Құл Керім ЕЛЕМЕС, ақын: Абай әдебиетін танығанмен, Ибраһимнің әдебиетіне бойлай алмай келеміз | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Құл Керім ЕЛЕМЕС, ақын: Абай әдебиетін танығанмен, Ибраһимнің әдебиетіне бойлай алмай келеміз

Жәрдемші


- Азан шақырып қойған есі­мі­ңіз - Керім. Бүгінде өзіңізді құл Керім атап, басылым беттерінде де осы есіммен бой көрсетіп жүрсіз. Керімнің өзінің есіміне құлды тіркестіруінің сыры неде?
- Расында, Керім едім, осы есім­мен 35 жыл өмір сүрдім. Ал­лаһқа сансыз шүкір, дінді жақсы көруші едім. Бірақ оны толық, тіпті бастауыш дәрежесінде де білмейтінмін. Сөйтіп жүргенде, менің Құранды оқығым келді. Шамамен 1995 жылдар болатын. Дәулетбек Байтұрсынұлы деген азаматтың үйінің төрінде тұрған Құранның қазақша тәржіма кітабын көруші ем, соны алып оқыдым. Бірақ жиырма беттен ары аса алмадым. Сосын не істейін, сақтап қойдым да, бір айдан соң иесіне қайтара апарып бердім. Содан арада екі-үш жыл өткенде Құранға қайтадан ықыласым ауып, оны қазақша оқып, маңдайымды сәждеге қо­йып жүрдім. Сөйтіп жүргенде, ауыр­ғанымды білем, айығып тұр­ғанда, Құранға деген ықы­ла­сымның ерекше екенін сезіп, қолыма алдым. Қолға алдым да, таңғалдым, екі-үш жыл бұрын жиырма беттен аса алмаған па­қы­рың енді кітаптан бас алсашы. Ертемен тұрып аламын да, көзге ұйқы тығылып тұрса да, оқи бер­дім, оқи бердім. Құранды оқы­ғаннан кейін пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін оқып, мешіт имамдарын ұйып тыңдай бердім, тіпті бала айтса да, құлақ түре­тінмін. Содан не керек, Пай­ғам­бар (с.ғ.с) хадисінен өз атымның Аллаһтың бір есімі екенін оқып, оның «жомарт» деген мағына бе­ретінін білдім. Хадистен, сондай-ақ адам есімі Аллаһтың сипат есімімен аталатын болса, оған «әбді», яғни «құл» деген тіркесті қосу керек екенін оқыдым. Сосын мен «әбді» емес, қазақша «құл» де­ген сөзді өз атыма қосып ал­дым, міне, содан бері де мен - құл Керім Елемеспін.
- Жаңа есім өміріңізге үлкен өзгерістер ала келген екен. Ал әде­биетіңізге ше?
- Әлбетте, содан бастап өмі­рімде де, әдебиетімде де үлкен өз­герістер болды. Ол өзгеріс «Үй­леспестен ақылым мен иманым, отыз бес жыл иір-иір жол жүрдім» деп басталатын өлеңімде-ақ көрініс тапқан. Жыр жолдары «Дінсіз кезім - нұрсыз кезім екен де, нұрсыз кезім - кезім екен тірі өлік» деп тәмамдалады. Яғни тірі жүрген өлік болғанымды түсіндім. Адам емес, пенде екенмін, адам­дық­тан мүлде хабарсыз пенде бо­лып келіппін. Иманға келуіммен бірге өмірімде де, өлеңімде де бұрынғы Керімге қарама-қарсы жүру дағдысы басталды. Жалпы, адам нені таныса, соны шындық деп біледі екен. Мен де осы уа­қытқа дейін діннің сыртындағы нәрсенің бәрін шындық деп біліп келіппін. Ал діннің ішіне кір­ген­нен кейін оның сыртындағының бәрі жалған екенін, ал нағыз шын­дықтың бәрі діннің ішінде ғана екенін сезіне бастадым. Тіпті әдебиетте де дәл солай. Сон­дық­тан біздің әдебиетті оқи отыра, бұлардың бәрі нәпсіби әдебиет екенін ұғындым. Яғни ол бір­ың­ғай нәпсіге құрылған, хақиқаттан алшақ, «хақиқат» деген сөзді