Қазақ қызының ағасы жоқ па?.. | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Қазақ қызының ағасы жоқ па?..

Жәрдемші


«Махаббат тәлкегі» («Ирония любви») фильмі де сөз қылуға  тұрарлық  ғажап дүние емес. Жәй, қарапайым, үйреншікті құлдық сананың тағы бір көрінісі. Күйін, күйін бе, не шара? Көретін жұрт көрді. Одан сорақысы болып жатыр. Бірақ бізді шошытқаны осы фильмнің ізімен, қазақ қызын бұл кинодағыдай тек орысқа ғана емес, африкалыққа, түрікке беретін фильмдер циклы дайындалып жатыр дегенде төбе шашымыз тік тұрды. Қазақ қызының намысы елдің намысы еді. Оны әкесі, ағасы ауылы қорғайтын. Ал, бүгінде сол намыс та бізден алыстап бара ма деп қалдық...

Расында да қазақ қыздарын шетеледіктерге беретін кинолар тізбегі бар ма деп, аталған киноның басы-қасында болған бас киногер Аманшев мырзаға телефон соғып, анық-қанығын сұрап көрдік. Сұхбатпен қатар, осы мәселеге қатысты да бірнеше адамның пікірін білген едік, оқып, танысып көріңіз.


Ермек АМАНШАЕВ, «Қазақфильм» АҚ-ның президенті, «Махаббат тәлкегі» комедиялық фильмінің продюсері:

- Ермек аға, әңгімені төтесінен бастайық, көрермендер «Махаббат тәлкегі» киносын көріп, қатты сынап жатыр. Бұл сынауға, әрі дауға себеп болған - қазақтың намысы. Яғни бұл фильмдегі жатқа кеткен қазақ қызы үшін болған намыс. Бұған не айтасыз?
- Осыны да дау деп айтуға бола ма?.. Біріншіден, оны қазақтың қызы деп есептеуге бола ма? Ол байдың қызы, екеуі де Мәскеуде өмір сүреді. Таңертеңнен кешке дейін оның ойындағы нәрсе ең қымбат ресторандарда өмірін өткізу және ол қыз еш жерде жұмыс істемейді. Астында мініп жүргені ешбір қазақ қызының арманына түспеген қымбат көлік. Жүрісі - жеңілтек. Ендеше оны қалай қазақтың қызы деп айтуға болады?
- Киноны түсірген «Қазақфильмнің» қатысы бар ғой, оның үстіне қазақтың қызы екені түрінен-ақ көрініп тұр емес пе?
- Кино саласында комедия деген жанр бар. Комедия дегеніміз - күлкі арқылы кейбір адамның мінезін сынау. Өмірдегі тағдыр басқаша болады. «Махаббат тәлкегі» комедия жанрында түсірілген. Ондағы Әсел өзі Мәскеуде тұратын болса, қазақтың қызына қай жері келіп тұр? Туған жері - Алматы. Істеген ісі, былайша айтқанда өмірінің бәрі өңшең ойын. Ол өз топырағынан алыстаған, ешқандай тамыры, түбі жоқ адам.
- Сұрағым ауыр тимесін, егер өзіңіздің қызыңыз болса, өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа берер ме едіңіз?
- Ол киноны шынайы өмірмен шатастырмайық. Егер біз оны осылай түсінетін болсақ, ендеше «Менің атым Қожа» деген атақты киноны мысалға алайық. Таңертеңнен кешке дейін Қожаның істейтіні бұзақылық. Жұртты да, шешесін де алдайды. Бұл да комедия жанры. Одан бүгінгі қазақтың баласы Қожа секілді бұзық деген пікір тумайды ғой. Бұлар да сол сияқты дүние. Және де оның ар жағында мұндай болмау керек деген ой жатады. Кинодағы осындай қарапайым қағидаларды қайта-қайта түсіндіріп жатудың өзі артық. Бұл - біріншіден. Екіншіден, бұл кино әлі біткен жоқ, оның әлі жалғасы, яғни екіншісі шығуы мүмкін. Онда ол қыз қайтадан Қазақстанға қайтып келуі де мүмкін, орыс жігітімен кетіп қалғаны болмаса, оған күйеуге шығып жатқан ештеңесі жоқ. Екінші фильмінде қыз одан қайтып келіп, қайтадан қазақтың жігітіне тұрмысқа шығуы мүмкін. Ол кино ғой.
- Естуімізше, «Махаббат тәлкегі» комедиялық фильмінің сценарийін көркемдік кеңес қабылдамай қойыпты. Айтпақшы,  «Махаббат тәлкегінің» сюжетіне ұқсас, яғни қазақ қызының афроамарикандыққа, түрікке тұрмысқа шығатын варианттары бар деген рас па?
- Шығып қойған дүниелерді «анау алай депті, мынау былай депті», «қабылдамай қойыпты» деген қауесет сөздердің қажеті не? Өсек сөздер, әр жерден құралған сөздердің қажеті не сіздерге? Мұның бәрі - бос сөздер.
- «Қазақфильм» болғасын, оның үстіне мемлекеттің қаржысы бөлініп жатқасын қазақы иісті немесе ұлттық, мемлекеттік мүдде, мұратты насихаттайтын, көрерменге салмақты ой салатын кинолар түсірген жөн ғой. Ал мына фильмнің идеологиялық кері әсерін қайда қоямыз?
- Қазақы идея дейсіңдер, осы қаншама фильмдер шығып жатыр, соларды неге айтпайсыңдар? Мысалы, «Біржан сал», «Мұстафа Шоқай», «Қош бол, Гүлсары» т.б. Олар да қазақы идея жоқ па? Сол киноларды айтыңыздар. Ал, мына киноларды бұлай талқылауға болмайды, оның өзінің заңдылықтары бар. Мысалы, мына «Келінге» байланысты, көбісі байқамай кете береді. «Келін» фильмін көрдің бе?
- Иә.
- Соның басындағы титрін көрдің бе? «Алтай. Біздің заманымыздың 2-ғасыры» деген титрді.
- ....?
- Ол мен «Қазақфильмге» келгенге дейін түсіріліп қойған фильм болатын. Сол киноны прокатқа шығарар алдында қазаққа қатысы жоқ екенін көрсету үшін «Алтай. Біздің заманымыздың 2-ғасыры» деп жазуды талап етіп қойдым. Біздің заманымыздың 2-ғасырының қазаққа қандай қатысы бар? Оның үстіне Алтайда болып жатқан оқиға. Тырнақ астынан кір іздемей, фильмге дұрыстап қарау керек қой. Қазір қазақ фильмінің көрермені жоқ. Бүкіл республикаға қаншама көшірмесін жасап, «Біржан салды» жар салып шығардық. Сол «Біржансалға» Қазақстан бойынша барлық кинотеатрларда 2 мың адам ғана көруге барды. Біздің елде кино көруге көрермен жылына 7 млн. рет барады. Ал, «Мұстафа Шоқайды» көп болса 15 мың адам көрді. Қайта БАҚ көрерменді қазақтың киносын көруге насихаттамай ма? Себебі, мен «Қазақфильмге» келгенше, 2008 жылға дейін кинотеатрларда қазақтың киносын көрсетпей келді. 2008 жылдың күзінен бастап «Мұстафа Шоқай», «Қош бол, Гүлсары» т.б. фильмдерді шетінен шығарып, кинотеатрларда көрсетіле бастады. «Барыңдар, көріңдер» деп көбірек айтып, көрерменді киноға тартыңдар. Арасынан бір-екі фильмді шоқып алып, «пәлен, түген екен» дегенше.
- Мұндай ұйымдастырушылық мәселе өз алдына. Мәселе мынада болып тұр - отандық киностудияның тарапынан түсіріліп жатқан кинолардың көбісі неге идеялық жағынан жұтаң, мешеу және идеологиялық зардабы бар?
- Жылына 2 жүзден астам сценарий келеді. Соның 1 пайызға жетер-жетпесі ғана тұшымды болып шығады. Сценарийдің көбісі атыс-шабыс, төбелес, қазіргі жастардың түсініктері мүлдем басқа, көбі американдық киноға еліктейді. Мысалы, бірдеңені ұрлап кету, соғып кету, зорлап кету... Бұл бүгін қалыптасқан жоқ, мұның негізі 10-15 жыл бұрын елімізде қаланып қойған. Сценарийлердің сиқы осындай. Сол себепті біз сценарийларға конкурс жариялап, шамамыз келгенше, сапасын көтеруге тырысып жатырмыз.
- Әңгімеңізге рахмет!


