болған заманда халықаралық университет құра аламыз ба?
Астанада Есілдің сол жағалауында салынып жатқан жаңа халықаралық университеттің құрылыс алаңына жуықта қала әкімі мен мұртты премьер министр екеуі барып, жұмысты көзбен көріп қайтты. Айта кету керек, құрылыс қарқыны екпінді. Жазды күн шілде болғанда аяқталып, студенттерін күзде қабылдап қалатын түрі бар. Оған менің де еш күмәнім жоқ. Президент Назарбаевтың атын алған оқу ордасын ол кісінің жетпіс жылдық мерейтойы болғалы жатқанда осы мәртебелі датаға орай бітірмей көрсін. Не болады екен? Құрылыс бітеді, ашылу салтанаты да өтеді, алаулатып-жалаулатып. Оған да ешкімнің күмәні жоқ, тіпті болмасын да.
Алайда, сол университеттің аты халықаралық бола жатар-ау, бірақ, заты қалай болар екен?.. Олай күмән келтіруімнің өз себептері бар. Неге десеңіз, бізде бұдан бұрын ондай университеттер аты дардай болып ашылып, артынан жұртқа күлкі болып қалған жайлары бар. Мысалы, Алматыдағы Қазақ-Британ университеті (суретте). Онда оқитын студенттердің айтуынша, аталған оқу орнында не қазақ, не ағылшын тілінде дәріс оқылмайды. Тек қана орыс тілінде сабақ жүреді. Әрине, Англиядан келіп ешкімнің орысша лекция оқымайтыны белгілі. Университет басшылары шетелден ғалымдарды шақырамыз дейді де ресейлік таныс профессорларын әкеле салады. Оның өзінде қай бір мықтылары дейсің. Әйтеуір қалтаның қамын ойлаған біреулері келеді де совет заманындағы бірдемелерін мылжыңдап айтқан болады екен. Хош, мұны бір делік.
Ал, тағы бір оқу орны Гумилев атындағы Еуразия университеті (суретте). Оны да алғаш ашқан кезде халықаралық деңгейде білім береді деп жатып кеп шулағанбыз. Оның қазіргі жағдайы сын көтермейтінін айтып, марқұм түркішіл ғалым Лев Николайұлының құлағын шулатпай-ақ қоялық. Басқасын айтпағанның өзінде Елбасының өзі ескертті емес пе. Жаңа университетке өз атын беремін деді, бірақ, екінші Еуразия университетін жасап былықтырып жүрмеулерін қадап тұрып айтты. Оны басшылар ұмытса да халықтың есінде шығар деп ойлаймын.
Сонымен бәрін айт та бірін айт, айналып келгенде әлемнің ешбір елі біздің елдің дипломдарын әлі мойындай қойған жоқ. «ЕНУ-ді» қып-қызыл дипломмен екі рет бітіріп барсаң да сені ешбір халықаралық ұйым немесе Еуропаның, Батыстың өркениетті мекемесі қызметке алу былай тұрсын, есігінен де қаратпайды. Тіпті, оны айтасың Қазақстанымыздың өзінде Алматы мен Қарағанды университеттерін бітірген түлектер үлкен сұранысқа ие. Ал, қалғандарына отандық жұмыс берушілердің өзі күдікпен қарайтын болып кеткен.
Сонда айналып келгенде, бар үмітіміз Елбасының атымен аталмақ жаңа университетте ғана болып тұр ғой. Солай дейік. Бірақ, оларға да күдіктене бастадым. Жуықта сол университеттің жаңа басқарушылары Астанадағы мектептерге барып дарынды балалармен кездесу өткізді. Адамды бұрыннан танымасаң да бір екі ауыз сөзінен байқап білуге болады ғой. Әлгі қарақтардың әңгімелерін естігенде «қоянның түрін көріп қалжасынан түңілудің» кері келді. Алайда, бұл жерде мектеп аралағандардың сыртқы пішіндерін айтып отырған жоқпын. Бәрі де көрсе көз тоятын қазақтың азаматтары мен оқымастылары ғой. Бірақ, сөздерінен өздерін бірден танытып тұрғандай. Іштерінде қазақша дұрыстап сөйлейтін біреуі де жоқ. Сұрақты ағылшынша, қазақша қойып көр, безполезно! Тек қана орысша жауап береді. Тіпті, телесюжетке қазақ тілінде синхрон беретін бір адам шықпады. Ағылшынша сөзге тартып көріп едім, орта жастағы бір әйел күлімсіреп бетіме қарады да жауап қатпады.