ғана білетін, бірақ атауын білгенімен, оның не екенін түсінбейтін бір орта мен хақиқатты таныған ор­та­ның арасы екіге бөлініп тұр­ға­нын көрдім. Бұл бөліну адам са­насында тұрғаннан, ол адамның жүріс-тұрысы, қозғалысы, өмір сүруінен де көрініс табады екен. Ақын-жазушы болса, шығармала­рынан көрінеді. Міне, осы жерден келіп, біздің әдебиет те иманды әде­биет және имансыз не бей­имани әдебиет деп бөлінеді деген ой менің санама нәсіп болды. Иманды әдебиет және имансыз әдебиет дегенді бөліп жазып, әдеби ортаға ұсынып та көрдім. Қазір «модернизм, постмо­дер­низм» деп, иманның сыртындағы неше түрлі ағымдарды әдебиетке жатқызып жүрміз. Ал иманшылық әдебиет жөнінде не бар? Тек қана зар заман әдебиетін атай аламыз. Сөйтіп, нағыз хақиқи әдебиетті итере салады екенбіз. Сөйте келе, бәріміз құрметтейтін Абайдың өзінен де теріс айналамыз. Бұл сөзіме ешкім келісе қоймас, бірақ біз Абайдың құр атын ғана айтып жүрміз де, оның идеясынан мүлде алшақ өмір сүріп келеміз. Қарама-қайшы, кереғар әдебиетті ұста­нып жүрміз. Иманды әдебиет өз-өзінен бастырылып, біз керек ет­пейтін дүние ретінде ғана дәріп­теліп қалды. Оның орнына нәпсіби әдебиет келді.
- Нәпсіби әдебиет нені дәріп­тейді?
- Бұрынғылардың танығаны Аллаһ болса, ендігі біздің таныға­ны­мыз - ару болды. Білгеніміз - ару, қыз-қырқын, табиғаттың сыртын сүю дәстүрі. Абайға де­йін­гі әдебиетіміз иманды әдебиет те, одан кейінгі әдебиетте ауытқу пайда болыпты. Міне, осыдан келіп, 70 жылдық иллаһи, Құ­дай­лық сынақтан кейін біз қайтадан хақиқатқа қарай бет бұрудамыз, қайтадан бес арысымызды тап­тық. Шәкәрімді өмірге қайтып алып келдік десек те болады. Аллаһ Тағала бізге хақиқи әдебиетті қай­та әкеліп, көрсетіп жатыр. Әде­биетте жаңару немесе шындыққа қайту, адамның өзінің адамдығын тануы, пендешіліктен шегіну, шындыққа қарай бет алу көрініс тауып жатыр. Бұл да әдебие­ті­міз­дің кешегі иллаһи сынақ уа­қы­тында жұқтырып алған келеңсіз нәрселерді өз бойынан таста­уы­ның көрінісі болар. Ендігі жерде ол ары қарай иллаһиятқа, адам ба­ласының өмір сүру дағды­сын­дағы шындыққа қарай келе жатыр немесе нағыз классикаға енді келе жатыр десек те болады.
- Бізге әдебиет зерттеушілер түсіндірген «классика» ұғымында иман жайлы мүлде түсінік жоқ. Әлде, бәлкім, сіз «классиканың» бас­қа түсіндірмесін айтқыңыз келе ме?
- Біз «классика» дегенді қате түсініп келіппіз. Оны қазақ халқы «имани әдебиет» деп түсіну керек. Міне, біздің классикамыз да - имани әдебиет болуға тиіс. Оған бет бұрғандар озады, бұрмағандар сан ұрып қалады. Бұл тұрғыда Абай шығармаларын әңгімелейік. Абайдың өзінің әдебиетін екіге бөлуге болады. Бірі - Абайдың иманға келгенге дейінгі немесе өзінің балалық шағынан хақи­қат­ты танығанға дейінгі шығар­ма­шылығы, сосын балалық шағын тастап, хақиқатты танығаннан кейінгі әдебиеті. Немесе нәпсіби әдебиет өкіліндегі Абай және иман әдебиеті өкіліндегі Абай. Оның нәпсіби әдебиеттегісін Абай деп, имани әдебиеттегісін өз атымен, Ибраһим деп атаған жөн шығар. Өйткені пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кімнің аты қалай азан шақырылып қойылса, сол атты айтуды дәріптеген екен. Сол есім­ді атау - адам баласына міндет. Адам­ның екінші қойылған лақап атына дінімізде рұқсат етілмейді. Сондықтан біз Абайдай дана­мыз­ды имани әдебиетте «Ибраһим Құнанбайұлы» деп атап, Ибраһим әдебиетіне қайтадан бойлайтын кезең келді деп есептеймін. Ол: «Жасымда ғылым бар деп ескер­ме­дім, пайдасын көре тұра тек­сер­медім, өскеннен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім», - деп жырлады. Бұл - ақынның жүрегімен айтқан жыр жолдары, яғни иллаһиятқа кел­ген­нен кейін жазғаны екені дау­сыз. Абай һақиқатты танығаннан кейін, жасында ғылым бар деп ескермей, пендешілікпен жүріп қалғанын айтып отыр. Бірақ оның өмір сүрген уақыты ақын­мен келіскен жоқ. Сондықтан оған өз қоғамының ортасында өмір сүру оңайға соқпады. «Мың­мен жалғыз алыстым, кінә қойма» деп отырған Абайға қалай кінә артпақсың? Соған қарамастан, Абай бір адамға жетерлік хақиқат айтып, жазып қалдырды. Білімді адам қашанда жалғыз қалады. Әрине, ол жалғыз қалайын деп қалмайды, білімін басқаларға айтады, ал басқалар білмегеннен кейін одан қашады. Білімдінің жалғыз қалатын себебі - осы. Міне, Абайдың халін өзінің өле­ңінен-ақ түсініп алуға болады: «Адасқан күшік секілді, адасып жұртқа қайтқан ой!». Ақын өзінің түйсінген ойларын, хақиқатын халық арасына жіберіп көріп еді, ешкімге керегі болмай, адасқан күшік секілді өзіне қайтып келді. Абайды біздің сабағанымыздың себебі де сол. Абайды сабаған на­дандық кезінде пайғамбары­мыз­дың (с.ғ.с.) тісін түсірген еді. Олар қоғамына хақиқат әкеліп еді, халық керек етпеді де, бәрін өлті­ріп тастады. Имансыз ортада ха­қи­қатты танушыларға орын жоқ.
- Ислам қайраткерлері өмі­рін­дегі ұқсастық пен олардың әде­бие­тіндегі ұқсастықтың тылсым бай­ланысы бар дегенді меңзеп келесіз бе?
- Ұқсастық бар. Оған таңғал­мау мүмкін емес. Йассауидің жер астына түсуі мен Абайдың жалғыз қалуы немесе Шәкәрімнің тауға барып, саяқ ғұмыр кешуі - мұның бәрінде ұқсастық бар. Олардың бәрі де өзінің ортасына керек бол­ған жоқ. Керек болмағаннан кейін олар Құдайға жалғыз өздері мінәжат етуге мәжбүр болды. Жалаладин Румидің шығармала­рын да қарап отырсаңыз, өзінің жалғыз қалғанын жазады. Оның да жанында адам қалмаған. Ұқ­сас­тық па, ұқсастық. Құранда «бі­летіндер мен білмейтіндер ұқ­сас па?» делінеді. Құдайдан білім­ділер ғана қорқады, ал білімсіздер Құдайдан да қорықпайды. Содан кеп, Құдайдан қорықпағандардан қорқуға тура келеді. Хақ діні - ақылдылардың діні. Абай ақылды ма, әлхамдилулла, ақылды, Шә­кәрім ақылды ма, әлхамдилулла, ақылды, Йассауи ше, ол да, әлхам­дилулла, ақылды. Бұқардың шығармашылығында «Аллаһ деген ар емес» деген пікір бар. Оны қазіргі тәңіршілдеріміз бас­қаша түсініп, «Аллаһ деген ар емес, яки арсыздық» дегенді Бұ­қар айтқан деп, қате түсінік тара­тып жүр. Мұндай сорақы пікірді мен философ Әуезхан Қодардың аузынан естіп қалып едім. Негі­зін­де Бұқар «Аллаһ деген ар емес, яғни, ол ұят емес, ұялатын дүние емес» дегенді