 

tarazi1

Әкім Тарази, жазушы:

-  Негізінен мұндай образ жасауға құмарлар - шала қазақ, не өтірік қазақ, не қазақтың атын жамылып жүрген арам пиғылды «өнер қайраткерлері». Біздің кинорежиссерлердің көбі Мәскеуде оқып, тәрбиеленгендіктен сондай сұмдықты сомдайды. Елін жамандаса, басқаға жақсы көрінем деп ойлайды. Содан болар елін, елінің қызын жамандаған адамдар фильмді орыс тілінде және ағылшын тілінде титрмен шығарып, фестивальдарға қарай өкпесін ала жүгіретіні.
Ал, қазақ қызының өзге ұлттың жігітіне қашып кетуін жарнамалаудың астарында идеологиялық мән жатыр. Одан басқа да жарнамаларда қазақ қызы мен орыс жігітінің сүйісіп тұрғанын көрсете беруді әдетке айналдырған. Екіншіден, сіз Астананың көшелерін араласаңыз, өзге ұлттың жігітінің қазақ қызын құшақтап тұрғанын көресіз. Неге? Елдің еті үйренсін дегені. Бұл - құбыжық құбылыс.
Неге Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаевтың деңгейіне жеткен биік тұлғалы режиссер жоқ? Өйткені қазіргі режиссерлер өз халқына мінсінбей қарайды. Олар кино фестивальдерден бір нәрсе жеңіп келемін, пайда табамын, жеңіске жетемін дейді. Мұның бәрі сылтау емес. Ұлты белорусь режиссер Александр Карпов қазақ халқын, қазақ әйелін дәріптейтін «Ана туралы аңыз» деген ғажап кино түсірді. Сондағы ана да, жесір қалған келін де қандай биік образ?! Бірақ бүгінгі арзан идеялы фильмдердің дәуірі өтеді де кетеді. Нағыз қазақ қызының, жігітінің образы сомдалатын дүниелер туындайтынына сенемін. Нағыз халқын сүйетін режиссерлер келетініне сенемін.

 