Сосын, ауыр ойға қалдым. Бізді қойшы, не көрмедік. Бәрінен де Елбасы Нұрекеңе обал болды. Мыналар қыруар қаржы шашып университет аштырып алмақшы да сабақтың бәрін тек орысша өткізіп, Президентті алдап отыра бермекші. Шетелден профессор шақырамыз дейді де, тағы да Ресейден әлдекімдерді сүйреп келмек. Оның өзінде Мәскеу мен Петербордан болса жылап көрісерсің. Мына тұрған Омбы мен Барнаулдан әкеле салады ғой.
Ал, өзіміздегі жағдай ше? Аллаға тәуба, ғылыми дәрежесі барлар магистрден бастап ғылым докторына шейін жыртылып айырылады дегеңіз келетін шығар. Оныңыз рас, баршылық. Алайда, ғылым докторларының көбі мемлекеттік қызметте «бизнес жасап» отыр. Оларға жаңа университеттің ай сайын берілетін 4500-5000 АҚШ доллары көлеміндегі жалақысы аздық етеді. Ал, тәуелсіздік жылдарында өзімізде дайындалған ғылыми кадрларға үміт артпай-ақ қойған жөн. Неге?! Себебі, бүгінге дейін магистратура халтураға, докторантура далбасаға айналғанын министр Түймебаевтың өзі жақсы біледі. Кандидат пен докторларды инкубатордың балапандай өндіріп жатқан елдегі ғылыми кеңестің жайын мен айтпайын, сіз білмей-ақ қойыңыз.
Сонда біз қашан өзіміздің Гарвардымызды, Кембриджімізді, Оксфордымызды қалыптастырамыз? Әлемдік стандартта білім беретін, халықаралық деңгейдегі университетті қашан, қай елдің үкіметі құрыпты? Бәрі жекеменшік оқу орындары емес пе. Сонда біздің мұнымыз қай сасқанымыз? ЖОО араларында шынайы бәсеке тудырып, жоғары білім беруді демократияландырсақ, атына заты сай университеттер өздері-ақ іріктеліп шыға келер еді де. Ал, сіз бұған не дейсіз?
Шарапат АСТЫҚБАЕВ,
тәуелсіз сарапшы.





Бакалавриат - полуфабрикат
Профессор - пара асар, доцент - дорба басар, аға оқытушы - баға сатушы, ректор - ұры қарақтар
Расында, біздің университеттердің бәрі орыс тілін дамытуға қызмет етіп жатқан болса жетіскен екенбіз. Бодандықтың бұғауына апара жатқан билік пен білім берушілерге не істеу керек?
Алматыдағы КазГУ-дің жайы да мәз емес. Оқытушыларының 95 пайызы білімсіз дүмшелер. Пара беріп оқу бітіріп, пара беріп магистратура, аспирантураны тәмамдап, қазір өздері студенттердің қалтасын қағатын нағыз парақорларға айналған. Бұл мәселе басшыларды сынаумен біте қоймас. Бұған жалпы соңғы жылдары барлық ЖОО-ларда орын алған құбылыс деп қарауымыз керек.
Қазақстанда бірде бір қазіргі заман талабына жауап беретін, жоғары мамандандырылған, сапалы да, саналы ғалымдардан құралған, қоғамға қажетті мамандарды тәрбиелеп шығара алатын ЖОО (жоғары оқу орны,) жоқ! Біз еуропадан 50 жыл, шығыс азиядан 30 жыл, Априкадан 3 жыл артта қалдық!
Атаңа нәлет, ит қалмақ,
ТҰрысатын жеріңді айт...
Астанадағы ЕНУ-дің жайы тіпті сорақы. Бәрінен жаман. Онда тіпті сабақ та өтпейді. Оқытушылардың 91 пайызы дүмбілез дүмшелер. Пәндерінен сабақ беру тұрмақ оны өздері де білмейді. Бюджеттен текке ақша алып жүрген нағыз масылдардың өзі. Таратып барып қайта құру керек.
Сонда балаларымызды енді қайда оқытамыз???
