Президентті білмейтін перзенттер | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Президентті білмейтін перзенттер

Жәрдемші


Ғарышты игеру ғаламдық іс. Алайда, ол бәрінің бірдей қолы жете бермейтін, мол қаражатты талап ететін шаруа. Ғарыш айлағын ұстап тұруға шашамыз жетпеген соң Байқоңырды Ресейге жалға бердік. Қазақ даласындағы ең стратегиялық маңызды нысанды көршімізге аманат ете отырып, ел қазынасына қыруар қаржы салудан үміттендік. Ол үмітті ақталды ма, оны қазанның құлағын ұстағандар ғана біледі. Дегенмен, Ресей жыл сайын жал үшін төлейтін 115 миллион доллар құлаған зымырандар келтірген зиянның жартығын жамауға да жетпейді. Әйтеур, қарашаның білетіні Байқоңырды жалға беріп қазақтың даласы бір таяқ жесе, баласы екі таяқ жеді. Байқоңырды біз байлығымыз десек, біреулер үшін ол шайлығы ғана. Күйкі тірліктегі күнкөріс көзі ғана. Толайым табыстың бастауы. Міне, тап солар Байқоңырдың бағын қашырып отыр. Сонау 1993 жылы Байқоңырды тастап шыққанда ресейліктер көптеген құрал-жабдықтарды шахтаға құлатып, жұмыс орындары мен  пәтерлерінің есік-терезелерін айтпағанда, кафельдер мен унитаздардың өзін түк қалдырмай қиратып кеткен болатын. Өйткені, олар болашағын бұл жермен байланыстырмайтын еді. Ал қазаққа дүние-мүлікті бүтін қалпында қалдыруға қимады. Бірақ құт болған қоныстарының ойранын шығарғанымен, Байқоңырдан біржолата қол үзіп те кете алмады. Қайтып келді. Мәжбүрліктен келді. Өйткені, ғарыштан қол үзу империялық ұстыннан бас тартумен бірдей. Беруге біз де мәжбүрміз. Жерімізде ғарыш айлағы болса да, оның қыр-сырын білетін мамандарымыз жоқ. Адамзат баласын алғаш аспанға ұшырған қазақ даласының өз ұланы әлемде 256-шы, КСРО-да 72-ші болып ғарышқа әзер ұшты.
Қазақ жерінің бір пұшпағын жалға алып, жалға алып қана қойса жақсы-ау, сол жерге өктемдігін жүргізіп, әкімшілік басқаруын енгізіп ежелгі көршіміздің есебі түгенделді. Қазақты үй иесі екен деп те пысқырып та қарамады. Техникасынан ақау шығып төбемізге протон құлап, жерімізге гептил төгілсе де біз мыңқ етпедік. Өйткені, бізге айлақтың жұмыс істеп тұрғаны қажет. Ал оны қыр-сырын білетін Ресей мамандарына ғана сеніп тапсыра аламыз. Өкінішке орай, өзі де ілдебайлап әзер жүрген Байқоңыр мәселесі соңғы кездері ушығып кетті. Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің (Роскосмос) басшысы Анатолий Перминов «Қазақстан бізге ғарышты еркін игеруге қысым жасап жатыр» деп байбалам салды. Роскосмостың кеңейтілген алқа мәжілісінде. Бұл Ресейдің бізге бірінші рет қыр көрсетуі емес. Жақында ғана Единая Россия партиясының Думадағы бір өкілі Михаил Ненашев Талғат Мұсабаевты қазақстан-ресей ғарыш қатынастарын дамытуға мүдделі емес деп айыптаған болатын. Мұндай біртүрлі «мінездердің» сыры көп секілді. Ең бастысы қазір Ресей Амур облысында «Восточный» ғарыш айлағын салуды қолға алды. 2015 жылы мұнда алғашқы ғарыш кемесін ұшыру жоспарланып отыр. Демек, Ресей қыруар қаржы салып, елу жыл өзгенің айлағын жалдап отыруға мүдделі емес. Демек, бір күні көршілеріміз «боқшантайларын» жиыстырып зытып отырады. Ал ұзақ мерзімге жасалған келісім шартты кім алдымен бұзса сол кінәлі болмақ. Соған қарағанда, Перминовтың бұл қадамы «сүттен ақ, судан таза» болып шығудың қитұрқы амалы ғана секілді. Ең бастысы олар тағы да қазаққа топырақ жалатып кетпекші. Яғни, келісім-шартта көрсетілгендей олар ғарыштық технологияларын бізбен бөлісуі керек. Жоқ, орыстар өліспей, бөліспейді. Бірақ, оларды сөге алмаймыз. Өйткені, Еуропа да орыстарға қатысты тура сондай саясат ұстанып отыр.
Біздің Мәжіліс мәселенің мәніне терең үңіліп жатпады. Байқоңырды Ресейге елу жылға жалға беру туралы келісімді ратификациялады. Алты жыл бойы алқа-қотан әңгіменің өзегі болған шаруа жалғыз күнде осылай шешілді. Бізде. Ресейде де оң шешіле ме, ол жағы әлі белгісіз. Дума «думает». Оларды терең ойға батырған себептер Перминов пен Ненашевтің аузымен айтылып жатыр..
P.S. «Дәл қазір қазақтың ғарыш айлағын толыққанды игеруге қауқары жетпейді. Маман жоқ. Орыстар кетіп қалса Байқоңыр «адамзат алғаш аспанға ұшқан айлақ» ретінде мұражайға айналады», - дейді кейбір керітартқыш білгіштер. Е, мейлі, өзгенің өкімі жүріп, өз балаң жат болып өскенше Байқоңырдың айлақ емес, мұражай болғаны тиімді. Онда қазір қарадомалақтар Ресейдің оқулығымен білім алып жатыр. Ең сорақысы төменгі сыныптың оқушыларынан ел Президенті кім деп сұрасаңыз  Медведев дейді. Бүйтіп ғарышты игермей-ақ қойсақ игі еді...

