Пазылбек Абсаттарұлы. ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЯСАТЫ | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

Пазылбек Абсаттарұлы. ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЯСАТЫ

Жәрдемші


Қылышты сабынан, жыланды басынан ұстау керек.

Қазақтың аталы сөзі

 

«...Жауы мен өзін жақсы білетін, жүз соғыста да қатерге тап болмайды. Жауын жақсы білмейтін, бірақ өзін жақсы білетін біресе жеңіп, біресе жеңілетін болады. Ал жауын да, өзін де білмейтін айқас сайын үнемі жеңіліс табады».

Сунцзы «Соғыс өнері» кітабынан

 

Әңгіме Қазақстанның ішкі жағдайына төндіріп отырған қытайдың қауіп-қатері жайында болмақ.

Қытайды зерттеп жүрген ғалымдардың пайымдауларына қарағанда, елдiң жалпы табиғи ресурстары 2 миллиард адамды қамтамасыз етуге ғана жетiп, одан кейiн өз мүмкiндiгiн сарқа беретiн көрiнедi. Дегенмен, осындай бiр тықырдың таяп келе жатқанын Қытайдың өзi де жоққа шығармайды. Су көздерi тартылып, орман сиреп, жайылымдар азып, егiстiк алқаптар уланып, экологиялық апат төне бастағаны хақында өздерi де дабыл қағып жатыр. Қазiр Қытай елi - қақпағы жабық өз iшiне сыймай бұрқылдап қайнап жатқан қара қазан тәрiздес. Түбiнде ол бәрiбiр тасиды. Сонда, ол қалай қарай құйылады? Қазақстанмен бiрге әлемдi де мазасыздандырып отырған осы мәселе. Бұл жерде Қазақстан үшiн өте үлкен қауiптiң басын ашып айтқан жөн. Қытайдың территориясымен шектесiп жатқан жерлерге назар аударып қарасақ, айналасының барлығы халықтың тығыз орналасуы нәтижесiнде тығындалып тұр. Қаруына сенген Ресейдi есептемегенде, қытайлар үшiн тек Қазақстанға (Орталық Азия) қарай ғана ағылуларына мүмкіндік қалады.

Егер де 2002 жылдың 31 желтоқсанынан бастап тек ұлты қытайлар үшін Қытай үкіметі жеке куәлігі мен тіркелген мекен жайы туралы анықтамасы болса болды паспорт жасатып беру арқылы сыртқа кететін азаматтарының құжат рәсімдерін барынша жеңілдеткенін және қаржыландыратынын ескерсек, азаматтарының шетелге кетуіне мүдделі екеніндігін білдіреді. Оған қоса 2004 жылдан бастап қытай азаматтарының Қазақстанда бір күн визасыз болуына және жиырма адамнан тұратын туристік топтарға виза беруге үкіметіміз келісті. Осы сәттен бастап Қазақстанға қарай халық ағынының тығынын алып тастады деп есептеуге болады. Сондай-ақ бұған Қытайдағы ерлер мен әйелдер арасындағы табиғи тепе-теңдiктiң бұзылу процесiн қосыңыз. «Бiр отбасыға - бiр бала» саясатына 25 жылдай уақыт болды.

Ендi қазiр сол кездегi реформа перзенттерi отбасы құратын уақыт келгенде үйленетін әйел таппай әлек. Сондықтан әйел затын сырттан іздеуге мәжбүр. Және кейбір шарттар негізінде енді екі балалы болуға рұқсат етілді. Мұны Қытай үкіметі халқының қартайып кеткендігімен, жастарының қарттарды асырай алмайтын жағдайға жеткендігімен түсіндіруде. Бұл енді демографиялық тасқын басталады деген сөз. Бұдан кейін шетелдік зерттеушілер Қазақстанды жақын уақыттары қытай мигранттары жаулап алатындығына еш күмәндары қалмағандығын жарыса жазды. Қазақстан жөнінде барлық шетелдік зерттеушілердің пікірлері шамалас, 20 жылдан кейін Қазақстанда 20 миллион қытай өмір сүреді дейді. Қазіргі күні 500 мыңға жуықтаған қытайлар 20 жылдан кейін 20 миллион болуы еш күмән тудырмайды. Сондай-ақ Батысты игеру саясаты шеңберінде Шыңжаңға ішкі Қытайдан 20 жылда 250 миллион адамды көшіру жоспарын бастап кеткенін ескерсек, Қазақстанда 20 миллион қытайдың пайда болуы ертегі емес сияқты. Егер де Қытайдың 150 млн.нан аса жұмыссыздары бар екенін ескерсек Шыңжаңда жұмыс орындарын ашса, әп-сәтте-ақ сонша халықтың көшіп келуі түк емес. Қазір қалашықтар салып көшіру үдерісі басталып та кетті.
Енді тайфунның тасқынындай нөпір халықты қаншама қорған салсақ та немесе Арқаның қақаған суығы мен бораны да тоқтата алмасы хақ. Кез келген табиғатқа бейімделгіш, өзгенің ассимиляциясына түспейтін, жыбырлағанның бәрін азық ететін жанысірі қытай халқын батыстық философтардың айтып жүргеніндей «ұлтты бір лидерде құтқара алады» дегеніндей бір мықты көшбасшының немесе қарудың күші ғана тоқтатуы мүмкін.