Балаңызды өз қалаңыздағы ең мықты жекеменшік университетке беріңіз. Оларға грат та бөлінетін болған.
Бұл мәселе шынында қоғамның бас ауруына айналды. Мәселені дұрыс шешудің бір ғана жолы - ЖОО атаулының бәрін мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды тоқтату керек. Сосын өзара бәсекелестіріп барып, жеңіп шыққанын ғана қалдыру қажет. Ал, жеңілгендері онсыз да жабылады. Үкіметтен бәрін жасап бергеннен кейін КазГУ ЕНУ сияқты монополистер ешқашан жұмыс істемейді. Осылай масыл болып отыра береді. Сондықтан оларды жекешелендіруді тездетіп қолға лаған дұрыс.
"Әлемдік стандартта білім беретін, халықаралық деңгейдегі университетті қашан, қай елдің үкіметі құрыпты? Бәрі жекеменшік оқу орындары емес пе. " Автордың осы сөзі көңілге қонады екен!!!!!!!
тамаша жазылған!айтпасада ащы шындық
Университет ректорларын Президент тағайындауды қойып ұжымы сайлайтын жүйеге түсіру керек. ОБСЕ басқарып отырған ел осылай демократияның үлгісін көрсетсе қайтеді????????????
Абай.кз әкімшілігіне! Осы тақырыпты қаузай түсіңіздерші. Осы мәселе туралы тұрақты бір айдар ашып қойсаңыздар біз көп нәрсені жазар едік. Студенттер.
Парақор үкіметті қалай құрыптауға болады? Халық неге ұйықтап жатыр? Дызылдап оятатын "маса" қайда? "Оян,қазақ!" деп ұран салатын көсем қайда?
Өзекті мәселе көтерілген екен. Жоғары оқу орнының бұрыннан қалыптасқан дәстүрі болады. Орыстың ғылымын жоғарылатқан еврейлер екендігі ешкімге таңсық болса керек. Қазір олар өздерінің елдеріне кетті.
Қазіргі ғалымсымақтарымыз қазақ тіліндегі оқулықтарын студенттерге жаздырса, ғылыми дәрежені сатып алса, ондай білімнің не сапасы болады? Қайран, Ахмет, Әлихан, Мағжан бабаларымыз бен олардың салған сара жолымен жүрген шынайы ғалымдарымыз-ай. Көз майларын тауысып, өздері жазып еді-ау өлмес мұраларын. Бүгінде ондайлар ілуде біреу шығар...
Ғылым қазақ тілінде сөйлемей, ғылымға нағыз ұлт жанашырлары келмей, көрген күніміз осы болады-ау деп қорқамын.
Тәуір адам,білімді кісі жер асып,су асып қаңғып жүрмейді.Білімді,білікті кісіні жұрт іздеп баруға тиісті.Бұл универиситеттің мұғалімдеріне де қатысты.Сырттан кереметтер келіп сабақ өткізеді деген кезекті бір сандырық.Сондай қаржысы бар адам әлемнің мықты оқу орындарына барып өзі оқымай ма?Біреулердің дарақылығының кесірінен шашылып жатырған қайран халықтың ақшасы-ай...
Ryzamin, jaksi jazilgan. endi jazilgan jaydin jangirigi dep jalgasin jaza tusse biraz narselerdin beti awila tusetin edi. Anau jaktagilardin kulaginajetse tipti jaksi bolar edi-au!
Американың әскери-әуе күштері қазақ тілін үйренетін болды. Мұндай міндетті Пентагон жүктеп отыр. АҚШ сарапшылары, әлем тілдерін үш топқа бөлген.
Бірінші аса қажет топта орыс, араб, қытай тілдері тұр. Ал қазақ, иврит, әзірбайжан және тағы басқалары қауіпті жағдай кезінде қажет, екінші қатардағы тілдерге кірді. Үшінші топқа шешен, украин және басқа да ТМД елдерінің тілдері енгізілген.Төл тілімізге үлкен құрлықтың назар аударуы бір жағынан мақтаныш. Алайда, "Америка ұшқыштары қазақша сөйлеуді қандай мақсатпен үйренбек?" деген сауал туындайды. Ажмат Әлімов – Қорғаныс мақсатындағы зерттеу орталығының директоры - Қазақстан территориясын Америка Құрама штаттары әскерлері мүмкін болашақта болатын қайбір іс-әрекет кезінде, не болмаса транзиттік территория, не болмаса плацдарм ретінде санап отыр деуге болады. Пентагон тіл саясатының жағымды тұсы да бар. АҚШ Қазақстанды әріптес ретінде қарастыруы мүмкін. Қалай дегенмен, Америка қазақ тілін үйренген өз әскерилері үшін жалақыларына қосымша 500 доллардан төлегелі отырған көрінеді. Әлбина Әшімқызы 7-арна. http://www.tv7.kz/
Атаңа нәлет, ит қалмақ,
ТҰрысатын жеріңді айт...
