Шоқан туған халқымен өз тілінде қауышты | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Шоқан туған халқымен өз тілінде қауышты

Жәрдемші


Еуропаша білім алған қазақтар шоғырының көшбасшысы, этнограф-ғалым, фольклортанушы, географ, этнолог, саясаткер, ағартушы-демократ әм суретші, бір сөзбен айтқанда, сахарада саңлақ туған Ұлы Шоқан Уәлиханов тұңғыш рет туған халқына өз тілінде «үн қатқалы» тұр. Сіз расында таң қалуыңыз мүмкін, осы күнге дейін Мұхаммед-Ханафия (Шоқан) Шыңғысұлының толық шығармалары қазақ тілінде жарық көрмеген еді. Сонда дейміз-ау, бүгінгі дейін Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография  институты қайда қарап отырған? Кешегі алыптар шоғыры Шоқанды өз тілінде сөйлетуге қалайша пәрмен жасай алмаған? Шоқантанушылар бұл мәселеге неге жете мән бермеген? Кейінгі 4-5 жылдың шегінде игілігті істер атқарып үлгерген «Мәдени мұра» бағдарламасына Шоқан шығармалары неге енбей келген? Жә, ештен кеш жақсы.

Биыл Ұлы Шоқанның туғанына қараша айында 175 жыл толады. Осы мерейлі мереке қарсаңында ғалымның 6 томдық шығармалар жинағы алғаш рет қазақ тілінде басылып шығуда.

Бодандық қамытын арқалап, Ресейге қосылудың соңғы кезеңін бастан өткеріп жатқан туған халқының тағдыры оны терең толғандырды. Ш. Уәлиханов отаршылардың қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-санасына қайшы келетін әрекеттеріне батыл қарсылық көрсетті. Бірақ, ол орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымымен жете араласып, достық қарым-қатынаста болды. Ондағы басты мақсаты - өз халқын еуропалық және бүкіл адамзаттық өнер-білімді игеруге бастап, жол көрсету еді. Осы ұлы мұрат бар болғаны 30 жыл өмір сүрсе де артына өлмес мұра қалдырған Шоқан Шыңғысұлын қазақтың көгіндегі жарық жұлдызға айналдырды.

Оның еңбектерін еліне жеткізуге Әлкей Марғұлан көп күш жұмсап, 1961-1972 жылдар аралығында Шоқан шығармаларының 5 томы басылып шықты. Ал, мына қазақ тіліндегі көп томдық сол басылымның негізінде дайындалды. Бұған бастамашы болған Саяси мәдениет және өнертану институтының директоры Ерлан Саиров мырза. Ерлан Бияхметұлының тікелей үйлестіруімен ғылыми ұжым мен кәсіби аудармашылар үш жыл бойы тынбай еңбектеніп, көп томдықтың қазақша басылып шығуына қол жеткізді. Жаңа жинақта бұрынғы басылымдарда кеткен кейбір кемшіліктер түзеліп, бірқатар түсіндірмелер нақтыланды.

Қазақ бүгін де Шоқан заманындағыдай жолайрықта тұр. Тек қазіргі айырмашылығымыз таңдау еркі өзімізде. Ал Шоқан бізге керекті, қазаққа қажеттіні өзінің еңбектерінде толық айтып кеткен еді.

Қазақ тілінде тұңғыш жарық көріп отырған 6 томдық Шоқан шығармаларын Д. Медерова, Т. Жұманов, Д. Мәзен.  А. Нұрманова, А. Таусоғарова, Л. Мұсалы секілді кәсіби тәржімешілар аударды.

Жобаның үйлестірушісі - Е.Б. Саиров. Редакциялық алқа - Қ.С. Алдажұманов, М.Қ. Әбусейітова, М.М. Әуезов, Ә.С. Бейсенова, Ә.Б. Ғали, С.З. Зиманов, Т.Е. Жабелова, К.Л. Есмағамбетов, С.А. Қасқабасов, Б.Е. Көмеков, С.Ф. Мажитов, С.К. Өтениязов, А. Сарым, Е.Ж. Уәлиханов.

Көптомдықтың электронды толық нұсқасы «Абай.кз» ақпараттық  порталында жарияланады.

