«Өз сөзім өзімдікі»
АБАЙ
Біздің де ауылда тоғызыншы мамыр жақындаған сайын мектепте ардагерлермен кездесулер өтетін. Алақандай ауылдың барлық майдангер ақсақалдарын танимыз. Жылдағы дәстүр бойынша, кездесуді тарих пәнінің мұғалімі ұйымдастырады. Әдеттегіндей сөз кезегін ең бірінші болып Төкен ақсақал алады. Мәскеу түбінен Берлинге дейін жаяу жеткен қарт жауынгер фашистермен қалай соғысқаны жайлы ұзақ әңгімелейтін. Сосын сұрапыл жылдары колхозға басшылық еткен Гүлшабақ апа тылдағылардың жанкешті еңбегі жайлы сыр шертетін. Ал біз кеш соңында қадірлі ата-әжелерімізге гүл сыйлап, ән саламыз. Өлең оқимыз. Өлең оқуға кезек келгенде сыныптағы оқу озаты Еркебек алға шығып: «Үстімде сүр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін» - деп, Қасым Аманжоловтың отты өлеңімен концерттік бөлімнің шымылдығын ашатын. Соғыс жылдары госпиталь болған екі қабатты 8-жылдық мектебімізде сол бір кештер өте әсерлі өтетін. Осылайша, жыл сайын ауылға көктем келгенде ауылдағы алты майдангер ақсақал және Гүлшабақ әжеймен кездесіп тұрамыз. Күн көсемнің бала кезгі бейнесі бейнеленген бес жұлдыз кеудемізге қадалғанда пионерлердің соңына еріп, майдангерлер ауласын тазалайтынбыз.Он бес мемлекетті қоршаған қызыл дуал құлғанда да біз бұл дағдымыздан айнығанымыз жоқ. Күндер осылай өтіп жатты. Мен орталау мектепті аяқтап, көрші ауылдағы орта мектепке ауыстым. Тамыз айының соңғы жексенбісі шешем Талдықорғанға барып мектепке киетін су жаңа киімдер алып келді. Әрине дәптер, қалам тағысы тағы бар. Мен киіп көрем. Әдеттегіндей шешем алып келген киімдер үлкен. - Апа, бір «размер» үлкен ғой деймін. «Қар түскенге дейін өсіп кетесің. Кең болғаны жақсы ғой. Тыртысып тұрғанша»- дейді шешем жылдағы сөзін қайталап.Сатып берген киімін жылдағыдай қар түскенше тоздырып тастайсың.Бірінші қыркүйек күні әкем ақылын айтты. «Балам, биылдан бастап сен жоғарғы сыныпта оқисың.Енді екі жылдан кейін мектепті аяқтап, жоғарғы оқу орнына құжат тапсырасың. Осы уақытқа дейін жақсы оқыдың.Бұдан былай да сабағыңа тиянақты бол.Алдыңдағы ағаң сегіз бітіргеннен кейін оқымай кетті. Жігіт болдым деп, шылым шекті. Кеш батса көше кезіп, сабақ бетін ашпайтын.Сонда да институтқа түсірдік, оны тастап кетті.Қазір жүр көрінгемен төбелесіп» деді ағама ашуын төгіп. Анам араша түсті: «Мұрат сабағын оқымай кетсе оған екеуіміз кінәліміз, жұмыс-жұмыс деп қадағаламадық. Қазірге дейін төбелесін қоймаса, оған сұм соғыс кінәлі. Ауғаннан жүйкесі жұқарып келген.»-деп айтқаны мұң еді, әкем тіптен ашуға мінді. «Қайдағы жүйкесі тозған. Еркелік. Тозса Әуелбек шалдың жүйкесі тозып кетпеді ме?Ұлы отан соғысына өрімдей жас кезінде аттанып, көрмегені жоқ. Немістің де, советтің де түрмесін көрді.» Мен сол кезде ғана мектептің қасында тұратын Әуелбек атаның соғыста болғанын білдім. Өзімнен өзім қысылып кеттім. Әуелбек ақсақалдың алдында өзімді кінәлі адамдай сезіндім. Тоғызыншы мамыр күні ардагер ақсақалдар қолдарына гүл алып, кеуделеріне орден, медальдарын тағып мектепті бетке алып бара жатқанда Әуелбек ата қандай көңіл күйде болды екен? Осы дүние мені қазірге дейін мазалайды. Ол кезде бала болдық Әуелбек ақсақалдың тағдырын түсінбедік. Жасалған қиянаттың ауырлығын да сезінбедік.Білмедік.
