Жылу жинау – мал баққан елдің парызы | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Жылу жинау – мал баққан елдің парызы

Жәрдемші


Қазақстан Республикасының Премьер Министрі К. Мәсімовке
Көшірмесі:  ҚР Парламент депутаттарына

 

Құрментті Кәрім Қажымұқанұлы!

Биылғы қыс Монғолияға үлкен апат алып келді. Аязы 50 градусқа дейін жеткен аса ауыр қыстың қаһарынан  мал қырыла бастады. Монғол жеріндегі шаруашылықтың негізі болып табылатын, халықтың басым көпшілігінің айналысатын кәсібі де, күнкөрісі де мал екендігін ескерсек, көптеген аймақтарда, шын мәнісінде, қысталаң кезең орнады. Кейбір жерлерде мал басы түгелге жуық суықтан қырылып қалып, сонымен күн көріп отырған адамдардың өмірлеріне де қауіп төнді деген хабарларды естиміз.

Монғол жеріндегі табиғат апатынан туған  қазіргі жағдайды қазақ халқы жақсы түсінеді деп ойлаймыз. Біздің де ата-бабаларымыз сақылдаған сары аяздарда мал баққан, талай суықтар мен жұттарды, соның салдарынан пайда болған аштықтарды бастарыннан кешірген.  Ондай жағдайға ұшырағандарға көп болып көмек жасау, елден жылу жинау - мал баққан елдің қасиетті парызы болып саналған. Ақпараттарға жүгінсек, көрші елдер, оның ішінде көршілес жатқан Қытай мен Ресей мемлекеттері, халықаралық ұйымдар  Монғол елінің басына түскен осы апатты жеңілдету үшін қолдарынан келген көмектерін беріп жатқанға ұксайды. Тек қана Қазақ елі үнсіз отыр...

Монғол елі алыс шетелдің санатына кірсе де, Қазақ жерімен шекаралас болмаса да біздің ең бауарлас елдеріміздің бірі болып саналады. Біз арамыздағы тарихи-мәдени байланысты мақтан етеміз, арғы аталарарымыз Көк Түріктің алғашқы хандары мен басшылары Күл Тегін, Білге хан, Тоны Көктің белгілері тұрған Монғол жеріне әрқашан құрметпен қараймыз. Сонымен қатар монғол жерінде ғасырлар бойы жүз мыңдаған қазақ диаспорасының монғол халқымен тату тәтті өмір сүріп жатқанын қайталаудан жалықпаймыз.

Ал бүгін сол дархан да жарқын, батыр да ашық монғол халқының басына қиыншылық түскенде Қазақ мемлекетінің селт етпей отыруы - өмірі өшпейтін ұят пен масқаралық болып табылады. Сондықтан Сізден, үкіметтің басшысы ретінде, туысқан елге тез арада гуманитарлық көмек жіберуді талап етеміз. Сонымен қатар Қазақ мемлекеті БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға Монғолиядағы табиғат апатына ұшыраған адамдарға жедел түрде көмек көрсетуге ұйытқы да, түрткі де болуы керек  деп ойлаймыз.

Биыл Монғолиядан қазақ жеріне қайтуға бел буған қандастарымыздың санының күрт көбеюі мүмкін екендігін де естен шығармауымыз қажет. Осы жағдайға байланысты ҚР Парламентінің Мәжілісінде Монғолиядан келетін оралмандарға барынша жағдай жасау туралы көтерілген бастаманы толықтай қолдаймыз.

 

Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысы


 




Бар қазақ - бір қазақ, бір қазақ - бар қазақ.



Абай.кзға осы жұт туралы мақала шыққанда Қазақстандағы саяси ұйымдар, қозғалыстар селт етпейтін шығар деп ойлап едік. "Ұлт тағдыры" үн қатып Үкімет назарына мәселе ұсынып жатыр екен. Қуанып қалдық. Ұлтшылдық тілдің үшінде емес, білектің күшінде болғаны жөн.

Саяқ, оралман бала



Орайды мыкты игерип ен болмаса жартысын коширип алса катып кетер еди!



mangoldar bizge bauirlas deuin eki kainasada sorpasi kosilmaidi.mangoldarga komektesuge bolmaidi.mangoldin malin bagip jurgen kazakhtarga da komektespeu kerek mal bakkisi kelse kazakhstanga barip baksin.resei kitai komektesdi deidi bul tek gana ati bir neshe bagon shopti komek deime?otirik musapir kilip otirgandari ol.kairshi mangoldarga tiin tatirmau kerek.osindai kezdi paidalanip arzanga jer malnan alu kerek



Пікір алынып тасталды!



