ҚЫЗЫ ЕДIҢ ТОҚТАМЫСТЫҢ АТЫҢ – САРА... (ЕЖЕЛГI ЭССЕ) | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

ҚЫЗЫ ЕДIҢ ТОҚТАМЫСТЫҢ АТЫҢ – САРА... (ЕЖЕЛГI ЭССЕ)

Жәрдемші


Жалпақ қазаққа мәлiм айтыстың бiрер жолын бұрып айтқанымыз болмаса, Тоқтамыстың Сарасы да Тастанбектiң қызынан кем соқпаушы едi. Бұл Сара жеңбеген жiгiт, бұл Сара алмаған жүлде жоқ: машинаның бiраз түрiн талғап та, таңдап та мiндi. «Сенi аламын» деген талай алкеуде ақынның аузын артына қаратты. Бәйге бiткеннiң басында Сара ақынның аты аталмаған айтыс жоқ.


Бiрақ аламан айтыста ол Сараны сан соқтырған ұрғашылық, ақыры, бұл Сараның да «басына туды». Туғанда оңбай туды: белдi бiткенге бет қаратпаған ақын Сара ата баласы арғынды «жау» санаған шапыраштының келiнi болып шыға келдi. «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несi бар?» дегендей, қалың арғын-найман етектi қызына естi ұл таппай, сүйекке таңба түсiрдi.

Иә, дейсiң-ау сонда, бұл Сара бұдан екi ғасыр бұрын Арқадан «ауып» кетсе, айғайы Алтайды кернеген осындай күңiренудiң ретi болар едi-ау. Ендi ше? Ендi заман басқа: «тең с теңом, тезек с қабом» деген доғал дүние туды. Ерiк өзiңде: алтын басты ақын болмақ түгiлi, бақыр басты басқа болсаң да, сүйгенiңдi сона-а-у Африкадан таңдап табуға қақың бар. Бұл қалауыңа қыңқ дейтiн қара шал таппайсың.

Әйтсе де, дәтке қуат бiр жайт бар, сара сөздiң Сарасы тiзе қосқан Есiл есiмдi жiгiт арқар ауған аймақтың естiсi екен. Ақын Сара қызғалдақтың ғұмырындай ғана қыз күндерiнен айырылса да, айтыстан айырылмайтын бопты. Оны баспасөз арқылы төркiнiне үшбу сәлем жолдаған Сараның өзi айтыпты: «Күйеу балаларың өзiм сияқты өнерге қатысы бар жiгiт», - деп.

Осыны естiген Аягөздегi Аман ағам күрсiндi де қойды: «Е-е, тәйiрi, әйтеуiр, аман болсын, Есiлдiң елiне қарсы келiп, өле алмай жүрген жай қайсы?!».

Мен тамағыма тiрелген өксiктi үш толғап, әрең жұттым: «Қайран ағам-ай, шапшығанға шапалақ, шатағы шәлкес мiнезiң арқармен бiрге ауып кеткен-ау!...».

Алтай САУЫР

«Общественная позиция»

(проект «DAT»7 (32) от 18 ноября 2009 г.


 




Пәлі, Алтай Сауыр! Алтай деген атты алып жүруге ұялсаңызшы!!! Бір қазақты бөле жарып, бір-біріне жау ғып көрсетіп, Сараны қытайға тигендей қамыға қан жұтып күрсінгеніңе болайын! Не деген ақымақтық! Қазақтың қызы адайға тисе де, шапырашты, найманға тисе де есті ҚАЗАҚ баласына тисе болды емес пе? Абайлықтар, ру аралық жаулық көтерген мынандай кертартпалардың ақымақ ойына да орын беруге бола ма??? Қазір қазақ бөлінуді емес, жұдырық боп жұмылуды ойлау керек емес пе?!!!!



Қырғыз елінде көтеріліс болып еді, екі бөлініп соғыса жаздады, бізде сондай болса, мына мақаланың авторы тәрізді ақымақтардың кесірінен қаншаға бөлінер екенбіз?????? Жерін жатқа беріп, қызын жекөкшелікке сатқанда мыңқ деймейтін осындай тексіздердің мақаласын жариялағандарың қай сасқандарың, Абайлықтар?????



Айтқандарыңа қосылам



Пікір алынып тасталды!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
6 + 7 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>