Серікболсын Әбділдин орнын босатты | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Серікболсын Әбділдин орнын босатты

Жәрдемші


Қазақстанның коммунистік партиясын он төрт жылға жуық басқарып келген саясаткер Серікболсын Әбділдин орнын босатты. Партияның соңғы пленумында «бірінші хатшы» мансабына Ғазиз Алдамжаров лайық деп табылды. Компартияның құрметті мүшесі болып қалған Серік ағамыздың айтуынша, осы әрекеті арқылы әр нәрсенің шегі барлығын, бір лауазым, бір орынтаққа мәңгілік тырмысып отырудың бекерлік екенін көрсетпек болыпты...

 


 




Ата коммунистік партияны қайтесіз Аллаға құлшылық етсеңізші одан қайырлы не бар мына дүниеде, жалған дүние жалғандығын көрсете береді. Түлкі құйрығындай бұраңдаған дүниеден баз кешіп Бисмиллаһ Аллаһу Акбар деңіз ана дүниеде алыс емес кімге болса да........



Коммунистік партияның көптеген ұлағат сөздерінің Құраннан алынғаны кейін мәлім болды. Мысалы, Лениннің "Оқы, оқы және оқы" деген сөзі Жаратқан Иеміздің Мұхаммет пайғамдарға айтқан сөзі екен.
Ал коммунизм жұмақтың елесі болатын.



Оныңыз дұрыс болған, ақсақал. Негізінде бұл кісі үлкен саясаткер, елжанды азамат-ақ еді. қалайдан-қалай компартияны таңдағанына таңым бар. егер компартия емес, тыңнан бір партия (партияның атын тіпті Серікболсын деп қойса да) құрып алғанда, соңынан өте көп халық ілесер еді. Компартия дегеннен кейін-ақ, Кеңес одағын қайта құрғалы жүрген біреу екен деп, көп адам теріс айналып кетті. Әлі де кеш емес, Алдамжаровпен ақылдаса отырып, партияның атын қайта ойланып көрерсіздер, мүмкін!



"қазіргі коммунистер коммунизм құрғысы келмейді, қайта капитализм жағыдайында жұмысшылардың құқығын қорғау желеуімен, парламенттік орынтаққа ие болуға құлшынады" деген сөз рас па, Серкболсын аға, жоқ әлде сіз де сол шатпырақ, сандырақ, былжырақ қоғамды тірілтіп, ұрпақтың көзжасына салтанатты сарай (бәлкім мола) тұрғызайын деп желіктіңіз бе?
- Анахарсис



Секеңді қызыл деп сөгіп жүргендердің демократия ісіне қызыл сөзден басқа косқан үлестері шамалы. Ал Секең авторитарлық билікке қарсы күрестің нағыз абызы екені талас тудырмайды.



aaaaaa



Коммунистік деген латын сөзінің орнына қазақтың ортақшыл сөзіне ауыстырып Қазақстан Ортақшылдар Партиясы десе бұл партияның беделі азда болса өсер еді-ау.



Коммунизм дегеніміз қызғаныш! (Ницше)
КОммунизм дегеніміз тозаққа апаратын жол! (Поппер)
Коммунизм дегеніміз християндық о дүниенің бұ дүниеге көшірілген нұсқасы! (Гассет)
Коммунизм дегеніміз балалардың көз жасына салынатын сәулетті сарай! (Достоевский)
Коммунизм дегеніміз әлеуметтік жындылық! (Анахарсис текті)



Сіздің әділет пен шындық туралы ұстанымыңызды сыйлаймын, бірақ коммунизмді дәріптеуіңізді түсінбеймін.К"оммунизмді жамылғандар" қазақты әбден зарлатты емес пе? Ұлтсыздандыруға апарды. Қазір де солардың шәкірттерінің басқаруымен келеміз емес пе?

