Бисмиллаһир Ирахманир Рахим
«Асыл арна» телеарнасының «Болар елдің баласы...» атты танымдық бағдарламасы бойынша «Аллаға серік қосқан адасады» деген тақырыппен көрсетілген бұл хабарының алғаш эфирден өткеніне біршама уақыт болды. Тақырыбы тәп-тәуір болған соң, кезінде уақыт бөліп, ден қойып көргеніміз бар. Масқара...
Дін деген жаратылысынан нәзік, сонымен бірге сабырлылыққа негізделген тылсым әлем. Хабарды ә дегеннен-ақ жүргізуші-журналист Берік Сұлтанов көрермендерді тіксінте бастады. Бұлайша хабарға баға бере сөз өрбітіп отырғаным, кезінде мен де он сегіз жыл «Қазақстан» телеарнасында хабар жүргізгенмін. Сол кезде түкірген түкірігі жерге түспей дүрілдеп тұрған ҚКП Орталық Комитетімен айтыса жүріп, елімізде алғаш рет теледидардан осы діни хабарлардың жүйелі түрде беріліуін қалыптастыруға өз үлесімді қосқан едім...
Дін - өзі сұлу әлем болған соң, сөз тізгінін ұстаған насихатшыларының да жүзінен нұры төгілген сыпайы да рухани сұлу адамдар болғанын ұнатады. Мұның нақтылы дәлеліне - намазға имамдыққа он екі мүшесі түгел емес, жүзінен жұрт секем алар адамдарды өткізбейтіндігін келтіруге болады. Бұған қосымша, дін Жаратушының сұлулықпен жаратқан жаратылысына қарсы болғандарды да қаламайды. Адамзат баласы жаратылысында хайуандардан айырмашылығы ақыл, ой, сана қазынасына иелік етумен қатар, үсті басын сабалақ жүн басқан мақұлық болған емес. Мұрт, сақал дегендер де тумысынан емес, белгілі бір жасқа келгенде ғана ретімен көрініс береді. Мұның өзі түсінген саналы жанға үлкен сабақ болар жайт. Соған сай мұрт, сақалды уақыты келгенде жас ерекшеліктеріне орай сүйкімді етіп қойып жатса, бек жарасады. Біздің атадан мұра болып қалған салт дәстүріміз де осылай емес пе. Cондықтан болар тумай жатып өзін өзі ерте қартайтқан жүргізушінің бет пошымы да ұнай қойған жоқ...
Хабар, бүгінгі күннің ең басты проблемасы деп шешкен болулары керек Аллаға серік қосу тақырыбына арналыпты. Өте нәзік және сақтықпен сабырлы сабақтауды қажет ететін тақырып. Ой елегінен өткізе қарасам, басынан аяғына дейін қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен әдет ғұрпын барынша күстаналап, « білгіш пәтуагерлері» ұлттық менталитетімізді «кешірілмес күнәлер» қатарына апарып қосып тастады. Мен білетін бүгінгі Қазақстанда таза діннен дәріс беретін бірде-бір оқу орыны да, соған орай ел мойындаған дін ғұламалары да жоқ. Солай бола тұра, бұлар қайда дайындалған «ғұламлар» ?.. Ой, сабаздар ай, тілі тілдеріне жұқпайды-ау...
Хабар 20 минутқа созылды. Осы аз ғана уақытта хабарға көптеген респонденттер (сауалнама алғандар) мен сарапшылар қатынасты. Қатысушылардың басым бөлігі еліміздегі зайырлы оқу орыны саналатын (?!) әл-Фараби атындағы Қазақ университетінің философия-саясаттану факультетінің студенттері. Сұхбат берушілердің арасында «Нұр Мүбәрәк» университетінің ұстаздары мен шәкірттері де көрініп қалды. Осыған қарағанда хабар үлкен дайындықпен және арнайы тапсырыспен дайындалған сияқты. Хабарды ұйымдастырушылар сауалнамаға жауап берушілерді кездейсоқ көшеде кездескен адамдар ретінде көрсеткісі келгенімен, олардың ойда жоқта қойылған тосын сұрақтарға жауап берудегі «дайындық деңгейі» қазіргі имам болып жүрген кейбір дүмше молдаларымыздан көш ілгері көрінді, әрі кісі таңғаларлық «тұжырымдар» айтты. Сөздерін таразыласаң біздің қоғамымыз тұтастай, әрі тек қана Аллаға серік қосумен, яғни «шірікпен» және сол ортақ қосушылармен (мүшіріктермен) күреске ғана жұмылдырылып отырғандай