айтқан. Абайға жү­гі­нейік, «Ақылға сыймас, ол Ал­лаһ» дейді ақын. Хақиқат Құ­дайдың ілімінде ғана немесе Ал­лаһ­тың Құранында. Аллаһтың діні - ислам, дәл осыған кел­ме­йін­ше, басын сәждеге қоймайын­ша, Абайды біздің қазақ тани алмайды. Абайдың атын білмей­тін қазақ жоқ, бірақ Абайдың руханиятын білетін қазақ аз. Білсе, неге ғамал етпейді? Білсе, неге Абайды қыбыланама жаса­майды? «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Аллаһты жан­нан тәтті»! Бұл да Абайдың сөзі. Біреулер «махаббат тәтті», біреулер «жан тәтті» дер. Ал Абай үшін жаннан да тәтті Аллаһ бар. Демек, бұл қандай биіктік бол­ға­ны? Осыны ойлағанымыз абзал.
- Осыдан екі жыл уақыт бұрын Алматыда өткен жыр мүшәйрасы қорытындысында айтқан сөзіңіз есте қалыпты. «Бұрынғы поэзияда рух бар еді, бүгінгі жырларда сезім басым. Енді осы екеуін үндестіру қажеттігі тұр» деген едіңіз. Сіздің­ше, осы екеуі үндесіп келе ме?
- Иә, екі жыл бұрын дәл осы­лай айтсам, бүгін де соны қай­та­лап айтар едім. Әлде де діннің сыртындағы нәрселерді жырлау көп көрініс беріп қалып жатыр. Махаббатты тік көтеріп жүреміз деп, оны «ұлы» жасап алдық. Ұлы махаббат дейміз. Құдайдың құлы емес, махаббаттың құлына айнал­дық. Махаббатты тыр жалаңаш күйде ортаға алып шығып, доп құсатып теуіп ойнап жүр кей әдебиетшілер. Жығылып-сүрініп жатса да, махаббат деп жырлайды. Өлең жазумен-ақ зинаға барады. Бұл әдебиет пен өнерде қатар көрініс беріп жатыр. Сұбханалла, қазір бетбұрыс бар, иманға кел­гендер қатары қа­на­тын кеңге жайып барады. Бұ­рынғы имансыз әдебиетті лақ­тыратын кез келді. Әйтпесе кезінде миллиондаған таралым­мен шыққан кітаптар қайда? Әлдебіреудің үйінен кездейсоқ таппасаң, табылмайды. Бұл да ойланатын нәрсе. Бір кісілердің көзімен қарағанда, менің сөзім жаппай қара күйе жағу болып көрінетін шығар, бірақ шындық­тың бетіне тіке қарайтын кез кел­ді. Өзіміздің бойымыздағы жаман қылықтарды тастайтын уақыт жетті. Біз өйт­кені ешкімнің қол­ас­тында өмір сүріп жатқан жоқ­пыз. Тәуелсіздік елімізге келді екен, ол жүрегімізге де енді деген сөз. Соны өзіміз толық түсінуіміз керек. Бодандық кезеңде бас­қа­лар­дан жиып алған жаман қа­сиеттерді ішкі-сыртқы әле­мі­мізден шығарып тастайтын ке­зеңге келдік. Ол кезең басталды. Осы уақытта адамдар бір-біріне көмектескені абзал. Қандай кө­мек? Бір-бірінің кемдігін, қатесін көрсетіп, достықтан емес, қате­лік­тен кету керек. Досты дұшпан санамау қажет. Қазір иманды сүйетін әрбір азамат имансыз әдебиетті оқымайды. Өткенге салауат ете білген дұрыс. Әйтпесе Абайда да нәпсіби әдебиет болған жоқ емес, болды. Бірақ ол иманға келгеннен кейін ондай әдебиетті жазған жоқ. Керек десеңіз, «Сал­мағыңнан қалсын дене жан­шы­лып...» деп жазған да Абай бо­латын. Қазіргі ақындардың жетіп жатқан биігі осы болса, Абай оны бала күнінде-ақ жазып тастады. Демек, постмодернизмнің бәрін Абай сол уақытта кешіп өтіп кет­кен ғой. Ал Ибраһим Құраннан түсінген сөздерін халыққа жет­кізіп отырды. Бір қырынан Абай­ды ақын дегеннен гөрі хакім деу дұрыс.
- Әңгімеңізге рақмет!