Бір қызығы осындай алаңдаулы кезде Қазақстанға қытайлардың дендеп келе жатқанын бізден гөрі Ресей сезініп, дабыл қағып бізді оятуға тырысуда. Әрине бізге жаны ашығандықтан емес. Бұл жерде бірінші кезекте өз мүддесі бар. Себебін де айтайын, Ресейге келетін қытайлардың басым бөлігі Қазақстан арқылы өтіп жатқанын анықтаған. Қазақстанның қытайлану қаупінің алдын алмаса Қытайдың шекарасы Волгадан бір-ақ шығатынынан үрейленуде.

Қытай кез келген елмен қарым-қатынас кезінде халқын қаптатып жіберуді көзірі ретінде пайдалатын жағдайға жетті. Кезінде Тяньаньмен алаңында жастарды қырып салғанда әлем өре түрегеліп адам құқығы жөнінде айта бастап еді Дэн Сяопин: «Егерде осы адамдардың құқығы Сіздерді қайғыртып отырса, осы тектес адам құқығы деп отырғандар 40 миллионнан асады. Осылардың барлығын өз қаржыммен Сіздерге жіберейін қазір» дегенде барлығы жым жырт болған екен. Содан бері саясаттарын осы пікір төңірегінде өрбітіп келеді.
Қытай мигранттары ешқашан ассимиляцияға ұшырамайды. Керісінше топтасып, қауымдасып жүріп қалашығын салып өз ұлтының саяси мүддесін насихаттап жүреді. Онымен шектеліп қалмай Қытайдың экономикасын дамыту үшін шетелде жүргенде де барлық мүмкіндіктерін жұмылдырады. Қытайдың экономикасын көтерген, инвестиция әкелген де осы шетелдегі қытайлықтар екен.
Қытайдың бізге байланысты саясатының нәтижесін бір Алматы қаласы арқылы түсіндіре кетейін. Бір Алматы қаласында қазіргі күні жүзге тарта қытай кафесі мен мейрамханалары, 270 бірлескен кәсіпорын, 2 банк, 48 жанармай құю бекеті, бір Мәдениет орталығы, Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Қытай тілі орталығы, Конфуций институты, Ялянь сауда орталығы, Си Синхай, Бианху көшелері, Барахолка және Сауран сауда орталықтарындағы сауда нүктелері, Қазақстанның паспортын алған 5000-нан аса азаматты да қосыңыз. Бұл Қытай ақпаратынан алынған нақты мәліметтер. Ал біздің құқық қорғау органдарымыз мұндай мәліметтерді құпия ұстайды. Себеп қарапайым ай сайын әрбір Қытай азаматы өзінің амандығы үшін полиция бөлімшесіне 10 мың теңге, аудандық бөлім бастығына 25 мың теңгеден беріп отырады. Мұны бар Қытай азаматтары растап отыр. Ресейлік зерттеушілердің айғақтарына қарағанда, қытайлықтарды шетелге шығарып отырумен жүйелі айналысатын биресми жасырын ұйымдар бар екен. Әр елге шығарудың өзіндік мөлшері бар. Еуропа елдеріне 8-10 мың доллар, Ресейге 2,5-3 мың доллар көлемінде әр адамға шығын жұмсайтын көрінеді. Қазақстан ең арзандарының қатарына кіреді. Мекен жайға тіркелу үшін 100-200 доллар жеткілікті. Әлемдік тәжірибе дәлелдеп отырғанындай мигранттар тарихта ешқашан мемлекетке пайда әкелмеген, әкелмейді де. Енді осының бәрі аздай қытай және орыс тілдерінде «Хасакэсытань хуацяо бао» деген газетін шығара бастады. Газетте Қазақстандағы қытай диаспорасына арналған деп жазылған. Сонда біз қытай диаспорасының пайда болғанын да білмей қалғанымыз ба? Бұл жақын уақытта, мүмкін 5-6 жылда Қытай үкіметі Қазақстандағы қытай тілділердің құқығын қорғайды деген сөз. Әрине адам пайда болған жерде құқығыда пайда болады. Сондай-ақ Алматыда Қазақстандағы барлық қытайларды басқарып отыратын (қазіргі тілмен айтқанда жергілікті халықтан қорғап отыратын «крыша») «триада» деген бандиттік топтың да пайда болғанын біреу білер біреу білмес. Бұған қоса жақында қытай ұлттық мәдени орталығын ашуды да жоспарлап жатқандығын естеріңізге салайын. Қытай мигранттарының Алматыда қаптап келе жатқанына байланысты мәселе көтірілгенде ішкі істер органы оның жалған екендігін жариялады. Сонда деймін-ау біз күнде қаптаған қытайлықтарды көріп жүрген көзімізге сенеміз бе әлде ішкі істер органының мәліметтеріне сенеміз бе? Осы арасы түсініксіз. Және бұл тек Алматыдағы ғана жағдай. Басқа жердегі жағдайды айтпай-ақ қоялық. Ал бас қаламыздағы қытай мәселесін айтып өтпеске болмас. Астанамыз Астана қаласының қақ ортасынан ойып тұрып қытайдың ұлттық нақышында салған зәулім «Пекин палас» қонақ үйіне айына шамамен 600-700 қытай азаматы қонақтайтынын, оған қоса Астана қалалық әкімшілігі қытай сауда орталығын салуға жер бөліп беріпті.