«Абай-ақпарат»

 

Суреттерде:

1. Шоқан ауылындағы Шоқан ескерткіші.

2. Алтынемелдегі Шоқанның жамбасы тиген жер.

3. Көптомдықтың жарық көруіне байланысты Алтынемелдегі (Кербұлақ ауданы, Алматы облысы) Ұлы Шоқанның басына барып, бір топ жас тәу етіп қайтты.

 

XVIII ҒАСЫР БАТЫРЛАРЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ

АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕР

 

1. Абылай хан1 жоңғарларды2 шапқан бір шабуылда 1000 адамды барлаушы ғып алға жіберіпті. Оларды екіге бөліп екі батырды бас етеді: қарабұжыр қанжығалы Жантай3 және сол рудың үлкені Бөгенбай4. Батырлар ұзақ уақыт оралмайды; Абылай қатты мазасызданады, олардың тағдыры туралы жырауы Бұқардан5 сұрайды, «Менің батырларыма не болды, олар неге оралмай жатыр?» дейді. Оған Бұқар былай жауап береді:

«Жантай Талқын6 арқылы өтеді, Бөгенбай Құлжанмен7 өтеді. Хан Баба8 кері қашады. Жантайдың Талқындағы жолы тар әрі қауіпті». Жантай батыр қатерге ұрынды деп ойлайды Абылай. «Жантай барады, барып ұлысты шабады, күлін көкке ұшырып, Жантай әкелген ақша бет қызды хан Абылай алады». Абылай кейіннен Бұқардың айтқаны келгенде, төбем көкке жеткендей қуандым дейді*1.

2. Бірде Абылай қытайлармен соғыста шегінуге мәжбүр болады. Жеңілтек қырғыздарға осы бір шағын сәтсіздік қаншалықты әсер ететінін ойлап, қатты ызаланып, қайғырады. Сонда оның жырауларының бірі Тәтіқара жырау9 шегініп бара жатқан қайсақтардың және Абылайдың рухын көтеру үшін былайша жырлайды: «Қашқан қытайлар қайтадан өз әрекеттерін бастады, құлан жотасынан адырналар созылды. Кебеже қарын, кең құрсақ Абылай бұл істі қоя тұр. Жау қытайлардың аттары болдырды, жоқ хан Абылай қашпады, «қашты» деген дұрыс емес, ол тек қиғаш тартты. Бәсентин Сырымбет10, жебесін заулатып, соғысты. Қашқан кезде ойланба! Асығыстық салқын қандылық емес! уақ*2 Баян11, иә, біз мұны көрдік! Ол артына бұрылып, найзамен түйреп жатқан сәтте»

3. Абылай үйсін биі Ерденді бір қателігіне бола жазалау үшін оның ауылын шабуға қол жинайды. Бұл жолы ханның қатулы болғаны соншалық, қасына жақындауға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Сонда халықтың өтінішімен хан алдына Бұқар жырау барып, былайша толғайды:

«О, Абылай, Абылай! Сенің сөздерің арсы мен гүрсі*3 сияқты таумен таласып гүрілдейді; сенің босатқан құлдарыңның бес қақпасына да сыймайды*4. Алатауға барыңыз, ашуыңызды басыңыз, ашуыңызды бассаңыз, боз шекпенді құлыңыз Ерден сіздің алдыңызға 80 түрлі ат-шапан айыбымен келмей ме?».

4. Аңыз бойынша, Түркістаннан шыққан Абылай бірде ең жақын туысқаны Әбілмәмбет12 ханның ордасына туысы Оразбен бір атқа мінгесіп келеді және біраз уақыт бойы қарауыл руынан шыққан дәулетті қырғыз жақсылық Дәулетбайдың қызметінде болып, жылқысын бағады. Дәулетбайдың әйелі жат жерліктің өздері ұсынбайынша, ешқашанда тамақ сұрамайтынын байқайды, ұсынған тамақты да ықылассыз алатынына және ешқашан кір ыдыстан ас ішпейтініне қатты таңданады. Бұл қырғыздарға мүлдем тән қылық емес. Бұған қожайын да назар аударады, сонда ол Оразды тергеп, оның шыққан тегін білген соң, ең жақсы атын мінгізіп, Әбілмәмбет ханға алып барады. Бұл ат әйгілі Шалқұйрық болатын. Жас сұлтанның шайқастағы алғаш серігі соныменен жауға шауып, Абылайға батыр атағын әперген де осы Шалқұйрық болатын.

