Тоқтар Әубәкіров: «... Енді оқытушымын» | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Тоқтар Әубәкіров: «... Енді оқытушымын»

Жәрдемші


Жас қазақ: Әлі күнге Қазақ елінен Талғат Мұсабаев екеуіңізден кейін ғарышкер шықпауының себебі неде деп ойлайсыз?
Тоқтар Әубәкіров: «Біздің жолымызды біреу қуа ма, соңымыздан ере ме, ермей ме?» - деген сұрақ мені көп мазалайды. Екі азаматымыз ұшуға дайын еді, бірақ ақырғы сәтте қаржы табылмай қалды. Осы жайтты бүгінге дейін түсіне алмаймын.

Өздеріңіз естіп жатырсыздар - анда ақша бөлінді, мында ақша бөлінді, бір банкке 19 миллиард теңге бөлінді дейді, ал шын мәнінде сол 19 миллиардтың қайда кеткенін ешкім білмейді. Ал бұл жерде миллиард емес, бірнеше миллион ғана керек болатын. Қазір екі азаматымыз оқуын аяқтады. Айдын Қазақстанға қайтып келді. Ал Мұхтар  оқуын жалғастыру үшін Ресей азаматтығын алғалы жатыр.  Мен үшін өте ренішті жағдай - екі дайын азаматымыздың ғарыш көгіне самғай алмай жүргені. Үкіметке айтарым: мұндай жағдай болмау керек еді. Бұл мәселе тезірек шешімін табуы тиіс.
Жас қазақ:  Қазақ ғарышының болашағын қалай елестетесіз?
Тоқтар Әубәкіров: Қазақ ғарышының болашағы болатын шығар. Біршама қаражат бюджеттен бөлініп жатыр. Байқоңырды да басқару көзқарасы өзгерді деп ойлаймын. Үлкен космопорт салғалы жатыр. 1991 жылдан бері айғайлап келе жатқан менің осы арманым орындалатын шығар деген ойдамын. Жалғыз Ресей мемлекетінде ғана емес, Франция, Италия жұмыскерлерімен жаңа «ҚазСатты» жасағалы жатыр. Енді дұрыс жолға түсуі мүмкін.
Жас қазақ: Осы сіз айтып отырған «ҚазСат» біраз дау тудырған жоқ па?..
Тоқтар Әубәкіров: Мен «ҚазСат» туралы айтқанмын тағы да айтам. Бұл да техника болғандықтан бұзылады. Бәріміз де машина мініп жүрміз. Анау Еуропадағы  көлік индустриясы мықты дамыған Германия жасаған «Мерседестер» сынып жатыр. «Ойбай, анау кеңістікте «ҚазСатымыз» сынып қалды», - дейді. Жасағаны сол болса не істейді енді. Техникалық қателік жіберген мамандар қазір өз кінәсін мойнына алды. Екінші «ҚазСатты» жасаған кісілер ол қателіктерге жол бермеуге тырысатын шығар деп ойлаймын. Біреулер айтады: үлкен қаражат шығарып керегі не бізге осы жер серігінің деп. 
Мен ойлаймын жаңа ғылымға, жаңа өркениетке ұмтылмасақ, миымызды тәжірибе жасап ойлантпасақ, біз қалып қоямыз. Жаңа заман ағымына ілесе алуымыз керек. Жәй ғана қой бағып, мал асырап, біз үлкен мемлекет бола алмаймыз. Әрине күн көру, үшін сол жететін шығар, бірақ болашағымызды ойлауға келгенде бұл мәселелер аса маңызды болып табылады.
Жас қазақ:  Қазақта талантты жігіттер көп қой, әлі де ұшқыштар шығатын шығар-ау, егер қолдау табылса?
Тоқтар Әубәкіров: Әрине, мен қолымнан келгенше, ұшқыш болуға талаптанғандарды қолдаймын. Келген жігіт­тер­дің бәріне ақылым­ды айтып, шығарып салам. Менің тәжірибеме сүйеніп айтқан ақылымның өзі оларға көп көмек болады деп ойлаймын. Жігіттердің кейбірі біраз жетістікке қол жеткізген соң, өздері келіп маған рахметтерін айтып жатады. 
Жас қазақ:  Бар қазақтың арманы мен үмітін кезінде көкке алып ұшқан сіздің еңбегіңіздің көмескіленіп, тірлігіңіздің көлеңкеде қалуы ойландыра ма? Неге осы «Тоқтар ағамыз осындай ерлік жасаған» деген әңгіме жиі айтылмайды? Еңбегіңіз не себепті еленбей жатыр деп ойлайсыз?
Тоқтар Әубәкіров: Оның бірден-бір себебі - менің Үкіметке қарсы шыққаным. Меніңше, биліктің кейбір әрекеттері дұрыс болмады-ау. Ауылдағы қарапайым халықтың дені өзіміздің қара көздер. Басқа ұлттар ол жақтан баяғыда көшіп кеткен. Қиыншылық көріп жатқан - қазақтар. Оларға деген саясат неге өзгерді? Неге оларға көмек қолын созбаймыз? Құдайға шүкір, Үкіметтің бұған шамасы жетеді. Саясат дұрыс болмаған соң, біраз жерде қатты сөздер айтқанмын. Үкімет те өзіне қарсы айтқан адамды жақтамайды. Өзіне қарсы шыққан адамды кім жақсы көрсін? Сонымен қазір мен жұмыссызбын. Депутаттықты таратып жібергеннен кейін бірде-бір Үкімет саласынан қызмет ұсынылған жоқ. Жұмыссыз жүрген соң, біраз қиыншылықты да көрдік. Қазақтың нағыз азаматтары ана жерге, мына жерге жұмысқа шақырды. Қазір енді Астанадағы бір университетке оқытушы болып жұмысқа тұрып жатырмын.
Жас қазақ:  Бізде авиациялық оқу орындарында оқытушы, нағыз мамандар тапшы екені бәрімізге мәлім. Сол орындарға  жұмысқа шақырмады ма?
Тоқтар Әубәкіров: Олардың бәрі Үкіметтің мекемесі болған соң, шақыра алмады. Өзім де үкіметке қарсы шыққан соң, бармас едім...

