Ерлан ӘБДІРҰЛЫ. Қазақтың құны – 500 мың теңге | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Ерлан ӘБДІРҰЛЫ. Қазақтың құны – 500 мың теңге

Жәрдемші


Аса мәртебелі биліктеріңізден күдер үзе беріңіздер. Оларға туған жұртының құны тышқақ лақ, қотыр ешкіден де кем. Кейінгі бір жетіде елдегі болып жатқан сұмдық оқиғалар соны аңғартады.

Мәсімовтің министрлер кабинеті Қызылағаштағы қырғынға 700 млн. теңге бөлуді ұйғарды. Қаза болған әрбір жан үшін 500 мың теңге көлемінде отбасына көмек көрсетіледі. Ал бәрі бетімен кеткен біздің елде бөлінген қаражаттың діттеген жеріне дін аман жеткенін қадағалау - қараңғыда қара құмырсқаның ізін іздегендей қиын шаруа. Апаттың алдын алмақ түгілі, ел-жұрт көктемгі салым қайнаған тіршілікке кіріскенде, қыстың аяғында демалысқа шыққан облыс әкімі Серік Үмбетов мырза онсыз да аз сол қаржыны аман-есен қара жамылған шаңырақтарға жеткізе алса, қуаныңыз. 700 млн.-ды азырқануымыздың  себебі де жоқ емес. Мерейтойын тойлатпауды қадағалап отырған Елбасымыздың биылғы жолдауын ел арасында насихаттауға 1 млрд. теңге бөлінді деген ақпарат БАҚ-та кейінгі аптада жарық көре бастады. Біреу ұйықтап, біреу мұрнын шұқып отыратын ондай жиындарға сонша ақшаны сарп еткенше, күні кеше тұрып жатқан жатақханаларынан күштеп қуылған шымкенттік отыз отбасыға күрке болса да баспана салып беруге болар еді. Басы аман, бауыры бүтін демесеңіз, көшеде босып қалған олардың халі де қызылағаштықтардай аянышты-ақ. Жекеменшікке өтіп кеткен жатақхананың ендігі қожайыны кім екені әзірге белгісіз. Ал жылаған бала мен шырылдаған ананың жанайқайын әкім Асқар Мырзахметов естіді ме, естімеді ме, ол да анық емес. Белгілісі - «Қазақстан-2030» стратегиялық жобасының алғашқы он жылдығы толайым табыстармен аяқталғаны зор мақтанышпен насихатталып жатқанда, жүз қаралы адам көшеде қаңғып қалды. Тағы сонша адамға қалалық сот дәл сондай «үкім» шығаруы мүмкін. Яғни, тағы бір жатақхана жеке бастың иелігіне өтуі кәдік. 

Жолдау демекші, биылғы жолдауында президент Нұрсұлтан Назарбаев әрбір қазақстандықтың орташа жасын 72 жасқа дейін көтеру керектігін айтты. Конституцияның беташарында да адам өмірі мен құқықтары біздің басты байлығымыз екені айтылатыны бар. Бірақ біздің атқа мінгенін мәңгілік көретін жергілікі шенеуніктер президенттің сөзін де, Ата заңның талабын да құлаққа қыстыруды қажетсіз шаруа көретін сияқты - Алматы-Семей тас жолының бойында жүздеген адам он күн бойы  «омалып» қарға көміліп отырды. БАҚ таратқан мәліметке сенсек, 60 шақты жүк көлігі жол бойында тұрып қалған. Жол тазалауды - аязда жатқан ағайынның денсаулығын ойлауды майтабанын сорып ұйықтайтын аю іспеттес месқарын шенеуніктер ойлап та жатқан жоқ секілді...

 

«Ми» деген тікұшақ та қазақты қырып бітетін болды. Өткен аптада Шығыс Қазақстанда құлаған «Ми-8»-дің кесірінен 8 адам бақилық болды. Қырып бітетін болды дейтін де жөніміз бар. 2001 жылдың қаңтарында,  қорғаныс министрі болып тұрған кезде Сәт Тоқпақбае мырза мінген тікұшақ сәтсіздікке ұшырап, соның салдарынан бір офицер қаза болып, бас штабтың ондаған офицері жараланған болатын. Сол 2001 жылы Леңгір қаласында «Ми-8 МТ» тікұшағы құлап, бір адам қаза болғаны да есте. Ал 2008 жылы наурызда Қызылорда облысында Мұхтар Құл-Мұхаммед мінген «Ми» апатқа ұшырап, бортта болған 18 адамның бесеуі көз жұмды.

