Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевқа сауал жолдады.
Қазіргі уақытта орта мектеп түлектерінің ұлттық бірыңғай тест тапсыруына байланысты бірқатар мәселелер туындап отыр.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы Семей, Аягөз, Зайсан қалаларынан, Жарма ауданынан келіп жатқан хаттарда азаматтар мектеп түлектерінің ұлттық бірыңғай тест тапсырған кезде 1 балл жетпей қалуына байланысты «Алтын белгі» ала алмай отырғанын жазған.
Мысалы, 1) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік ауылындағы орта мектеп түлегі Қалиханов Қуаныш ҰБТ-да 103 балл жинаған. Ал, орыс тілі бойынша 17 балл алып, «Алтын белгі» алуға 1 балл жетпей қалған. Орыс тілі пәнінің №19 сұрағының жауабын қазақ тілінде оқитын мектептер үшін арналған кітапқа сәйкес дайындалғандықтан сол кітаптағыдай жауап берген. Аудандық апелляциялық комиссия Қ.Қалихановты қолдағанымен, республикалық апелляциялық комиссия оны қолдамаған.
2) Семей қаласы №37 гимназиясының түлегі - Есембаева Әсем ҰБТ-да 119 балл жинаған. Бірақ қазақ тілінен 1 балл жетпегендіктен, «Алтын белгіге» іліне алмаған.
3) Семей қаласы №16 орта мектебінің түлегі Еңлік Серікболқызы ҰБТ-да 112 балл жинаған. Бірақ, математикадан 1 балл жетпей қалғандықтан, «Алтын белгі» ала алмайтын болып отыр.
4) Зайсан қаласының М.Ломоносов атындағы орта мектептің түлегі - Жанабаев Мәди ҰБТ-да 115 балл жинаған. Бірақ, математикадан 1 балл жетпей қалғандықтан, оған «Алтын белгі» берілмейтін болды.
11 жыл бойы өте жақсы бағалар алған, үздік оқыған түлектерге 1 балл жетпегендіктен «Алтын белгі» бермеу балалардың сағын сындырып, өмірге, оқуға деген талпынысын, ұмтылысын жоққа шығармайды ма деген сұрақ туындайды. Бұл баланың денсаулығына да әсер ететін үлкен мәселе болып отыр.
Тағы бір мәселе - ұлттық бірыңғай тестілеуге қала, аудан мектептері түлектерінің толық қатыспауы. Неге, не себептен ҰБТ-ға қала, аудан мектептірінің түлектері 100 пайыз қатыспайды? Оған талдау жасалды ма? Көптеген мектеп түлектерінің ҰБТ-ға қатыспауы ҰБТ бойынша рейтингті жоғарлатамыз деп жасалып жатқан жоқ па? Сондықтан ҰБТ қорытындысы бойынша облыс, қала, аудан мектептерінің рейтингісі шығарылғанда мектеп түлектерінің ҰБТ-ға қатысу саны да ескерілуі керек деп ойлаймын.
Осыған байланысты Сізден:
1) «Алтын белгіден» үміткер түлектердің 11 жыл бойы үздік оқығанын, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысқанын ескере отырып, ұлттық бірыңғай тестілеуде 1 балл жетпейтініне қарамастан «Алтын белгі» беру мәселесін қарастыруды;
2) Облыстарда, аудандарда ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына сәйкес рейтинг жасалғанда қала, аудан мектептері түлектерінің ҰБТ-ға қатысу саны ескерілу мәселесін қарастыруды;
3) Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы ақпаратты беруіңізді сұраймын.
ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі




Өте орынды мәселе. Мысалы кейбір ауылдық мектептердің орташа пайыздық көрсеткіші өте жоғары болып, мектеп басшылары жақсы көрініп, мақтауға ілігуде, ал оладың мектебінде 2 әрі кетсе 5 оқушы ғана тест тапсырады да басқа балаларды мұғалімдер "обработка" жасап тесттен шектетеді.
Дені дұрыс депутаттың дұрыс дәйегі дейміз.
Осы УБТ маселеси мунымен гана шектелип калмай дурыстап котерилсе жане адил де дурыс откизилсе жаксы болар еди
Орыс тілінен тест тапсыруды мүлдем алып тастау керек! Ресейде жүрміз бе, сонда?!
Оқушыларға тест тапсыруды жаппай тапсырту керек, сонда мектептердегі жағдай белгілі болады, ал институтқа түсерде - мамандығы бойынша қайтадан экзамен тапсыртуды міндеттеу керек баяғыдай.