«Ұлы жеңіске 65 жыл! Бұл бабалардың қанымен, аналарымыздың көз жасымен келген ұлы жеңіс»-деп теледидар біткен шулай бастағанда, менің есіме Әуелбек ақсақал түсті.Он сегізінде от кешіп, Мәскеу түбіне жеткен неміспен арпалысып, жаудың түрмесіндегі адам төзгісіз азапты басынан кешірген қарт жауынгер. 1945-тің көктемінде соғыс аяқталып, аяғы шынжырдан, қолы кісеннен босап, туған жерге жетемін-ау деген кезде қайта жанған үміт оты сөніп, «халық жауы» атанып, мұртты көсем көрге кіргенше абақтыда отырған қайран қара шалым. Отан үшін деп, кеудесін отқа төсеген Әуелбек ақсақал сынды миллиондаған жазықсыз жауынгерлердің қаны коммунисттік партияның мойнында кетті.Алыстағы Мәскеуді қойшы, сірә. Туған ауылының құрметіне бөленбеген жаны жаралы жауынгерлер қанша ма? Биыл жеңістің 65 жылдығына орай, Ресей Федерациясы ТМД елдеріндегі көзі тірі барлық майдангерлерді арнайы медальмен марапаттамақ. Алайда, бұл жоғарыда айтылған әділетсіздіктердің өтеуі бола алады ма? Кешегі кеңес үкіметінің заңды мұрагері - бүгінгі Ресей федерациясы Мәскеу үшін жан аямай соғысып, бар жазығы неміс түрмесінде отырғаны үшін халық жауы атанған жандардан ресми кешірім сұрамақ түгілі, сол бір қиянаттарды ұмытқан тәрізді.Жалпы, патшалық Ресей мен кеңес өкіметінің тағында отырған Ресей Федерациясы әлем алдында жасаған күнәсін кәрі құрлықтағы өркениетті мемлекеттердей жария ете алмай отыр.Қазірдің өзінде Кремель төрінде отырғандар дербес мемлекеттердің ішкі шаруасына араласып кете береді. Содан да болар Англия, Германия, Франция сынды зиялы мемлекеттердің Ресейді Еуропаға қоспайтыны. Алайда, олар империялық амбициямен 2-дүниежүзілік соғыстың жеңісін Еуропаға жасалған соққы деп есептесе керек. Ұлттық идеологиясына бей-жай қарамайтын ресми Мәскеу осы бір жеңістің бұрынғы КСРО аумағында кеңінен аталып өтуіне ықыласты. Ал бұл жеңіске салқын қанды қарайтын Балтық елдеріне қабағын түйе қарайды. «Біздің батырларымыз коммунистік партия үшін соғысқан қызыл хахолдар емес, Украинаның дербестігін мұрат еткен,Степан Бондеро сынды ерлер»-деп украина халқы ұран тастағанда, Медведев пен Путин тыныш отыра алмады. Билік басына орысшыл Янукович қайта келді. Алайда, Ющенко кезінде қызыл комиссарларға оқ атқан, ұлтшыл Степан Бондероға «Украина батыры» атағы берілді.Сол тұста Ресейдің ақпарат құралдары жапа тармағай жағаларын ұстап,сөзі өтетін, сөзі жететін жерге дейін шулатты. Әуелі Киевтегі ресейшіл күш экс-президенттерін сотқа да берді. Әйтсе де, Украина заңы бойынша, өлген адамнан атақты қайта алуға болмайды. Ал біз бұл тұрғыда тағы да табансыздық таныттық.Түркі халқының тәуелсіздігін ту еткен, қазақтан шыққан тұңғыш диседент, ұлы саясаткер Мұстафа Шоқайға лайықты бағасын бере алмадық...
Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханға туған өңірі Қарағандыдан бір көшені де қимадық.Жергілікті орыс басылымы: «Әлихан деген террор.Тероррға көше беру деген не сұмдық»-дегенде біз жұмған ауызымызды аща да алмадық.