Американдыктар Иракка,Ауганстанга басып киргенде,аскерилердин сол елдин тилин тусинбеуи улкен киындык тудырган.Кай елдин тилин аскерине уйретсе сол елге аскерин киргизуди ойлаганы.
АҚШ сарбаздарының қазақша білуі олардың шабуыл жасауына пайдалы деп қорқудың қажеті жоқ, өйткені Қазақтар Қазақстанда Қазақша Сөйлемейді ғой!
Атаңа нәлет, ит қалмақ,
ТҰрысатын жеріңді айт...
"КАЗҰУ - КОШБАСШЫ БІРДЕН-БІР ОКУ ОРНЫ, КАЗҰУ БОЛОН ПАЛЕНШЕСІНЕ КОСЫЛДЫ..." Т.Б. ОСЫЛАЙША АЛАУЛАТЫП-ЖАЛАУЛАТЫЛГАН КЫЗЫЛ КОПІРМЕ СОЗДЕРДІ ЕСТІГЕНДЕ АШУЛЫ КУЛК КЕЛЕДІ, ЫЗАДАН ЖАРЫЛЫП КЕТЕ ЖАЗДАЙМЫН! АЛГА МАКСАТ КОЙЫП, МЕКТЕПТЕН КАЗҰУДЫ АРМАНДАП, КУЛАП КАЛСАК ТА, КЫР СОНЫНАН КАЛМАЙ, 2 ЖЫЛ ДЕГЕНДЕ ОНДА ДА 110 БАЛМЕН НЕСИЕГЕ ІЛІКТІК АЙТЕУІР! КАЗІР УКІМЕТКЕ 250 МЫН БЕРЕ ЖАКПЫН. 3 КУРСТАН БЮАСТАП ГРАНТКА АУЫСТЫК КОЙ. АЛАЙДА СОЛ ТЫРЫСКАНЫМДЫ 4 ЖЫЛ ОКЫГАН ОКУЫМ АКТАДЫ МА?! ЖОК! 3 МЫН КМ ЖЕРДЕН БАРЫП, КАРЖЫДАН КИНАЛЫП, АШКУРСАК, ЖЫРТЫК ТОНМЕН ЖУРІП ОКЫГАНДАГЫ БУКІЛ АРМАНЫМНЫН, КАЗҰУ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫМНЫН, ЖОСПАРЫМНЫН КУЛ-ТАЛКАНЫ ШЫКТЫН.
ДУРЫС АЙТАДЫ ПІКІР ЖАЗЫП ЖАТКАНДАР. КАЗҰУ - ПАРАКОРЛЫКТЫН УЯСЫ. 4 ЖЫЛ БОЙЫ ПАРА БЕРІП КОРГЕНІМ ЖОК, БІРАК БЕРГЕН ЖОЛДАСТАРЫМА КУАМЫН. ЕН КУРЫГАНДА ЖАЛБАКАЙ, ДУМШЕ , САБАККА КЕЛІП ОСЕК АЙТЫП ОТЫРАТЫН МУГАЛІМСЫМАК, ГЫЛЫМ КАНДИДАТТАРЫНЫН АРТЫНА САБЫНСЫЗ КІРУ ДӘСТУРІН МЫКТАП МЕНГЕРУІН КЕРЕК.ОНДАЙ МІНЕЗ КОЛЫННАН КЕЛМЕС КУРЫДЫМ ДЕЙ БЕР, "АПАЙ КОЙЛЕГІНІЗ КУШТІ ЕКЕН", "СІЗДІ КАТТЫ ЖАКСЫ КОРЕМІН, СІЗГЕ УКСАГЫМ КЕЛЕДІ (!)" ДЕГЕН КІМНІН ДАНІ ПІССЕ СОНЫН ТАУЫГЫ БОЛУДАН БАСКА КОЛЫНАН ІС КЕЛМЕЙТІНДЕР БЕС АЛАСЫН, САГАН БУЙЫРАТЫНЫ УШ!