Нұрболат АМАНЖОЛ

«Айқын» газетінен алынды

 


 




Осы Керім деген көп ақылгөйси бермесінші. Түрін көріп, сөзін естісем нервім қайнайды. Себебі, Мен де әлхамдұлилла мұсылманмын. Ал Қазақ халқы ежелден, алхамдұлилла мұсылман халық. Қазақтың мұсылмандығы туралы бұлай Америка ашқандай болып көсемсудің кімге керегі бар. Әкелеріміз, ата-бабаларымыз, тіпті бүгін де бес парызын өтеу қамында жүрген ағайындарымыз аз емес қой. Қажыға барып келіп жатқандар да иншалла, жетерлік. Солардың бәрі тып-тыныш өз жөнімен, өз тірлігін істеп жүр. Ал мынау Керім деген кеше қытайдан келіп, бізді ислам дініне өзі кіргізгендей жінігеді келіп, ұят емес пе?! Күнәнің үлкені халыққа, көпке топырақ шашу. Сондықтан, діни уағыз айтатын дін ғұламары бар. Діни мекеме де бар. Ал Керім мырза жолыңды білгенің жөн. Өлеңіңді жаз, жұмысыңды істе, бес уақ намазыңды оқы. Оған еш кім кедергі емес. Ал діни уағыз айту ойыншық емес.
шынайы тілекпен, дін қарындасың Қайрат Зауытбек



Мен атымды Патша Қазақ қоямын. анау маған құл болсын.



керім-ай керім болыпты ғой. "Әлхамдулилла", "субханалла", "Аллаһ Тағалаһ" дей береді деген. негізінде Абай атамыз "Аллаһ" деп емес "Алла" деп айтқан. сен өзің арабқа еліктесең де Абайдың "сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті" дегеніндегі "Алланы" "Аллаһ" деме. Абайға өзгеріс әкелетін сен емес. негізінде "Аллаһ" деп соңына "һ"-ны қосып сөйлейтіндер уаххабистер, нуршылар, таблиғи жамағат болып келеді. сен осының қайсысына жатасың "данышпан" керім?
мөңке би айтып еді "әлхам білгенін молда дейді" деп осы күнді айтып кетіп еді. керім қажылыққа бардым деп керіле берме, Құдай көтіңді көктен келтіреді.



Абай өлеңдерін кирилицамен емес, арап әліпбиімен жазған, сондықтан соған қара! Ол жерде Аллаһ деп жазған ба, әлде, Алла деп жазған ба? Қолымыздағы кирилицаға аударылып жазылған кітаптардың барлығы бұрмаланбаса да, бір шамасы бұрмаланған. Сондықтан осыны ескерген жөн болар!



мен мұсылманмын, намаз оқимын, мен имандымын деп жарнамалау - Құдайға серік қосумен тең. намаз оқысаң өзің үшін оқисың, ендеше несіне жарнамалайсын. кеудесін соққан адам Құдайдың құлы емес, напсинің құлы. әуелі сен ойлан кімге және неге құл болып жүрмін деп.



Әй, надандық-ай! Бұл Керім деген өзі сөйлеп қалса болды, өзінің сауатсыздығын өзі айпарадай ғып ашады да тастайды. "Алланың өзі де рас, сөзі де рас" деген Абайдан білім оздырам деу надандық қой. Себебі Абайдың Алланы тануы деген тек діни сауатпен ғана емес, тұтас ғылыммен, хакімдікпен астасып жатыр. Ал сауатсыз адам, екі сүрені, бір-екі діни зерттеуді оқып алып, мен бәрін біліп алдым деп айқайлай береді екен ғой. Қой, Кереке, жолыңды, жөніңді біл.



Не жұмыстарың бар кімнің құдайды қалай іздегенінде? Құдай мен адамның арасына араласатын періште, не пайғамбар м`едіңдер? Ғайбат сөйлемеңдер, әсіресе үшінші, өз көтіңе ие болғаныңды біл.