Депутат болсаң осындай бол! Қартайғанда алар депутаттық қара басының зейнетақысын ғана ойлаған Тасбайлардан сақта!
Жағалтай
Ауылдық Газеттер жазатын тақырып екен. Басқа не деуге болады. Соншылық күйіп тұрған мәселе ме екен. Онан да Қазақстанның шетелге сатылып жатқан байлығын қалай елге қайтарамыз, халықты халай жұмыспен қамтимыз, қалай өндіріспен шұғылданамыз, қалай билікті ақшалылардан тазартамыз, 2012 жылы қалай ұлтшыл елбасы сайлап шығарамыз дегенді айтсаңдаршы, рухтарың өліп қалмаған болса, мәңгүрттің мәңгүрт тұқымдары!
Шығыс әфсанасы.
Бірде бір саудагер Кабул қаласының маңында егіліп жылап отырған баланы көреді. "Неге жылап отырсың?" десе, бала: "бір тиыным бар еді, жоғалтып алдым" депті. Мейірімді саудагер оған бір тиын берсе, бала одан сайын жылай түседі. "Енді не болды?" десе, бала "бағанағы бір тиынды жоғалтпағанда, енді екі тиын болатын еді" депті.
Нүреке, ертең бір балл жетіспегендерге "Алтын Белгі" берсек, екі балл жетпегендер арызданбауына кім кепіл? Сосын, анекдоттағыдай, үзілмей кетеді. Талап деген талап, бәсеке деген бәсеке, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығу керек.
Сіз айтыпсыз: "11 жыл бойы өте жақсы бағалар алған, үздік оқыған түлектерге 1 балл жетпегендіктен «Алтын белгі» бермеу балалардың сағын сындырып, өмірге, оқуға деген талпынысын, ұмтылысын жоққа шығармайды ма деген сұрақ туындайды. Бұл баланың денсаулығына да әсер ететін үлкен мәселе болып отыр".
Нұреке! Ағатай! Егер баланың сағын сындырмайын деп, ұмтылысын жоққа шығармайын деп, 17-де бір мүсіркесеңіз, ертең сағы сынбаған 21 жасар балаға неге жұмыссыз қалғанын, 29 жасар жас отбасына неге пәтер алмағанын, Пайғамбар жасындағы қарияға зейнетақысы неге төмен екенін қалай түсіндірмекшісіз? Әлде өзіңіздің әлі сағыңыз сынған жоқ па? Өмір БҰТ-тан қиындау, ертерек сағы сына берсін, бейімділеу болады. Тесіп шығатын бала түбінде тесіп шығады.
Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.
99-дың ішінде болғаныңыз үшін сізді сыйлаудан қалдым...
Қазақстанды құртып жүргендер дәл осы Нұртай секілді өздері заң шығарып, өздері жоқ-барды сылтауратып өздері алдымен бұзатын, бірақ өмірі жазаланбайтын ұятсыз таршанақ арамтамақтар ғой!
БІр балл емес, 0,0000000001 балл болса да есептесу керек! Заңға бағынбайтындары осыдан көрінеді.
Заңға бағыну керек,сондықтан 1 ұпай жетпесе "Алтын белгі" берілмеу керек.Депутат мырзалар,тек ҰБТ-ның әділ өтуіне жағдай жасап,қазақ баласының оқу керектігін ұғындыруға әрекет етіңдерші.ҰБТ-ның өтуі бала алдындағы елде заңның орындалмайтынын дәлелдеп отырсыздар.Ереже бар,соған бағынайық.2004 жылы осы ҰБТ -ды шыққан кезде бала,ата-ана оқу керек дегенді ұғынып,мұғалім беделі өсіп,мәз болып едік.6-жыл дегенде баяғы заманға қайта келдік.Осы мәселені қоғам болып қолға алмасақ,келер ұрпақтан ештеңе күтіп қажете жоқ,оған тек ересектер кіналымыз.