сезінесің. Мұны айтып отырғаным, сөздерінен жан шошырлық бұл жастар, соңғы кезде айтар әңгімесінің бағытын өзгертіп алған «Асыл арнаның» өздері тәрбиелеп шығарып отырған «өнімдері» екеніне көз жеткізу пәлендей қиынға түспейді. «Шірікпен» күресуге бел шешіп кірісіп кеткен бетімен кеткен бұл жастар, «тауыққа ақыл айтқан жұмыртқадай», тіпті өздерінің кім екенін ажыратудан да қалған сияқты. Өйткені, олардың бірі; «Шірікке» тіке жол бастайтын «қазақтарда көбінесе кездесетін дұға, қабір басына бару, басқа да құлшылықтардың көптеген түрі бар» (ҚазҰУ-нің 3 курс студенті Берекет Қадір) десе, енді біреуі «қазақтардың әруаққа сенуі» деп өзін қазақ секілді «мүшірік» халықтан аулақтатып көрсетуге тырысады. Хабар басында блиц-сауалнамаға жауаптардың бірінде «Асыл арнаның» басты «сырқаты» білініп те қалды. Бір жас жігіт, түсірілген хабар мен оның идеологиясының түп мақсатын жайып салды. Ол; «Алла Тағаланы тек қана аузыңа алып, «Лә Иләһа Илалла, Мұхаммед Расулулла» деп Мұхаммед дегенде пайғамбарымызды аузымызға алып жүрсек, сол Аллаға серік қосу деп ойлаймын» деп соғып жіберді. Бұдан соң «...Расында, Аллаһқа серік қосу - зор зұлымдық». («Лұқман» сұресі,13 аят), «...Кім Аллаһқа ортақ қосса, расында Аллаһ оған Жаннатты харам етеді. Оның орыны - тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ». («Мәйда» сүресі, 72 аят) деп жазылған субтитрді берді. Алла сақтасын! Естімегеніміз көп екен. Сонда «Ләә Иләһа Иллаллах, Мұхаммедур Расулуллах» деп немесе қазақшалап «Жалпы ғаламзаттағы барша мадақ пен мақтаулар, алғыс атаулы мен марапаттаулар һәм жер мен көкте жасалған күллі құлшылықтар - осынау жеті қабат әлемді шексіз құдіретімен жоқтан бар етіп, ұлы һәм әсем есімдерінің айнасы еткен, ғаламат арыштың Раббысы -Ұлы Жаратушы Жаббар Иеге тән. Әрі Оның күллі әлемдерге рахым етіп жіберген екі жаһан сардары, жаннаттың гүлзәрі, парасат падишасы, Құдай тағаланың сүйіктісі, әлемді хақ дінімен нұрға бөлеген, ғаламның рахым рухы Мұхаммедке (С.Ғ.) сансыз салауат айтып, сәлем жолдаймыз» деп иманға келгенде айтып жүрген калиме шахадатымыздың не болғаны? Пайғамбар түгілі оның сахабаларына деген сүйіспеншілік пен сағынышымыз ше? Мұндай ыстық ықыластың түп төркіні Ұлы Жаратушы Жаббар Иеге деген ұлы сүйіспеншіліктің көрінісі емес пе?. Сонда «Асыл арналық» идеологтардың Пайғамбарымызға (С.Ғ) мойын ұсынуды тұп тура «шірікке» балауын қалай ұғынамыз?..
Бар мұсылманды өзінің үмбеті санаған Мұхаммед (С.Ғ) пайғамбар - ғаламның рахым нұры. Талдап айтсақ Ғалам - күллі жаратылыс, Рахым - онсегіз мың ғалам иесінің бір сипаты, шексіз мейірімділігінің нышаны, Нұр - Алла тағаланың ара сипатының бірі. Ол әлемдегі ең мейірімді жаратылыс, яғни Алла тағаланың ең таңаулы сүйіктісі. Бір қауымға ғана емес, бүкіл адамзат пен жындарға жіберілген ақырзаман пайғамбары. Қияметке дейін. Алла тағаланың өзі оған «Біз сені әлемдерге рахым етіп қана жібердік» деген аят түсірген. Демек, кәміл мұсылманықтың алғы шарты - жүрекпен бекіткен иманды ақылмен жетілдіру десек, соның ең негізгі жолдарының бірі һәм бірегейі - осы Мұхаммед пайғамбарымызың болмысын тануға ұмтылу емес пе? Оның өшпес өнегесін үмбеттері әрқашанда терең түсіну керек. Мұхаммед - Аллаһтың ең сүйікті құлы, пайғамбарлардың ең абзалы, адамзаттың ең жоғары мәртебелісі. Құран Кәрімнің күші қиямет қайымға дейін жетсе, сол нұрды жер әлемге таратқан пайғамбарымыздың есімі де онымен бірге жасайды. Біздің пайғамбарымыз екі дүниеге рахым ету үшін жіберілген...