Бұл кім өзі? Бауырлас дегенге өтің жарылып кете ме? Қаның да бір, 70 жыл жеген наның да бір мемлекет емес пе? Бауырлас Куба, бауырлас Въетнам деп те айтып жүрдік емес пе? Дәл Моңғолдардың қазақ үшін айта қоярлық жаттығы болмады. Қазірдің өзінде үш бірдей парламент мүшесі, бірнеше вице-министрлер, жүздеген офицер қазақтар еңбек етіп жатыр. Өзге қай елде бар ондай. Жылу бермесе бермей-ақ қояр, Алланың Алтайдағы қазаққа көзі түзу болсын. Меніңше, бұл апатты жағдай соңғы кезде етек алып кеткен Баян-Өлгийлік бір топ паразит *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тардың қырсығынан Табиғат-Ананың жазасы болса керек.



Пікір алынып тасталды!



Мынау моңғолдарға қарсы сөз айтқан пәтшагарда шөкімдей ми болсашы. Сенен жылу сұрап отырған ешкім жоқ ғой, аулақ жүрші бүкіл моңғолдарға тіл тигізбей. Моңғолдар бір алтай тіл тобына бізбен бірге жататын арғы тегіміз бір халық. Дәл өзіміздің қазағымыздай дархан кеңпейіл халық. Бұндай елге әу баста-ақ көмектесуге тиісті елдің бірі - Қазақстан еді. Өкінішке орай, үкіметі иіс алар емес.
Интернет сайттарда қазақтар туралы жазылатыны шындық, бірақ та мұны моңғолдың бәрі жазып жүрген жоқ, қазақ пен моңғолдың арасына от салғысы келетін ақымақтар ғана солай оттап жүр.



Жогарыдагы монголдарга карсы соз айтып отырган адамды мен тусiнiп отыргандаймын.бiз расында барлыгын озiмiз сиякты ойлаймыз,барлыгын бауыр санаймыз,мумкiн дурыста шыгар.ал,монгол болсын,баска болсын олар олай ойламайды,сен канша дос тутсанда iштей кастыгын сайлай журедi.бiр-бiрiмен араз болсада улттык маселеде кашанда бiр,мысалга,бiр монголмен достасып журiп екiншi бiреуiмен жаулассан,сенiн ол досын оны танымасада сенi тастап карсы жагына шыга бередi.баска улттарда улттык сана осылай,атам казак- капiрден досын болса,белiнде балтан болсын деп бекер айтпаган.ал,бiз ангалдыкпен барын бауыр санаймыз,комекке келсек,комек берiлуi керек.бiрiшiден тарихи тамыры бiр халык ретiнде.екiншiден ондагы казактарымыз ушiн.

Ашық болсын,алашымның аспаны!



қазақстан бере алмайды берген де емес онсыз да өмір сүре аламыз



Жұт жеті ағайынды..Бір күні кезек бізге де келер...Құдайдың кезегі..жер сілкінісі, су тасқыны, біллмеймін әйтеуір құдайдың бір зауалы...Сонда саған жылу жинап беретіндер бар ма? бірінші келетін кім..ойлаймын бірінші Моңғолиядағы ағайын ең алдымен келеді..



Сондықтан ең жақын көрші бауырластарға көмек беру керек, айдаладағы Гаитиге емес. Н.Шоқай



Тәуелсіз ақпарат құралының бастамасы болған портал ұжымына мың алғыс.Жасқаншақ келетін өзге басылымдадан көш бойы ілгері деуге болады.
Алтайдың бір бетінде тағдырдың салғанымен құмыр кешкен ағайындардың хал-жағдайы туралы жұт туралы алғаш сөз қозғаған Моңғолиядағы Қазақтардың АТАТАНЫМ ұйымы.



senin jaman olgeinnin kazakhtarin talai ret magan muu hasag dep sabap jatir akshamdi tartip aldi.muu hasag dep kun korsetpei jatir komektesshi barip akshamdi alip bershi dep men birazina komektesip em.mine karashi sol manka kazakhtar endi ozime karsi shigip sol sasik mangoldi korgauin.osidan bilai bolsin ulaanbaatarga kelinder koremiz.sasik mangoldarin seni kaitar eken.sorli beisharalar.sender oz kolimmen azdap uiretip turuim kerek eken mundaidarindi bilgen bolsam



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



"Басқа салса баспақ жоқ". Табиғат апатына Моңғолиядағы аз ғана қазақтың не қатысы бар?! Қазақстанда да апаттың алдын алып жетісіп жатқанымыз шамалы ғой. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар, қазақ қайда да күнін көреді. Айғырдың жаманы енесіне шабады дегендей бір бірімізбен атыса бермейік. Жоғарыдағы пікір білдірген мәңгүрттерге айтарым: Баукеңнің "досыңа қарсы келсең онымен сөйлесуге құқың жоқ, жақыныңа қарсы келсең кейін естелік жазуға құқың жақ. Халқыңа қарсы келсең өмір сүруге құқың жоқ" дегенін ескерсін.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
10 + 6 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>