Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Тағдыр тәлкегімен шетел асқан қазақтар еліміз егемендік алған алғашқы күндерді алыстан естігенде көз жасын көлдетіп бір Аллаға тәубе қылып еді. Сонан бергі 19 жылдай уақыт ішінде тарих толқынынан сүрінбей өтіп келе жатқан жас Қазақстанға деген олардың ыстық көңілі суыған жоқ. Әсіресе өзге ұлттың арасындағы өз болмысын аман сақтауды Алладан күтіп, иманын мұрат еткен ұлылардың сарқыты болған жаутаңкөз бауырларымыз Сіздің Мекке Мединеге сапар шегіп, Қағбаға кіріп қазақ үшін ақ тілек тілегенде құдіретті жаңбырдың сіркірегенін әлі күнге аңыз етіп айтып келеді. Әуелі Аллаға, екінші өзіңізге сенеді. Мейір-шапағат күтеді. Қазақстан сынды қасиетті елге, өзіңіздей дара көш басшыға арқаланып өздерін иесі бар, отаны бар бақытты халық санайды
1992 жылы қыркүйекте өткен дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы олардың арманына қанат бітіріп, атажұртқа бағытталған ұлы көштің керуені молынан ағытылған болатын. Әрине, көш басындағы ұлы тұлға - өзіңіз әлем қазақтарына жар салып, бар қазақты отан құшағына оралуға шақырдыңыз. Қазақ топырағына беттеген әр қазақ: «бізді Нұрсұлтан патшамыз шақырып жатыр» дегенді мақтанышпен, марқа көңілмен айтатын еді. Аллаға шүкір, сонан бері отанына оралғандардың саны да бір милионнан асты. Заман өтіп, тарих тепершігі өзге қырына аунаса да бұл еңбегіңіз қазақ тарихына алтын әріппен жазылып, мәңгілікке айшықталып қалады. Оны өшіру, өзгерту енді ешкімнің де қолынан келмейді. Шеттен оралған әр қазақ бұл шежірені немере-шөберелерінің құлағына құйып, Сізге деген, отанына деген борыштарлық сезімін ұрпақтан ұрпаққа жалғап өтетіндігінде шүбә жоқ.
Осылайша өзіңіз бастаған ұлы көштің дабырасы әлем елдерінің назарын аударып, қазақ ұлтының бауырмалдығы барша ғаламды таңғалдыра бастап еді. Десе де ертегілерде айтылатын қырық уәзір мен ханның ақылшылары жағынан алтын тақтың иесіне көлеңке түсіп жататын ежелгі әпсаналардың біздің қоғамда да бой көрсете бастағанын жасыруға болмайтын сияқты. Сол аңыз-әңгімелер де арадағы уәзірлердің кесірінен халықтың патшаға, патшаның халыққа қолы жетпеуінен туындайтын трагедиялар көп болған. Енді, міне, шетелдегі қандастармыздың отанына оралуы жолындағы әр түрлі даулы мәселелер сол ескі хикаяларды еске салып, бізді де күнәлі ойларға жетелеп отыр.
Сондай келеңсіздіктерді өзіңіз де аңғарсаңыз керек. Соңғы жылдары көші-қонның саябырси бастағанына қарата үкіметке арнайы тапсырма беріп, «Нұрлы көш» бағдарламасын алға қойып едіңіз. Аты айтып тұрғандай «Нұрлы көш» халықтың тоқырай бастаған көші-қонына үлкен үміт сыйлаған болатын. Көштің орта жолда доғарылып қалуынан алаңдаған қарттарымыз: «айналайын, Нұреке, бізді тағы бір қуандырдың ғой, бұл жақсылығың бізден қайтпаса Алладан қайтсын!» -деп ағынан ақтарылып, көздеріне жас алып еді. Әсіресе шеттегі қазақтар арқылы шекаралық өңірлердің тығыздығын арттырып, отан іргесін қымтау идеясы елім деген ерлердің жүрегіне нұрлы шуағын төккеніне баршамыз куәміз.
Алайда, жақын күндерден бері шеттен оралатын қандастарымыздың санының күрт азайып, көштің тоқырауға ұшырағаны жиі айтыла бастады. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мына бейбіт заманда мұндай көлеңкелі құбылыстарды Сізге жеткізуге жүрексінген «уәзірлеріңіздің» «жабулы қазан қақпағымен» деп көштің тоқырағанын жасырып отырғанын да байқауға болады. Алайда, олар Сіз бастаған ұлы көштің керуеніне кедергі жасап, қан жылаған қазақ тарихын тағы бір қадам артқа шегіндіріп отырғандарын біле ме жоқ па, ол жағы бір Аллаға ғана аян. Тіпті радио-теледидарда: «оралмандар сұрағанды ғана біледі, жылай береді!» деп мәселенің бетін теріс айналдырып жүргендер де аз емес. Олар сол сөздері арқылы билік пен халықтың ортасына от тастап, өз ұпайларын түгендегісі келетін шығар. Сол келеңсіз кеңестер «уәзірлеріңіз» арқылы біздің үнімізден бұрын сіздің құлағыңызға тиіп жатса, олардан бұрын біз ұяламыз. «Кешегі сеніп шақырған қандастарымыз үмітімізді ақтамай жатыр ма?!» - деп ойламасын дегенді ойласақ ұйқымыздан шошып оянамыз. Өйткені келгенімізден келмегеніміз көп. Уанғанымыздан уанбағанымыз көп. Артымызда әлі де болса бес миллион қазақ жатыр. Біз олардың төлін де толық көшіріп әкеле алған жоқпыз. Бес миллион қазақ Қазақстандағы қазақтардың жарымынан да көп. Өз сөзіңізбен айтқанда: «әлемдегі әрбір үшінші қазақ шет елдерде тұрады». Демек әлі де кетігіміз толып кемтігіміз жамалып болмай жатыр деген сөз.
