муфтиятқа да, Тазабековке де, Бекболатқа да тиісе бермеңдер! Оларға тиісетін адамдар жалқау әрі іштері пысқан адамдар жазады. Бірбірімізді сынап отыруға уақыт жоқ, тілдерің үшін күресіп, намаз оқып, оразаларыңды ұстап Аллахтың алдында құтылуға асығындар! Ислам неғұрлым қанатын жайып кеңейген сайын, шайтан және оның адамдары осындай бәлені жазып, Аллахтың хақ жолында жүрген абзал адамдарды ақпарат құралдары арқылы да сынай береді.
Діни басқармаға, оның қызметкерлеріне, "Қазақстан қажылар қауымдастығына" "Асыл арна" телеарнасына, "Мұсылман", "Шапағат-Нұр", "Көкжиек", "Хикмет" баспаларына, "Ислам және өркениет" газетіне, "Иман" "Рахмет самалы" ж/е басқа да көптеген журнал баспаларына қасиетті он екі айдың патшасы Рамазан айында Аллахтың нуры жауып, олардын оқырмандары мен көрермендерінің көбейүіне, мешіттердің көбірек салынуына,мешіттерде жамағаттың көбейүіне Аллах нәсіп етсін! Аумин!
Ерлан Әбдірашитұлы!



Мұхаммеджан Тазабеков пен Бекболат Тлеухан қазақтың нағыз азаматтары! Олар тілім, дінім, елім, жерім деп жүрген ұлт үшін еңбек істеп келе жатқан асыл жандар. Бекболат Тлеуханның жақында "НАМЫС" атты өте тамаша журналы шықты! Осы журналды оқыңыздар "НАМЫСТЫ" оқи отырып намыстарың оянады, ХАЛАЙЫҚ! Ал Әзірет БАРБОЛҒа келер болсақ қазақтардың арасына іріткі салып отырған 100% араңдатушы, ешқандай ислами ілімі жоқ адам. Ал жоғарыда Көкше елінен Ереке деген азамат: "Бізге қазақи Ислам керек"- дейді. Естеріңде болсын қазақи ислам деген болмайды! ИСЛАМ бүкіл адамзат баласына бірдей ортақ! Шын мәнәнде Исламда аруақтардан медет сұрау ЖОҚ! Бұл ақиқат! Ал қазақтың салт дәстүрлері мен шариғатты шатастыруға болмайды! ҚҰРАННЫҢ өзі бір Аллахтан басқа ешкімге сыйынбауға шақырады, әрі оған қатаң тиым салады! Аллахтың бірлігі - ол Тухид!
СЕНДЕР Уаһабшылар деп қоймай қойдыңдар ғой! Сақалы бар казақтың адамдардын көрсеңдер уаһабшылар деп шыға келесіңдер! Орыстардың православтарындада сақалдары бар емес пе? Сонда олар да уаһабшылар ма! Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата, Райымбек бабаларымыздың да,Абай, Шакарім, Ыбырай, Айтеке,Толе,Қазыбек билердің де сақалдары болған, қазіргі ақпарат министірі Құл Мұхамбеттің, банк төрағасы Марченколоардың да сақалдары бар, сонда олар да уаһабшылар болғаны ма? Әй өңшең кішкентай балалар сияқтысыңдар! Ақ пен қараны ажырата алуды үйреніп алсаңдар, ең алдымен сосын жазыңдар!



Бір сақалы бар қазақ: "Біз надан боп өсірдік//Иектегі сақалды.//"Өнер - жігіт көркі" деп//Ескермедік мақалды..." - деген екен.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>