2009 жылдың 17 маусымында болса, Үшарал қаласында «Ми-24» әскери ұшағы ұшу алаңына жалп етті. Құдай сақтап, ол жолы ешкім зардап шекпеген-тұғын. Былтыр ғана - қыркүйектің 8-інде дәл кешегі Шығыс Қазақстандағыдай қарғыс атқан «Ми-8» Оңтүстік Қазақстанның Өгем шатқалында апатқа ұшырағынын біз түгілі биліктегілер де ұмыта қоймаған болуы керек. Ол апат он адамның өмірін жалмаған еді. Ендігісі - мынау. Сол жолы да басшылар кешегі Кәрім Қажымқанұлы сияқты «тез арада жаңа техника алу керек» дегенге саятын құрғақ уәдемен құлағымызды сарсытып құтылған еді. Айтпақшы, Шығыс Қазақстанның әкімдігі қаза болғандардың отбасына бір миллион теңге көлемінде көмек көрсетті. Қызылағашта болса, әр өлген қазаққа 500 мың теңгеден бөлінген. Құдды, қазақтың құны 500 мың мен 1 млн. теңгенің арасында бағаланатын сияқты. О, тоба!

Қысқасы, аса мәртебелі билігіңізден күдер үзе беріңіз. Қалай, кімнің кінәсінен өлсеңіз де, жарты миллион ұстатып жүре береді. Екі қойыңыз бір тиын. Бітті. Саналарына сәуле кіре ме, жоқ па, бір Құдайға ғана аян. Анығы - қазір бізде билік бір жақ, халық бір жақ. Билік - халыққа разы. Қазақтан маңырақ тобыр жасап алғанына сенімді сияқты. Халық - билікке наразы. Олардың қатары кейінгі аптада бірнеше еселенді. Наразы жұрттың енді қанша шыдары да Аллаға мәлім. Ал шыдамның шегі қандай болатынын посткеңестік елдердің біразы дәлелдеп қойды.

 


 




Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Шіркін, дәл осы тақырып "Хабардың" бір сюжетінде берілсе ғой...

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Хабар емес, ол құрғақ дағар ғой!



Ереке,катты кетіпсін гой...



Ерекеңнің іші әбден толған екн. Жарайсың, бауырым!



Жазатын жер таба алмаған соң... тағы бір қаңғыбас фильм түсіріпті ғой Махаббат тәлкегі деген.. енді қазақ қыздарын орыстың жігітімен ғашық қылған...сценада сүйістіре ме...ұят жоқ екен қазақ актрисасында... Сағатова ак деймін актрисаның фамилиясы...оның үстіне жасыл экраннан қайта-қайта жарнама ретінде көрсете береді,...бұл немене.. онсызда әке-шешесінен намысты тәрбие ала алмаған екі есті қазақ қыздарын басқа ұлтқа еліктіріп тұр ма?
Сайт әкімшілігі! Осы ған тақырып қосыңыздаршы...ақ-қарасын білейік!



Бұл расында да үлкен тақырып. Қала көшелеріндегі алып суреттерге назар аударыңыз. Қазақ қыздарын орыстармен құшақтастырып, орталарына кішкентай метисті қойып шығаратын болыпты жарнамаларды. Аралас некені жан сала насихаттап жатыр. Бұл да қазақты құртудың бір стратегиясы. Жалпы, көшелердегі билбордтардан таза қазақ жүзін көруден қалдық. қазаққа ұқсаған таиландттықтар ма, сингапурлықтар ма, қытайлықтар ма... әйтеуір бөтен кейіптер. Алматыда Достық даңғылында дабырайтып бір билбордты іліп қойыпты. Маоцзедунка деп аталатын хунвейбиндердің костюмін іліп алған бір қытай шалы мен кемпірдің суреті. Қазаққа осы да жарайды дейтін болса керек. Бұл не жүгенсіздік... Еліміз иесіз қалып барады. Қазақтың жүзін Қызылағаштағы сияқты нәубет кездерінде ғана көретін боламыз ба?. Қазақтың төрінде сайрандаған қаңғып келген қаңғыбастар таңертеңнен кешке дейін өз елдерінде ұмытылған билерін билеп, әндерін шырқап, басқа шықты-ау, әбден.
Қабыл



Басқа ұлттың адамына ғашық болғаны үшін қыздарды "әке-шешесінен намысты тәрбие ала алмаған" деп ата-анасын жазғыруыңыз дұрыс емес сияқты.