 

Сұхбаттасқан Абай Аймағамбетов

«Жас қазақ», 23.04.2010


 




Сiзге Талгат Мусабаевтын гибкостi жетiспейдi-ау деймiн. Онда жегенiнiз алдынызда, жемегенiнiз артынызда рахат кун кешер едiнiз.
Адам омiрi тым кыска гой, жан-жагынызга карасаныз Сiзге кол беруге жарамайтын адамсымактар кандай керемет омiр сурiп жатыр! Ойланыныз. Халыкты ойлайсыз рас. Кундердiн кунi жасыныз жетiп, 100 ден асып о дуниелiк болдыныз делiк. Артынызда калган казак урпактары Сiздiн осы ерлiгiнiздi (казак камын ойлап, билiкпен кетiскенiнiздi) есiне алады деп ойлайсыз ба?
Менi кейiн бiреулер еске алу ушiн жасамадым муны дерсiз. Онда не ушiн? Не ушiн киналып, тарыгып журсiз?
Бурынгыны бiлмеймiн, ал казiргi казактарга ештене,(сонын iшiнде халык ушiн деген угым) керек емес. Ал болашак урпак деген ойдын озi кумандi. Болашак бар ма озi бiзде? Сатылмаган ештене калмады дейсiздер. Олай болса кайдагы болашак?
Сондыктан мен Сiздi аса кадiрлейтiн арi мактанатын казак ретiнде КИНАЛМАНЫЗ, БИЛIКПЕН ТIЛ ТАБЫСА ОТЫРЫП ЕЛ КАТАРЛЫ ОМIР СУРIНIЗ дегiм келедi.
Досбол Айтбек



Аттан Қазақ, ақынды қорғау үшін,
Ғарышкерді Тоқтардай қолдау үшін.
Мына әлем қозғалмай бір тыңдасын,
Қазақтардың қаһарлы зор дауысын



Тоқтар ағамыз Үкіметке қанша қарсы шықса да, ол кісі қарапайым екінің бірі емес, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, тіпті сол еңбегі үшін ғана ол кісіні бәрібір құрметтеуге міндетті біздің Үкімет. Тоқтардай ағамызға жұмыс бермей, не істесең, о істе, сен өз таңдауыңды жасадың деп қарауға болмайды, Үкімет көңіл бөлмесе, қолында мүмкіндігі бар Ел ағалары, атқамінер азаматтар бұл кісіні ескерусіз қалдырмауы тиіс. Ерін ардақтай білмеген ел - Ел болмайды.
Досбол Айтбектің де пікірімен келісемін, ащы шындықты айтып отыр ол. Бірақ Тоқтар ағамызға басын иіп, жағайымпаздану жараспайды, ол кісі бұндай әрекетке бармайды да. Дегенмен, менің ойымша, Тоқтар ағамыздың ерен еңбегі мен ерлігін ескере білген адамдар шығып жатса Үкіметімізден, Тоқтар ағамызға да қарсылығын қойып, ұсыныстарды қабыл алғаны дұрыс шығар. Ол кісі өз білімі мен тәжірибесін ел игілініне жұмсауы тиіс, саясат - лас дүние ғой, Тоқтар ағамыздай маманға саясатпен айналысудың еш қажеті жоқ, одан да білімі мен білігін отандық ғарыш саласын, ғылым мен ақапарт салаларын дамытуға жұмсасын, өйткені ондай мамандар бізде жоқ.



