Қорқұт Әулиенің Соңғы Күйі | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Қорқұт Әулиенің Соңғы Күйі

Жәрдемші


Кеудемізде бүлкілдеген бір құдіретті үрей бар, үміт те, түңіліс те соны жіп ұшы еткен, бұған Қорқұт әулиенің соңғы күйі куә. Ажалмен айқасып та, жалтарып қашып та жеңістік ала алмайтынын түсінген соң, қасиетті сыр дарияға кілемін төсеп, қобыз шанағынан үйрілген үн шыңырауына мүлде берілген Қорқұт бабаның сол бір соңғы тылсым күйі жан дүниеміздің тереңінде өз-өзінен ойнала бастаса болды, көңіл көкжиегі баянсыз, мәнсіз былжыр сезімдер мен арзан ақыл-ниеттерден аруланып, тұңғиық мұң мен тұнық шаттық нәзік те, асқақ ырғақпен ойқастап, мүлделік баяндылықтың киелі сұлбасы көз алдымызда жарқын көсілгендей болады. Ал Қорқұт әулие жөнінде әркім әрине өзінше айтады, әрбір айтылым оларша Қорқұт әулие қалдырған сол бір жұмбақтың соңғы шешуі тақілетті.
Адамзаттың жорамалы: Қорқұт қобызға айланып мәңгі бебеулеген, бірақ оның соңғы күйін қайта бір орындауға ендіқайтіп ешкім де жүректілік ете алмаған. Өйткені ықылмға тұтасқан үннің рухани тебіреніс шабытына толы, асқын идеал шегінде ғана адам баласының алдынан баяндылық қақпасына тұтасқан бірден-бір мүмкін жол ашылады, бірақ баяндылық табалдырығынан еркін аттайтындар сан мың жылды араға салып, ілуде бір, кездейсоқ ғана туылады.
Батырлардың жорамалы: Қорқұт өзін шаққан абжыланды мылжалау үшін қобыз тартуын кенет тоқтатып, сыр дарияға өзі секіріп кеткен. Өйткені зауал дұшпанын жеңбей тұрып баяндылық тұғырына біржолата орнығуды Тәңір адам баласының маңдайына ешқашанда жазбаған, ал адам баласы да еш талпыныссыз бейбіт күйде баяндылық тұғырына қонуды ұят, нағыз өлім санаған.
Ғалымдырдың жорамылы: Қорқұт жылан шағудан тым ерте кілемінен сыз өтіп, суық тиіп қайтыс болған. Өйткені заттар баянсыздығын қалыптастырушы нақты күштер, жасырын мүмкіндіктер жеке бүтіндіктің баяндылыққа құлшынуына ежелден жол қойған емес. Демек баяндылық бар болғаны себеп-салдар шынжырына арқандалған ‘басы сайран, түбі ойран’ заттардың тоқтаусыз алмасу жөңкілісі ғана, ал әрқандай бір тылсым үн бар болғаны дерексіз рух мұхитының деректі дене жартасын ұрғылаған үмітсіз толқыны ғана.
Діншілдердің жорамалы: Қорқұт өзін шаққан жыланның зәһарына уланып, қобыздан Ажал құдайын жырлайтын үрейлі күй шертетін болған. Өйткені адам баласы жарық дүниеден алар ақырғы бірден-бір еншісі ажал ғана, ал ажалға қарсылықтан ажалды жылы қабылдауға бұрылу, өмірдің түп өлшемін ажалдың ыңғайына бағындыру, жарық өмірдің күнә мен күпірлікке толы сорақы апан екеніне сену, о дүние өлшеміне сай әрекет жасап ажалға асығуды үгіттеу, міне осындай ұстанымдар екідүниені жалғаған баяндылық көпірі болмақ.
Күйшілердің жорамалы: Қорқұт дүниені ұмытқан, дүние де Қорқұтты ұмытқан, тіпті оның қобызы да адам баласын ажалдан құтқарудың ақырғы үміті, бірден-бір құралы өзі екенін ұмытып, үнсіз үнмен бебеулеген. Барша тегіс өзін ұмытқан ештеңелік өзегіне қайтып, бірдеңелер бар болғаны шетсіз, шексіз рухани ештеңенің көлеңкесі ғана екенін түйсінген кезде ғана рух өз үнімен мәңгілік.