5. Абылайдың Қалдан Серенге13 тұтқынға түсуі. Жоңғарлардың қырғыздарға жасаған бір шабуылында Абылай жекпе-жекте Қалданның ұлы Шаршыны өлтіреді. Сүйікті ұлының қазасын естіген Қалдан кім болса да, қайда болса да, ұстап алдына әкелуді бұйрады.

Қалмақтар аң аулап жүрген Абылайды тұтқиылда қолға түсіріп, қасындағы бірнеше би және атығай руының әйгілі батыры Құдайберді Жәпекпен*5 Қалданға алып келеді.

«Менің ұлымды қай жерде өлтірдің» деген сұраққа Абылай былай жауап береді: «Сен мені айыптап отырсың, бірақ оны өлтірген халық, мен тек сол халықтың қалауын орындап Шаршының басын алдым». Қалданның бұл жауапқа разы болғаны соншалықты: мöн, мöн деп бірнеше рет қайталайды да, жендетін тоқтатып, Абылайды киіз үйге қамап, қатаң бақылау қояды. Абылайдың нағыз азабы сонда басталады: Шаршының анасы ұлын өлтірген қазақты (қырғызды) көру үшін күнде келеді, келген сайын оған қарғыс жаудырып лағынеттейді; «сен оны не үшін өлтірдің», «оған қалай қолың барды» деп айыптайды. Абылайдың төзімі таусылады, бір күні ана тісін шықырлатып өзінің әдеттегі сауалын қойып жұдырығын түйе ұмтылғанда ол былай деп жауап береді: «Сенің ұлың сияқты қаңғыған құлдар қайда өлмеді дейсің, кәрі қалмақ!» Әйел күйеуіне жүгіріп, астамсыған қазақты өлтіруді талап етеді. Абылайды өлтіріп жүрмесін деп қорыққан Қалдан оны және Жапақ батырды тұтқыннан босатып жібереді14. Аманатқа Жапақтың ұлын қалдырады, ол өзінің батырлығымен және тапқырлығымен көзге түсіп, Сары қазақ15 атанады.

6. Абылайдан үш жүздің батырларының ішінде кімді қатты құрметтейсің деп сұрағанда ол былай деп жауап береді: «Өзімнен бұрынғылардан Қалданның тұтқынынан 90 адамды алып шыққан қаракесек Қазыбек16 пен өз адамдарын тұтқыннан босатып алған уақ Дербісәліге қатты таңқаламын. Біріншісі Қалданның алдына өзі барса, екіншісі ауылында отырып, жауын ықтырған. Менің батырларымның ішінде бәсентин Малайсары17 байлығы мен батырлығы жағынан, ал уақ Баян ақылы мен ержүректігі жағынан барлығынан артық».