Соңғы кездері «1941-1945 жылы болған соғыстың бізге қатысы жоқ. Қазақтың Ұлы Отан соғысы жоңғарлар мен болған соғыс.»- деген пікірлер де айтылып жүр. Көбіне-көп өздерін ұлтшыл есептейтін қоғамдық қозғалыстар тарапынан. 90 -жылдардың соңында бұл мәселе «Жас Алаш» газетінде де көтерілген. Бұндай пікірді соғысты көрмеген ұрпаққа айту оңай дейтіндер әрине бар. Екінші дүниежүзілік соғыстың қандай қиындықтармен келгенін біз кәрі тарихтан білеміз. Бұл тұста тебінгісінен тер төгіп, етігімен су кешкен қатары сиреген қарттарымызды ренжітуден де аулақпыз. Алайда,көк байрағымыздың астында өскен бүгінгі ұрпақ бодан ел болып жеткен жеңісті емес, ноқтасыз еркін кезіміздегі ұлы жеңістерді жырлауымыз керек. Тәуелсіз Қазақстан үшін соңғы ханымыз Кенесары Қасымұлының Ақмола бекінісін орыс басқыншыларынан азат еткен күн аяулы болса игі еді. Біз сөз қылып отырған екінші дүнижүзілік соғыста фашистік Германияны жеңу расында оңайға соққан жоқ. Қызыл ту астына бас қосқан он бес республика Ресей аумағындағы автономияларды қосқанда жиырмадан аса ұлт пен ұлыс қатар тұрып немістерге оқ атты. Жарты Еуропа мен алпауыт АҚШ-та бізбен тізе қосты. Осылайша, жабыла жүріп жауды жеңді. Ерлікті бағалауға келгенде де шовинистік қалпынан айнымаған КСРО-дағы аға ұлт орыстар біздерге қырын қарады. Атын атап, түсін түстемей-ақ қоялық 1941-1945 жылдың нағыз қаһармандары өз бағаларын тым кеш алды.
P.S Әңгімемізді мақала басында сөз еткен Әуелбек ақсақалдың бүгінгі жай-күйімен түйінделік. Бүгінгі таңда тоқсанды алқымдап қалған ғазиз қарт Талдықорған қаласында тұрады. Наурыздың 13 күнгі су бөгетінің тасуынан Қызылағаш ауылының жермен жексен болғаны баршаға мәлім. Өз ауылдастарындай Әуелбек ақсақал да баспанасыз қалған. Қазір қаралы ауылда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа пәтерге кіргендер де жоқ емес. Алайда, Әуелбек ақсақалдың үйінің әзірге ірге тасы ғана құйылыпты. Соғыс... неміс пен коммунистердің түрмесі... Қоңыр таулардың құшағында бейқам тірілік кешіп жатқан жандардың өмірін қиған табиғат апаты... Жаратқан сізге ұзақ ғұмырды осыншама азаптарды көруге жазған ба? Тағдыры тек азаптан тұрған қайран қара шал-ай...




Мынауың бір ұлтшыл, мықты жігіт қой. Па, шіркін, жазады-ақ екен! Жарайсың, жампоз!
кейде кішкене де болса, ұлтшыл болу керек.
Әдемі әңгіме сияқты екен. Жақсы жазылған. Мәселені де көтере білген. Дәуреннің інісі ғой...
Өткенде бұл жігіт Қызылағаш оқиғасына байланысты 31-ден сөйлеген. Мұртты үкімет басы мен Үмбетовты кекетіп. Бұндайлар радикалға тез айналады.
Қанат қатырыпты! Жарайсын ағатай! Сықиған мақала екен! Оқып тоймайтын!
Біздің қазақ қызық. Дәуреннің інісі деген не сөз. Қазақтың ұлы ғой. Ұлттық мәселені жазыпты. Дұрыс.
Мен согыстын и1с1н сезгем жок. Ол турмак, желтоксан котер1л1с1нен де кеш1г1п тудык. Б1рак сонау Кенесары заманындагы орыска карсы согысты кызыга окимын, мактам етем1н. Неткен ерк1нд1к, батырлык. Нагыз дала жауынгерл1 сол Наурызбайлар. Казактын согысы - дербес шагындагы, б1реуд1н нускауымен емес, оз калауымен жауга карсы шапкан кездер1. Каншама казакты кырган кан1шерлермен б1р жак болып мылтык ату - саткыдык.(Ол согыста каза тапкан батрларымыздын рухы мен коз1 т1р1 ардагерлер1м1з кеш1рс1н) Шынында да ек1нш1 дуниежуз1л1к согыс - казатын жауды женген кун1 емес, фашизмн1н кулган кун1. Оны "Улы" деп тау артык кеткенд1г1м1з. Анг1медег1 Ауелбек кария неткен бакытты... Маскеу уш1н согыскан кундер1не медаль сурамаган... Жарайсын, Канат!!!