Жалпы Қазақстан бойынша Қытайдың 20 ірі компаниясы және орта-ұсағы бар 2000нан аса бірлескен компаниялар жұмыс істеуде. Олардың басым бөлігі әрине энергетика саласында. Атап айтқанда Қытайдың иелігіне өтіп кеткен компаниялар:
1. Ақтөбемұнайгаз - 85,32 пайыз үлес
2. Маңғыстаумұнайгаз - 47
3. ПетроҚазақстан - 67
4. Қазгермұнай - 50
5. Қаражанбасмұнай - 50
6. Бозашы оперейтинг
7. Павлодар мұнай өңдеу зауыты - 58
8. Шымкент мұнай өңдеу зауыты - 50
9. Айдан мұнай - 100
10. ҚуатАмлонМұнай
11. Торғай Петролиум

Сондай-ақ қытайдың 4 компаниясы қазіргі таңда мұнай бар жерлерге барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2004 жылы сәуір айында Қытайдың Sinopec Group мұнай химиялық компаниясы Каспийдің солтүстігіндегі бірқанша кеніштерге иелік ететін американдық Fioc (First International Oil Сompany) компаниясын сатып алды. 2009 жылы маңызды компанияларымыздың бірі «Қазмұнайгаз» Барлау өндіру» АҚның 11 пайызын сатып алды. Жақында «Қазақмыс» Қытайдан 2,7 млрд. доллар қарыз алғанын және жақын арада үлесіне кіретінін білдік. Қазақстанның көп аймағын электрқуатымен қамтамасыз етіп отырған Екібастұз электр станциясын сатып алды. Әлі де көптеген компанияларды сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Арал теңізі аймағында бiр қатар мұнай-газ кеніштерін ашу үшін барлау жұмыстарын жүргізуде. Ең қауіптісі 939 миллион долларға «ҚазМұнайГаздың» 14,5 пайыз акциясын сатып алуы. Таңқаларлығы еліміздің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниямыздың үлесінен қытайдың CNPC компаниясының үлесі асып кетіпті. Жалпы Қазақстандағы энергетика саласындағы үлестің жартысына жуықтады. Сонда бұл елдің мұнай-газ саласындағы монополист компаниясы ҚМГ емес CNPC болғаны ғой. Егер де мұны түсіне білгенге елдің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп тұр. Бұл жөнінде ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Б. Парсегов «Бәсекелестік туралы» заңның 12-бабына сәйкес егер нарықтағы үлесі 35 пайыздан асып кетсе нарық субъектісінің жағдайы үстем деп табылады. Ал қытайлық компаниялардың мұнай нарығында аталған өлшемдерге (критерий) сәйкес келмейді» деді. Осы кезге дейін Қытайға қарай тек мұнай құбырының салынып жатқанын естуші едік, сөйтсек оған қоса PetroChina компаниясы Қазақстанның батысынан Қытай шекарасына дейін бір газ құбырын салып жатқаны анықталды.