Діннен аз кем хабары бар немесе намазхан адам Аллаға деген құлшылық оның жіберген елшісіне иман келтіріп, куәлік бермей, толық болмайтынын білсе керек. «Ағраф» сүресінде Жаратушы егеміз «...рахметім барлық нәрсені сыйдырады. Мархаметімді сондай тақуалық қылғандарға, зекет бергендерге және аяттарымызға сенгендерге жедел жазамыз (156). Олар, сондай жандарындағы Тауратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз пайғамбарға ергендер (Мойын ұсынғандар). Ол, оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады. Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиеленіскен нәрселерді шешеді. Енді соған (Мұхаммед Ғ.С) сенгендер, олар оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендер сондай-ақ оған түсірілген нұрға (Құран) ергендер, міне солар құтылушылар» (157) деген. Бұл аятта Жаратушының өзі Пайғамбарымызға табиғ болуды парыз қылып отыр. Ал сол пайғамбарды мойындауды «ширк», Аллаға ортақ қосу деп пайғамбарымызға тілін тигізушілердің тіліне қалай тоқтау салуымыз керек. Осыны айттырып отырған бұл арнадан не «асылдық» күтеміз. Керісінше «Асыл арна» болмай, жамағатты діннен шығаратын кәпір арнаға айналған жоқ па?! Бұл сұмдықты, «пайғамбарға мойынсұнудың өзі ширкке тең» деген қатерлі пікірді «Асыл арна» қапыда аңдаусыз айтып, яки аитқызып отырған жоқ. Асылы, бұл әрекеттің астарында жұрттың құлағын күпірлікке үйрете беру мұраты жатыр. Бұлай деп кесіп пікір айтуымызға да негіз бар. Хабарды мыңдаған көрермендер көрді. Оның үстіне көрсетілген бұл хабар жерден жеті қоян тапқандай бір емес бірнеше рет қайталап көрсетілді. Ол аз болса ДVД диск түрінде мыңдаған тиражбен мақсатты түрде тегін таратылды. Демек, «Асыл арна» біз үшін атына заты сай болмай, керісінше ата дінімізге қарсы жойқын ақпараттық шабуыл бастап отыр. Мұны осылай бағлаудан басқа жол жоқ!
Хабардағы екінші бір бассыздық, Түркістадағы Қожа Ахмет Яссауий кесенесіне зиярат жасаушыларды көрсете отырып, олардың сол зиярат жасаған кескіндеріне крест қойып, зияратшылардың бұл тірлігін айықпас дерт, кешірілмес күнә етіп көрсетуі. Шындығында бұл көріністі көрсетушілер өз қағынан жеріп, «ширк, бидғат, жиһад» терминдерін жалаң ұғынған, үйретілген тотықұстай шиқылдаған шерменделер. Өздерінің қай шиырды шиырлап, кімнің сойылын соғуын білмей жүрген дүмшелер. Бұған әлем мұсылмандарының Конституциясы немесе өзгертілмейтін Ата Заңы Құран аяттарынан да дәлел келтіруге болады.. Құранда Ислам заңы жалпылама айтылады. Ары қарай әр аятты тереңінен талдап елге түсіндіріп жеткізу, сол елдегі дін ғұламалары мен муфтияттардың жұмысы. «Құжырат» сүресінде «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» (49 аят) деген аят бар. Бұл әр ұлтты ұлт етіп жаратқан соң, сол ұлтқа ұлттық дәстүр тұрғыдан ойлануға, дінін дамытуға кеңшілік беру ғой. Ұлт болған соң оның қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан ерекше өз дәстүр салты болады. Демек, діннің шын жанашырлары мен зиялылары осы тұрғыда Исламға өз жанашырлықтарын білдіруі қажет. Бізге арабтың, түріктің, татардың, өзбектің діни дәстүрі емес, бүгінге дейін мықтап қалыптасқан һәм тамыры тым тереңге кеткен қазақтың діни дәстүрі қажет. Сондықтан біздің әулиелі жерлерге, мешіттерге зияратымыз зиярат күйінде қала береді. Әсіресе, көзіміздің ағы мен қарасындай Қожа Ахмет Яссау кесенесіне деген құрметіміз еш уақытта жойылмақ емес. Мына дәлелге назар аударыңызшы. Меккеге бір зиярат жасаған мұсылман сол жерді қайта көргенше неге ынтығып тұрады? Себебі, ол жерде қасиетті Қағба һәм иләһи шуақ бар. Осы қасиетті мекен мен оның таң ғажайып әсерлі күші адамды баурап алып, жүрегіне Алла тағалаға деген жақындық нұрын себе түседі. Қағбаға қараған адам одан Ұлы Жаратушының ұлылығы мен Жаббарлығын әйтеуір бір сезінбей қоймайды. Яғни, Қағба арқылы Хақ тағала өзінің орасан зор ұлылығының ұшқынын шашыратады. Сонда мұсылман сол ұшқынды қайта сезінуге тырысып, Қағбаға баруды көксеп тұрады. Оның Қағбаға деген сағынышы негізінде Аллағ Тағаланы тағы бір сезінсем екен деген ұлы сағыныштан туындайтыны белгілі. Осы сияқты Қағбаға аяғы жетпеген қазақ бауырларымыз да өзінің Әзірет Сұлтан кесенесіне деген ынта ықыласын жоймақ емес. Бұл алты ғасыр бойы қалыптасқан біздің имани салтымыз.