Бүгіндері шетелдегі қазақтар жиі қоныстанған Қытай, Ресей, Өзбекстан елдерінде қазақ мектептерінің болмауы немесе барларының өзінің қысқарып-құртылуы күн сайын алаңдата бастады. Өзіңіз ортаға қойған «Нұрлы көш» бағдарламасы көз бояушылық пен шабан-шалағайлығын тастап, Сіз ойлағандай жұмыс атқарғанда ғана алыстағы ағайынды аман алып қалуға анағұрлым тез қимылдар едік. Олай болмай, Сізге уәде берген «уәзірлер» мен «ақылшылардың» өтірік мәліметіне сеніп жүре берсек, жат жұрттағы қандастарымыздың көбі-ақ өздері отырған өзге ұлттың телегейіне жұтылып кетеді. Енді 5-10 жылдан кейін олардың көбін таппай қаламыз. Сіздің ұлы мұратыңызды арқалаған ұлы көштің қайыспас нары қара кезеңнің басына шөгіп, көш орта жолда қала ма дегенді ойлаудың өзі ауыр. Бірақ әлем халықтары мойындаған дана көшбасшы Сіздің керуенімізді бұл тығырықтан аман алып шығатыныңызға сеніміміз кәміл, үмітіміз үстем. Қағбада сіркіреп жауған Алланың ақ жаңбыры мұсылманға деген, қазаққа деген сол адал ниетіңіздің айғағы деп білеміз.
Халықтың көші-қоны туралы заңға тағы да өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, бүгінгі қазақ көшіне жұмыс атқарып отырған Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлігі және мәдениет, білім-ғылым салалары мен жергілікті әкімшіліктер шын ниетімен іске кірісіп, жұмыла жүк көтерсе пәрменіңіз жерде қалмас еді. Тарихтың ұлы бұрылысты кезеңі өзіңізден тағы бір ұлы үндеуді күтіп тұрған сияқты. Сіздің баяғы патшалар сияқты уәзірлердің бұғауында қалмайтыныңызды біліп, осы тілектерімізді әдейі ашық білдіріп отырмыз. Саябырсыған қазақ көшін Сіз ғана қайта жөнге сала аласыз. Өзіңіздің елім-жерім деген ұланғайыр жүрегіңізден құдды Меккедегідей тағы бір шапағат жаңбырын күтеміз. Доғарылу үстіндегі қазақ көшін қайта жалғасаңыз екен. Алланың адал құлы, Мұхаммедтің үмбеті дін мұсылман Сізге амандық, ісіңізге қайыр-береке тілейді. Сіздің бауырларыңызды жарылқағаныңыз сияқты Аллатағала Сізді де жарылқасын!
Шеттегі шемен жүрек халықтың мұң-зарын жеткізуші
Жәди Шәкенұлы,
жазушы, Еуразия жазушылар одағының мүшесі
"Жас қазақ үні" газеті




Керемет жазылған. Сөз жоқ!
Ереке
Қырық көрпе төсеп, оның үстіне қырық көпшік қойып,оның үстіне қырық жастық қойып отырғызып, жан-жағынан қырық кісіге ұстатып,қырық қырлы сипатпен тілі жеткенше мақтап тілек айтқан екен, ал соны естір құлақ болса...
Ол да өнер ғой. Пайдасы болса, қырық емес, қырық бір көрпе төсеуге болар еді.
Көрпесы де, көпшігі де, жастығы да аз екен, мақтауы да мардымсыз сияқты. Ақша бұлттың ар жағында жүрген жандарға үніңді естірткің, тілегіңді жеткізгің келсе, алдымен Хан шатырға, сонан Ханшатырдың төбесіне найзадай шаншылған қара темірдің ұшына шығып, қолыңдағы қойшының қара таяғын жалғап жіберіп, алдымен оң аяғыңмен таяқтың басына көтеріліп, кейін сол аяғыңды оң аяғыңның үстіне қойып тұрып арыз арманыңды айқайлап айтып көр. Одан естілмесе амал нешік, үйден шығарда шапаныңыздың өңіріне шанши салған көк инені суырып алып, алдымен сол аяғыңызды, оң аяғыңыздың үстінен сәл көтеріп, оң аяқты шығарып алып сол аяқтың үстіне қоя тұрасыз да, аздап еңкейіп көк инені қара таяқтың ұшына қадап жіберіп, оң аяқпен иненің ұшына шығып, сол аяқты оның үстіне қойып тағы да бір тілек тілеп көріңіз. Мүмкін естіп қалар а...