Нұрлан Өнербаев,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елімізде түсіріліп жатқан фильмдер мемлекеттің абыройын асқақтатуы керек. Ол қандай фильм? Ол - көне тарихты айтпағанның өзінде алмағайып заманда аттың жалында, түйенің қомында жүріп, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлы даламызды қорғап кеткен батырлар мен даналарды насихаттайтын, сипаттайтын фильм. Бұдан ұтатынымыз көп. Біріншіден, жас ұрпақтың санасына, жүрегіне патриоттық сезімді ұялатады. Екіншіден, мемлекеттің абыройын көтеретін үлкен іс болады. Өкінішке қарай, осы мұраттың үдесінен шыға алмай отырмыз. Қазір біз көріп жүрген мемлекеттік телеарналардың саны да шамалы. Оның бірі таңертеңнен кешке дейін түрік фильмін, екіншісі кәрістің киносын, үшіншісін қарасаңыз, қытайлық киноны көрсетеді. Құдды меншіктеп алған телеарнасы сияқты. Бұл өзіміздің көрсететін киномыз жоқ деген сөз. Ал айқайлатып жарнамалатып түсіріп жатқан фильмнің түрі мынау - «Махаббат тәлкегі» («Ирония любви»). Қазақтың не бүгінгі, не кешегі тарихына қатысы жоқ. Ол аз болғандай қазіргі түсірілген фильмнің бәрі азғындық, қазақ жастарының, бүгінгі қоғам мүшелерінің өмірі тек сол ағыммен келе жатқан сияқты. Адам мен адам арасындағы қарым-қатынастың бәрі әбден құнсызданған, төмендеген кейіпте, анайы түрде бейнелеген. Фильм ұлттық намысты таптайды және біздің менталитетке жат. Менің пікірім осы. Парламенттен осы фильмге байланысты Мәдениет министріне депутаттық сауал жолданған. Бірақ министрлік, не тиісті мекеме тарапынан ешқандай уәж айтылған жоқ.
Бұл киноның идеологиялық зардабы бар. Қоғамның құнсыздыққа құнығып, адамгершілік припциптерінің салмағы төмендейді. Адам мен адамды жақындастыратын нәзік, пәк сезімнің бәрін жоқ қылған. Бұл - ұлттың өзінің болмысына байланысты ұяңдығын, биязылығын, кішіпейілділігін, үлкенді сыйлау деген биік сезімдерін аяқ асты етуге жұмыс істейтін фильм.

 

Смағұл Елубай, жазушы:

- Қазақы тәрбие алмаған шала қазақ сценаристер, режиссерлер көбінесе еуропалық моральға еліктейді және жақын болады. Өйткені ұлттық моральден аулақ болады. Олар атыөшкір кеңестік идеологияның жетпіс жыл бойы тәрбиелеген ұрпағы. «Шала қазақтар» деген не қазақ емес, не орыс емес, әйтеуір бір дүбәра маргиналдар пайда болды. Бұлар ешқандай мәдениетке жатпайды. Өкінішке қарай, бүгінгі туындылар осылардың қолынан шығып жатыр. «Апама жездем сай» демекші, мұндай кинолардың көрермені қалалық жастар болып келеді. Жат идеологиямен қалыптасқан олар мұны «өнер» деп түсінеді. Оларға ұлттық мораль туралы айтып түсіндіре алмайсың. Сол себепті олардан шыққан туынды табиғатымызға сай келмей жатады. Бұған осындай көзғараспен қарайтын болсақ, кино түсіруші азаматтарды қазаққа жау деп түсінбеу керек. Яғни режиссерлер қойыртпақ мәдениеттен шыққасын қазақы қалыпты көре алмайды. Олардан қоспа, дүбәра туындылар туады. Олардың көрген, білген дүниесі сол. Мұны біздің мәдениетіміздің 70 жыл бойы шайылып кеткенімен түсіндіруге болады. Алайда қалыпқа келтіру үшін күрес жүріп жатыр. Шынын айтқанда, киностудияның сценарийлік коллегиясында жеті сайын бірнеше сценарий қайтарамыз. Олардың 90 пайызы орыс тілділердің жазғаны, қазақ тілінде жазылған сценарийлерді қолдап отырамыз. Бірақ олардың саны өте аз.
Мен «Махаббат тәлкегін» көрген жоқпын, бірақ сценарийді қабылдаған кезде болдым. Ол кезде қыз да, жігіт те қазақ болатын. Сонсоң бұл киноөнімді Ресей рыногына шығарып, «Қазақфильмді» құтқару керек болды. Киноға кетіп жатқан миллиондаған қаржы, қызметкерлердің жалақысын қайтару күн тәртібіне қойылды. Кино деген соры қайнаған сала болды. Кино өзін-өзі ақтауы үшін құрығанда 150 миллион көрермен керек. Қазақстанда оқыстан жарық етіп шыққан фильм болмаса, өзін-өзі ешқашан ақтамайды. Үкімет, рас,  бүгін, ертең ақша берер, үшінші күні қысқартып тастайды. Бұл «суға кеткен тал қармайдының» тірлігі. Енді оны Ресей рыногына шығару үшін олар «біреуін орыс қыл» деген талап қояды. Әйтпесе, ресейлік әріптестер киноңа пысқырып қарамайды. Тіпті Еуропада азиялықтардың киносын телеэкрандарынан шығартпайды. Байқасаңыз, осындай да расизм бар. Тек түрікпен бірігіп жасалған дүниелерді көрсетеді. Ресейде де солай. «Қыз Жібек» тек Қазақстан мен Қырғызстанда табысқа ие болды. Ресей халқы көрген де жоқ. Тіпті, оған бәйге де бермеді, тігілген костюмдерін ғана бағалады да қойды. Ал, оны Ресейдің рыногына шығару үшін ішінде орыс актерін қосу керек. Сосын киноның моралі де ұлттықтан гөрі интернационалдыққа ауысады. Отандық киностудияның трагедиясы міне осылай.

P.S.

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен ресейлік «Интерфест» компаниясының бірлесіп түсірген «Махаббат тәлкегі» атты романтикалық комедия көрермендерге жол тартты. Фильмнің премьерасы наурыз айында бір уақытта төрт елде - Қазақстанда, Ресей мен Украинада және Белоруссияда көрсетілді.
«Бұл фильм - көптен күтілген қазақстандық-ресейлік жоба және ол алғаш рет мейлінше көп - 600 көшірмемен шығып отыр. Бұған дейін көшірме саны 50-ден аспайтын. Біздің кин
ематография үшін бұл үлкен жетістік», - дейді «Қазақфильм» АҚ директоры Ермек Аманшаев.