Осы жерде соңғы оншақты жылдың көлемінде Түркістандағы осы Әзірет Сұлтан қорығының басына үйірілген қара бұлытты тағы бір рет айта кеткім келіп отыр. Алты ғасыр бойы күрделі жөндеусіз -ақ бүгінгі күнге аман сау жеткен жәдігер кесене осыдан он жыл бұрын Түрік ағайындар жасаған күрелі жөндеуден соң фундамент үстіне горизанталды гидролизация жұмыстары жүргізілмеуі салдарынан қазір қабырғалары ызаланып, құздана бастады. Көтерілер ыза мен тұзға сақтық шаралары жасалмауы салдарынан - қаланған кірпіштердің үгітілуіне, оның сапалық құрамының нашарлап езілуіне әкеліп соғуда. Бұдан, кесене үстіндегі үлкен күмбездің қазір құлап түсу қаупі туып отыр. Бұл күмбездегі гипс құймаларының салмаға 300 тоннадан жоғары. Егер күмбез құлап түсер болса, ондағы ішкі ауа қысымынан кесененің қандай күйге түсетінін көзге елестетудің өзі қорқынышты. Осындай қиын жағдайды басынан кешіп отырған жәдігер маңына бас муфти Ә.Дербісәлі бастаған топтың сығылыстырып түрік ағайындарға мешіт салдырмақ болған әрекеті де қаншама адамды әуре сарсаңға салып қойды. Бұл жайлы «Қазақ әдебиеті», «Үш қиян» газеттері уақтылы орынды дабыл көтерді де. Өзім де осы тақырыпта «Қазақия» апталығында «Әбсаттардың көзжұмбайлығынан, «Қош бол, Қожа Ахмет Ясауий кесенесі» деп жүрмейік...» (№3-4, 2010 ж.) деген жанайқай үлкен мақала жаздым. Бұл мәселеге Елбасының «Мен Түрік ағайындарға мешіт салуға кезінде ұрықсат бергенмін. Бірақ дәл қазіргі ұрықсатсыз құрылысты бастап кеткен жерге салсын деген нақтылы тапсырыс бергенім жоқ» деген сөзі тоқтау салды. Шынында да, ұлан ғайыр Түркістан аумағынан мешітке орын табылмағандай, тарихи зерттеулер жүргізетін ескі қаланың рабатын бүлдіруі дін төрағасының неден болса да тайынбайтындығын көрсетіп отыр. Әбсаттарды дін ғұламасы санаушылар оның бұл вандализмне не айтар екен? Қазір дауға ЮНЕСКО халықаралық ұйымы араласып, көздің қарашығындай сақталуға тиісті маңдайымызға біткен жалғыз жәдігерімізді өз тізімдерінен шығарып тастайтынын мәлімдеп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мұнафық муфтидің сөзіне алданып, сазға отырғандарын бірақ білді. Егер Яссауий кесенесі ЮНЕСКО қорғауынан айырылса, оған да осы муфтиіміз кінәлі болмақ.
Сөз соңында айтарымыз, әңгіме «Асыл арнаның» бір ғана хабарынан шығып отыр ғой. Бұл арнадан соңғы кезде дәл осындай дәстүрлі исламға өшпенділікті өрістету, қазақ топырағында «уахабшылдық» діни ағымды орнықтыру бағытында ашық әңгіме көптеп айтыла бастады. Діни фанаттардың бұл қимылына тоқтау салмасы еліміздің ертеңі қорқынышты. Бұған осы арнаға бас көз болып қаржыландырып отырған Байланыс және ақпарат министрлігі мен Мәдениет министрлігіне қарасты Дін істері жөніндегі комитет не дер екен?..
Бақтыбай АЙНАБЕКОВ, Жазушы, «Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің Төрағасы




Пікір алынып тасталды!
Букіл алемдердін Раббысы,барша әлемді коркем етіп жараткан Аллах Таъала ол кісіні осылай жараткан болса,ол турінен несіне уялады!Сонда сіз Аллахтын коркем етіп жараткан пендесінін туріне мін айтып отырсызба?онда бул сіздін Аллахка карсы келгенініз емес пе!Ойланыныз,сіздін турінізді де Аллах солай жаратканда менін түрім махлух сиякты деп елге корінбей отыратынба едініз?
Ертен жарылыстарды болғаны хақ!АЛЛАХ сақтасын!
Қазақ мұсылман
Бұл кісі діннен хабарының шамалы екенін көрсетіп отыр. Адам түр-тұлғасын Құдайдан сұрап алмайды. алла тағала барлық адамды тең көреді. Түріне қатысты пікірі мүлдем орынсыз. Бұл қисынға салсақ, имамдарды да конкурспен алайық! Адамның иманы жүрегінде.
Өте керемет, салиқалы, білікті жазылған мақала. Осы мәселе төңірегінде пікір танытып жүрген азаматтар бірлесіп "Асыл арнаны" жауып оның орнына қазақы сарындағы, Абай, Шәкәрім, Мәшһүрлер тәлім алған Шығыс шайырларының, Маңғыстау, Сыр өңірінен шыққан абыздардың ілімін насихаттайтын мөлдір таза АРНА ашу жөнінде Елбасы атына неге бастама көтермеске?!