Қабеке, осы сіз кімсіз?!. Сіз жазған пікірдің қайсысына болын айызым қанады. Ондыққа ғана атасыз. Мына көтерген мәселеңіз де өткір мәселе. Расында, еліміз иесіз қалып барады. Иесі бар елде мұндай бассыздық болмайды.



Ассалаумағаликум-Қазақ халқым,Наурыз мерекелеріңізбен құттықтаймын,басымыз аман болсын! Қазақ біз осы осылай сорлай береміз бе,кіна кімде сонда. Биліктегі желбуаз хаюандарды итше тпкілер кез жеткен сияқты!



Қабыл! рахмет! Елең еткеніңізге! Осындайды көргесін ішіме сыймай осы жерге жазғаным. Фильмнің аты-Ирония любви! Атаңа нәлеттер қазақ қызын орсытың жігітімен ернінен сүйістіріп қойыпты. Сол қазақ-актриса екі жұлдыз шоуына қатысып жатыр Айқынмен бірге ән салып. Сол фильмнен кейін 10 қазақ қызы басқа ұлқа ғашық болып күйеуге шықпаса маған келіңдер.
Сайт басшылығына! Осы фильм жайында мақала қыстырсаңыздар! Қайталап айтып жатқаныма кешірім сұраймын. Бұл аса маңызды тақырып!



Онда тұрған не бар? Басқа ұлтқа ғашық болуға болмай ма?



500 000 - тенге тек намазға жетер-жетпес ақша. Бишаралардың иманы жолдас, топырағы торқа болсын.Бізден онан өзге көмек жоқ. Сорлай бер қазағым,шыдамдымыз ғой...



Онда тұрған не бар? Басқа ұлтқа ғашық болуға болмай ма?

-------------------------------
Ойнастан туған ө қыздарыңды бере бер!



Қазақ халқы көп қиындықты басынан өткерді. Сонда да бір ақылдары кірмеді. Неге осы шашылған құмдай болғанша, біріккен тастай болмаймыз әәәәәәәәәә ? Айтыңдаршы бірлік, ынтымақ, дін қайда? Біз елу елдің қатарына қосылмас бұрын өз қатарымыздағы қазақ бауырларымыздың қамын ойламаймызба екен ???????????????



Абай кз сайты әкімшілігі! Сайт жұмысын қарқынды бастағанмен, соңғы кездері шамаланып бара жатқан сықылды.Сайтты жүргізу үрдісіне түбегейлі өзгеріс керек ақ! Елімізде болып жатқан қиыншылық, келеңсіз жәйттермен қатар позитивтік мақалалар жарияланса екен. Қазақты саясаттан да басқа алаңдатып отырған мәселелер мыналар емес пе: тіл, дін, намысы, салт-дәстүрлер,тарихы,теле-радио хабарлардың сапасы, қазақтың ұмытылып бара жатқан қолөнері, аңшылық-саятшылығы, өнері...
Бұны достық пейілмен жазып отырғаным. Атыраудан Саяқ.



Мына Саяқ бауырымыз сайтқа не кінә тағып отырғанын өзі біле ме екен. "Келеңсіз жайттармен қатар позитивтік мақалалар жарияланса екен" дейді де өзі негативті тақырыптарды (қолөнер мен саясатшылықтан басақасын айтамын) көрсетеді. Саяқ, форумда пікірді еркін білдіруге болады екен деп не болса соны қыртуға болмайды. Ұқтың ба!

Ермен



Бәрі де рас.... Ал алайда өздеріне келгенде бағаны аспандастып шығарады бұл көксоққандар.... Кешелі-бүгін айтып жатыр енді осы баспанадан айырылғандарға деп бағасы 6-7 миллион тенгелі үй салып береміз деп.... Бұл белгілі де, кепеден сәл ілгері салынатын ары кетсе, 2-2,5 миллион тенге ғана тұратын бұл "құрылыстарының" үстіндегін бөліп-бөліп алғанеда иттей ырылдасқандарын көрсең ғой?!!!....



Пікір алынып тасталды!



Қазақфильмнің басында отырған тексіз топастар бұны қалай тектесін. бұны қазақтың намыс қанай қайнаған өз халқы ғана жоқтай алады. Жаңағы орысқа анау Ермек Аманшаев өзі қызын беретін шығар...



