Қазыбек ИСА. ЕЛ АЗАТ БОЛҒАНЫ ШЫН БОЛСА, - ТІЛ НЕГЕ АЗАТТЫҚ АЛМАЙДЫ?!. | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Қазыбек ИСА. ЕЛ АЗАТ БОЛҒАНЫ ШЫН БОЛСА, - ТІЛ НЕГЕ АЗАТТЫҚ АЛМАЙДЫ?!.

Жәрдемші


Қасірет қаптауда қалада-

Қазақтар орысша сөйлеуде...

Өлікке айналып бара ма,

Намыстан айрылған көркеуде...

 

Отарлап алған ел тілінде

Сөйлеуге құмарлық - құлдық қой...

Құлдар көп билікте бүгінде

Сатқындар аз емес... сұмдық қой...

 

Құлдар ел басқарса масқара, -

Құлдығың қайтадан орнайды...

Қазақша білмейтін Астана,

Қазақты қалайша қорғайды?

 

Қожайын тілінде құлдарша

Орысша сайрасақ - сол қайғы,

Ел Азат болғаны шын болса,

Тіл неге Азаттық алмайды?...

 

Қайран ел қалайша қалғиды?

Жау іштен шыққаны - зор қайғы.

Қазақша есітпей әлдиді,

Өскен ұл ел қорғай алмайды...

 

Кірмеге кіріптар боп күнің,

Кіргізді бар дінді бай мекен...

Қолсүйер қолбала көп бүгін,

Елсүйер ерлерің қайда екен?

 

Еліме дәл бүгін ие кім?

Сенеді кім тілсіз құлдарға?

Ұлты үшін күйетін, сүйетін,

Ұлтшыл Ер туатын күн бар ма?

 

Жат тілде жалтақтап жаһанға,

Жат тілде сөйлейміз Отанға.

Бір іліп тастайтын қажетсіз,

Тіліміз тойдағы шапан ба?

 

Тіл зарын тартып ед атам да,

Тілім деп жылайды ботам да.

Шет тілін шекеден қаратар,

Біз әлде жүрміз бе отарда?

 

Жеріңді жатжұрттық жайласа

Бабалар бар мұңы тұр есте...

Күш егер қазандай қайнаса,

Дәрмен де табылар күреске.

 

Шын ерді шыдатпас бұғауға,

Ананың тілі мен сүті еді...

Ақырып Теңдікті сұрауға

Азаттық Алаңы күтеді...

 

Көк туға жеткенмен көш кеше,

Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.

Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,

Алаңда шешілер барлығы...

 

 

Мәңгүрт көп айтатын басқаша ән,

Салғырт боп жүру де сор қанша...

Бұл майдан бітпейді ешқашан,

Қазақ тіл - Азат тіл болғанша!

 

Маймыл ғып жіберді Барысты,

Кешіксек бәрі де бітеді...

Құл болмай,

Ұл болсаң намысты,

Алаңда ел сені күтеді!...

 

19.01.2010 жыл


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>