Табыс.Т
озин не жазганынды тусиндин бе
Бұл НАЗАРБАЕВ туралы іншек.. сен өс сосын түсінесін
Оралмандарымыз келіп жатыр, келіп жатыр... Квотларын алып кетіп жатыр, кетіп жатыр... Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді демекші, сондай "сатқындар" кесірінен жүрегі қазақ деп соғатын қандастарымыз келе алмай отыр. Ал жаңағы "сатқындарды" иблік басындағылар өздері тауып алады. Олар келген кезде тіпті Қазақстанның азаматтығын алу былай тұрсын, келген елінің азаматтығынан да шығып келмейді. Келіп алып сұрайтындары квотамызды қашан береді, үй қашан береді, бізге көмек керек. Квотасын алғасн шақырған адамымен бөлісіп, тайып тұрады. Міне біздің байлық қайда кетіп жатыр. Оралмандарға неге қатаң тәртіп қоймайды. Квотасын алар кезде, келісім шартқа отырсын Қазақстаннан қайта кетер болсам алған ақшамды, келтірген шығынымды толық қайтарам деп. Орыстар жүр Ресейге көшіп кетсе де Қазақстананның зейнетақысын алып. Бір жағымыздан орыстар, бір жағымыздан сатқындар жеп бітіретін болды...
Шетелдегі қандастарымызға көмек аямау керек
ой Жади ағам ай!
көп сөзбен көпшік қойғаныңзбен не өнеді!мақтау жетпей қалды ғой!біздің жағымпаздар "Алла" санап номер1деп жүрсе ноер2деп айтқаныңзға болайды ғой!өзіміз орыстың отарына айналғалы жатсақ орыстағы қазақтарды қозғап қайтесің?біз өзіміз барамыз оларға!ал қытай қазақтары қытай бола салсын!өзбектер өзбек бола салсын!
Оралмандар сатқындар дегенмен келіспеймін, оларды қашқындар деуге келеді.Сатқындар деп дінін, тілін,ділін сатқандарды айтады.Ондайлар Қазақстанның ішінде толып жатыр.Қай оралманның ана тілін ұмытқанын көріп едің. Олар ұлтшыл, намысшыл келеді.Келгеннен кейін өздерін түсінбейтін, ұлтық сезімнен түк жоқ,басқаша менталитеттегі адамдарға тап болып осындай тіршіліктерге барады.Дегенмен олардың саны көп емес.Оралмандардың жымқырған ақшасы шет елдерге сатылып жатқан ен байлықтарымыздың қасында теңіз ішіндегі тамшы ғана.Квотасын алып кетіп қалып жатыр дегенді ойлап табушылар қазақтың өз жерінде көбеймегенін тілейтін нағыз қазақтың дұшпандары. Әрине, оралман ағайындардың барлығы бірдей терең ойлы,білімді деп айта алмаймыз. мейлі ол сауатсыз, мәдениеттен кемшін-ақ болсын Қазақстанда қазақ ұлтының санының көп болуы үшін бір қазақ болса да қазатың келгеніне қуануымыз керек.Әттең біздің санасы орыстанған қазақтарға өз қандасынан басқа ұлт өкілі жақын болып тұр,солармен бірге қосылып оралман деп күлетінін қайтерсің тағы. Сан бар жерде сапа болады. Күндердің күні санның сапаға айналары сөзсіз. Қазақтың саны өспей ұлттық сана да, ғылым да,білім де өспейді. Өркениетті елдердің,мысалға:Батыс Еуропа елдерінің, Жапонияның,Қытай,Кореяның, Англия,Франция т.б.барлығының да халқының саны көп.
БАРЛЫҚ КВОТА АЛҒАН ОРАЛМАНДАРҒА ЖҰМСАЛҒАН АҚШАНЫҢ КӨЛЕМІ ВИКТОР ХРАПУНОВТЫҢ ШЕТ ЕЛГЕ ҰРЛАП ӘКЕТКЕН БАЙЛЫҚТЫҢ 2 ПАЙЫЗЫНА ДА ЖЕТПЕЙДІ. КВОТАНЫ ЖОҚТАУШЫЛАР АЛДЫМЕН СОНЫ ЕСЕПТЕП АЛЫП КӨКІСІН!