Пікіріңізге қосыламын!
Жетісерсің, "қосыламын" деп қояды ғой. Қазақтар - қазақы, өзбектер - өзбекі етіп телеканал ашып алсын онда. Ислам - ислами ғана бола алады. "Қазақы дін", "өзбекі дін" дегенді қайдан шығардың сен? Қырғыздар исламды Манасша уағыздау керек шығар мүмкін?
Қосыламын! Қазақ даласын қазақтан басқа ешким білмейді.Сол себепті қазақтан шыққан ғалым ғұламаларда аз емес, неге солардың Ислами түсінігін дәріптемеске. Біреулер айтар қазақи немесе өзбеки дін болмама деп. Әрине ондай дін құранда жоқ,бірақ Араби дінді көксегендргеде айтарым араби дәнде құранда жоқ. Дін араб тілінде келді екендеп арабтікі ғана дұріыс деген сөз жоқ. Дін Құранда. Дін араптікі емес Раббтікі! Таза арна ашу туралы усынысынызды қолдаймын! Осы туралы тиянақты жұмыс жүргізілсе екен!
"Асыл арнаны" жауып оның орнына қазақы сарындағы, Абай, Шәкәрім, Мәшһүрлер тәлім алған Шығыс шайырларының, Маңғыстау, Сыр өңірінен шыққан абыздардың ілімін насихаттайтын мөлдір таза АРНА ашу жөнінде Елбасы атына неге бастама көтермеске?!
TOLYK KOLDAIMYN!
Осы пікірді мен де қолдаймын. Ата-баба дәстүрін аяқасты ету деген не деген сұмдық? Өө дәстүрін ұстанып, сол негізде мұсылмандықты уағыздаған ата-бабаларымыз ақымақ па сонда?! Әлде қазіргінің дүмшелері өздерін Қожа Ахмет Ясауи - Әзірет Сұлтаннан ғұламакмыз деп ойлай ма екен?!
Қазақ исламды таза қабылдаған аллаға адал берілген пенде!! НЕ тарихтан мақұрым, не салттан мақұрым жандар ғой баріне кіналі. Ай Түркістаннан бастап, әулие әз бабалар аруағы бір уақаптарды шалқасынан түсірсе екен!! Көрер едім сонда!! Әруақтарды қалай сыйлау керек екенін!!
Өлігің тіріні шалқасынан түсіруі керек пе? Күлдірмеші адамды! Шақыр әруақтарыңның бәрін, олармен бірге өзің де кел! Қабір азабынан уақытша демалыс алып, саған жәрдемдесіп кетсін! Пахапшыларға тірілеріңнің шамаң жетпейді ғой, мүмкін өлілеріңнің шамасы жететін шығар.
abai.kz ақпараттық порталына мың алғыс.Көзімізді ашты десек өтірік айтпағандығымыз.Кемшілікті мойындауда үлкен ерлік деп білемін.Осы жүрістен жаңылмасын.Мына көтеріліп жатқан мәселелер өте қоғамдағы куйіп тұрған маселелер.Кез келген маселенің алдын алмаса ертен каша болады. Сосын үйту керек еді.Бүйту керек еді деп.Істегіш болса барлық құзірлі органдарға айтарым. Шұқыл, шұғыл, шұғыл әрекет жасап М.Тазабеков бастаған "Асыл арнамен" Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мына жасап жатқан іс әрекеттерін толықтай дерлік бір ұлттың мәдениетімен тарихына, салт-дәстүріне, айрандай ұйып отқан тышытығына шабул жсау деп танып қылмыстық іс қозғап, мына жағдайдын алдын алмаса қазақтың куйі мүшкіл.Елбасымыздың айтып жүрген "ел тыныштығы" әдіра қалады.Осы қарқынмен осы топ осы бағытта жумысын жалғастыра берсе мемлекетіміздің іргесі ыдырап, шаңырағы ортаға түседі.Құдай сақтасын!Сақтансаң сақтаймын деген тағы бар емес пе?
Қазақ руханияты большевиктік кезеңді вахабистік сипатпен қайта сіңіруде. Ғасыр ортасында алаштың қаймағы сылынып тасталды да, артындағы кеделер мен шала сауаттылар өздерін коммунизмге қалай жақындығын дәлелдеуге дәл осылай көшкен еді, ақыры репрессия құрбандары болып, қазақ элитасы құрыды.Артында советтік идеология құрылымын жасақтаған жазушы-сызушылар қалды. Бүгін де соған алшарт жасалуда. Бірнеше ғасыр бойы бір жолға түскен Кіндіказиялық ислам келбеті шұбарланып, сауыстанып, саудтануда. Көздерін тырнап ашқан жалаңаяқтар, араптарға,парсыларға, пәкстанға тағы басқаларға барып келіп, білгендерін идеологшияға айналдырып, елдің басын қатырып, жеті мың жылғы дәстүрі мен танымын тәрк етіп, бәрін вахабтық жіпке тізуге кірісуде. Тағы да шолақбелсенділік, бұлжолы вахабтық... иіс жұпар аңқымайды, сасый түсуде.Елге руханият сауаты мен тәуекел жет пеуде. Бір пәле пісіп, жетіле түсуде... Бір Тәңірім, яғни АЛЛАМ сақтасын! ислами ғалым дар мен залымдардан!!!!