Бұл фильм өте сұлу, ақсүйектер тарланы және олигархтың қалыңдығы Әсел (Әсел Сағатова) деген қыз туралы екендігі айтылады. «Ықпалды жарының арқасында Әселді қоғамның ақсүйектері қабылдайды, бірақ ол өзін дербес тұлға ретінде мойындағанын қалайды. Ол атақ-даңққа ең тез апаратын жол - тележүргізушісі болу деп шешеді. Және оның Женя (Ольга Орлова) деген құрбысы да қолтығына су бүркіп, бірақ жай емес, бір шарт қояды: Әсел кафеге келген бірінші ер азаматты өзіне ғашық етуі керек, - деп шешеді. Ал бірінші кірген адам, қатардағы ботаник және өмірде жолы бола бермейтін Иван (Алексей Чадов) болып шығады. Ол үшін өмірдегі жалғыз әйел - ол оның анасы (Ирина Розанова) болады. Осы жерден бастап Әселдің тыныш өмірі төңкеріліп кетеді. Ол өте өжет жоспар құрып, оның нәтижесі күтілмеген жағдайларға соқтырады», - дейді сюжеттік желісі туралы «Қазақфильм» студиясының баспасөз қызметі. Сондай-ақ фильмде қазақ қызы - Әсел Иванды төсекке икемдеуге тырысып баққан тұстары да, жартылай жалаңаштанатын кезі де бар. Ал, фильм соңында қазақ олигархына тұрмысқа шыққалы отырған қалыңдықты (Әселді) орыс жігіті Иван той үстінен алып кетеді. Тойға жиналған жұрт ат үстінде кетіп бара жатқан Иван мен Әселге қол шапалақтап, мәз болып қала береді. «Күлдіргі» кино осылай тәмам болады.
«Махаббат тәлкегі» фильмінің түсірімдері Астана мен Мәскеуде өтті. Фильмді жарыққа шығару үшін 2 миллион АҚШ доллары жұмсалған.

«Махаббат тәлкегі» фильмінің режиссерлері Александр Черняев (Ресей), Ержан Рүстембеков (Қазақстан) продюссерлері Ренат Давлетяров (Ресей), Ермек Аманшаев (Қазақстан), Александр Котелевский (Ресей). Фильм Данияр Күмісбаев, Ержан Рүстембеков, Владимир Забалуевтің сценарийі бойынша түсірілген. Картинаның операторы Дмитрий Мальцев, композиторы - Аркадий Укупник. Рольдерде:Алексей Чадов («Дневной Дозор», «Девятая рота», «Любовь в большом городе»), Әсел Сағатова («Рэкетир», «Меч Махамбета»), сондай-ақ Ирина Розанова, Ерік Жолжақсынов, Фархат Әбдраимов және басқалар ойнады.

Сұхбаттасқан:
Дәурен Сейітжанұл
ы.

«Үш қиян» газеті, 6-мамыр, 2010 жыл

 


 




Ал, фильм соңында қазақ олигархына тұрмысқа шыққалы отырған қалыңдықты (Әселді) орыс жігіті Иван той үстінен алып кетеді. Тойға жиналған жұрт ат үстінде кетіп бара жатқан Иван мен Әселге қол шапалақтап, мәз болып қала береді. «Күлдіргі» кино осылай тәмам болады.
........................................................
Авторға рспект. Бірақ осы да күлкі ме? Кімге күлкі, кімге түрпі? Аманшаев дегеннің өзі алжығаннан аман ба?



смагул аганы ултжанды деп ойлаушы ем. бул жолы кубылыпты. елим, жерим деп журип, елге карсы жумыс жасаган киноны актап алуга тырысканына жол болсын. туркиянын ози куып жиберген фетхулланын данышпандыгын далелдеп казыр макала жазганын окып, жагамды устадым. фетхулла гулен, немесе фетхуллашылар казахка карсы уйым.
смагул ага, сенен де айрылдык па?



Рас-ау. Смағұл Елубайдың Гүленде несі бар? Нұрлан Оразалин, Елубай, Шерияздан Елеукенов Гуленші боп кетіпті. Осы қазақ жазушылары былтыр Горький деуші еді, биыл Гулен деп, милары шатасыпты. Миларына операция жасатсақ, қайтеді?



Үшіншіге. Хахахахахахахаххаахахахаха!!!!!!!!



әлгі Қазақфильмнің пірезидентін ббастан ббір тепсе..әттген-ай осындай парықсыз басшылар

Ұрысқара ұраным!



кыз - намыс. намысымызды колдан берип отырмыз. соган карап, маз болып кулемиз. абден намыссыз болган екенбиз.



Аманшаевшылар туралы Елубайдың мына пікірі дәл: - Оларға ұлттық мораль туралы айтып түсіндіре алмайсың. Аманшаевше айтқанда Қазақстаннан тыс жерде жүрген қазақ қызының қылықтары Қазақстанға қатысы жоқ-мыс. Қожа бұзық дейді. Шынында да солай ма еді?! Қожаның қазақи тентектігіне бұзық деген дөрекі сөзді қолданудың өзі обал емес пе? Осындай адамдар киноның тетігін ұстап отырғанда, қазақ киносынан қазақи сипат, ұлттық рух, намыс іздеп жүрген біз де жындымыз-ау?



Бұл не деген бассыздық? Қазақ қыздарын жәл... қып көрсеткені үшін Аманшаевты халық алдында жауапқа тарту керек. Сұмдық қой мынау! Ақша үшін арын саудалаған деген осы.



егер кино түсірсе, тек елдің намысын қорламай, психологиялық ауру адамдарды жастарға идеал қылмай-ақ қойсыншы деген тілек құлақтарына жетсе екен дейсің! Себебі, «Келіндердің», "Махаббат тәлкегінің" «Аватарға», "2012" жетуі үшін әлі де алыс жол жүруі керек сияқты көрінеді. Қай жағынан болса да?.. Кәсіби, адами жағынан болса да.