Досболдың пікіріне қосылмаймын!
Оның себебі: "Қазір қулар мен сұмдардың, жағымпаздар мен жемқорлардың заманы болып тұр. Биліктің ең биік сатысына дейін дәуір ауар кезді дұрыс бағымдап, халықтың ырыс - несібесін заңсыз жекелендіріп, жатқа параға үлестірген, жең ұшынан жалғасып бөліп алғандар, билікке сол параның күшімен барған, шетелге жетім сатқан арамдар, қиын кезде жол таба алмас дымбілместер отыр. Олардың жеткен жері өндірістерді қиратып, металломға айналдырып, орнына базар, ресторан т.с.с. салып пайда табуда. Бірақ басқаның есебінен пайда көрумен алысқа бара алмайсың! Жоғарыда айтылған сұмдардың бәрінің бақытының баянсыз болатынына жақында өзің ақ куа боларсың! Сеніңше сондай жолдармен рахат өмір сүру бақыт екен ғой?! Жоқ қарағым, бұл тексіздердің жолы!
Тоқтар сияқты Текті де, біртуар азаматтар сенің айтқан рахат өмірің үшін ешкімнің де аяғын жаламайды! Қыран биіктен құлар болар!
Ілесбек Байжанов. Шымкент шаһары.



Батыр Қазақ аман болыңыз. Сіздің қай жерде жүрсеңіз де еліңізге бергеніңізден береріңіз көп деп ойлаймын.



Осы кісімен кездесуді армандайымын. Маңғыстауға бір келмес пе екен? Мұрат, студент. Ақтау.



Қаракесек-Тоқтар батыр! Сіздің "қиналғаныңыз" қазақтың жанына батады. Ақылы толысқан айбыны Арыстандай адмсыз. Билікке Сіз қарсы емессіз. Билік Сізді қолжаулық жасаймын деп әлекке түсті. Ол әлегінен дым да шықпады. Мәжілісте иттің итақайы отыр. Сіз ол жерде отырмасаңыз да қазақтың көгіндегі қыран құссыз. Биліктің өктемдігін басатын батырсыз. Сол үшін оппозицияға бардыңыз. Ел қуанышында шек жоқ. Қасыңызда Балташтай Айбалта бар. Шаршап жүрген Болат пен Жармаханға өткір бағыт-бағдар беріп, қылышын қайрап-қайрап жауға салыңыз. Салмырза



Тоқтар аға, Сіз билікке қарсы шыққаныңызбен қажыған, "билік теспей сора-сора" сүлбесі қалған халқыңызға рух сыйлап отырсыз! Біз де "сұраусыз" емеспіз деген оймен терең дем алғандар баршылық. Егер сол билік "Егемен Қазақстандағы" мақтағандай дана болса, Сіздей батырдың еңбегін бағалап, сіздің біліміңізді авияция болашағының дамуына қолданар. Әй, кім біледі?! Үмітсіз шайтан!



Сізден өз басым, бүгінгінің Бауыржанын көрем. Талғаттың ылдым-жылдымдығы да қажет болар. Бірақ ол Тоқтар ағамызға қол емес. Тоқтар Әубәкіров - өзінің жанкешті мамандық сынақшылы-ұшқыштығымен-ақ кеңес аспанын мойындатқан тұлға ғой. Ғасырлар өтсе де, ерлігі ұмытылмас, кесек тұлға осы.



Мен де Тоқтар ағаны жақыннан бір көргім келеді нағыз дана азамат шығар тек қуаныш ,амандық тілеймін сізге"!!!!Жаңа қызметіңізде тек табыс тілеймін шәкірттеріңіз сіздей ел сүйер азамат болсын!



Тоқтар -қазақтың біртуар ұлы. Егер ол кісіге үкімет жұмыс ұсына алмаса, ол кісінің білімін пайдалана алмаса, қазақ үшін ол үкіметтің құны қандай? Ол үкімет өзге, қарапайым қазақты қатыра ма?!Соны ойлайықшы, халайық...Біз кімге сеніп, кімнен жақсылық күтіп өмір сүріп отырмыз? Миллиардтаған теңге бөлініп жатыр.Сол қаржының 5 пайызына салынған медициналық мекемелер қаңқиып бос тұр.Елге ол "ауруханадан" еш көмек жоқ. Себебі,есігінде құлып, ал ішінде аспирин де жоқ.Себебі бұл ауылда ешкім "тендерді" ұтып алған жоқ...Ал ақшаны бөліп алып қойды, себебі бөлінген қаржыны тезірек игеру керек! Керек, керек, керек! Кімге керек? Соны ойлайық,халайық...Нағыз езілген қазақ.



Тоқтар аға,сіз туралы мақала көрсем оқуға тырысамын.Тың ойлар күтемін.Сізбен біргеміз,танымасақта.Кездесу болса барар едім. Құдай жар болсын.Сіз батыр қазақ болып қаласыз кейінгі ұрпақ алдында.



Тоқтар-ағаны теледидардан жиі көрсек жастарымызға артық үлгі болмас еді.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
13 + 6 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>