Үндістан... Жағалауын бірнеше теңіздің суы шайып тұр. Оңтүстік-Шығыс Азиядан Африка немесе Еуропаға және кері қарай бағыт алған бірде-бір кеме мұнда соқпай өте алмайды. Алайда, оның шапағатын 200 миллионнан астам үндістандық көре алмай отыр. Бүгінде халық саны миллиардқа жеткен елдің әрбір бесінші тұрғыны, ал 5 жасқа дейінгі балалардың 40 пайызы тойып тамақ ішпейді. Алдағы 40 жылда Азия тұрғындары 1 жарым миллиардқа көбейетін көрінеді. Ал Үндістан Қытайды басып озып, халық саны бойынша әлемде бірінші орынға шығады.




Аштықтан жердегі нанды теріп жеп жүр байғұс бала...Көргенге ғибрат сурет екен. Біздің мектептердің алдына осы суретті іліп қойса ғой. Мектеп балаларымыз мектепте түскі тамақта берген нанды жемей, мастанып нанды көрінген жерге қойып, шашып кетеді. Білместік балалықтан ғой...аштықтың не екенін көбірек айтып түсіндіргенмен, қарны бір рет аш болып көрмеген бала ұқпайды екен.
Осыған қарап АЛЛАХ-қа мыңда бір шүкіршілік айтасың!
Алланың рахметі жаусын!!!
өй өтірік мынау Үндістан дегені, мына Ресейде болған оқиға ғой, ата анасы өз баласын тамақ бермей аштан қатырған. Неменеге тура сілтеме бермеген. Авторды мылоға!
міне тура сілтеме -
http://kp.ru/online/news/649888/
АЛЛАХ ЖАР БОЛСЫН ОҒАН! Көрер күні,бұйыырған несібесі солай шығар.
Осының алдындағы пікірді қалдырған азамат(ша)қа, бұл КП-индеги макалаға сол интернеттен алынған сурет койылган, аштыкты тура бейнелейтин сурет болгандыктан, осы тематикада мақала жазылса, сурет ретінде осы баланың суреті қойылады. Әйтпесе, бұның тұп-тура Валя ме еді, әлгі волгоградтық бала екендігіне сенімің 100 пайыз ба? Ойлап қарасай
Нурсултан атама алгыс айту керек....
бұдан былай Аллах көмегін берсе екен оларға.
Кім кінәлі болса да,укімет пе, президент пе немесе букіл саясат па, әйтеуір зардап шегетін басқалар....шынымен де аянышты...баланың қандай кінәсі бар....
мұндай жағдай әр елде де болуы әбден мүмкін, сондыктан оған еш таңқалудың керегі жоқ, Құдайдың өзі жар болып, нанға зар етпесін елімізді.....
Алла жар болсын.
Валя ма алде басқа ма сөз таластырудың еш қажеті жоқ. Дәл осындай аш адамдар үнді даласында да, басқа елді-мекендерде де толып жатыр. Сондықтан осындай аштықтан қарны қабысып, бір үзім нан таба алмай жүрген адамдарға дұға жасада тәубаңа кел, шүкіршілік ет!
Пікір қосу