Бздің фильмдер үшін ресей аудиториясы не керек. және кинозалға келтіре алмасаңдыр, теледидардан берсеңдер, амалсыз қарайды ғой.
жалпы, енді фильм шығармай ақ қойыңдаршы, өтінемін. Әйтеуір бұндай фильмдерді жауларымыз да шығармаған. Әйй біздің фильмді Ресей қайтсін??? Бейшаралар! Өзімізге арнап, шығарып, теледидардан берсеңіздер болар! Ақылсыздар! Ақылсыздар!!Бетімді қазақ ретінде жерге қаратып болдыңдар!! Тумай кеткірлер! Сендердің фильмдеріңнен кейін қазақ болып жаратылғаныма ұялып жатырмын. Бұндай бола ма? бәрі керісінше болуы керек қой. Мен асқақтап қуанып, төбем көкке жету керек Қой. Осыны түсінесіңдер ме?? Кинотүсіргіш мәңгүрттер!!! Енді фильм түсіретін болсаңыздар, сценариінен бастап, шығуыгһна шейін мені шақырыңдаршы!!! Тегін араласып, көмектесемін!! Уәде, фильмдеріңді іздеп жүріп қарайтын болады. Апырмай, о заманда, бұ заман, дайын ақшаға фильм түсіре алмау деген не сөз?? және де қазақ фильмдері әлі жетер шыңына шыққан жоқ, сондықтан киноиндустиясы нарығы конюктурасы шексіз ғой!!! неге соны байқамайсыңдар!!! Топастарым ау!!! Фильмді түсіру үшін жоғары ақыл мен білім керек біле білген кісіге!!Атыраудан Тамшы.



Дурыс аитасыз



Қазақфильмнің басшысы мәңгүрт неме болса керек. Айтқан сөзінің түрін қарашы



Ермек Аманшаевқа тіл тигізбеңіздер! Ол кісі мықты жазушы. Гәп оның бас редакторды студияда дұрыс таңдай алмауында. Жеке басына тиіспей қателігін жанымыз ашып айтайық та!

Гүлнұр



ақшаға айырбастамайтын, байлықпен өлшенбейтін құндылықтар болады. бірақ құндылықты құнсыз қылатын және құнсыз дүниеге құнығатындар бул әңгіме жүрмейді. ақша табу үшін құндылықтан айрыламыз, ал соның кесірінен салмақсыз мәдениетпен уланған қаншама жастардың қазақи, адами қалпын дүниедегі бар ақшаны төксең де орнына келтіре алмайсың. идеологиялық зардаптың кесірінен бүкіл ұрпағың зардап шегеді, ал біз 1-2 күндік мал табудың қайғысында жүрміз.



Ермек Аманшаев - жақсы жазушы. Ол кісіні сыйлаймын. Мәселе "Казақфильмнің" бас редакторы Дидар Амантай деген біліксіз жігітте болып тұр. Оның әдебиеттен, өнерден еш түйсігі жоқ даңғаза екендігінде. Егер Ермек аға Дидардан тезірек құтылса қазақ өнерінің бағы ашылыайын деп тұр. Бұл бал ашу емес, шындық солай.
Сәлеммен Сәуле Тұрапбаева.



Пікір жазған Гүлнұр мен Сәуле Тұрапбаеваға: ақымақ сіңлілерім-ау, бас редактор емес дәп осы Ермек Аманшаевтың аузынан шығып тұр ғой мына сөздерің. Несіне қайдағы бір топасқа араша түсесіңдер. Түрінде тұр ғой ана албастының ұлтқа жаны ашымайтыны. Мен де қазақ қызы болғанмын, қазір қазақ келінімін. Осы кинолардан-ақ ар-намысымыз аяққа тапталып бітетін болды. Тым құрыса, сендер түсінсеңдерші, қыздар-ау.



Ермек Аманшаев неменеге булай булкан-талан болады.Калай болды,солай айту керек кой.Рас,кинонын жанрына да баса ман беру керек.Комедия – комедия.Айтсе де, казактын кызын калай казактын кызы емес деп кокидi.Онда неге онын атын кинода Асел деп кояды. Ол неге Алматыдан барган.Басынан бiр тепсен гой ана жiгiт айтпакшы....



Бұл филмде біріншіден не көзделген? Әрине қазақ киносының да болашағы бар ғой!!! Біз енді -енді бастамға келіп отырмыз Сондықтан фильм ло фильм,,, Онда тұрған еш нәрсе жоқ



Мен бұл киноны көргеннен кейін "Қазақфильмге" қатты ренжідім.Өйткені менің сүйікті актрисам,қазақтың сұлу қызы Әсел Сағатова,қазақтың шебер әртісі Ерік Жолжақсынов сомдаған қазақ байын,анау бишара бір Иванға айырбастауы.Бұл жерде Әселді ұрспау керек,осы жерде кінәні Аманшаевқа тігу керек.Ал біздің әртістерді түсінуге болады,қазір олардың халі жаман,сондықтан нанға ақша табу үшін кез келген киноға түсе береді.

Сақтаған



Бәріне кінәлі өзіміз! Тимур Бекмәмбетов пен Бақыт Қилыбаевты Мәскеу асырып қуып, кино өнерінен шеттеттік. Не болды? Екеуі "Громовы" деген сериалымен-ақ өздерінің дарынды киногерлер екенін дәлелдеп берді. Соны "Қазақфильмде" жасатар ма еді? Қалдыбай Әбеновты неге шетке қуғындап жүрміз? "Аллажар" фильмін не үшін көрсетпейміз? Ойлап көріңіздерші, кәне? Шарапат А.