Негізі көшкі-қоң заңына өзгеріс кіргізетін кез келді. Квотаға келсек соны ала алмай жүрген адамдарда жетеді. Оралмандар квота арлды деп көргенде үкіметтен белгілеп беріп отырған мөлшерінде ала алмайды. Көші-қоң комиттетіндегілерге, арадығы посредниктерге, уақытша және тұрақты тіркеу алу үшін мигратционы полицияға, ауыл әкіміне т.б-ларға ақша береуге тұра келеді. Қысқасы оралмандардың пайдасын осы айтқандар көріп отыр.
Қытай мен Ресейдегі қазақтың саны қанша екенін білмеймін. Ал Өзбекістанда кемінде 4 (төрт) милиондай қазақ бары анық. Ондағы қазақтың көбі кезінде әр түрлі жағдайға байланысты төлқұжатына "өзбек" деп жазғанымен қазақы қасиетін толық сақтап қалғандар. Енді Қазақ елі шетелдегі қандастарды 5-6 жылда көшіріп алу үшін тек президентке ғана бағынатын арнайы министрлік ашып, арнайы бағдарламамен орысы көп аймақтарға шетте жүрген қандастарды жаппай көшіріп алуы керек.
жақсы көтерілген мәселе!!
осы қытайдан келген жәди деген азамат шетелдегі қазақтар тағдырына аса алаңдап, сонша қиналып жүрген біреуге ұқсамайды. жазған хатына қарағанда тек президенті мақтау арқылы өзі бірдеме дәм етіп жүрген адамға ұқсайды....қаталессем кешірім болсын!!!
Жадидың қуын !мақтап мақтап мақтамен бауыздамаққой Нұрағамды!ойлап қалма енді ол сен сыяқты жағымпазданғандардың тілін алмайды!ауелі мақтағандардың тілін кесем деген!тіліңе ие бол!
Кезінде Сапармұрат Ниязов Меккеге барған сапарында кагбаға кіріп аллаға құлшылық етіп шыққанда жаңбыр сіркірепті-мыс.Қалай бір-бірінен айнымайтын оқиға десеңізші.
Патша патша деп не көрінді сонша... Сонша езілмей жазса да болады ғой хатын...
НҰРОТАНның саяси бюросының отырысында неге оралмандар туралы жаман айтылды. Бұл Қабылсаяттың ісі. Президентке оралмандар туралы жаман пікірлерді жеткізген осы Қабылсаят мырза.
осы сендерге еш нарсе жакпас
Әй, Шәди, сол газеттегі маған ең ұнамайтын адам сенсің. Жазасың ба, жалынба! Тізе бүкпе! Айтатыныңды қасқайып тұрып айт! Қолыңнан келмей ме, тыраштанба! Жазба! Айдаладағы адамдардың намысын келтірме! Сорлы!
Әйтеуір қазақ қазақққа топырпақ шашуға құмар болып алдыңар ғой,бауырларым!Жоғарыда шетелдердегі қазақтарға "қашқын","сатқын" деп айдар таққан ағайынға топастықтарыңды ұлы Абай бабамыздың атымен аталған ғалампарақта көрсеткендеріне қатты өкініш білдіремін."Қазақтың алып қашып кетті" деген квоталарың Америка,Қытай,Ресейдің және байлыққа "атын атап итке тастаған" ЕЫҚҰ төрағалығына берген паралардың жанында бұл теңізге тамған тамшыдай ғана дүние.Сондықтан бұған іштерің күймесін!Мен ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕН квота алып келген көптеген азаматтарды білемін.Олардың айтуына қарағанда,квотаға 10 мың доллар алса,соның жартысы,яғни 5 мың долларын сендердің құлқыны зор шенеуніктеріңе беретін көрінеді.Егер квота қаржысын жоқтағыларың келсе,осы жағдай да естеріңде болсын!Пікір жазғанда мал сияқты аузыларыңа келгенді оттай бермей тарихты да жақсы зерттеңдер.Өзбек,Ресей,Қытай,Мұңғыл елдеріндегі қазақтар Азулы хан Абылай тұсынан бері сол мекендерде қоныстанып,тіршілік етіп келе жатқанын әсте естен шығармаңдар,қарашаңырақта отырған,орыстың талай тебінгісінен қазақ деген ұлтты сақтап қалған абзал бауырлар!Сөз соңында айтарым,ҰЛЫ ҒҰЛАМА БАБАМЫЗ ИБРАҺИМ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ,ҚҰНАНБАЕВ ЕМЕС,АЙТҚАНЫНДАЙ "БІРІҢДІ ҚАЗАҚ БІРІҢ ДОС,КӨРМЕСЕҢ ІСТІҢ БӘРІ БОС"деген аманатын мүлдем естен шығармайық дегім келеді.