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



керім мырзаның құл болғанына да Алла жолында жүргеніне де пікіріміз жоқ.жолы болсын.алла қолдасын.алайда өлі түрде құранды оқый беріп оқый беріп Мұслман болғанын өзі айтып тұр.құранда бірінші түскен аят ол "оқы,оқы оқы "деген аят.жане ол өлі түрде емес,шын жан дүниесімен алланы тану үшін оқу болмақ.ол экранда ,ахпарат құралдарында көпіріп кез келген уақытта мақтанып ,өзінің дұрыс жолда жүргенін жарнамалау үшін,басқаға ақылгөйсу үшін оқу, мұслман болу деген сөз емес.қазір формасы мұслман,ой дұниесі сорақы адамдар көбейді.Алланы тану деген ол күрделі жұмыс.арабша танып,құран оқысам "алланы таныдым" деу арине санасыздық болар.алланы тану ол жартқан жаратылысты,жане жаратылыстағы заңдылықтарды,ондағы күрделі де сырлы тілсімдерді тануға ұмтылу!ар кім шамасынша алланы таниды,жане тануға ұмтылады.керім барін дінніи нормалармен өлшегісі келеді.өлшенетін де болар,егер өлшейтін адам Абайдай ғұламалыққа жеткен болса.ал шолақ ойы шолтаңдап қырыққа келгенше"тірі өлік"болып бірнеше жыл ішінде" Алланы танып үлгіріп"жалпы жұртқа арнап ақыл айтатын ағалар сөзі кімге керек!хақты танса жасынан танысын."жасымда ғылым бар деп ескермедім" деген Абай атамыз бес жасынан бастап молладан оқып дінмен сауатын ашақан адам.отыз жасына жетпей бір бір дуан елді аузына қаратқан адам.Абайға бағаны қазір "құдай"болып жүргендерде"құл"боп жүргендерде бере алмайды.баға емес,Абайды танып алайық.Абайды тану жолы алланы шынайы тануға апарар....

Серік Мұратхан ұлы

сосын жоғардағы кейбір аузынан "ақ ит кіріп көк ит шыққан ағалар к...ті аузынан тастап мадениетті пікір жазып үйренсін!



Қазіргі философтардан, ойшылсымақтардан шаршадым..Енді мене Абай мен Ибраһим дейтін бопты...Қоя қойдық. Айта беріңіз. Меніңіше Алдан Әйімбетпен бірге қазақтың академиялық түрдегі шыншыл философиясы келмеске кетті...

Ұрысқара ұраным!



Бул кытаидан кеше келип алып ертен мен Алланы таныдым деп тагы да халыктан болинип кашып кету ойында бар адам гой. оиткени жогарыда оншен ерешелену туралы аитыпты. Аллан танысан халыктан ерекшеленетин болсан кытаиына каитканын дурыс болар.



осы жерде пікір жазушылар ылғи қызғаншақ, лас сөзді, барлығын жамандаушы келеді ғой. Және өздерінің қара ниеттеріне Абайды пайдаланады ылғи. Сонда қазақтың барлығы осындай болғаны ма: Абайдың уақытындағы қазақ өзгермеген гой. Қайтейін Алла Тағалаға ақыл, сана , иман берсін қазаққа...



Абайдың уақытындағы қазақ өзгермеген гой. Қайтейін Алла Тағалаға ақыл, сана , иман берсін қазаққа...

кім айтты саған Абайдың тұсындағы қазақ жаман деп?олар бүгінгі қазақтардан алде қайда артық болатын.
бірінші:олар шетелдің ана секта мына сектасында емс,баба салтын сақтаған дәсторлі исламда болатын.
екінші:оларда баурмалдық мейірімділік,ерлік әлі де бар болатын.орысқа отар елде отырсада орысша білмейтін,қазақша сөйлейтін.маңғүрттер жоқ болатын.қазір барі өзгерді!арине жақсылыққа емес!



Менің елім Абайдың кезінде бұзылудың басында болды, қазір әбден бұзылып бітті. Абайдың кезінде қазақ енді енді арақ деген пәлеге үйір бола бастаған еді, пара алу деген пәле пайда болған еді. Ал қазір бұл жағымсыз құбылыстар ең сорақы, асқынған жағдайына жетті. Абай енді бұзылып келе жатқан елін түзетем бе деп әуре болды, ал біз өзіміз құрып кетпейікші - деп қарманып, жанталасып жатырмыз әншейін. Заманның кінәсі жоқ. Мәселе тек қазақша сөйлеуде емес, "Өзіміз" құрып бара жатырмыз. Қойшы айта берсем Шортанбай мен Дулаттай "Зарзаманның жоқшысы" атанып кетермін.