Қытай енді мұнай мен газды қойып уран кеніштерін сатып алуды бастады. Білетініміз Шиелі, Иіркөл, Семізбай кеніштеріне иелік етуде. Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы мен Гуандун ядролық корпорациясының Қазақстанның уран кеніштерінде үлестері бар, әрі «Қазатомпром» компаниясынан уран сатып алу келісімі жасалған. Алдағы уақытта Қапшағайдағы ойын-сауық қалашығын, Мойнақ су электр станциясын, Балхаш және Екібастұздағы жылу электр станциясын салуды жоспарлап жатыр. Жалпы Қытай Қазақстанның барлық энергетикалық ресурстарын, яғни мемлекетіміздің күш қуатын толықтай бақылауға алу үшін барынша инвестиция құйып жатыр. Не үшін екенін анықтай алмадық China Development Bank Қазақстанның Даму банкіне 100 млн. доллар берген екен. Қытай тек қана энергетикалық ресурстар қорын сатып алу үшін 3 трлн. қаржы бөлгенін әлемге жариялады. Бірақ бұған алданбаңыздар, бұл Қытайдың кезекті қақпаны. Атам қазақ бұндай әрекетке «не деген батқан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп керемет жауап айтқан. Сіздер ойлайтын шығарсыздар қытайлар бізге миллиондап доллар инвестициялар құйып жатыр деп. Ол салған ақшалары өндіріске, экономикамызды дамытуға емес, мұнай, газ, уранды өндіріп Қытайға алып кету үшін ғана. Ал оның шығынын өтейтін біз боламыз, өйткені несие ретінде мойнымызға ілініп жатыр ғой. Бір елдің экономикалық қауіпсіздігін тәуелділіктен қорғау үшін тұтыну тауарларының жартысынан астамын өздері өндіруі керек екен. Бұл жағдай бізде қызыл сызықтан әрі асып кетті. Алманың атасы атанған Алматы өңірі алманы Қытайдан тасығаннан кейін не сұрауға болады.

Әрине экономикалық жағынан Қытай тек Қазақстанға емес әлемге ықпалын күшейтіп келеді. Әсіресе әлемдік дағдарыс кезінде Қытайдың экономикалық қуаты керісінше артып кетті. Қытай банкісінің (Bank of China) вице-президент Жу Минь «Бұл дағдарыс бізге АҚШтың әлем экономикасына бақылау жасай алмайтынын айқын дәлелдеп берді» деп ашық түрде сынға алды. Бұл дегеніміз Қытай бірте бірте АҚШтың экономикасына, долларға деген тәуелділігін азайтты деген сөз. Қытай юанінің әлемдік валютаға қарай жол алғанынан болар 2009 жылғы 15 сәуірде Пекинде қаржы министріміз Б. Жәмішев: «Қазақстан юаньді резервтік валюта ретінде пайдалануы мүмкін» деп салды. Юаннің тұрақты болып тұрғандығынан қазір саудагерлеріміз тауардың құнын юанмен өлшейтін болыпты. Бұл үдеріс түптеп келгенде доллар құнсызданатын болса Қазақстан юаньға көшуге дайын деген сөз. Байқасаңыздар Халық банкінің банкоматтары қытай тілінде де қызмет көрсете бастады. Мұның барлығына дабыл қағып жатқан жан баласы жоқ сияқты көрінеді.

 

Мақаланы толығымен жүктеп алу...


 




жуз пайыз шындык!"Аюдан кутылып ,айдагарга жутылып" кетпесек болганы!кытай ен кауыпты жау!одан андамау аждаканын аузына озын барып тусу деген соз!бырак бугынгы билик кимнын болсада кушагына круге дайын болып алды!тек акшаны гана таниды,улттык тауелсиздикты коргау болашакта кандай кауып бар дегенды ойлап жаткан жокпа деп кауыптенесын!"пул болмасан кул бол"деген осы да!