7. Тарақты Байғозы18 батыр. Ресейден қашқан торғауыттарды қуалаған19 қырғыздар ашық далада дамылдап, қазанға сүрленген жылқы етін асып, торсыққа құрт езіп, күні бойына нәр болатындай етіп таңғы астарын ішіп отырады. Бір шатырда Абылай,келесіде өзінің тәкаппарлығымен танымал арғын Шақшақ Жәнібек батыр20 отырады. Батыр насыбай атып отырғанда, бір жас қырғыз жігіт шатырға келіп, атынан түспей қолын созып: «Жәнібек батыр, шақшаңды таста» дейді. Жәнібек оған еш назар аудармайды, бірақ оған өзінің менсінбегенін көрсетіп, асықпай шақшасындағы қалдықты қызыл етігінің өкшесіне қағып, баптап қалтасына салып қояды. Көп ұзамай жасақ қозғалып, әрбір ру өз туының астына жиналады, батырлар садақ-жебелерін асынып, шеңбер құрып ханды қоршап тұрады. Кеңесіп, жаудың көптігіне қарамай, шабуыл жасауға шешім қабылданды. Бірінші қарауыл жіберіп байқап алмақ үшін еріктілерді шақырады, алғаш болып бағанағы Жәнібектен шақшасын сұраған жігіт шығады. Шолғыннан оралған соң, Жәнібектің сұрағына*4 жігіт: «Аз да емес, көп те емес» деп жауап береді. Шабуыл басталады, қалмақтардың саны 10 000, қырғыздар көп шығынға ұшырап, ақыры шыдамай қашуға мәжбүр болады.Ең алдыда ту ұстаған, қара атқа мінген ұзын бойлы қалмақ, қырғыздардың қатарына кіріп, бірнешеуін аттан түсіріп кетеді. Жәнібек те шегінгендердің арасында болып, қатты қапаланып, бар дауысымен «Әттең, мына дүлейді*7 өлтіретін қырғызда бір азамат тумағаны ма?» деп айғай салады. Осы кезде бағанағы жас жігіт садағын қолына алып, бар күшімен тартып, көздеп тұрып жіберіп қалады. Жебе зулап барып тура тағдыр-тесікке қадалып, қалмақ жерге домалап түседі. Жас батыр жебесінің дәл қадалмай ирек жасағанына өкініп «Бұл өзі Алланың назарындағы біреу болды ғой» дейді. Батырларының өлімін көрген қалмақтар абыржып қалады, осы сәтті пайдаланып қырғыздар қарсы соққы беріп, жеңіске жетеді. Сонда Байғозы (бағанағы жас қазақ) шақшасын атып Жаныбайға*8 жақындап: «Батыр, енді міне шақша атуға болады» дейді. Тарақты Байғозы батырдың есімі елге осылайша танылады.

(Үзінді)

Ш. Уәлиханов, 1-том, 186-189 беттер

 


 




Албастылар,неменеге қазақты қырғыз деп жазып отырсындар?!Сол кездери орыстар қазақты киргиз деп атаған болса,ал ата-бабаларымыз өздерін ҚАЗАҚ деп атаған.Осы аударғандарын құрысын.Отарлық қамытымен әлі жүрсіндер ғой мақұлықтар!



Албасты демекші, Шоқанның шығармаларының бірінде албастылар туралы да айтылады. Сен өзің сондай албастыға ұқсайсың. Кітпаты қолыңа алып оқыған соң барп айтпайсың айтатыныңды. Шамасы, кітапта "қырғыздар" атауына түсінік берілген боса керек. Содан кейін, Шоқан еңбегін түпнұсқадан бұрмалуға ешкімнің қақысы жоқ. "Албастылар" содан тартынған болар.



Шоқан Уәлихановтыың шығармалары қазақша аударылмаған. Бұл /қазақ тіліне аударылуы/қазақтың тарихындағы елеулі оқиға. Шоқанның творчествосы бүгінде өзінің өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан творчестволық топқа алғысымызды білдіруіміз керек. Ал алдынғады ескертуге келетін болсақ, Шоқанның еңбектері тарихи дерек. Сондықтан оны біздің буынның өзгертуіне ешқандай хақысы жоқ. Әйтпесе Шоқанды жұлмалап аламыз. Бұл жөнінде аудармашылардың істеп отырғандығы өте дұрыс.



енді барлығымыз қырғыз атанайық па?



Шіркін, енді соның электронды нұсқасын ғаламторға енгізіп қойса ғой, бар қазақтың игілігі үшін!!!



"Көптомдықтың электронды толық нұсқасы «Абай.кз» ақпараттық порталында жарияланады" деп тұр ғой. Абай.кзттен оқитын болармыз



Расынада, Шоқанның осы күнге дейін қазақ тіліне аударылмағаны ұят болған екен. Ерлан Саиров дейтін бір мықты азамат көрінеді. Жарайсың, бауырым! Алматыға барғанда өзіңді тауып алармын.

Қисмет замандасың
Қарағандыдан



Шоқанның вторчествосы сан-алуан. Ол этнография, этнология, заңтану, география ғылымдарын кешенді зерттеген және бүгінгі күні өзекті қорытындылар жасай білген. Оның қазақ тілінде әлі күнге дейін шықтпауы барлығымызға сын. Мына жігіттерге бүкіл қазақ атынан рахмет айтуымыз қажет. Шоқан қазақты сүйе отырып европа мәдениетін еркін меңгере білуге болатындығын өзінің мысалымен көрсетіп кетті. Бізге оның осы қасиетінбаса ұстау қажет. Бауыржан. Өскемен.