Бүгін сенің бір-екі мың долларыңды қажет қылып,шеттегі қазақ көшсе де,ертең олардың ұрпақтары неше миллиондаған доллар пайда әкелетініне кәміл сенемін.Сол бір 90-шы жылдары Қазақ Еліне қоныстанған қазақтар бүгін де Қазақ Елінің қарыштап дамуына мол үлес қосып отырғанына өте көп дәләлді факт келтіруге болады!Жоғарыдағы аутордың майдалап,жылтырап жазуы НӘН билігінің қатты да тәтті де айтқанды қақпайтындығынан деп ойлаймын.Мұңғыл Елінен бауырларыңыз Кеңес
ага калыныз калай? анау жакта жабык болып бір-бірімізді кормей калдык кой
мына жерден тобенізді коріп куанып отырмын
Кеңес бауырым!Сенің пікіріңе қосыламын."Қашқын" деген сөз көңіліңе келмесін.Бұл "сатқын" деген сөзден әлдеқайда дұрыс балама. Кеңес үкіметі құрылып жатқанда қашқан қазақтардың болғанын жоққа шығара алмаспыз.Оларды бұл үшін айыптап болмайды.Жаңа үкімет бұрынғы үйреншікті тіршілігінен айырса, оған қоса қолдан аштық жасалса, бала шағасын, отбасын аштықтан сақтап қоныс аударғанның несі сатқындық.Бұл сатқындық емес.Бұл шеттегі қазақтардың бәрі қашқын деген сөз емес әрине."Өз ұлың өзегіне тепсең де кетпейді" деген сөз бар. Олар мәңгі бақи отаныма қайтып келмеймін деп кеткендер емес.Олардың отаны Қазақстан болып қала бермек әрқашанда.Қазақстан тәуелсіздік алып, ата жұртына қайтып келу мүмкіндігі туғаннан-ақ келіп жатқандар,сол бауырларымыз. Осыны әрбір жүрегі қазағым деп соққан жан түсінсе екен деп тілейік құдайдан. "БІРІҢДІ ҚАЗАҚ БІРІҢ ДОС,КӨРМЕСЕҢ ІСТІҢ БӘРІ БОС"
Оралмандар үшін квотаға бөлген ақша қателеспесем бір жылына $126 млн. Ал Саудакеңнің айдаладағы ауғанға беремін деген ақшаcы $50 млн, Әкежан Қажыгелдиннің жегені $6 млн (қазіргі құнмен 20 млн деген сөз), Виктор Храпуновтың жегені 600 млн швейцар франкі, долларға шаққанда 400 млндай болады. Мұхтар Ә*Бейәдеп сөз жазбаңыз!*зовтың келтірген шығыны шамамен $11 млрд, Митталь, Шодиев, Машкеевич, Ибрагимов сынды олигархтардың жегеніне тіпті есеп жоқ. Қазақстанның басқы млрддері ылғи жат жұрттықтар: үнді, еврей, кәріс, өзбек-ұйғыр. Ал есептей беріңіздер, Қазақстанды кім жеп жатыр екен? Ең өкініштісі, осы квотаны қазақ түгіл атасы басқа қалмақ, қытай, сарт, дүнген, қаңғыған-бұтығанның бәрі алды, бұған кім кінәлі? Әрине, атажұрттағы жемқор, парақор шенеуніктер ең біріншіде кінәлі. Алайда квота деген не екенін білмейтін адал қазақ Моңғолияда жетеді. Өз басым сол квота дегенді естігенім болмаса өмірі алып көрмегем, алайын деп ойлап та көрмегем. Оралманның бәрін жемқор деп кінәлай бермеңіздер. Квота алып жүргендерді мұндағы халық онсыз да біледі, дәндеген ит қанға тоймайды демекші бір емес бірнеше еселеп, тіпті ондап-жиырмалап алып жүргендерді ел жыр ғып айтып жүр. Мықты болсаңдар осыларды жауап тартыңдар, әйтпесе шетелдегі қарапайым қазаққа пәлелерінді артпаңыздар.
Битөбе.
ЖӘДИ!
СЕН ӘУРЕ БОЛМА! ДӘЛ ҚАЗІР ПРЕЗИДЕНТ ЕҢ ЖАҒЫМПАЗ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ТІЗІМІН ҚАРАП ЖАТЫР. К...ЖАЛАУДАН АЛҒА ШЫҚҚАНДАРҒА ТАҢДАП ОТЫРЫП ӨЗІНІҢ ГРАНТЫ МЕН СЫЙЛЫҒЫН БЕРМЕКШІ. 15-25 ЕУРО АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЖЕПТӘУІР АҚША, БЮДЖЕТТЕН БӨЛІНГЕН. ОНЫ ЕҢ СЕМІЗ, ЕҢ ДАРЫНСЫЗ, ЕҢ АРАМЗА, ЕҢ САТҚЫН ӘРІ СУ ЖҰҚПАС ӨТІРІКШІ "БОҚ КӨТЕРГЕН БОҚТЫ ҚАБЫ" (АБАЙ) ЖАЗҒЫШТАРҒА ЕРТЕҢ НЕМЕСЕ ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ҮЛЕСТІРЕДІ.