Бұл жас ұрпақтың жаңа пікірі екен. Өзінің жеке пікірі жоқ қазақ халқына осындай мақалалар да керек
Авторға! мұндай сатқын деп жарияланып, қазір тірі жүрген қара шалдар бар болса солар туралы көлемді мақала жазыңызшы. Фотосуретімен қосып беріңіз. Біз де шулатайық ит Орысты, как раз 9 майдың қарсаңында!
Муртты косем тек адам канынын аркасында гана женіске жетті. Букіл Екінші дуниежузілік соғыс жылдарында немістен бар болганы 12-13 млн гана адам олген, ал СССР-да 27 млн. Гитлер техникасына, Сталин адам қанына сенді.
Абайлықтар жарайсыңдар! Қазаққа қажет мақаланы басыпсыңдар.
Өте жақсы мақала, жақсы жазылған. Портал бар қазаққа керек дүниені баса беріңдер. Орыс баспасөзінде Сталинді, Ленинді дәріптеу жүріп жатыр, содан сақ болуымыз керек, олардың озбырлықтарын, жеке басқа табынушылықтарын жаза беру керек, келешек ұрпақ біліп жүрсін.
Жеңістің жемісін Сталиннен бөле қарау нағыз опазыздық болар еді. кімге дейсіз ғой, әрине тарихқа. Сталиннің адамдарға тән көптеген қателіктері болды сонымен бірге артықшылықтары болғанында жасырмау керек. бұл біздің қазіргімізбен болашағымызға дұрыс талдау жасайтын жол болар еді. ал қазақ ардегерлеріне келсек 65 рет 9 мамырды аңсаумен келеді. қазіргі телеарналарға қарасаң олардың бір ғана мақсаты бар сияқты, әр бес жылда бір пәтер алып отыру, сонда тәлейі болғандары 13 тен көп пәтер алып артына қалдырған болады екен. ал соғыста қайтыс болғандардың ұрпағына ештеме жоқ болып шығады. 2 дүние жүзілік соғыс басқа елдерде де шарпыды оларда ұлы жеңістерге жетті. бірақ олар біздегідей қыруар қаржыны желге ұшырып жатқан жоқ. ал біздің ардагарлер жылда алып жатырмыз ау, биылғы қаржыны алтан бесік ауылды көркейтуге жұмсаңдар деп жатқандардың бірде бірін көрмейсің, қайта ала алмадық деп жылап жатқандардың көресің. сонда біздің ардагарлеріміздің отаншылдығын қайжағынан көріп үлгі тұтамыз. қорқыныштысы сол аталмыш жеңіс күні кіремілге бас ұратын кеңестік өкіметті қайта құруға бағытталған саяасатқа айналып келеді.
Мине, айтулы журналистін макаласы. Агрессия жок, салмакты, байыпты, реті келген жерде аз да болса саяси талдауы бар. казір катынша когеріп, біреуді кекетіп-мукатып, жеке басына тиісіп жазу етек алып кетті. Сондайлардын улгі алуына лайык макал болды. Рахмет авторга.
Сталиннен бөле қарау нағыз опазыздық болар еді - деп жазған қонаққа! Сталин адамзаттың жауы Кешегі алаш арыстары Сталиннің саясатымен атылды емес пе? Ашаршылық ше? Бәрін ұмыттық па? не бетімізбен Сталинді дәріптейміз, Сталинның адамзатқа титтей де жақсылығы жоқ. Соғыста жеңген ол емес Совет халқы орыс, украин, қазақ, қырғыз болып бірге жеңдік. Халықтың күші, сталиннің даналығынан емес. Біз де тарихты білеміз, Сталин сияқты тирандарды мың қарғасаң да артық емес, көрінде өкірсін.
Шоқайұлы
Өте дұрыс пікір (жоғарыдағы). Сталин мен Гитлер екеуі бірдей адам, біздің тарихымызда Сталинге орын болмауы тиіс. Жеңісті Сталин мен коммунистер өз аттарына жазып алды және славяндар да соларға қосылды. Соғыс киноларда азиат не кавказ ұлттары көрсетілмейді, олар да отан үшін жан қиған еді ғой. Орасан көп адам шығынымен келген жеңіс бәріне ортақ болатын. Ресей архивтерінде құжаттар көп, бірақ олар әзір ашылмайды. Бәрібір, шын тарих ашылады.