Шынайы қазақи фильм көргілерің келсе, қытай қазақтары ойнаған киноларды тамашалаңдар. Кейбірінің режисссерлары өзге ұлт болса да, әлдеқайда қазақи



О, дорақтар, Д.Амантай келгенде, Махаббат тәлкегі түсіріліп те қойған болатын! Сосын монтажда ұзақ жүрді. Ол студияға күзде келді, себебі ол былтыр жазда газетте жүретін. Еңғұрымаса, қиыстырып айтсаңдаршы. Шапайдың құйыршықтары (Гүлнұр, Сәлеммен Сәуле Тұрапбаева), Шапайдың тапсырмасын орындағанда, ол өстіп орында деп пе еді...



Тұрсынжан Шапай – ұрлықшы. Ол «Дариға-дәурен» әнінің мелодиясын Естайдың «Бақша» әнінің әуезінен ұрлаған. Астанада ел шулап жүр.



Сонымен қатар, көптеген өзім шығардым деген әндерді Тұрсынжан Шапай Нарынқол өлкесінің композиторларынан жымқырған, жымқырған да бірін-біріне қосып жымын білдірместей жымдастырып жіберген.



Жігіттер!
Алтын Орда» апталығына шыққан Таласбек Әсемқұловтың «Бақалар мен жендеттер» атты мақаласын (27 сәуір, 2001 жыл) кітапханадан тауып алып оқыдым! Сонда Шапайдың құйыршықтары неге студияның бас редакторына шүйлігетінін білесіңдер!



Зейнолла Серікқалиұлы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сыншы, әдебиеттанушы, «Алтын жамбы» кітабынан, «Уақыт және талғам» мақаласы («Өнер», 2001 жыл):
Тұрсынжанның өзін талдырмаш, жаны нәзіктеу жігіт пе деуші едім, жоқ, тұла бойы тұнық тек құтырынған қуат екен. Мәскеу басылымы, көгілдір экран, бульварлық қандай газетің де мұның жанында жіп есе алмай қалады. «Біреудікі біреуге алтын көрінер деген екен... Әйтеуір аузы қисық, мұрны пұшық болса да бөтенге ышқырымыз бос... Осыны ел ағалары, тиісті орындар ескеруі керек», - деп те жоғары жаққа «доносты» ысқыртып-ақ жіберген. «Транссексуальды азшылықтың бұл дүниеде жалғыз-ақ секс объектісі бар – Билік...Сол арқылы, түптің түбінде, гетеросексуальды көпшілікке (яғни нағыз еркекке, не нағыз әйелге) айналу... Рас, кейінгі сайлау тұсында бір түсініксіздеу партиялар пайда болды. Бұлар шын күйлеп жүр ме, әлде іштері пысқаннан қышынып қылық шығарып жүр ме – біле алмадық... тірі қалғандарыжұртшылықтың алдына шығып (теледидар, газеттер арқылы, немесе естелік кітаптар жазып), эксгибиционизммен айналысады. Яғни, лыпаларын сыпырып тастап, өзінің сосын бір кездегі сыбайлас-секстерінің артын ашады...», - дейтіндей, тасқа басылған цинизм-сөздердің ақыры «фаллосқа» барып тірелер нағыз керауыздық үлгісін айтып отырудың өзі масқара. Бірақ, бұл – айтпауға болмайтын сорақы құбылыс.



Өлгендердің сөздерінің бәрін пайғамбардың өсиетіндей етудің қажеті жоқ. Тем более мемлекеттік сыйлық иегерлерінің сөзін. Олардың өлісін де, тірісін де білеміз. Қазақты бөліп бүлдіргеннен басқа не тындырып қойыпты. Шапайды мұқату үшін өп-өтірік Д.Амантайдан жазушы жасады, сыншы жасады, істемеген нелері қалды? Өшең қырттар! Кино туралы жазыңдар!

Семейден Қабай



Шапайдың қазақ киносына қандай қатысы бар? Пікірлер Қазақфильмнің соңғы шығарған туындылары туралы болу керек емес пе ?



Зейнолла Серікқалиұлы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сыншы, әдебиеттанушы, «Алтын жамбы» кітабынан, «Уақыт және талғам» мақаласы («Өнер», 2001 жыл):
«Сонда олар немен шұғылданып, не жазып жатыр дерсіз? Таңдау-талғау, талғам дәрежесін, таным мәдениетін нобайлау үшін, оқушыдан ыңғайсыздана отыра, шабынып, қан-жыны тасып, буы бұрқыраған «сүбелі туындылардан» жол-жөнекей нақтылы бір үзінділер келтіре кетпеске амалым жоқ. Сыншы Тұрсынжан Шапайдың «О!..О»..О!..» жазбаларынан: «Постмодернизм - әрине, өте сексуалды құбылыс. Бірақ, мұның алдындағы нақсүйеріміз Соц.реализм – нағыз еркек еді ғой, шіркін. Оның сексуальдық тегеуріні – тоталитарный болатын! Көнбесең...зорлап жіберетін... Транссексуал! Бірақ (кешіріңіз) бай таңдайтындай бізде не сықпыт бар?!... немесе «Қазақ әдебиеті» - өте сексуальный газет. Оған деген жеккөрініш, оған деген махаббат сол бір негізден – секстен өрбіп жатыр. Бұл газеттің бас сексологы Әмірхан Меңдекеге, саяси секс жөніндегі жетекші эксперті Аманхан Әлімге деген жаппай жеккөрушіліктің түп-тамыры – сонда. «Қазақ әдебиетін» импотент газеттер, белден қалған басылымдар, климакс қарсаңындағы кейбір саясаткерлер өте-мөте жек көреді.... Секссіз жерде қайдағы махаббат!» («Қазақ әдебиеті», 4 тамыз, 2000 жыл).
Бұл жазбалар қандай талғамға, қандай оқушыға, көшедегі қандай сұранысқа бағытталғаны өзінен-өзі түсінікті. Өзара міндет-парызын әділ бөлісіп, «сексуальный маньяк» атаулы бір шаңырақ аясында бір-бірімен қалай ұжымдасып бауырласқан деңіз... Тұрсынжан ініміздің шабытын шабақтауға жетіп артылғандай еді... көрген-білгенін соншалықты тәптіштеп суреттеймін деп, өзінің де айызы қанып, делебесі қозып, айыптаушыдан тұп-тура насихатшыға қалай айналып кеткенін аңғармай қалған. Еліріп, желігіп, адам анатомиясы, медицина, сексология ғылымы, терминдерден ұққан-түйгендерін түгел (гиперсексуальды, сексуальды қоздырғыштар, секс-гигант...) аямай төгіп жатыр. Және қандай «білім»!?