керей баласы



Иә, қазаққа, әсіресе оның санасына жаңа серпіліс керек. Қазаққа орасан жердің және жер асты байлығының берілуі - бұл Жаратқан иеміздің бізге берген сынағы. Өкінішке орай, басқаларға жем болудамыз. Аю елі былай тұрсын, енді Айдахар елінің уысына түстік. Бұл неге болды десек, сана оған мыңдаған жауап береді.
Қалай болғанына терең үңіліп көрейік те бірлесіп.



Не істейміз, Қытайдан құтылу үшін Қазақстанды тынық мұхитының дәл ортасына апарып орнатып алайық!



Қытайлар келе берсін. Өйткені ақшасы көп, жалпы бізге ақша құйып отырған қытай ғой, ендеше оларға іренжіп не қыламыз. Олар Қазақстанда қалмайды, бізден өтіп батысқа, ресейге кетеді. Қорықпаңдар, қазақтар! Қытай қазақ бір туған, орыс итті кім туған деген жаңа мақал шықты ғой, қазір, қазақстан билігінде?



Қытайға төтеп берудің бірден бір жолы орталық азиялық ТүркіОдағын құру!



Жанга ащы асер етип, конилге ащы шындык танбалатты - дал уакытында шыккан жанашырлык Керемет Макала. Елимиз бул жаналыкка хабардар болсак та, халкымыз, колымыздан келер не шара. Кошбасшымыз бар гой жеке дара?!
Аллах жардемди озинизден гана кутемиз - Ел баскарып отырган казактарга намыс пен адилдик, батылдык пен имандылык нурын тусирши, дендери сау болсын. Елимиз аман, тыныш болсын!



Пазылбек ананы мынаны бір түрттің енді Қытай мәселесі қалыпты..дұрыс. Бірақ басқа да осы саланың майын ішкендер көп қой. Жастар тақырыбы туралы жазбадың ба



Алла қуат берсе Қытайларды бір шыбықпен айдармыз-ау. Іштегі Мұхамеджан Тазабеков, зікіршілер дұрысы Исматуллашылар немесе биліктің жағымпаздарымен калай күресеміз? мен осылардан жаман коркамын Кытайды сәті түссе кырып тастаймыз



Пазылбек батыр жігіт ештемеден қорықпайды



Ең бірінші бізге Қытайга деген экономикалық тәуелділіктен құтылу керек! Ал, мақалаөте орынды жазылған. Шындықты шырқыратып жазған АРАШАШЫМЫЗҒА рахмет! Осына естір құлақ болса ғой...



Кен байтақ Отаным бар деп журсем барі сатылып кеткен екен гой. Енді неміз қалыпты сатылмаған басшымызга айтайык тезірек сатсын.



Буны басшыларга жеткізу керек шыгар. Карап отырып оле беремізбе. Ау агайындар неге дауыс котермейіз.Басе анау Хуй Цзинтао Астанадан шыкпай койып еді. Бір нарсені бүлдіріп жур екен гой.



сатылмаган не калды,
керегыне жарайтын!
саткыш билик сен мангы,
саткын болып каласын
деген ан бар екен



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Қазақ үшін қытайлар арға тарихтан бері келе жатқан ата жауғой, осыны әрбір қазақ ұмытпау керек. Қазақтарға ойлану керек.





түріктер бірігуі керек.бұл бір.екінші анық ұлттық,мемлекеттік сайасат керек.бірақта түріктер басшылары кілең шолақ ойлы,қарақанбасын ойлайтындар.ал мемлекетті басқарып отырғандар шетінен парақор,сонмен қатар жағымпаз.өздерін білесіндер ол кісі болмаса біз құримыз деп отырғандар бар.ау,табиғат заңын,АЛЛАХ демей ақ қойайын,ешкім әзірге өзгерте аламайды.ендеше ертең ҚАЗАҚСТАН,ҚАЗАҚ ұлты да бірге бұл дүниеден кетеме.ал қытайға келсек.бәрі де дұрыс,оларда осындай ой бар.осы үшін олардыжазғыруға болмас.өзіміз қам жеуі міз керек.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 7 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>