умет
БҮГІНГІ БАС КОММЕНТАРИЙ
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері А.Нұрманов. Ойыл, 2009 ж.
29.04.2010
"Қазақтар! Ұлы Отан, Жеңіс дегенді ұмытыңдаршы! Сол отаның Ұлы болса мәңгі құламас еді, көрген күнің жеңісті болса еске алған елің жыламас еді. Орыс жеңімпаз мықты болса жигули жасамас еді. Қазақ қазы-қарта орнына колбаса асамас еді ғой... Қазаққа Ұлы бүгінгі Қазақтың өзі..."
Жас болса да, мақаласы сәтті шыққан. Әрине, соғыстағы қазақтың шындығы жазылуы тиіс. "Пәлен пәшесті жер жастандырдым" деген сөздер емес, нағыз шындықты. Қазақтардың көбісін алғашқы кезде тек окоп қазуға пайдаланған орыс шовинистерінің қылығын бұдан қырық жыл бұрын бір майдангерден естіген болатынмын. Немесе 5 адамға бір ғана карабин мылтығын бергенін. Бұл кезде немістерде автомат болды. Қалған төрт адам сол бір мылтыққа таңылып қойылған. Қырылмай қайтеді қазақ?
Расында, ұлы болса ол отан қайда? Орысқа қалай жағымсуды есіміден щығармайық қазақтар. орыс иемізде, киемізде дейтін мәңгүріт қазақпыз біз. өз сорымызды өзіміз жасайтын, өз көріңді өзіміз қазатын қазақпыз.
"Ұлы Отан соғысы" деген не сөз өзі. Отан - Ұлы ма? Әлде соғыс - Ұлы ма? Соғыс Ұлы болушы ма еді, ақыры Отан шығар Ұлы болып тұрған. Сол "Ұлы Отан" қайда қазір. "Халықтардың түрмесі" болған СССР несімен Ұлы болсын. Жалпы болашақта "Ұлы Отан соғысы" деген сөзді қою керек. Соғыс болды. Ол рас. Тек СССР мен Германия емес қой соғысқан. Соғысқа әлемнің 50-ден астам мемлекеті қатысты. Соғыс өрті дүниенің барлық құрлығын шарпыды. Соғысты жеңіп шыққан - Антанта одағы. Яғни, Американ, Британ әскерлері жеңді бұл соғысты. СССР тек өз елін және шығыс Еуропаны азат етті. Ал Америкалықтар мен Британдар дүние жүзін (Батыс Еуропаны, Азияны, Африканы, Тынық мұхитты - бәрін) азат етті.
Бұл соғыстың адамзат тарихында өз атауы бар: "екінші дүниежүзілік соғыс" деген. Ендеше неге үй ішінен үй тіккендей етіп, соғыстың ішінен соғыс тігіп - "Ұлы Отан соғысы" деп атаймыз. Екінші дүниежүзілік соғыс пен Отан соғысы екеуі екі басқа нәрсе емес қой. Екеуі - бір нәрселер ғой.
"Ресей фашизмді жеңді" дейді дурықпа тарих. Орыстар фашизмді жеңді де, енді келіп 60 жылдан соң, қазір өздерінің көшелерін неофашистерге, яғни тақырбас скинхедтерге толтырды. Сөйтіп, фашизмді жеңген елдің жастары нағыз фашистерге айналды. Фашизм деген - нағыз жұқпалы және өлмейтін дерт. Сондықтан, 9-май мейрамының атын өзгертіп: "Фашизмге қарсы күрес күні" деп атау қажет. Ал "Жеңіс күні" деп - 2 қыркүйек күнін, яғни Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күнін белгілеу керек.
Бұл - қазір әлі арамызда жүрген бұрынғы коммунистер кеткесін, болашақтағы ұрпақтың жасайтын шаруасы.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
мдааа жалпы дурыс екен
Көрінбей кетіп едің, бәрекелді, келген екенсің ғой. Пікіріңе мың пайыз қосыламын, Сера. Мақала ауторына да. Ұлы отан соғысы деген орыстың ертегісі, басқа түк те емес. Қайта сол Гитекең жеңсе қызық болар ма еді, кім білген...