АЛАЙДА ДИПЛОМ АЛАРДЫН АЛДЫНДА ЗАЧЕТ БОЛДЫ КУДАЙБЕРГЕН ТУРСЫН АТТЫ "ГАЛЫМ" АГАМЫЗ 2 МЫНАН СЫНАКТАН ОТУІМІЗ УШІН ПАРА АЛДЫ. ТУГЕЛІ БІР КУРСТАН. КАНША КАРЖЫ ЖИНАЛГАНЫН ІШІНІЗ БІЛІП ОТЫРГАН ШЫГАР. "КЫЗЫМ ШЕТЕЛДЕ ОКИДЫ, КАНИКУЛГА КЕЛУІНЕ, КЕТУІНЕ АКША КЕРЕК. ЗАРПЛАТАМ ЖЕТПЕЙДІ" ДЕПТІ СТАРОСТА КЫЗГА. СОЛ ГАЛЫМСЫМАК АГАМЫЗ КІТАПТАРЫ ШЫККАНМЕН, ЖОН-АУ ДЕР ДЕНІ ДУРЫС ПІКІРІ, ЛЕКЦИЯСЫ ЕСІМІЗДЕ КАЛМАПТЫ, КАДЕМІЗГЕ ЖАРАМАПТЫ. МІНЕ, КАЗАК БІЛІМІНІН КЕЛБЕТІН ОСЫНДАЙ БІР ГАНА МЫСАЛДАН КОРУГЕ БОЛАДЫ!
БАУЫРЫМ! МЫНА ЖАЗЫП ОТЫРҒАНЫҢ ТУП ТУРА БІЗДІҢ АСТАНАДАҒЫ ЕНУ-ДІҢ ЖАҒАДЙЫ ҒОЙ. МҰНДА ДА КАЗГУ-ДІҢ КЕРЕМЕТ ҒАЛЫМДАРЫ КЕЛДІ ДЕП БӘРІН ТОПЫРЛАТЫП ЖҰМЫСҚА АЛҒАН. ДӘЛ ЖОҒАРЫДА БАУЫРЫМ ЖАЗҒАН ЖАҒДАЙ БІЗДЕ ДЕ ҚАЙТАЛАНЫП ОТЫР. ӘЙЕЛДЕР СЕТ.МАРКИНТИНГТІҢ ЗАТТАРЫН САТАДЫ, САБАҚ ӨТПЕЙДІ. НАМАЗАЛЫ ОМАШЕВ ДЕГЕН БІР ҒАЛЫМСЫМАҚТЫ ӘКЕЛІП ЕДІ, ОНЫСЫ ӨЗІ АЛМАТЫДА ТҰРАДЫ. САБАҚ ӨТКІЗУ ДЕГЕН ЖОҚ. ҒАДЫЛБЕК ШАЛАХМЕТОВ ДЕГЕНДІ МАҚТАП, МАҚТАП ӘКЕЛДІ. ОНЫҢ АЙТАР ТҮГІ ЖОҚ. НЕ ҚАЗАҚ НЕ ОРЫС ЕМЕС БІР АДАМ. АУЗЫНАН АРАҚ САСЫП ЖҮРГЕНІ. МЫНА ЖАЙДЫ ЕЛБАСЫ БІЛСЕ ҒОЙ.
Бізде тіпті өзекті емес мәселе жоқ. Қай саланы алсаңыз да бәрі шалажансар, соңына дейін тиянақталып жасалған бір іс жоқ. Біз нағыз қазақ мемлекетін құруды әлі бастағанымыз жоқ. Ең басты жауапкершілік кімде екенін бәріміз де білеміз. Оның қазақ халқына қасақана қастық жасап, біржола тарих сахнасынан құртып тынғысы келіп отырғанын да біліп отырмыз. Бірақ бірде-біріміз бір ауыз сөз қарсылық жасай алмай іштен тынып отырмыз, кейбіреулеріміз құдыреті күшті кең алла бір есебін келтірер деген үмітпен жүрміз, ал алланың да барлық уақытта бірдей әділ бола бермейтіндігін, кейде жақсы адамдарды тез алып кетіп, жаман адамдарды ұзақ уақыт талтаңдатып қоятындығын ескере бермейміз.
