Сомали... Теңіз қарақшыларымен әлемге танылған «тентек» ел. Ал мына оқиғаның орын алғанына екі жыл болды. 13 жасар Аиша Духулоуа өзінің туған қалашығы Кисмайодан Могадиштегі туысқандарына бармақ болып, жолға шығады. Алайда, оны жол үстінде қаны басына шапқан үш жігіт ұстап алып, абыройын аяққа таптайды. Бейшара қыз жергілікті полицияға арызданады. Ары қарай... тәртіп сақшылары зорлаушыларды іздеудің орнына кінәні қыздың өзіне арта салады. Жергілікті сот оны «ойнастыққа жол берді» деп айыптап, таспен ұру арқылы өлім жазасына кесті. Кисмайо қалашығының орталық алаңына осы көріністі тамашалау үшін мыңдаған адам жиналды. Зіңгіттей 50 еркек қаршадай қыздың үстінен тас боратты. Бұл бір ғана жағдай емес. Таспен ұрып өлтіру дәстүрі бойынша, айыпты ер адам болса, беліне дейін, ал әйел болса, мойнына дейін жерге көмеді. Айыпты осы шұңқырдан шығып үлгерсе, жазадан құтылды деп есептеледі. Міне, Сізге «сомалиийлік әділет»!
Orken&J




жақсы дәстүр екен алматыда көбелектерді көметін жер барма? өзі...
алматыда осындай көбелектерді көметін жер шығама екен өзі...
Қайдағы көбелек? Мұнда зорланған қыздың қасіреті айтылды емес пе? Сұмдыққа жаны құмар болғандырыңыз ба? Көбелектердің жағдай басқа ғой.
www.malimetter.org
еее басқаның зорланған қыздың қасіретін қайтейін өзімізде бұдан зорғы зорлық болып жатыр ғой өзге емес өз қайғымды еске ап жатырмын ғой......
Сомали мұсылман мемлекеті ме? Әйелдері хиджаб киетін! Біздің хиджабқа үгіттеп жүрген дүмшелер сумалиді сағынып жүр!
сол жаққа барып қайтсын көрсын мұсылмандығын
Барып тұрған жабайылық! Жер беті әлі жабаылықтан, дүмшеліктен арылып болған жоқ. Қара түнек басқан Сомалидің бұндай "әділеттіліген" тыю керек қой!
Мұндай жабайылылыққа қол соғуды қою керек.
Өте аянышты екен.... Ал ана jbek дегенге айтарым, сөйлей алмайсың ба, кө... қысы-ы-ып отырсай... Мында действительно ана М айтқандай, қаршадай қыздың қасіреті айтылады... Неужели аянышты емес, тіпті ол ата жауың болса да.....
Пікір қосу