Өзіңнің шеккен азабың мен көрген әділетсіздігің, аз болғандай сырттағы ергін жан бағып жатқан Қазақтарды да, сорлатайын дедің бе? Жади! естіген де езу тартатын, біз әлі дайын емеспіз деген сөз арамыздан кеткеніне қуанып едім. өкінішке орай сол сөзі енді сағынып отырмын, себебі сырыттағы Қазақтарды қабылдауға шынымен дайын емес екенбіз. келген оралмандар байағы қара құрлықтан тасылатын қүлдар сияқты саналып отырған жоқпыз ба!? ал сенің ойлаған арманыңа жететін сеніміңнің де, су түбіне шөгіп бара жатқанын жазған Хатыңнан да байқап отырмын. амал қанша?! біз әлі даын емес екенбіз, шетелдегі қазақтар да мұны түсінгені жөн. бірақ дайын болатын күндер де алыс емес. ...
Кезінде шет елге кетіп қалмаған екенбіз! Біресе орыстың, біресе қарынбайдың таяғын жемей!! Оралмандар ұтылып жатқан жоқ! Қайта жергілікті ауылдағы қазақтар сазға отырды. Қатырды қара халықты!! Жайлап бәрін сыпырып алды.
Жәди не болды саған! Сен кімсің Елбасына қазақтың атынан хаь жазатын. Тыныш жүрмейсің бе, к..ді қысып!
...Сіздің Мекке Мединеге сапар шегіп, Қағбаға кіріп қазақ үшін ақ тілек тілегенде...
--------------------------------------------
Жәди, неге өтірік айтасың? Ол қазақ үшін ақ тілек тілеген емес! Тілемейді де! Осыны қарапайым халық білгенде, сен ұқпасаң несіне жазушымын деп жүрсің? Екіншіден, басыңды иіп жерге ұрып, сен ғана сұрай аласың. Ал жалпы халық ондай төменділікке бара алмайды.
Шетелдегі қазақтарда ешқашан қашқындар болған емес. Олар өз жерінде отыр.1916-63 жылдар арасында ары-бері өткен қазіргі Қазақстанның қазақтарына пана болып, басын үй, бауырына қазан асып берген - біз едік. Салт басын ажалдан әрең арашалап барып, шетлдегі бауырлар арасында рулы елге айналып үйіріне қаншама қазақ оралды. Біржақты байбаламдап, анадан, мынадан қысым көргендердің ұрпағы ретінде жылай бергенді қоятын кезіміз жетті емес пе? Онан да қалың қалмақ жайлаған қазіргі Ертістің сан саласын, Баян-Өлкені малы мен жанын беріп жүріп қазаққа қаратқан ержүрек аталарымыздың ерлігін дәріптемейміз бе? Қашқын атағандар атай берсін. Рухы таяз жандарға айттың не, қойдың не? Жәдидің мақаласына келсек,Крыловтың "Піл мен кәндені" есіме түсіп тұр.
Не деген жалаушылық мынау?
Дегенмен, қытай мақамы)))
Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.
Не деген жалаушылық мынау?
Дегенмен, қытай мақамы)))
--------------------
Қытай бұлай айтса, дегеніне жетеді. Ал Жәдидіке көзге түсу. Жарылқап қалар хан ием дегендей
Бітпейтін жыр, бітпейтін әңгіме, бітпейтін дау...
Жалпы шетелдегі қазақтар жөнінде бір ақпарат берілсе,бәрің жабылып, төпелей жөнелетіндеріңе жол болсын!Тек қазақта ғана өздерің жазғандай "қашқын","сатқын"-"жақсы","жаман" немесе диаспоралар бар емес,күллі әлемде бар дүние.Көздеріңді ашып,жан-жақтарыңа қараңдаршы!Әр түрлі тарихи және тұрмыстық себептермен орыстар,еврейлер,өзбектер,қырғыздар да төрткіл дүниенің түкпір-түкпірінде жүр ғой.Оларға Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан,Израил мемлекеттері қырын қарап отыр ма,халқы шетелдегі қандастары туралы қандай пікірде?!Осыны неге ойламаймыз.Әлде Қазақстан деген елден басқа жердің бәрінде "ұжмақ" па? Өзіміз "ұлы" немесе"улы" санайтын АҚШ,РФ,ҚХР,Англия,Германия,Франциядағы барлық ұлт пен ұлыстар тек қана ғұламалар мен ақылдылар,жақсылардан құралған ба? Сонда неге басқа жақсы,өз қазағымыз жаман болуы керек.Егер біз нашар болсақ,қазір империялар тарапынан қауіп төніп тұрған Қытай мен Мұңғыл жерінде бүгінге дейін қалайша ана тілімізде сөйлеп келеміз.Егер біз бауырмал болмасақ,неге біздің жүрегіміз тек қана қазақ деп соғады?! Абай атамыз қарасөзінде жазғандай,біз бодан болмай тұрғандағы ата - бабамыздың асыл қасиеттерін қалпына келтіре алсақ қана ел бола аламыз.Әйтпесе майда-шүйдемен айналысып,қазақ қазақтың артын қаза берсек, алысқа бармаспыз!Елдіктің туы биік,мемлекеттілігіміздің тағаны берік болсын десек,кемшін тұстарымызды басқадан іздемей,өзімізге де бір қарайық.ҚАЗАҒЫМ ІРІ БОЛСА,ҚАЗАҚСТАНЫМ ДА ІРІ БОЛАДЫ!ҚАЗАҚСТАНЫМ ІРІ БОЛСА,ШЕТТЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ ДА МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛАДЫ!Әйтпесе қазіргідей бізді мұңғылдар "патша Һәм диктатор" Назарбаевтеріңе кетіңдер,"-деп мазақ қылғанын қоймайтын болады.Мұңғыл Елінен Кеңес
Жәди аға! "Бүгіндері шетелдегі қазақтар жиі қоныстанған Қытай, Ресей, Өзбекстан елдерінде қазақ мектептерінің болмауы немесе барларының өзінің қысқарып-құртылуы күн сайын алаңдата бастады..." депсіз. Қазақ жерінде орналасқан Байқоңырдағы мектептерді көзімізді бақырайтып қойып орыстандырып жатқанына "көкелеріміз" "ұйқылы көңілмен" қарап отырғаннан кейін, жергілікті халықтың кішкене ғана бөлігін құрайтын Қытай, Өзбекстан, Ресей туралы айтудың өзі күлкілі...