Дәурен! мына жағдайды аяқсыз қалдырма! Сен табанды мықты журналиссің! Білім министрлігіне шығып, халықтың жоғарыда айтылып жатқан мұң зарларын жеткіз, бұл сенің азаматтық парызың! Көшбасшы азаматтың біі ретінде Шарапат Астықбаев секілді сарапшыларды өзіңе шақыр, пікірлес! тағы да жаздыр!
Барлығын жамандауға болмайды. Жақсы білім беретін, жастарға шындықты айтатын ұстаздар бар. Бірақ олар аз және оларды билік жау ретінде қабылдайтын уақытша стереотип қалыптасқан. Әлі бәрі өзгереді. Халқын ойлайтын ұрпақ билікті қолына алады. Бос сөз қумай оларды қазірден бастап тәрбиелеп дайындау керек. Мен көп қиындық көрдім. Соңында "Атамекен" ұлттық тәрбие бағдарламасын жаздым. Ұлттық білім моделін жасадық. Айтуға жеңіл, нәтиже шығару қиын. Ақыры 20 жылдан соң канд.дисс.қорғадым. Болашақ ұрпақты жаман індеттен (пара, қорлық, атаққұмар, шеналғыш, жандайшап, жартыми, мақтаншақ, сатқын,қорқақ, аңқау)арылтатын екі жол қалды. Бірі шындықты айту, екіншісі латын қарпіне көшіп барлық білім жүйесін (мектеп, вуз) сандық технология негізінде қайта құру. Мектеп, вуз т.б ұрпаққа толыққанды білім бере алмайды. Ал, жақсы ұстаз жол сілтеуші ғана. Нақ білімді ұрпақ өзі ізденуі арқылы ала алады. IT-Орталықтар ашып дарынды жастарды шоғырландыру керек. Мұхамедрахим Құрсабаев 701 655 72 61
ЖОО дағы проблемалар, бұл жүйедегі тоқыраудың көрінісі. Себебі олар сол жүйенің бір бөлшегі емес пе? Жалып Қазақ баласын жөнге салмай, мемлекетте, оның институттары да түзелмейді. Тура би.
Қазақстандағы ЖОО- ға келсек, жоғарда айтылып жатқандар шындық. Мен өзбасымнан өткенге келейін. Мектеп бітігеннен кейін Венгериядан оқыдым. Содан 2 мамандық бойнша Алматыдағы ҚазҰТУ ға түстім. Емтихан жақындағына студенттер не ақша не тестінің жауаптарын іздейді екен, сорақысы сол тест алатын оқытушылар сол тестіні сатадығой. Неге бұлай деп қаты таңқалдым. Артынан ақша алатын оқытушы тұрмақ профессор, доценттерді көрдік. Европамен салыстырғанда біз олардан 50-60 жыл артта қалғанбыз. ҚазҰТУ да жүргенде дәріс алған сабақтардың 90-95 %-нің күнделікті жұмысыма ешбір қатысы жоқ.
Біздің елімізде бастауыш санаптан кейін бір пән бойынша толық білім алу керек пе жеп ойлаймын. Шет елдердегі дей. (мысалы математика немесе сурет т.б)Сонда ол адам сол таңдаған саласы бойынша жетістікке жетер ме еді? Қаптаған доктор т.б.- лары өздігінен аласталатыны белгілі. 10-20 жылда дегендей. біз өз кінаратымызды өзімізден ізеуіміз керек. Саннан сапаға көшсек.Мен біліп тұрған студенттен ақша алыпты дегенді естіп көрмеппін. ақша беретіндердің санын азайтсақ сапа күштірек болар еді. Жоғарғы пікірдегідей оқытушы бағат -бағдар беруші. Студен ол - ізенуші.Әркімді бостан -босқа қаралаудан аулақ болу керек. Алу-беру бұл сол құлдық заманнан, қаншама ғасыр жалғасып келе жатқан ауыру.жалғаса да бермек.Әлемдік білім жүйесі керекте шығар, бірақ әр мемлекеттің өз ұстанар діңгегі болу керек.
Пікір қосу