Бұған осы арнаға бас көз болып қаржыландырып отырған Байланыс және ақпарат министрлігі мен Мәдениет министрлігіне қарасты Дін істері жөніндегі комитет не дер екен?..
Не десін,о жерде дейтінадам болса, осындай беидеология елді билемес еді...
Бисміллә. Бұл мақаланы оқып, шошып кеттім. Бұл жерде екі жақтан да кемшілік бар. Бірақ, Бақтыбай ағамыздың өзі айтып отырған Құраннан ауылы алыс екен. Әрине, Асыл арнаның да кемшіліктері көп. Дегенмен, ағамыз тым қатты кетіп қалған сияқты. Осы сөздердің арғы жағында Аллахқа қарсы шығып отырғанын өзі байқамапты. Аллах сақтасын, Мүфтиді мұнафиққа шығару деген масқара ғой. Тіпті Пайғамбарымыз (Ғ.С.) мұнафиқтарға мұнафиқ деп айтпаған. Сонымен қатар кейбір министр ағаларымызға да сөз тиіп жатыр. Бұндай елбұзушылықтан алыс болайық, ардақта ағайын!!!
Бұл кісі діннен хабарының шамалы екенін көрсетіп отыр. Адам түр-тұлғасын Құдайдан сұрап алмайды. алла тағала барлық адамды тең көреді. Түріне қатысты пікірі мүлдем орынсыз. Бұл қисынға салсақ, имамдарды да конкурспен алайық! Адамның иманы жүрегінде.
Мынау мақала "Атың шықпаса жер өртенің" бір көрінісі ғой!
Уақытымды бекер алдыңыз аға, қисынға келмейтін сөздер ғой. Арасында көлденең біреудің пікірін қуалап, оны арнаға таңып, ойыңызға келгенді соға беріпсіз ау! бір анық білетінім: Мұндай мәселені айту үшін сізбен біздің жиғанымыз (біліміміз) аздық етеді екен.
Асыл арна қазақстандағы мұсылмандардың жақсы көретін каналы. Оған тіл тигізбеңдер. Мынаны жазып отырған сопылар. Олар әулилерді қадірлейді. Ясауиді әулиелердің ұстазы дейді. Ақиқатында әулие деген жоқ. Адамның барлығы бірдей. Ал асыл арна адамдарды таза жолға шақырушы. Ол Бекболат, Мұхаммеджан бастаған таза (салаф - пәк) мұсылманның каналы.
Шәкірім, Абай да қарапайым адам болған. Оларды насихаттаудың керегі жоқ. Олардың мұсылман болғаны да күмәнді. Себебі мешіт салдырмаған, орыстардың оқуын оқыған. Олар таза мұсылман болатын болса неге таза арабша сөйлемеген. Неге әйелдеріне хиджап кигізбеген. Неге қымыз ішіп, жылқының етін жеген. Осы ойланыңдар бауырлар.
Алла сақтасын. Бауырым сенің мына сөзің адамды шошытады екен. Мешіт салдырмай, қымыз ішіп, жылқының етін жеп жүрген ата-бабаңды қалай-қалай тілдейсің. Бауырым Мұсылман болу ол - араб болу емес. Араб деген - ұлт. Ал мұсылман болу жалпыға ортақ дін. Бірақ саған сөз ұқтыру адамның қолынан келмейтін секілді. Алла өзі тура жолға салсын.
Муны жазган адам журтты діннен шошыту ушін адейі айтып отыр. Елдін кокейінде дін адамды ултынан осылай бездіреді екен деген пікір калыптасса деп ойлайды. Шындыгында озінін Асыл арнаны жауып, Абай-Шакарарім каналын ашкысы келетіндердін тарапынан екені корініп тур. Дурыс, ашу керек, бірак ол ушін "Асыл арнаны" курбандыкка шалудын кажеті жок. "Асыл арнаны" курткыларын келсе, Абай мен Шакарімді калкан етпей-ак койындар. Абай мен Шакарім куллі казакка ортак. Біле білсек, Абай "отка май кую" дастурін, Шахкерім агашка шуберек байлап, "аулие-агаш" деп аспеттеуді катты сынаган.
Оттама баурым!Неге ұлы данышпандар кайдагы жок шолдегі арабтын киімін кигізу керек айелдеріне!Озинін ана тілі тұрганда неге олар арабша сойлеуі керек!Діннің арабқа түсуі,себебі олар сол замандағы ең бұзық,ең надан,ең топас халык болған!Оған далел айтып кажеті жок!Содан Алла олардын арасынан елшісін шығарып,тура жолға салғызды!Оте шоркак ойлйсындар уахабтар!!!