Жәке сен быр кездеры өзың квотамен айналысып мықты делдал болып едың,ұмыттыңба қалаи
Жәди! еш әуіре болма! НӘН сені пысқырмайды. Ол кеше Астанада журналистер күніне орай бір пәтердің кілтін (Хабар(-да істейтін Александр деген келімсектің ұрпағына берді. Саған жоқ Не қыл дейсің енді?
Қытайдағы Қазақтар Жәди Шәкен сияқты жағымпаздықты үйрену үшін тағыда он жыл керек екендігін ескерсек әзірге асықпаймыз. басатын көшірмелерің болса арзанға басып береміз. атпақшы Қазақты ақшасы мен емес мәдениетімен Дүние жүзіне танытып отырған да Қытай жерінде тұратын Қазақтар екенін ұмытып қалмаңдар. бізді жарылқамайақ өз қарындарыңды тойдырып алыңдаршы! тағы айтарым моңғұл Қазақтарының да ата-мекені біз боламыз. олар бізден қашқандар болып табылады.
"ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚПАҒАННАН ҚОРҚУ КЕРЕК" ДЕП ДАНА ҚАЗАҚ БЕКЕР АЙТПАҒАН ҒОЙ! МҰҢҒЫЛИЯДА ТҰРАТЫН ДҮЙІМ ҚАЗАҚТЫ "ҚАШҚЫН" ДЕП НЕ ЖАРАТУШЫДАН ҚОРЫҚПАЙ, НЕ АТА-БАБА АРУАҒЫНАН СЕСКЕНБЕЙ, СЕНІМДІ ТҮРДЕ АЙТЫП ОТЫРҒАН СЕНДЕЙЛЕРДЕН САҚТАСЫН! ҚАЗАҚТЫ ҚҰРЫТАТЫН ШЕТЕЛДЕГІ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕН КӨШІП КЕЛГЕН ҚАЗАҚТАР ДА, ШЕНЕУНІКТЕР ДЕ ЕМЕС СЕН СИЯҚТЫ НАДАНДАР!
қазақты қашқын деп қана қабылдайтын сен бір көрсоқыр екенсің!
Бір айдаһар аюды қуып бара жатады. Мұны көрген аңшы батыр айдаһарды өлтіріп, аюды құтқарып алады. Аю өлімнен құтқарып алғаны үшін батырға шексіз алғысын білдіріп, аңшы қайда барса, соның артынан қалмай жүретін болады. Көрген елдің бәрі "аю - жыртқыш аң. Абай бол!" десе, аңшы: "айдаһардан құтқарып алғаным үшін бұл аю менің адал, сенімді серігім болды" дейді. Елдер "Ақмақтың достығы жамандығынан да жаман. Сен аюға сенбе!" десе, батыр: "Мұнын бәрін қызғаныштан айтып отырсыңдар. Қарасаңыздаршы қандай сүйкімді! бейшара аюдың мені қатты жақсы көретінін қалайша түсінбейсіңдер" дейді. Ақмақтың махаббаты алдамшы болатынына сенбейді. Аюдан бас тарта алмайды.
Бір күні аңшы ұйықтап жатқанда, бір маса бетіне келіп қонады. Аю батырдың ұйқысын мазалап тұрған масаны қуып ұшырып жібереді. Маса ұшып-ұшып, қайтадан жігіттің бетіне келіп қонады. Мұны көрген аю әбден ызаланып, маса отырған жерге үлкен таяқ лақтырады. Сол кезде маса ғана емес, жақсы көрген аңшыны да өлтіріп жібереді. Осылайша жақсылық жасаймын деп, жақсы көрген адамын өлтіреді.
