Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық арнайыландырылған соты Абылай Сабдалинның ісі бойынша түпкілікті үкімін шығарды. Естеріңізде болса, Төтенше жағдайлар жөніндегі экс-вице-министрге ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 307-ші бабының 3-ші бөліміне («Қызметтік лауазымын асыра пайдалану») және 312-ші бабының 5-ші бөліміне («Пара беру») сәйкес, мемлекеттік сатып алу заңын бұзып, қаржы полицейіне 45 мың $ көлемінде пара берді деген айып тағылған болатын. Енді сот үкіміне сәйкес, Абылай Сабдалин 10 жылға бас бостандығынан айырылып, оны қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Жазасын өтегеннен кейін де жеті жыл бойы мемлекеттік қызметке жұмыс істеуіне тыйым салынды.
«Мен ешқандай да кінәлі емеспін. Оны қорғаушым заң шеңберінде өте дәл негіздеп берді. Мемлекеттік айыптаушының тарапынан нанымды сөз ести алмадық. Қай кезде болса да менің арым таза! Әрі сондай адам болып қала беремін! Мен әрқашан өз балаларымның әкесін мақтан тұтқанын қаладым! Міне, бүгін де менің ешбір кір жұқпаған ар-намысым барлық арам мүдделерден жоғары тұр!. Мен қоғамға ешқандай да қауіп төндірмеймін! Ал маған қылмыстық арандату жасағандар бәрінен де қауіпті!»
(А.Сабдалинның соттағы соңғы сөзі)




дурыс емес мулде дурыс емес
Кайтесин енди шыда!
Пікір алынып тасталды!
одан да сол кырык мыңды "жеп қойғаны" дұрыс еді, жазасыз кететін....
Абылайды *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* десек, басқалар кім болғаны... Абылай-арандату құрбаны екені анық. "Аққа-Құдай жақ" деген, рухыңды түсірмей, тағдыр сынын қасқайып, көтере біл! Арамзалар қуанбау үшін де, өзіңді сақтай біл! Әлі-ақ, әділеттік орнап, көшеңде той болады, көркем бауырым! Әрдайым тілектес ағаң Қазыбек Иса.
Үш жас бала әкесі болғанымен мына қоғамда әке қамқорлығын көрмей өсетін болды. А.Сабдалиннің балалары. В.Храпуновтың сенімді адамдарының бірі болған Абылай саяси ойындардың құрбаны болған адам. Оны осы бір қаржы полициясы ұстап, қылмыстық іс қозғалғаннан кейін барып білдім. Қандай адам екенін білмеймін. Бірақ оған кесілген үкім дұрыс емес. Министрдің орынбасары бола тұра жеке баспана, көлігі болмағаны оның тазалығын көрсетеді.
мына сөз өте қауіпті сөз!
-*Мен қоғамға ешқандай да қауіп төндірмеймін! Ал маған қылмыстық арандату жасағандар бәрінен де қауіпті!» *
бекер айтылмаған шығар!!!
Нақақ болса обал-ақ екен. Сот нақақ айып тақпаған шығар деп сенейік те.
Алланың өзі жар болсын қазақта айтады ғой балық басынан шіриді деп сондықтан кімге сенерімізді де сенбесімізді де білмей қалдық не дейміз енді
Пікір алынып тасталды!
Неге тек қана қазақтар жемқор бола береді, неге басқа ұлттардан бірде-бір жемқор жоқ. Өйткені басы істейтін қазақтар жөйттерге, аққұлақтарға қауіпті, сөйтіп олар қазақты бір-біріне қарсы қойып соттатып, атып өлтіріп әйтеуір есебін тауып құртып жатыр. Басқа ұлттың балдары судан таза,сүттен ақ па екен. Біз қазақтар мұрыннан арғыны көрмейміз. Қазіргі болып жатқан іс-әрекеттердің барлығы тек қазақты өз ішінен ірітіп шіріту. Құрту. Оларда басқа еш ой жоқ бұдан басқа. Арандап қалмайық ағайын.
Сонгы конак естінін созін айткан екен. Алып косарымыз жок"
"ат жақсысын кермеде,ер жақсысын түрмеде көр" шамамен 1900-ші жылдары шыққан мақал деп ойлаймын. жаңа ғасырдың басында қайтадан өзекті болып тұр
Пікір қосу