Ұрысқара ұраным!



Осы сұхбаттың астына пікір жазғандардың өзі қаншалықты таяз адамдар екенін білдіріп алыпты. Өйтпесе, Керім Абай туралы емес әдебиеттегі имандылық туралы айтып отырған жоқ па?! Егер осы сайтқа қыздың сұлулығы туралы бір өлең жариялансыншы. Осындағылардың аузынан суы тамып қалай пікір жазатынын. Бір адам тазалық, адалдық, имандылық туралы айтса болды, аяғынан ала қалатындарың не? Осы сұхбаттан өздеріңе алатын ештеңе таппадыңдар ма? Дұрысы, осындағы "иманды әдебиет" туралы ой өрбітсек тура болар еді ғой...



Дұрысы, осындағы "иманды әдебиет" туралы ой өрбітсек тура болар еді ғой...
______________________________________________________________________
Қосыламын пікіріңізге

Ұрысқара ұраным!



ағайындар, Керімнің надандығына ілесіп "Иманды әдебиет", "имансыз әдебиет" деп шатаспаңыздар. Бұл олай аталмайды, бұл ғылыми түрде "мінажат жанры" немесе "діни тақырып" деп аталады. Ал құл керімсіз-ақ, қазақ әдебиетінде бұл жаныр (немесе тақырып) ежелден бар һәм бола береді. Мына сұхбатта оны керімнің өзінен бастағысы келетін пендешілігі көрініп қалыпты. Иншалла, дін мұсылман аманда ол жанр көркейе береді.



Мен Әкім тарази қоям....



Абай, Абай дейсіңдер. Сол Абайды дұрыстап оқысаңдар оның жазғаны - қазақтың берекесіздігі, жікшілдігі. қызғаншақтығы болатын. Ал бұл жаман әдеттің бүгінгі ұрпақ бойынан әлі де арылмағаны өкінішті-ақ!



Хадис шәріп: Хазіретті Пайғамбарымыз (с.а.у) Былай деп айтқанын (Бухари, Мезалим, Вирр, 58) Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық етпейді және оны жалғыз тастамайды. Зұлымдыққа да бермейді - деп бұйырған.
Біріңді қазақ, біріңді дос көрмесең істің бәрі бос.... Айналайын иманды, намысты ойлаған қазақ былай бір-біріне топырақ шашпағаны дұрыс болады. Қытайдан келсін, иә қайдан келсін, ол тағдырдың жазуы. Иман туралы айтқан екен қандай тақияларыңа тар келді...? Бәрәкаллаһ деп қолдау танытыңдар ағайындар. Ол, бірлік пен берекенің басы. Сонда ғана біз иманды да өресі биік ел болармыз иншаллаһ. Барлығыңызда пікірлеріңізді електен қайта бір өткізіп, Аллаһ Тағаладан ғафу тілеңіздер.



Керемет мақала! Абай.кз-да осындай "нәпсіби" емес,"имани" сұхбат, мақалалар жарияланып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.



Білмеймін, білмеймін! Өзіміз Құл Керімді емес, Абай сүйген Әйгерімді мойындаймыз!!!



Жалпы жазылған пікірлерге қарап отырып қазіргі рухани деңгейімізді танимыз. Тақырыптан ауытқып жеке адамға ғайбат айту басым. Осындай берекесіз жұртты Жаратушы хош көрмейді. Және бір байқалып тұрғаны "қытайдан келіп ақыл айтпасын..." секілді пікірлер. Бұлай іштарлық жасауға болмайды.