Түңілушілердің жорамалы: Қорқұт ешкімді де, ештеңені де, мысалы ажалды да Қорқұта алмаған, адамдар алуан мүмкіндіктер арасынан ажалды ғана таңдап, топ-тобымен сыр дариясына секіріп өлген. Өйткені шығар жол, даңғыл болашақ жөніндегі айтылымдар әрқилы болғанымен, олардағы ортақтық дүние-ғаламның тұйық жолдан құралатынын, сондай-ақ әр жолдың өн-бойына аяғыңды қыршуға сайланған самсыған қақпан-тұзақтар құрылып, бас бітіміңе сай ажырғы-жүгендер әзірленетінін ескермеу. Өмір сүру еркіне қарсы суық ызғар ескен ‘бүйтіп әуре болғанша...’ делінетін қаңтардағы мұздай қақ айрылу баяндылық елесін талақ етіп, ажалдың әзәзіл үгітшісіне құлақ түргізеді.
Отын жарушылардың жорамалы: Қорқұттың құлазу дертін қалай емдегені, жалғыздық тырнағынан қалай сытылғаны мүлделік құпия. Ол осы дүниенің, осы өмірдің сызған нақты сызығы аумағында, көрнеу екі шегі арасында нақты игілік, рыздық жауламай дерексіз дүниенің тылсым лебін сырлы үнге ұйытып, кілем үстінде байыздап қалай отыра алды екен? Әлде ол барлық шындықтың өзегіне жетіп, баршаның мән-мағына нәрімен сусындаған ба?? Ендіқайтіп ештеңе де жарқ етіп таңырқатпас, селт еткізіп үрейлендірмес шекке дейін жетіп барған ба?? Қобыздың мұңлы да, тылсым үні оятқан жан сілкінісін басып, қоздырған рухани және денелік аңсарды жеңіп, мәңгі-бақи балбырап отыра беру ажалға қарсылық рухымен келіспейді ғой!
Көр қазушылардың жорамалы: орман-тоғай, дария-тау, көгілдір аспан мен самсыған сағым жұлдыздар, тұнық көк айдын теңіз бен ондағы тұңғиық шыңыраулар тегіс Қорқұттың соңғы көрі болуға құшақ ашқан. Өйткені Қорқұт барша ғаламның көкейкесті сұрағына жауап беруге, күллі тіршіліктің ең шүңет қорқынышына қарсы шабуға жүректілік еткен тұңғыш және соңғы әулие. Барлығының оған баянды түрде бас июі мен айқара құшақ ашуы оның жарық дүниені ең киелі, ең саф махаббатпен құшақтағанынан болған.
Сәби балалардың жорамалы: Қорқұт дүние-ғалам, болмыс, өмір құпиясын жүрек тереңінен суырып айтатын қобыздың ғажайып әуез құдіреті арқылы ең тұнық ояулыққа, саф сергектікке жетіп, ұлы Тәңіріден мәңгі өлмес рухқа ие болған. Өйткені ұлы Тәңірі Қорқұт күйінен өз киесі мен құдіретін шындап түйсінген адамның кіршіксіз таза рухын естіді.
Философтардың жорамалы: Қорқұттың өзі екінші қайталанбаған, алайда дүние-ғалам, барша тіршілік, адамзат әлемі тегіс Қорқұт күйінің мәңгілік ырғағында еркін асыр салмақ, ерікті билемек, толассыз үйрілмек, тоқтаусыз домаламақ, шексіз қайталанбақ. Олайы, Қорқұт тартқан күй ғалам мен адамның ажалға қарсы күресінің мәңгілік жорық маршы болатын.
....... ....... ....... ...... ....... ...... ...... .......
Ақылыңнан саңлау ашып әлденені түсіндіретін, еркіңді бұра тартып көңіліңді исіндіретін бұл айтылымдар Қорқұт бабаның соңғы күйіне, Қорқұт бабаның өзіне сыртынан баға беріп, өздерінше тон пішеді. Ал нағыз ақиқат діліміздің тереңінде, рухымыздың шүңетінде ескерусіз ұйқтап жатыр. Біз түсімізде ғана оны аздап түйсінеміз, жаналқымда ғана онымен бетпе-бет келеміз. Түйсінуімізше Қорқұт күйінің жұмбағы: Кім мәңгілік аңсарынан аттап өте алар?! Кім мәңгілік құшағына еркін ене алар?! – делінсе керек-ті.
-------Алфи Хайдар Амед


 


 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>