Бұл бүкіл қаақ үшін айтулы оқиға болғалы тұр. Жарайсыңдар жігіттер!!! Ана сынаушыға айтарым, өздерің неге осындай еңбек жасап шығармайсыңдар. Әй қазақ-ай бірін-бірі көре алмайтын. "Өсетін елддің баласы бірін бірі батыр" дейді. Еңбекті мемлекеттік силыққа ұсыну қажет. Міндетті түрде, осыған жалпы ұлттық акция жасауға шақырамын. Сайран. Шымкент.



Тереңірек ойлансақ, Орыс-Совет идеологтары ЧОКАНДЫ - "ақпатшаға-орысқа" және "Батысқа" қызмет етудің СИМВОЛЫ дәрежесіне көтеріп, дәріптеп-насихаттау арқылы, қазақтың ұлттық ойлау қабілетіне, яки ұлттық болмысына сына қақты...



Редакция алқасы мен аудармашылардың жұмысына Алла риза болсын! Шоқанның шығармалары қазақ тілінде жарық көргені өте игілікті, қуантарлық оқиға. Енді, электронды нұсқасы порталда таяу арада жарияланады деп үміттенеміз, әйтпесе, осы күні басылып шығып жатқан кітаптар екінің бірінің қолына тие бермейтіндігі шындық.

Ал енді еңбектердің аудармасына келер болсақ, берілген үзіндіні оқи отырып, кейбір сан соқтыратын жайттардың кетіп қалғанына өкініш білдіруге тура келеді.

Мысалы, берілген үзіндіде Шоқанның аузымен айтылған Тәтіқара ақынның, Бұқар жыраудың сөздері - аудармада жүйесіз, ұйқассыз, түсініксіз шыққан. Назар аударыңыз:

"Тәтіқара жырау шегініп бара жатқан қайсақтардың және Абылайдың рухын көтеру үшін былайша жырлайды:

«Қашқан қытайлар қайтадан өз әрекеттерін бастады, құлан жотасынан адырналар созылды. Кебеже қарын, кең құрсақ Абылай бұл істі қоя тұр. Жау қытайлардың аттары болдырды, жоқ хан Абылай қашпады, «қашты» деген дұрыс емес, ол тек қиғаш тартты. Бәсентин Сырымбет, жебесін заулатып, соғысты. Қашқан кезде ойланба! Асығыстық салқын қандылық емес! уақ Баян, иә, біз мұны көрдік! Ол артына бұрылып, найзамен түйреп жатқан сәтте»

Түпнұсқада, әрине, Шоқан ақын-жыраулардың сөздерін орыс тілді аудитория үшін орысшаға аударып берген ғой, Ал енді оларды орысшадан қайтадан қазақ тіліне аударудың не керегі бар еді? Неге түпнұсқа сөздер берілмеген? Бұл ақын-жыраулардың барлық дерлік сөздері, жыр шумақатары, Абылайға қаратып айтқандары - барлығы да қазақ тілінде жетпеп пе еді бізге?

Мысалы, Бұқардың Абылайға айтқандарының барлығы бар осы күні, Тәтіқараның да жыр шумақтары бар, соларды саралап, зерттей келе, түпнұсқа қазақ тіліндегісін беру керек еді деп ойлаймын. Орысшаға тәржімелеген Шоқаннан қайтадан қазақшаға аударып, нәтижесінде түсініксіз қойыртпаққа айналдырудың қажеті шамалы еді.

Аударған екен, әдебиетшілерге көрсетіп, айшықтатып, ажарландырып беру керек еді, ақын-жырауларымыз осылайша ұсқынсыз сөйлеген дегенге кім сенеді?



Оқыған адам біледі ғой Ш.Уалихановтың шығармаларын. Мына жерде былапытпай жаза бермей, шын ниеттерінмен пікір жазсаныздаршы ҚАЗАҚТАР!!!