Сұм соғыстың "көлеңкелі бір жағын" жақсы аша білген. Рақмет! Пікірлер де орынды. Сол кездегі адамдардың тағдырын ойласам жүрегім сыздайды. Өздерін гуманды мемлекет санаған, Әуелбек қарияның жасына жетпей кеткен "Ұлы емес мемлекет" қанша адамның тағдырының ойран-асырын шығарды? Оны сол күнәсіз адамдардың назасы ұрып, орта жолда тарих деген алып мұхитқа батып жоқ болды. Тәубә!
Менің бір әріптесімнің - орыс әйелінің қызы Германияның неміс жігітіне тұрмысқа шығыпты. Ол Қазақстанға құрылыс бизнесімен келген, бірақ жемқорлардың "көмейінен шошып" ерте жарықта еліне кетіп үлгеріпті. Айтайын дегенім сол жігіттің әжесі қазақ қызы - есімі Әлия екен. Әріптесімнің айтуынша, ол қыз 1941 жылы 15 жаста болған және Киевте оқыған. Нағашы ағасы 1940 жылы күзде оқуға апарып, 1941 жылы жазда алып кету керек болған. Өкінішке орай,соғыс басталып кеткеннен ағасы бара алмаған-ау шамасы. Әлия апамыз да көпшілік тұтқындармен бірге Германияға апарыпты, құрылыс заводында жұмысқа салған бәрін.Азият болғандықтан көп азаптау көрмеген болу керек.Соғыс біткенде ешкім іздемеген. Қасындағы бірге барғандардың барлығын іздеу салып, туғандары алып кетіскен. Содан ол кісі, әрине неміске тұрмысқа шығыпты.Қазір үйлі- баранды екен. Есінде қалғаны әжесі, шешесі, ағасы, өзі сияқты көп ұсақ балалар. Жоқшылық, кедейшілік. Сөзіне қарағанда өз әкесі болмаған, анасы басқа біреуге тұрмысқа шығып кеткен, Әлия апа нағашыларында болған. Неге өзі іздестірмеген екен? деген сұрағыма әріптесім: Ол кісі өзін іздестірмеген туыстарына өкпелі, яғни мен ешкімге керек емеспін деген ойда қалған сияқты. Осы оқиғадан кейін мен бірде "Хабар" телеарнасында соғыста іздеусіз кеткендер жайлы айтылып жатқанда телефон шалып едім, жүргізуші өзіміз хабарласамыз деді де жоқ болды. Бірақ өз елінен еріксіз жырақта қалған әпкеміздің тағдыры есімнен кетпейді. Мүмкін, біреу болмаса, біреудің күте-күте күдер үзген жақыны болып қалар, деген ойда жазып отырмын.
Және, неміс тұтқынына түскен көп жауынгерлер Сталин аман қалдырмайтынын білгеннен соң, АҚШ-қа кетуге мәжбүр болыпты. Бірде Нью-йоркте қырғыз таныстарыммен госпитальде жатқан Чоң аталарына барған едім. Ол түркі балалары бесеу, ішінде қазақ та, қырғыз да, т.б. болыпты. Қазақ екі кісі қайтыс болып кетіпті, өкінішке орай ол кісіні екінші рет көру мүмкіндігі болмады. Қайтыс болып кетті.Қырғызша, қазақша бір акцентсіз сөйлеп, өзі әрең жатса да елінің тілеуін тілеп шет жерде шерменде болған қайран қарияны халық жауы деп айтуға қалай аузың барады.
"...Жаратқан сізге ұзақ ғұмырды осыншама азаптарды көруге жазған ба? Тағдыры тек азаптан тұрған қайран қара шал-ай..." - "Аққа Құдай жақ" демекші, көзінің тірісінде әділдіктің ақ туын өз көзімен көріп кетуді жазған шығар...Сұм соғыста да кемсітушілік көрсеткен "Ұлы емес Отанның" тарих сахнасынан кетуінің өзі Әуелбек атадай жазықсыз жапа шеккендердің "Ұлы Женіске" жеткені деп ойлаймын.
Бұл өзі қайдан шыққан жігіт. Қанат Тілеухан деген журналистті бұрын естімеген екем. Ал, мақаласы көпшілік айтқандай жақсы екен. Баспасөзде осындай мақалалар жиі шығып тұру керек деп ойлаймын.
жарайсың болады екен.