Қазақ даласына бұрын ислам діні 7 ғасырда енген. Кейін арабтар Осман империясының құрамына қосылғасын әлсірейді. Соны пайдаланып қазақтар да тәңір дініне енген. Енді міне Аллаһ тағаланың қалауымен Бекболат, Мұхаммеджан ағамаларымыз дінді дұрыс жолға салып жатыр. Оларды қолдаймын.
Бекболат аға бірде былай деп айтты. "Сақалы жоқ адамның сөзін тыңдаған, шайтанның әйелімен зина жасағанмен бірдей" деп айтты. Бақтыбай Айнабеков деген кісінің сақалы жоқ. Күнәга босқа батпаңдар.
Бекболат аға бірде былай деп айтты. "Сақалы жоқ адамның сөзін тыңдаған, шайтанның әйелімен зина жасағанмен бірдей" деп айтты. Бақтыбай Айнабеков деген кісінің сақалы жоқ. Күнәга босқа батпаңдар.
Оу,баурым!!Жерде арак ішіп алып,кулап жаткан шарамик,бомждын да сакалы осип кеткен гой!Ол сонда шын мусылман ба???Буган не дейсин!Жауап кутем!!!
Пайғамбарымыз мұсылмандарға кәпірлерге ұқсамандар, мұрттарынды басып сақалдарынды жіберіндер. Сақалда періште мекен етеді - депті. хадиске иман келтіріндер
Сақалы бар мұрты жоқ, Шапаны бар ұлты бәлелер екен гой.Мына жазып отқандар.Мыне керек болса ваһһабистер осылар.
Мұрты аузына түскен қай атаңды көріп ең? "Мұрттарыңды күзеңдер, ал сақалдарыңды қоя беріңдер" деген Пайғамбар с.ғ.с да уахабшы шығар мүмкін? Атаң мұртын күзеген болса, онда сол атаңның басына қатынбет боп жүрсің ба? Жібер ана сақалыңды! Аптасына бір рет күзе мұртыңды!
"Шапан" дейді ғой еще! Өміріңде бір рет киіп пе едің шапанды? Ұлтың киген шапан еді ғой ол! Ұзын киінген өз бабаңнан садаға кетсен сен! Сәукеле мен кимешекті қатындарға 22 наурызда ғана бір күнге кигізіп, қалған күні шештіріп тастағаныңды сол бабаң көрсе дүренің астына алар еді-ау сені! Көселерді тіптен де сөз етпе бұл жерде! Көсе еркек сақалды қолдан жапсыра алмайды иегіне! Көсе солай жаралған, оның болмысы солай!
Жоғарыдағы әулиелерді жоққа шығарып өздерінше салафиміздеп ашық айтып отырғандар.Бір кітап оқымаған сауатсыздар.Әулиемен ойнама.Кудай ұрған оңалар, әулие ұрған оңалмас дейді.
Бекболатпен Мұхамеджаның ваһһавист екенін ашкерлейтін пікірлерді алып тастағандарыңызды доғарыңыздар. abai.kz порталына айтарым ел білсін несіне жасырасыздар.
ислам жайлы пікір айтушылар әуелі сол ислам дінінің тым болмаса әліппесін біршама біліп алса екен ғой. Қарапайым нәрселерден бейхабар бола тұра көсіліп сөйлеуді қашан қоясыздар осы? Яссауи кесенесіне барып, оны кіші қажылыққ атеңеп жату надандықтың анық көрінісі емес пе? Баратын адам барсын, ата-бабаларының, қала берді Яссауидің тозаққа түспеуін, қиямет күні Алла тағаланың мейіріміне бөленуін тілеп дұға оқысын, Алла Тағаладан сұрансын. Енді осындай нәрселерді Яссауи, Бекеттің өзінен тілемейміз ғой.
Жоғарыдағы мына пікірден кейін Қазақстанда қазақ болып өмір сүру қауіпті ме деп ойлап қалдым.
"Шәкірім, Абай да қарапайым адам болған. Оларды насихаттаудың керегі жоқ. Олардың мұсылман болғаны да күмәнді. Себебі мешіт салдырмаған, орыстардың оқуын оқыған. Олар таза мұсылман болатын болса неге таза арабша сөйлемеген. Неге әйелдеріне хиджап кигізбеген. Неге қымыз ішіп, жылқының етін жеген. Осы ойланыңдар бауырлар."
Ау ағайын мынау не масқара! Мыналардың көксегені не? Не боп барады мына қазақтың қарагөздері. Бүйте берсе ертең бұлар "қазақ" болу "харам" деп шығатын шығар. Шәкәрім атамыз айтқан сөз дәл кеп жатыр ғой:
Қазақтың қара баласын
Қаңғыртып қайда барасың
Арыңды сатып - арамға
Адалдап қалай аласың
Айтеуір болашақтың қамын жейтін бір адам табылдау.Пікірінізге қосыламын.Абай, Шәкәрімнен артық кімдерің бар.
