Розақұл Халмұрадов. Академияға батырдың есімі қашан беріледі? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Розақұл Халмұрадов. Академияға батырдың есімі қашан беріледі?

Жәрдемші


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  жалпы отырысында депутат Розақұл Халмұрадов Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке сауал жолдады.

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы тарихта небір зұлматты жылдар мен  қанды қырғындарды бастан өткеріп, бүтіндей бір ұлттың жойылып кетуіне жол бере жаздаған қаншама сұрқия саясат пен арамза әрекеттерді бастан өткерді. Солардың  «ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен» ең бір қайғылы кезеңдері  Ұлы Отан соғысымен байланысты.

Осы соғыста жан алысып, жан беріскен Отанының жолында жанын құрбан еткен есіл ерлердің ерлік істері мәңгілік халық жадында сақталары сөзсіз. Бұл соғыстың қаншама халықтар үшін, қаншама елдер үшін зарлы болғаны соншалық оның зардабы соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да ұмытыла қойған жоқ. Қайта керісінше, осы соғыспен байланысты бұрын бұрмаланып келген немесе тиісті деректердің жоқтығынан мүлдем кереғар түсінік қалыптастырып келген көптеген фактілердің беті ашылып, көптеген жауынгер азаматтардың еленбей келген ерліктері тарихтан лайықты орнын алуда.

Өкінішке қарай жоғарыда келтірілген деректер Ұлы Отан соғысына қатысып, батыр атанған қазақ азаматтарының бізге белгілі болғандары ғана. Уақыт өте келе сұрапыл соғыстың бізге беймәлім жақтары  ашыла бастаған сайын, қазақ батырларының саны әлі де арта түсер деген үміт те жоқ емес әрине.

Жалпы қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысы батырларының қатарында Кеңестік жүйе саясатының кесірінен ерлігі кезінде дұрыс бағаланбай, көпшілік арасында талай тартыс тудырып келген асыл азаматтардың бірі, Ұлы Отан соғысында рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет ұлы жеңістің жалауын желбіреткен  Рақымжан Қошқарбаев екені баршамызға мәлім.

Батыр дүниеден өткеннен кейін, 1999 жылы мамырдың 7-де Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен  Р.Қошқарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Бүгінде Ақмола облысының Қозшы ауылындағы орта мектеп оның есімімен аталады.

Дегенмен, батырдың рухына тағзым ретінде бұндай дәрежелермен шектеліп қоймай, Қаржы полициясы академиясының ұжымы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі және Целиноград ауданы жұртшылығының қолдауларымен Қаржы полиция академиясына Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру туралы құжаттар жинап, үстіміздегі жылғы  сәуір айында Мәдениет министрлігіне ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясында қарастырып, Жеңіс  күнінің 65 жылдығына Академияға Батыр есімін беруді сұраған болатын.

Алайда, аталған Академияға Р. Қошқарбаевтың есімін беру туралы мәселе бүгінгі күнге дейін өз шешімін таппай келеді. Ер есімін ел есінде сақтау - парыз. Тағдыр тәлкегінде мойымаған Рақымжан Қошқарбаевтай ұлын ұрпаққа дәріптеу - парыз. Ер есімін елге оралту - ол да парыз. Академияға Батыр есімін берудің мақсаты мен басты идеясы - болашақ қаржы полицейлері мен кеденшілерінде Отанымыз - егемен, тәуелсіз Қазақстан және оның даңқты ұлдары үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Сондықтан, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Қаржы полиция академиясына батырдың есімін беру мәселесіне қандай кедергілер болуда, кедергілер болмаса осы мәселені Үкімет қашан шешеді? Академияға батырдың есімі қашан беріледі?

 

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі

 


 




атақпен жарылқаушы тағы да атқа мініпті.



ұлы отан соғысы қашан болды жауап



osy shaldy korsem zhuregim ainidy, kuskym keledi



Мына өззбек атақ-даңқ беруден басқа ештеңе білмей ме? Қазақтың бьасына тышпасын. Қаным басыма шауып отыр.