қазақтын отан соғысы,қазақ қазақ болып қалама,жоқ бордай тозама деен сұрақ шынында те ғана 18 ғасырда тұрды.жоңғарсмен соғыс,қалмақ,орыс казак,башқұрт оңтүстік міне сол кезде қазақ тағдыры шешілегн соғыс болды.әсірес жоңғармен соғыс нағыз отан,ұлт соғысы болды.ал мына екінші дүниежүзілік соғыс ,иә,ата бабмыз қан тогіп,жан берді,ерлік көрсетті.бірақ бұган дейін сол соғыста қазақ қорғаған мемелектте бейбіт жағдайда қазақ жартысына айрылды.бұл соғыс егер тікесін,сайаси сиқырланбай айтсақ,демократия және фашизм мен коммунизм,одан әрә қазбаласақ,ағылшын-сакс тік 200 миллиондық пен 90 миллиондық неміс пен 100 миллиондық орыс әлемі арасындағы
соғыс.неміс әлемі жеңілді,олар ағылшын әлеміне қосылды.орыс әлемі уақытша жеңді.қәзір ағылшын әлеміне әрә сәрі болып қосылғысыда келіп,шалқайғысыда келіп жүр.қарап отырсақ бос сөзі көп,боркемік сийақты көрінген демократия елдері түкілікті жеңіске жетіп отыр.ал сырт көзге күшті,қатты,біріккен деспот режим елдері бордай кеміп,тоз тозы шығуда.бұл дла тарих сабағы ,өмір әдәлдігі.
Өте жақсы мақала, жақсы жазылған.Баспасөзде осындай мақалалар жиі шығып тұру керек деп ойлаймын.
Жарайсың! Қанат, осылай жаза бергейсін.
Біз бір нәрсені мықтап тұрып түсінейік. Ол уақытта яғни 2дүниежүзілік соғыс кезінде, біз бәріміз, қазағымыз, орысымыз, гүржіміз, татарымыз, әзірбайжанымыз СССР деген бір мемлекеттің құрамында едік. Фашистік Германия Соғысты орысқа ғана ашақан жоқ, тұтастай СССР мемлекетіне ашты, олай болса оның құрамындағы барлық елге ашты. Тіпті сол уақыттағы СССР басшысының өзі орыс болған жоқ қой. Сталин мысалға гүржі, Молотов қақол, Берия жөйіт, Жуков белорус, Рокосовский поляк болатын. Ол уақытта орыстың арқасын кеудесімен жапқан қазақта, қазактың арқасын кеудесімен жапқан орыста болған. Ол әрине адамшылықтан, достықтан, ортақ мүддеден болған нәрсе. Соғыста жеңу үшін темірдей тәртіп қажет, егерде сол уақытта Власов сияқты сатқында тұтастай әскерімен жау қолына өтіп жатса не болар еді? Сондықтан тұтқынға түскендердің бәрі сатқын аталды. Тұтқынға түсуден гөрі өлім артық еді, қызыл әскердің солдатына. Әрине, өмір болған соң бәрі де болады. Тұрмыстық деңгейдегі шовмнмзмде, тағы басқа да. Тіпті қазір айтып жатқандай, Берлинді басып кірген СССР солдаттарының неміс әйелдерін жандарын шығарып тұрып зорлағаны да рас шығар. Бірақ соғыстың аты соғыс. Оған қатысты ешқандай мораль жоқ, өйткені ол омаральный нәрсе. Женгендікі дұрыс, бір ғана заң бар. Біз жеңдік жауды. Қазақ болсын, орыс болсын, қақол, гүржі болсын, бәріміз. Бұл соғысты әркімнің де үлесім деуге хақы бар. Соғыс құрбансыз болмайды, сондықтан Әуелбек ақсақал сияқты адамдарды бар болғаны соғыс құрбаны деп білеміз. Соғыстың құрбандары, сатқындары, ерлері, батырлары болатыны ежелден белгілі ғой. Орыс не десе о десін, ал біздің бұл соғысқа қатысымыз жоқ еді деу ақымақтық. Соғыс ортақ болды, жеңісте ортақ еді. Сондықтан оған шәк келтірген адам, осы соғыста қаны төгілген мыңдаған боздақтың, мыңдаған батырдың ерлігіне шәк келтірді деуге болады. Менің пікірім осындай.
мынау оте керемет иа мен10- жастамын бирак бул конилимнен шикти гажап!
Керемет , ешқандай пафос, агрессия жоқ, ойын шебер жеткізген
Пікір қосу