Бұл интернет деген ғажайып жетістікті қазақтың бірлігіне, тірлігіне, біліміне жастар тәрбиесіне пайдаланайық.Өнегелі сөз, озық пікір таратайық,Кері кеткен кеселдерге бұл жерде орын жоқ. Авторларды тілдеп, кекетіп-мұқататын жер бұл емес,Жастарға жаман үлгі көрсетпейік. Әркімнің өз пікірі өзінде, әркім жеткен жерінде қалады. Онда неміз бар.Әдепті, иманды, көргенді сөз жазайық



Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын.
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын.
Құнанбай қажы баласы Ибраһим



Жалпы бауырлар, әуелі сабырлы балалы, сосын пікірімізге мұнда - бұ дүниеде болмаса о дүниеде жауап беретінімізді ойлалық. Қызғаншақтық - хас надандық. Абайды жақсы көрген қайта оқысын, қара сөздерін де оқысын! Ол - данышпан, ол қазақтың дәл осы пиғылдағы алтыбақан алауыздығын, көре алмас көрсоқыр іштарлығын, білімсіздігін қанын ағыза жазған, ондағысы қазақты қаралау емес туралыққа шақыру болатын. Ол ол дәрежеге Аллаһын танып жеткен, дұрысы Аллаһ тарабынан жеткізілген. "Сен кім едің", "осы біреу", "қытай" деген секілді әсіресе айтушының өзіне қасірет әкелетін надан сасық кекесінді айту "жүректегіні айтқызбай-ақ біліп тұратын" Аллаһтың алдында қорлық емес пе? Тағы ұялмай "Әлхамдулилләһ мұсылманмын" деп қоясыздар. Ендеше бұл мұсылманның сөзі ме? Аллаһ алдында күнәлі, қор болуға "мұсылманның мұсылманды жеккөруі жеткілікті" екені жайлы ақиқатты білмейтін болдыңыздар ғой "мұсылман" бауырлар, өкінішті! Тағы келіп біреудің бет әлпетін жеккөру - Аллаһтың жаратқанын жеккөру екенін білмейтін ол қай мұсылмандықтарың? Абайлаңдар бауырлар, Аллаһқа құл-пенде қалай қарсы тұрып жатқанын егер ол надан болса білмейді, сезбейді. "Ренішті үш күнге дейін сақтаған бізден (яғни мұсылман) емес" деген хадис тағы бар. Біз ғой ренжіспедік, тіпті бет-жүзімізді де білмейміз (сендер білесіңдер, бірақ мен сендерді білмеймін білмеймін, әрине). Тағы да Аллаһтан жасыра алмайтын аты-жөндеріңізді ашық айтуда пендеден жасырғансыздар, неге?
Жалпы мұсылман адам - ең толымды, мейірімді, кең, ізгі, біреуге жамандық істемек түгілі ойлаудый да өзіне ар санайтын, адам тұрмақ жыланды да жеккөрмейтін, жеккөре алмайтын нағыз кемел адам болуға тиіс, кемінде сол кемелдікке тырысатын адам.
Дұрыс мұсылман болсаң мұсылман шығарсыңдар, онда бауыр екенбіз, мен оған қуанамын. Бірақ қандай мұсылмансыңдар, бауырлар? Жүрегі мұсылмансыңдар ма, киімі мұсылмансыңдар ма? Шын мұсылман мұсылман бауырына өсыншама кекті, зәрлі, азар беретін надан, атүсті сөз айтар ма? Әрі жеке басқа осылайша шабуыл жасап өз надандығын өзі білдірер ме? "Абай" дегенсіп Абай атындағы сайтта осылай арзан, қотыр, тікенді, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тық айтар ма? Көргенсіздік танытар ма?
Әй, бірақ қойшы, "Ойда қайрат, бойда көз болмаған соң айтпа сөз" деп еді ғой данамыз Абай! Менің де "қайран сөзім қор болды-ау"... түге. Абайын сабаған бұл...
Тек, Саған ғана тәуекел еттім - Аллаһым! Иә, Сен "Мен сабырлылармен біргемін" дегенсің, сондықтан Өзіңе тәуекел, сабыр!
Аллаһ, Сен мені де, бұл бауырларымды да кешір, ең тура жолың - СИРОТАЛ МҰСТАҚИМ жолыңа сала гөр? Болмаса біздің ит болып таласқанымыз таласқан...
Ескерту: Не жазсақта бауырлар, әдеп сақталық, аты-жөнімізді анық жазалық, тіпті кім екенімізді, ненің "білгірі" екенімізді білдіріп қоялы.
Құрметпен: Құл-Керім ЕЛЕМЕС

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
10 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>