Шоқанның қазақша ғылыми сөйлеуінің өзі біз үшін өте қуанышты жағдай. 5 томды қазақшаға аудару деген қиямет еңбек. Және де мен өзім 5 томдықтың орысшасын оқып шыққанмын, бұл еңбекте сілтемелер мен ескертпелер өте көп. Әр-бр сілтеменің өзі бір ғылым мақаланың көлемін алады. Сондықтан жұмыс тобы керемет қызмет атқарды деп айтуға болады. Алдындағы сілтемелермен толығымен қосыламын. Бұл еңбекті мемлекеттік силыққа ұсынуға толық құқығымыз бар.



Жарайсыңда жігіттер. Мынау Ерлан Саиров деген азамат екен. Барлығымыз қазақ-қазақ деп айғайлағанды жақсы көреміз. Ал нақты іске келгенде қолымыз шорқақ. Мына жігіттер қазаққа нағыз ісімен қызмет істеп жатыр. Ал мемлекеттік силыққа келетін болсақ, бұл еңбек онсызда тарихта өзінің орнын ойсыратып алады. Шәкәрім. Семей.



Редакция алқасында Әлкей Марғұланның шәкірті академик Болат Көмеков, тарих ғылымдарының докторы Есмағамбетов, белгілі саясатшы Ә. Ғали, Мү Әуезов. Өте күшті ұжым. Олар кітаптың бүгі-шігісіне дейін қараған болар. Шоқанның қасиетті аруағы разы болсын.



Шоханның ғылыми еңбектері,ғалымдығы ол бір төбе!оған ешкімнің таласы да пікірі де жоқ!бір тарихи толғаның бір ғана қыры болмайды.өткенді екшеп таразылау, баға беру арқлы,бүгінгі күнгі ұрпаққа дұрыс бағдар бере аламыз.тарих бізге ең маңыздысы келешек үшін керек!ол тарихтан сабақ алу арқылы болашақта осындай қателіктерден сақтанамыз!менің айтайын дегенім Шохан Шыңғыс ұлының енді бір қыры оның саяси көзғарасы.оның Сыздық төремен болған белдесулері,орыс патшасының әскерімен барып Сыздық сұлтанмен соғысуы олда қазақты "европалық" деңгеиге көтере қояйын деген арманнан туа қоймаған болар!жас ғалымның орыс отаршылдарынан үміт күтуі,олармен бірлесуі соған қалай баға береді бүгінгі азат елдің ұлдары?арғы атасы Шыңғыс сұлтан неге Кене сары ханға өлердей қарсы болды?оның ұлы Шохан неге орыс отаршылдарына қарсы күрескен Сыздық сұлтанға өлердей қарсы болды?бұның қандай тарихи астары бар?сол жағын талқыға салсаңдар деп едім ...

Серік Мұратхан



Шоқан Уәлиханов типичный өз дәуірінің төресі, оның әкесі Кенесарыны мойындамаған. Бұл төрелердің арасындағы өзара бақталастық. Шоқан Ұлы жүздің бір бөлігін билеп отырған Тезек төренің қызын (әлде қарындасын) алады. Сөйткенде Тезек төренің ойы еуропаша оқыған орыс та сыйлайтын Шоқанды өзіне күйеу бала етіп, жауларына қарсы (Сыздық және басқа төрелер мен қаралар) өзінің күшті екендігін көрсету болған. Бірақ Шоқан ерте өлді де. Тезектің бұл ойы жүзеге аспады.
Ақарыс



Бүгінгі біздің мақсатымыз, Шоқанның ғұлама ғалым ретіндегі, ғалым болғанда сол кездегі Ресейдің майталман ғалымдарынан интеллектуалды, сараптау жағынан асып түскендігін анықтап беру. Шоқан сол кезде қазақ халқының тарихтың қыспағында қалғандығын терең түсінген. Тек Европалық ілім-білім ған ұлтты алға жетелейтіндігін анық білген, өзі сол мәдениетті игеріп қана қоймай, оның шыңына жеткен. Осы тұрғыда сол кездегі замандастрыан көш керуен емес, төрт бес керуен алда болған. Ал енді империялық жымысқы саясаттың астарын түсінгеннен кейін боын Петербордан аулақ салып,болашақ атасы Тезек төреге барып паналайды. Сол жерде көтпет ойланып, қазақтың болаағын сараптайды. Өзі де тарихтың қыспағында қаландықтан оны /Шоқанды/ қазақта орыста түсінбегендіктен құсадан қайтыс болады. Оның өмірі қазақтың өмірі тәрізді қым-қиғаштары, шұғыл бұрылыстары өте көп болған. Бірақ оны орыстың әсер ету агенті деген жаңсақ пікір. Ол қазатың нағыз тумасы. Нағыз қазақ.