Айнүрдың шіркіндерінен жалығып кеттім. Аутор мырза, шорт кесетин коніл куйіңізді адамдарға таңа бермеңіз. Жылаңқылықпен іс шешілмейтінін сіз де, бас қа да біледі.



Шіркін, шіркін, тағы да шіркін!!!!!!!!!!!!! :)

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Пікір алынып тасталды!



Осындай келелі мәселелерді көтерген сайт әкімшілігіне рахмет. Бірақ ауыз өзімдікі деп "аузымен орақ орған өңкей қиқым" жатып атарлар оттай бермесе екен. Еліне жаны ашыған кім де кім болса сөзге емес іске көшсін, үйде отырып айқай көтеру еркекке тән қылық емес.



Қарапайым мемлекеттік қызметте істейміз,бір күндік еңбекақымызды аудардық,алла жар болсын,төзімділік пе шыдамдылық берсін сіздерге!



Жариялаған Қонақ вт, 03/30/2010 - 00:15 Жауап беру # минус 0 плюс

Осындай келелі мәселелерді көтерген сайт әкімшілігіне рахмет. Бірақ ауыз өзімдікі деп "аузымен орақ орған өңкей қиқым" жатып атарлар оттай бермесе екен. Еліне жаны ашыған кім де кім болса сөзге емес іске көшсін, үйде отырып айқай көтеру еркекке тән қылық емес.

Мықты болсаң өстіп бір жазшы! Отырып алып оттау баріміздің колымыздан келеді.



Өте дұрыс,келелі пікір көтеріпсіз. Жазгандарыныздын бари орынды.



Қазақ халқы көп ұзамай ұлт ретінде жойылатын түрі бар. Өйткені оның болашағы үшін жаны ашитын жоғарғы билігі жоқ. Сондықтан ресейге сатылып жан баққанымыз дұрыс шығар. Онсыз да бізді біресе қытайға, біресе орысқа сатып жатқан жоқ па? Оданда өзімізді өзіміз сатып пайдасын көрейік.Қазір ресей үкіметі өз халқына зор жағдай жасап жатыр. Біз құсап тоқал алам деп *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* жемейді.Бізге бірлік туралы айтатындардың өздерінде бірлік жоқ. Әрбір ата-ана өз қыздары үшін жауапты. Кіндіктерін ашық-шашық ұстап, құйыршығы ышқырлығынан жылтылдап көрініп жүргенін тыймаса, ертең сол қыздар әкесінің көзінше ойнас жасауға дейін азады. Соны көрген кезде де "Онда тұрған не бар" дейме екен?! Әлде бұттары жалтырап жүре бергендері жақсы ма? Жердің байлығы да, елдің байлығы да намыс екенін ұмытпайық. Намысы жоқ елдің көсегесі ешқашан көгермейді.Он жылда бәріміз қазақша сөйлейміз дейді "кемеңгер Мәсімов" Одан да екі жылда қытайша үйренсек қайтеді, ағайын! Мәсімов бізге қазақшадан гөрі қытай тілін тез үйрете алатын секілді.



Пікір алынып тасталды!



Ұлттық болмысымызды жойып, мойнымызға бодандық ажырғысын салғысы келетіндердің соңынан ергенін жөн болмады. Шындығында, сен Тазабековтардын, Тілеухановтардың шылауына іліккенінді ұзынқұлақтан естідім. Сен пір тұтып жүрген сектанттар қазақтың тұқымын тұздай құртуды көздейді. Олардын Қазақстанды "террористер елі" атандыруды діттеген белгілі. "Жас казактагы" откир макалаларынды окып журуши едик, енди сол билим-билигинди секталардын насихаттауга жумсай бастаган екенсин. Али де ойлан... Урпагынды, ултынды ойла... Курметпен, сенин туракты окырманын



Пікір алынып тасталды!



Ереке сіз туралы айтып жатқандары рас па бұл елдің? Ешқашан біреудің қолшоқпары болған емес ең. Айнұр.(Құмның қызы)



Ерлан, мундай пікірлерді жазу ушін алдымен оз жонінді жондесенші! Сен казактан туып тура, казакка карсы келген - карабетсін гой. Сендей ултына, ата-бабасына опасыз иттерге каргыстан баска айтарымыз жок! Косеген осы жолда когерсе кордік! Ай, колшокпар уахаб!



hazahtardi ar obilistan biriktiretin mihtilar bop ,bir wahitta hazahstanning ar jerinen koterilsek hoy ........

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>