О, тоба, сұмдықтың бәрі мұнда болып жатыр ғой!!!
Қарғыс атсын уахабтарды!
Абай мен Шәкәрімнен садаға кетіңдер, надандар!!!
Дурыс айтасыз!
бауырым сақалдылар уахабис болса
Абай атанда да, Шәкәрім атанда да сақал болды ғой.
Қай бабанда сақал болмап еді: Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай, Әйтеке , Төле, Қазыбек билерде сақалды болған
аруақ аруақ деп сасымай тарих оқулығын оқысандаршы
Тагы айтамын адаспаңдар қазақтар. Мысалы, Шәкәрім, Абай болыс болған кезде неге халықты дінге шақырмады. Христиандардын кітаптарын аударып жүрді. Ал, олармен салыстырғанда Бекболат аға қыз балаларға ағалық ақылын айтып хиджаб кию керектігін айтып жүр.
Сол ақыл айтқыш Бекболттың неше әйелі бар екен, соны айтыңдаршы.
Бекболаттың неше әйелі бар екенінде сенің не шаруаң бар. Бірнеше әйел алса сенің бір жерің кеміп кетті ме? Мықты болсаң Бекболаттың өзінен барып сұра! Әй қадам, қасына барып сұраудан да қорқасың ғой! Ас үйде ғана батырсың ғой! Ермек.Алматыдан
Сақал ақыретте еркектердің, хиджаб ақыретте әйелдердің паспорты. Олар болмаса жаннатқа қалай кіресің. Оларға тіл тигізіп адаспаңдар. Ертең, жаннаттық есігінің алдында сақал қойған, хиджаб киген мұсылмандарды көргенде іштерің удай ашиды.
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Алжыған догматик! Мүмкін сен біз бәріміз шаһид болып жан тапсырмасақ, қиаметте қайта тірілмейміз деп айтатын шығарсың. Қара жер сендейлерді қайтіп көтеріп жүр екен!
сасыма
Шіркеу басшысы поптар да сакал кояды гой,койганда кандай!Сендердйң барлыктарыңды жолда калдырады.Ендеше ол да сакал осіргені ушін жаннатка кіре ма??Уахабтар,кандай есуас,тоңмойын,надан едіңдер!!!!!
қайдам қайда барамыз? Егер салт дінге келмесе сонда салтан айырлуымыз керекпе? Салтқа қарсы болған дін терең жайылады деу қыйын. Сондықтан мүсылман діні салт жайлы не дейтінін білетін адамдар түсіндіргені дұрыс шығар. Салтыңнан айырыл деуі мүмкін емес. Осы жайлы хабар болса екен.
Біздің жағдай (қазақ қоғамын айтамыз) күн өткен сайн ауырлай бастайтын сияқты. Діни бөлінушілік болып қалу қауіпі бар. Бірақ мың жерден дін бүлінсе де Бекболат пен Мұхамеджаннан қазаққа келер қауіп жоқ. Өйткені олар қазақ халқына қастандық ойлайтын адамдар қатарынан емес.Қазақтың қолын қайтсем, ақихатқа жеткізем деп жүрген бұл азаматтарды күстаналағанша, ата-бабалардан қалған байлық-шайлығыңды иемденіп, аузынан ақ май ағып отырған Маскеевич, Шодиев, Ибрагимов сияқты жойттардан жоғыңды сұрсаңшы.Ей, қазақ кім көрінгеннің қолжаулығы болып барасың, соын ойласаңшы. Бейбақ Бақтыбйа мырза осыған да Бекболат пен Мұхамеджан кінәлі ме. Тіліміз табанға түсіп, ұлтымыз ұлтанға айналды, құтқаратын болса әлгі құдіретті аруақтар Яссауи, Бекет, Райымбектер қайда. Әлде ұйықтап кетті ме. Ойбай-ау өлген адам қалай көмектеседі. Қазақ "өлі арыстанан тірі тышқан артық" деп текке айтпаған ғой. Өлгеннің артынан салпаңдап, медет тілегенше тірі жүрген Бекболат сияқты азаматарға қолдау көрсетіп, бірлікке шақырмайсың ба, Бақтыбай бейбақ. Өткен де біздің ауылға Бекболат бас-көз болып шығарған "Оян. намыс" дейтін журнал келді. айтар жоқ керемет дүние. Әттең осыны журналды құлдықтан құтылмаған ез қазақтың миына езіп құйып жіберерме еді. Бақтыбай мырза осындйа бір журнал шығарып таста одан кейін барып қолыңа қалам ұста, жарай ма!
"Сақал ақыретте еркектердің, хиджаб ақыретте әйелдердің паспорты. Олар болмаса жаннатқа қалай кіресің. " - дейсін гой? Коселердін куні каран екен гой онда. Визасы дурыс емес паспортын бар болсын ондай. Мусылманнын паспорты - ТЕК ЖУРЕГІ ГАНА! Кудай соны сурайды сенен.
Пікір қосу