Бір күні хандардың бірі халқының қаншалықты адал екенің көргісі келіп, адамдардың бәрін жинап алып былай дейді: "қаланың ортасына бір бассейн жасаймын. Ортақ хандығымыздың көркейе түсуі үшін сіздердің көмектеріңіз керек. Ол үшін бүгін түнде қаланың әр бір тұрғыны бір-бір шелек сүт әкеліп бассейнге құйса, өз борышын орындаған саналады"- депті. Ханның мұндай ұсынысы халқының көңілінен шыға қоймайды, әрине. Бірақ амал жоқ, хан айтқан соң міндетті орындау керек. Солайша қала халқы түні бойы борышын орындап жүреді. Хан таң ата салысымен бассейн жаққа барып, бассейн іші сүтке емес, суға толғанын көріп таң қалады. Сөйтсе, адамдардың бәрі бірдей "Осыншама халық арасынан мен ғана сүт орнына су апарсам, ештеңе де өзгере қоймас" деп ойлап, бассейнді құр суға толтырған екен... СОЛ ҮШІН, АРДАҚТЫ ҚАЗАҚ БАУЫРЛАР! ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ӘР БІР ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА! ПАТШАМЫЗҒА ТАУФИЫҚ, ЕЛІМІЗГЕ АМАНДЫҚ ТІЛЕЙІК! ӨЗГЕ БІР ҰЛТТАРДЫҢ, ЖІГЕРСІЗДЕРДІҢ, САТҚЫНДАРДЫҢ АЙДАУЫМЕН ЕЛБАСЫНА ТИІСКЕНДІ ҚОЯЙЫҚШЫ! ЖАН-ЖАҒЫМЫЗҒА ҚАРАЙЫҚ, ӘЛЕМДЕГІ ҚҰРЫП-ШІРІП ЖАТҚАН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТАҒДЫРЫН БЕРМЕСІН ДЕП ТІЛЕЙІК, БІР АЛЛАДАН! АЛ, ЖАДИ АҒА, ӨЗ ЖӨНІН БІЛЕТІН ЕСТІ АЗАМАТ ҚОЙ, ОНЫҢ ДА БІР БІЛГЕНІ БАР ШЫҒАР. НЕ НӘРСЕНІҢ АРТЫН КҮТЕ БІЛУ КЕРЕК ҚОЙ. ЖҰЛДЫЗ, АЛМАТЫДАН
ҚАЗАҚТЫҢ МАҢДАЙЫНА БІР ЖҰЛДЫЗ БІТСЕ СОНЫ КӨРЕ АЛМАЙТЫН ҚАЗАҒЫМ-АЙ. МАҚАЛА МАЗМҰНЫ НҰРАҒАҢДЫ МАҚТАУ ЕМЕС УӘЗІРЛЕРІН АЙТҚАН БОЛЫП АҚЫМАҚ ХАНҒА ТИІСУ ДЕП ОЙЛАМАЙСЫЗДАР МА? КЕЙДЕ ШЫНДЫҚТЫ МАҚТАУ АРҚЫЛЫ ЖЕТКІЗУГЕ ДЕ БОЛАТЫНЫН ТҮСІНБЕЙТІН МАҚАУЛАР ҚАПТАП КЕТКЕН БЕ? БІЗ БІЛЕТІН ЖӘДИГЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ, НҰРСҰЛТАННЫҢ БАЙЛЫҒЫ ЕМЕС, ҰРПАҒЫНЫҢ-ҚАЗАҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ. ЖӘДИДІ ДАТТАП ОНЫҢ ЖІГЕРІН ЕШҚАШАН МҰҚАЛТА АЛМАЙСЫҢДАР! ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ АРТЫНАН СӨЗ ЕРЕДІ, ЖАМАН АДАМ АРТЫНАН БӨЗ ЕРЕДІ. ЛАЙЫМ ЖАҚСЫ АЗАМАТ БОЛҒАН СОҢ АРТЫНАН ЕРГЕН СӨЗ ДЕ. ҚАШАН ҚАЗАҚ МҰҚАҒАЛИҒА, СӘКЕНГЕ, МАҒЖАНҒА Т. Б. КҮН КӨРСЕТІП ЕДІ. БҰЛ ДА СОЛ БІР ЕР-АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАТАРЫНДАҒЫ БҮГІНГІ ШЕТКЕ ҚАҒЫЛҒАНДАРДАН. АЙТАР ОЙЫ, ЖЕТКІЗЕР СӨЗІ САЛМАҚТЫ. АЛЛА ЖОЛЫНДА ЖҮРГЕН АЗАМАТТЫҢ АЗАМАТТЫҒЫНА КҮМӘН КЕЛТІРГЕНДЕР ОНЫҢ БІЛІП ЖӘНЕ БІЛМЕЙ ІСТЕГЕН КҮНӘЛАРЫН КӨТЕРСІН!!!
Жарайсың, Жәди, алға!!!!
Пікір қосу