Қазіргі айтып отырған "Еуропаға жолды",19 ғасырда Ұлы бабамыз Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан бастаған болатын.Кейін бұны Ұлы Абай және Алаш Орда көсемдері жалғастырды.Және де бүгін өз жалғасын сәтті табуда.Соның нақты дәлелі Қазақ елінің Еуропалық беделді ұйымға төрағалық етуі.Сол ата-бабамыз негізін қалаған еуропашыл бағытты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жалғастырған болатын.Мұхамед-Қанапия атамыз Қазақ елінің ұлы тұлғасы.Шоқан мен Абайдың ескерткіштері Ақордада тұрғаны соған дәлел.Яғни,Елбасы олардың жолын жалғастырушысы деп өзін есептейді.

Ерлан АХМЕДИ



Ерлан деген топас сен былжырамашы!недеген топас едын!"улы Абайдын жолын куган бугынгы билык "деп оттаганын не?,олар "европага жолды "Шохан да Абай да салды деп отырган жок,оны алладан кейыгы "екыншы адам " Нур текты нур агам жасады деп отыр!тарих казыр тек "нурдан" гана абасталады!сенде сол "нурланып"журген кулдардын биреуы шыгарсын!



Шоханның ғалымдыгын каитейын,ол барып турган орысшыл,орыстын мадениетын уиренген адамды европа мадениетын игерды деуге келеме?



Абылаі сен жас ул едің,
турумтаідаі төрө едің,
Түркүстөндө жүр едің,
ақ суңқар қустаі түlөдүң;
тоjатың сенің қанға сон
алыстан тоjат тіlәдің,
Сүмбүl туар жыл тіп,
ат семіріп күн тіп.
Абылаі Сарттың наізасы
қаінды болду, берік болду,
әтәкәмнің наізасы
қарағаі болду, морт болду.



алла қазағым-ай біріңді бірің жұлып отырмасаңдар көңілдерің көншімейді ғой осы ))))



Осының Қазақша жазған біредмесі бар ма, сонда да Қырғыз деп жазға ба??



Президент подписал закон, обязывающий все фильмы, выходящие в прокат, дублировать на госязык
27 мая 2010
РИА Новости
27/05/2010

Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев подписал поправки в закон «О культуре», направленный на поддержку и развитие отечественного кинематографа, библиотечного дела, формирование и сохранение культурных ценностей, сообщила в четверг пресс-служба главы государства.

Во время рассмотрения документа в парламенте, сенаторы внесли в законопроект поправки, ужесточающие требования к прокату кинофильмов в Казахстане — с 2012 года все фильмы, поступающие в казахстанский кинопрокат, обязательно должны дублироваться на государственный язык.

При поступлении законопроекта в мажилис речь шла только об обязательной озвучке фильмов на казахском языке с 1 января 2012 года.

Кроме того, поправками предусматривается дальнейшее совершенствование национального законодательства о культуре в части поддержки музейного и библиотечного дела, а также формирования и сохранения культурных ценностей.



Пікір алынып тасталды!



Кітап Мәдени мұра бағдарламасының аясында жарыққа шығыпты ғой. Кеше жаңалықтардан көрсетті ғой. Сіздер Мәдени мұраға енбей қалыпты дейсіздер? Кімдікі дұрыс сонда!



Дұрыстап оқысаңшы. Неге осы уақытқа дейін "Мәдени мұра" бағдарламасына енбей келген деп жазылып тұр. Иә, мен де естідім кітап аталған бағдарлама бойынша енді жарық көріп жатқан көрінеді.



аааааааааааа....мен ертен Шоқанды қорғаймын....жақсы билмейм десемде болад........Шоқан жайлы

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>