Бұрын Оңтүстік Қазақстанда тәртіптік кеңеске басшылық жасайтын еді. Біраз тәртіпсіздіктердің бетін ашып, жағымды адам ретінде есімде қалып еді. Енді болса арзан тірлікпен айналысуда.
Ұмытпаңыздар! Судың да сұрауы бар болғанда халықтың даусының сұрауы да болады.



Бауырым, орысшылданбай, Қозшы емес, Қосшы деп дұрыс жазсаңшы. Академияға Қошқарбаевтың атын беру соншалықты күйіп тұрған мәселе ме? Рақымжан Қошқарбаевқа Салық академиясы емес, әскери округ немесе дивизия лайық қой.



Қазаққа қазақ деген қасиетін қашан қайтарамыз, Розақұл әкә? Қазақ деген атты алдық, бірақ елдігімізді ала алмадық.



Розақұл кеше теледидардар қырғыздарды, еш шімірікпеспестен, жабайы халық деп масқаралады. Халық "қалаулысының" аузынан шығатын сөз бе еді бұл? Халықтар ассамблеясының атынан сайланған депутат ұлтар арасын жақындастыру орнына оларды бір біріне айдап салып отыр деп түсінемін.Розақұл ҚЫРҒЫЗ халқынан кешірім сұрасын!



Елгі азді көпті еңбегі бар бұл кісінің. Әділ тура кісі ретінде танылған. Содан соң осындай мансапқа жетті. Болмаса ОҚО-да бұл кісіні мың орайтын ақылды да, бай да өзбектер жетіп артылады. Бірақ ешбірі осы кісідей қазақпен етене араласып, бір тіл тауып кете алмайды. Розақұл ака өзі өзбек болған соң жаны ашынып, қырғыздарға батыра батыра сөйледі. Оның басқаша сөйлеуі де мүмкін емес еді.
Одан беті аулақ, бірақ мына біздің ОҚО-ның өзбек-қазақ арасындағы шекарада Ташкентке жақын жерлерде ұлттық жанжал бола қалса Розақұл Халмұрадов не деп сөйлер екен?



Әділ тура адам болса онда жаман адам болмас. Біреудің ұлтына қарамаңдар, онсыз да орысқа кетіп жатқандарынды бір өзбектен несіне тарынасыңдар, қалай дегенде өзағамыз емес пе. Бұл кісі өтірік болса да шын болса да әйтеу қазақтың шашбауын көтерісіп жүр. Албаты тарынып тырнақ астынан кір іздемеңдер. Мықты болсаңдар басқаларды тыйып алыңдар.



Пікір алынып тасталды!



Ертеңгі күні қазақты да осылай атамасына кім кепіл?



Абай.Кздің НұрОтан Партиясының мәжілісмендері (ҚР Парламенті мүшелері) сатып алған ба, Түкке тұрғысыз осы секілді адам естісе құсқысы келетін бірдеңелерді шығарғыш болып кетті! Абайдан ұялса нетті! Абай тірі болса не дер еді? Осыны бір уақ көз алдарыңызға елестетіңдерші, балақайлар!1



azattyk org тің оппик жалдамалы жандайшаптары неменеге жиі бас сұға береді осында
түсінбеймін



Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің бәрі шетінен сатқын. Олар ертең елге күн туса сатып кетеді. Олардың бәрі Харпновтың шәкірттері! Тек сасық ақша мен арзан атақ-мәнсап қана оларды осында өтірік күлдіріп, өтірік сөйлетіп, өтірік өмір сүрдіріп жүр. Бұл иттің күшіктерін ертең ұлтшыл билік келсе, билікке жолатпау керек. ал Қазақша сөйлемегенді Қазақстаннан кетіру керек!
-Сұрмерген



Пікір алынып тасталды!



Бурынгы кателигин жуып шаю ушин бир ис жасау керек болды.Ол осы.Ерканат Таукебай



Нағыз Қазақстан патриоты болса, Өзбекстаннан бір мұртты беріп жіберген Мырзашөл мен Бостандықты қайтаруын талап етсін)))

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



Пікір алынып тасталды!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>