Зейнолла Серікқалиұлы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сыншы, әдебиеттанушы, «Алтын жамбы» кітабынан, «Уақыт және талғам» мақаласы («Өнер», 2001 жыл):

« Тұрсынжан Шапайдың, әрине, жөні басқа. Ол қашанда өз амплуасында. «Құмсағат» қуыршақ театрының делқұлылау актері сияқтанып, «Салмасақ «әләуләйға» ән болмай ма?» деп (мақаласының тақырыбы) қылжалақтап отыр. Анау ноқайлау егіз серігін (аманхан мен Әмірхан) жалпы постмодернизм атауына, дақпыртына қарсы айдап салып (кейде салғансып), бірақ соның, яғни постмодернизмнің күйретушілік барша «ырыздығын» армансыз бойына сіңіріп жүрген осы Тұрсынжанның өзі... Өз қатарынан әдебиетке кешеңдеу келген адамдардың қашанда бір жойымпаздық озбырлығы көзге түспей қалмайды. Тұрсынжан сол рөлін қалтқысыз атқарған. Мақаласы бастан-аяқ қаламдастарына деген өшпенділік пен усойқы ыза-кектен жарылып кетейін деп тұр».



Зейнолла Серікқалиұлы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сыншы, әдебиеттанушы, «Алтын жамбы» кітабынан, «Уақыт және талғам» мақаласы («Өнер», 2001 жыл):

«Рамазан Тоқтаров сырқат меңдетіп, өмірінің ең ақтық, қалжыраған шақтарында «Абайдың жұмбағы» романына қатысты Әмірхан Меңдеке тарапынан ұйымдастырылған қиянатқа қалай жауап бергенін жұртшылық жақсы білетін. Енді, міне, марқұм журналда жарияланып жатқан «Бітеу жара» роман-естелігінде Жүсіпбек Қорғасбек пен Әмірхан Меңдеке баспасөз абыройы, қарапайым адами қарым-қатынастар талабымен сыйыса бермейтін сұйықтау, сыбайластық «жұмыс стилі» кескінін айна-қатесіз дәл жеткізіпті. Әзілхан Нұршайықов, Жұмағали Ысмағұлов сияқты қаламгерлер «Абайдың жұмбағындай» жаңа шығарма жайында мақалаларын дер кезінде бастыра алмайтындай халге жеткені - «Қазақ әдебиеті» газеті жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан жікшілдік астыртын «саясаттың», бірте-бірте енді бар тұрқымен түп-төркіні айқындала берер аймақтық, пендешілдік әлдеқандай бір есептердің шымылдығын сыпыруға белгілі бір дәрежеде сеп болары хақ».



Марқұм Зекеңнің жазғанын оқыңдар! Тұрсынжан Шапайдың өмір бойы интрига, көре алмаушылықтан туған залымдық, кәдімгі арандатушылықпен айналысқанын біле аласыңдар. Кезінде Қазақ әдебиеті газетінде Жүсіпбек Қорғасбек бас редактор болғанда, олар - Тұрсынжан Шапай, Әмірхан Меңдеке, Жүсіпбек Қорғасбектің өзі, Аманхан Әлім - тыйымсыз жауыз-қанішерлер секілді газетке өзге пікірді баспай, елге қырғидай тиді. Рамазан Тоқтаровқа жасаған қиянаттары оларды екі дүниеде жібермейді!



даурен, ұят емес пе? үнемі дау қуасың да жүресің. "қазақфильм" де, аманшаев та нең бар?



Кеше бір форумнан мынаны тауып алдым. Таласбек Әсемқұлов курстасы Тұрсынжан Шапай туралы былай жазыпты:

"Қайыра оқыдым да ойландым. Көп ойландым. Ақырында Тәңірі ісінің сырына жеткендей болдым. Жоқ, бұл өштік емес. Бұл басқа, мүлдем басқа құбылыс. Мәдениетте, тазару нүктесі» («точка катарсиса»), «тазару аймағы» («зона катарсиса») деген ұғымдар бар. Барлық мәдениетте бойды тазартып ұстаудың тетігі, нүктесі болады. Міне, біздің сыншымыз осындай нүкте, осындай аймақ. Мәдениетіміз осы сыншымның бойынан тазарады. Мәдениетімізде жиналған шлактар, күл-қоқыс, нәжіс т.б. осы сыншымның бойынан канализацияланып сыртқа шығарылады. Ұлттық мәдениет осылайша жасарып, жаңғырып отырады. Ал енді сыртқы формасына келетін болсақ... Қазақта «Хан жарлығы күшті ме, б...қ жарлығы күшті ме?» деген мақал бар. Ол шіркін келіп қалғанда этика, эстетика, мораль, мәдениет сияқты биік материяларды ойлап жатуға мұрша бар ма, тәйірі. Ол жердегі бар мәдениет – шалбарды шешіп үлгеруде ғана. Сондықтан сыншымның өнімінің сыртқы түріне қарап «алай екен, былай екен, алай ету керек еді, былай ету керек еді, ұқсата алмапты» деп мін тақпағын, оқырман. «Уж как получилось!». Осыған риза болыңыз. Алда-жалда ғиззатлу вә қымбатлу сыншымның туалетте ыңырсып жылап отырғанын көрсеңіз – күлмеңіз. Сіз оны аяңыз. Ол өзі тілеп сондай болған жоқ. Жоғарыда айттық қой – Тәңірінің ісі, катарсис нүктесі, тазару аймағы. (Қазақ мәдениеті тазарып жатыр. Факт!). Өмірде сондай бір сәттер болады. Ол сәттерде егжей-тегжейлі, тәптіштеген сөздің керегі жоқ. Тек сол құбылысты қолмен көрсетіп өте шығу керек".