Оу, ағайындар, Нұртай бауырымыз дұрыс мәселе көтеріп отыр. Жоғарыдағы кейбір пікір білдіргендер мектеп өмірін, оқушылардың психологиялық ахуалын білмегендіктен қызыл сөзге барып отыр. Әйтпесе оқушылар үшін ҰБТ деген үлкен стресс. Өзім мектепте істеймін, 11-ге сынып жетекші болдым, сонда бір оқушы қызым 1-ден 11-сыныпқа дейін өте жақсы оқыған еді, біз ол қызды "Алтын белгіге" ұсындық. Әлгі оқушы қызымыз жай кездерде әр пәннен 20-23 баллды ойнап-күліп алып жүрді. Оқу жылы аяғында 25 баллға да жетті. Бірақ қыз ьала ьолғаннан соң ба, ҰБТ жақындаған сайын қызымыздың қобалжуы кобейе бастады. Сол баяғы "балым жетпей қап, Алтын белгіге іліне алмай қалсам ұстаздарымның, ата-анамның алдында масқара боламын ғой" деп өзін өзі мүжиді. Біз барынша тыныштандыруға тырыстық, ақыл-кеңесімізді айттық. Бірақ бәрібір ертең ҰБТ деген күні әлгі қызымыз таң атқанша ұйықтай алмай шығыпты. Содан таң атқанша көз ілмеген, ҮБТ-ға абыржып кірген қызымыз, кей пәндерден 20 балл да жинай алмай қалды. Сондағы сол қыздың жай-күйін көрсеңіз. Сондықтан мен айтар едім, ҰБТ деген жоғарғы оқу орнына түсуге сертификат беретін орын деп. Ал "Алтын белгіні" ҰБТ-ның нәтижесіне қаратпай, 11 жылғы еңбегіне қарап беру керек. Ал алда-жалда оқушының білімін нақты білгісі келсе онда Қытайдағыдай 3-4 сатылы емтихан алу керек. Қытайда 1-тест, 2-шығарма, бақылау, 3-бір тақырыпқа ойын жүйелеп жеткізу, 4-сөйлем талдату, т.с.с. екен. Біз де солай жасайық "Алтын белгі" алатындарды. Сонда оқушы өз білімін нақты қорғап шығады, әрі жоғарыдағыдай стрестің құрбаны болмайды. Жоғарыдағы кейбір кісілердің айтқанымен келісу қиын, себебі күшігінде таланған иттен қасқыр алар арлан шықпайды, жастайынан беті қайтып қалған адамнан ұлы күрескер шығуы қиын.
Салеметсизбе? 2012жылы УБТ болама екен?
Менің ойымша ҰБТ оқушылардың білім деңгейін анықтай алмайды! Бәрі коррупция! Сатып алады! Керек емес! Оқушылардың көз жасына қалып!
Сиздин пикиринзге косыламын!Онтустик онирдинбари тесттин жауаптарын сатып алып 110 кем бал алмайды!Шынымды аитсам озим ЕНТ га ешетенесиз кирип оз билимиммен алып шыктып! Бирак баганагы сатып алган балалардын аркасында конкурстын балынын осип кеткендигинен озим калаган окуга балым жогары болсмада тусе алмадым!!!Сол ушин корыпцияны жою керек!!!Сондай онирлерди ягни сатып алган онирлерди 11 жыл бойы 3 ке окып жыл сонында ЕНТ дан 120 бал жинагандарга катал жаза колдану керек!!!
Орыс тілін бекер-ақ қосты! орысшадан құтыла алмай жүргенде.
менде сиздердин создеринизге косыламын, барлык пикирдинде жаны бар, орыс тилин енгизудин мулде кереги жок, егер орыс тилин коскандай жагдайда ол паннин де балын есептеу керек деп ойлаймын, Ал УБТ-дан унеми мектепте ауыз ашып сабак айтпайтын окушылардын 120 балл жинауына мен карсымын, ол нарсе бириншиден окитын баланын сагын сындырады, екиншиден мектепте ауыз ашып сабак айтпайтын окушылардан жаксы маман шыгады деп те ойламаймын.
Мен 1-ши сыныптан бери оте жаксы деген багамен окимын, тек 5 сыныпка келгенде 1-ши,2-ши токсанда 4 деген бага алып калдым, бирак калган сыныптарымнын барлыгы дерлик 5. Ал 9-шы сыныпты кызыл куаликпен битиргенмин. Коптеген аудандык, облыстык олимпиадалар жулдегеримин. Осы уакытка дейн алтын белги аламын деп ойлап келгенмин, Енди 11-ши сыныпта мен алтын белги ала алмайтын болдым. Барлык туыстарыма алтын белги аламын деп айтып койганмын, еки жылдан бери УБТ-га кызу дайындыктамын, кеше алтын белги алмайтынымды естип жай тускендей болып отырмын. Мен кай жерде болсада оки алатыныма сенемин, оган билимимде жетеди, тек окиништиси коптеген жылдардан бери жаксы деген багамен окып алтын белги ала алмайтынымда.
Пікір қосу