айкүн



Совет үкіметінің қайта құрылғанын қалаймын.Егемендікті бір-ақ адам пайдаланып жүр. Басқамыз соның құлымыз. Бос сөзден басқа не естідің? Өтірікпен суарып келеді. Қазақстан, Советтік дәуірде шикі зат байлығымыздың 1 процентін пайдалансақ20та, қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк еді. Қазіргіден күніміз жүз есе жақсы еді. Шіркін, ол заман қайтып келмейді-ау! Келгені отлично болар еді. Сағынышпен, Салмырза



сен мал секілді қарыныңды ғана ойлайтын кешше екенсің! сонда біз тәуелсіздікті құрсақ үшін, жанбағу үшін ғана алған болдық па! Міне, тобырлық сана дегеніміздің қайталанбас үлгісі! Осы секілді қазақтан тумай кеткір орысшыл иттердің тұқымы қашан құрып жоғалар екен. Есек алтыннан көрі сабанды жақсы көреді деп Гераклит бекер айтпаған ғой!



Адамзаттың алып түрмесі болған, зұлымдық ұясы болған, қараңғылықтың апаны болған, ұлтты жоюдың машинасы болған, өтірік пен Атомның ошағы болған Совет одағы кезінде Қазақстан Хромы КСРОға тоннасы 27 сомнан сатылады екен де, ал КСРО оны шетелге 630 сомнан сатады екен. (Бұл НАҚТЫ ақпарат:)

Әрине қазіргі әңгіме Байлықтың КСРОның қолынан Қазақстандағы азғантай билеуші сұмпайылардың қалтасына түсуінде болып отыр ғой! Демек сасық КСРОңды аңсағанша, Қазақсқа әділ қоғам мен ұлтшыл билік аңсасаңшы, ақымақ бауырым!
-Анахарсис



1916-1922 жж. 900 мың қазақ қырылды!
1931-1933 жж. 2.5 миллион қазақ қырылды!
200 мың қазақ босқын болды!
18 мың қазақ ГУЛАГге барды.
3000 қазақ зиялысы атылды!

Анахарсис



Бірінші дұрыс жазды, Сәкең намаз оқығаны дүрыс.Мен түсінбейтін нәрселер өте көп, осы жұт қалай соц. коммунизм дегендерге сенеді, тіпті капитализм де күйреген жоқ па?
Серікболсын аға да, Салмырза да жазықзыз қырылған ата-бабаларымызды ойласын, ерте ме кеш пе соларға барамыз ғой, сонда сендерді қырғандардың қатарында болдық дей ме?
Анахарсис, Алла разы болсын! Исатай.



Айналайындар, қызыл сөзді сапырмаңдар. Серікболсын ақсақалға ұстамды позициясы үшін, өзіндік көзқарасын берік қорғағаны үшін рахмет!
Бүгінгі жастар шуылдақ, елірме, бағасы жоқ арзан сөзге әуес. Бәрі де оқып туған сияқты. Алдымен өмір көру керек, қарақтарым.



Намазды, Әбдилдин оқығанынан өзінен басқа ешкімге не пайдасы, не зияны жоқ. Ақыл айтқыш болсаң Әбдилдинге емес, басқаға, намаз оқығаны барлық қазаққа пайдалы болатын адамға айт. болмаса далбасалама! АААА



Қазақ коммунисттерін жамандаушыларға: Сіздер ХХ ғасырда қазақ халқына жасалған нәубетті тек коммунисттерге, тек сол партияға жатқаны үшін жаба салуға болады деп расында ойлайсыздар ма? Коммунизмде жатқан ештеңе жоқ, тіпті идеялары бойынша коммунизм, социализм ислам дініне басқа саяси ілімдерден біраз жақынырақ. Бізді құртқан коммунисттер емес, Мәскеу отаршылдары. Он жетінші жылы төңкеріс болмаса да, Ресей империясы сақталса да, демократиялық республика болғанда да, орыстың уысында жүрсек, күніміз дәл сондай болар еді.
Ал, коммунизмнен арылғанымызға 19 жыл болды, не таптық? Үш тұғырлы тіл, қос жазулы теңге, кедендік Одақ па?

Әбділдинге келсек, оны елін сатпақ түгілі, идеясын сатпай, шекпен ауыстырмағаны, коммунист болып қалғанының өзі құрметтеуге жеткілікті.

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>