Мәдениет министрлігі мынадай бассыздыққа жауап беруі тиіс. Өнерді қазақты қаралау, қазаққа жала жабу деп түсінетін мәңгүрттер кино түсіре бастады. Бұл өте қатерлі дерт! Мұның зардабы орасан. Бұлар СПИД-тен де қатерлі ауру таратып отыр. Ондайларға дер кезінде соққы берген дұрыс болар еді. Ә.Тарази мен Н.Өнербаев бекер шырылдап отырған жоқ.



Сіз, бастық мырза,Қожаға тіл тигізбеңіз! Қазақтың балаларына арналған мәңгілік өлмес жалғыз классикалық киноға тіл тигізгеніңіз сіздің ұлтжандылығыңыздың "шамалылығын" көрсеттіңіз. Сіз қазақтың Қожасы мен "Сіз сияқтылырдың" Әселіңізбен салыстырмаңыз. Қожа - ол кәмелеттік жасқа толмаған, жаны таза пәк, періште, қазақтың қарадомалағы. Сіз бала болып көрмедіңіз бе? Оның арманының негізі - жақсылық. Ал, Әсел болса, бойында ұлттық намысы жоқ, тілден, діннен жұрдай, рухани аш, ХХІ ғасырдағы аты қазақша, түрі азиат мәңгүрт "сексуальная женщина"



Тарихы екі елге қатысты фильмдерді бірлесіп түсіргенді түсінуге болады, ал кинокомедияны Ресеймен бірлесіп жұмыс істейтіндей қандай қажеттік туды ?
Одан да 2 миллион долларды өзіміздің екі-үш талантты ұлтжанды жастарымызға бөліп бермейді ме?



Кино - өнер. Сол өнер арқылы қазақ халқына ой салу, қиялдау арқылы алдағы күнге болжам жасау, еліміздің басқа формацияда өмір сүріп жатқан кезінде шынайы құндылықтарымыздан айрылмау жағын көрсету қажет. Ал біздердегі дүние бәйгеден жүлде алу үшін жасалатын секілді.



Уш киян деген газет негизи оте мыкты газет екен. Осындай такырыптарды жии котереди. Сергек газет, быткып кетпейди.



"үш қиян" деген "қазақстандық бурятсийлерді" сабайтын газет емес пе?
ал мына кино кино емес, күлдірем деп бүлдірген. қанды ішіп бітті ғой "қазақфильм". бұрын ұрпақты кітап оқытып түзейтін, енді киномен, мультфильммен жастарды тәрбиелейтін заманға келгенде киностудиямыз сорақылықты көрсетіп отыр. тәрбиелеудің орнына улап отыр. кино - идеология.



смағұл елубайдың қүбылып, аманшаевтың ақшаға құнығып кеткенінен қорқайын дедім. біз зиялы деп жүргеннің бәрі осылай шикі болып шықпаса бола еді.



арсыздықты, жалаңаштануды өнер түсінеді біздің киногерлер. өнер деп ұяттан жұрдай болу керек. сен өнерді түсінбейсің, біздің киногерлер түсінеді. өйткені өнер - арсыздық. жетіскен екенбіз. ендеше аманшаевтың "кино ғой, оның өзінің заңдылығы бар" деп жүргені өнерді "терең" түсінгенінен болса керек.



Ермек Аманшаев - мықты менеджер! Драматургиясы өз алдына! Қайраңға батқан қазақ киносы кемесін ашық мұхитқа алып шығып жатқан үлкен жұмысын, зор еңбегін бағалауға қызғанышы, пендешлігі жібермей жатқан өңкей тоғышарлар! Айтатындарың өсек, арасына от тастау, қақтығыстыру,шабыстыру! Қазақ, қашан ел боламыз?!



Ермек ермегімізге айналды.



Дидар мен Әмірханның жынына тиіп кетіпті..екеуі Шапайды әбден балағаттапты мұнда..общем сортир полный..Айналайын ағалар өздеріңнің электрон почталарың жоқ па? былапыт нәжістеріңді сол жерге апарып бір біріңе құйсаңдаршы..Ал ең дұрысы, тіркелмеген адамдарға пікір жазғызбау керек. Ішін тырнап бара жатса, содан соң тіркелсін

Ұрысқара ұраным!



Әй, қусың-ау, Әмірхан Меңдеке мен Тұрсынжан Шапай бір емес пе?! Әлде Шапай өз мүддесі үшін Әмірхан Меңдекені сатып кете бере ме?



ел болып есімізді жия алмай жатқанда қыртымбай киноларын шығарып, қазақтың намысын одан сайын тапап жатқанына жорық болсын.



Қыз деген жарт жұрт



Шашы ұзын ақылы қысқа



Қызды атқа теріс мінгізіп жіберу де күлкілі ме? Бұрындары ауылда күйеуінің көзіне шөп салған келіншектерді атқа теріс мінгізіп жіберуші еді

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
6 + 5 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>