Бек Датұлы
http://zan.zanmedia.kz/


 




Пікір алынып тасталды!



Қазақтың түбіне Протон жетеді. 2014 жылы көкке ұшатын протондар, ұшатын ракеталардың улы зияны катты күшиеді екен! Сонда Қазақ қайда барып жан бағады? Қазақ онысыз да өз елінде жетісіп жүрген жоқ қой? Үлкен қарт ата-анамыз ауыру-сырқау! Ал, орыстың шал-шауқандарына қараңыз, жайраң-жайраң етеді! Менің Қазағымның қарты неге жайраңдамайды? Неге менің қарттарымның желкесі 70-ке келмей үзіледі? Қазағымның жастары неге өз-өзіне қол жұмсайды?



Президентті мақтаудың да талай түрі бар.Соның ең "ерекше" бір түрі, өкініштісі сол, бәріміз мақтап жүрген Гер ағада, Герольд Бельгерде, бар. Онысын бір емес бірнеше рет байқадым. Әзірше соңғысы "Общественная позиция" гәзетінің 10-наурыз
күнгі нөміріндегі "Плетение чепухи" дегенінде.Герекең біраз дұрыс дәлелді сөйлеп
келеді де, соңғы шенінде: "Значит, не будем захлебываться от непосильных лозунгов-уранов, а будем протягивать ножки по одежке. Не так ли? И не к этому ли,собственно, призывает президент?" депті. Ешқандай кекесіні жоқ. Байыптап айтқан. "Бұрын оны-мұны деп жүргенім құлағына жетіп, Нұрекең ашуланып жүр ме екен, осылай деп бір көпшік қойып қояйыншы, мұным алда-жалда құлағына жетсе, ашуы тарқар" деген сияқты."Бір оқпен екі қоян ататын" қазақтық та Герекеңде бар екен. Назарбаевтардың бәрі шетінен шіріген бай екенін, президенттің айламен сөйлейтінін де ол жақсы біледі, олай болса, сыртынан көпшік қойғаны несі?



Орыстар кетіп қалса Байқоңыр «адамзат алғаш аспанға ұшқан айлақ» ретінде мұражайға айналады», - дейді бұл тек айналайын екен. Ар зымыран құлаған сайын, құламай-ақ зәулім көкке сапар шеккен сайын Оның рахатын тагы сол жергілікті Халык біз коріп жатырмыз гой! Адамды айтпағанда, жан-жануардың тұяғы, аяғындағы "туфлиі" сыпырылып шешіліп қалатын ауру шықты. Ол ол ма, жергілікті бау-бақша өсірсек, Қауын-қарбыздың дәні енді сол піскен "қауын-қарбыздың ішінде" тагы да көктеп масқара қылып жатыр. Құдды бір компьютер ішіндегі вирус құтыртқан тәрізді файл мен папкаларды кайталап еселеп көбейтетін тәрізді болды.
Осындай масқара жайтты сөз етсе болды, Ел басқарған ағалар жас өскелең ұрпақты ауыздан Ұрып, дымыңды шығарма, Ол Ресей Қазақстанның досы, біз шыдауымыз керек дейді! Аңқау елге "Арамза" молда - деген осы да!
алып Манас Ақай кентінен



Ресейді ғарыштан түсетін қаржыны теңдей бөлісуге көндіру керек болмаса, қайдан келді сонда кетсін. Ғарышты игеруге қызығып отырған, ол үшін дайын инфрақұрылымды игеруге сақадай сай отырған әлемнің қаншама елі бар. Солармен бірлесіп игеру керек. Я, болмаса ғарыш айлағын мүлде жауып тастау керек. Пайдасынан зины көп айлақтың құны 1 тиын.



Адамды айтпағанда, жан-жануардың тұяғы, аяғындағы "туфлиі" сыпырылып шешіліп қалатын ауру шықты. Ол ол ма, жергілікті бау-бақша өсірсек, Қауын-қарбыздың дәні енді сол піскен "қауын-қарбыздың ішінде" тагы да көктеп масқара қылып жатыр.
-------------------------------------------------------------------------------------
Бұл рас болса, ол жөнінде өздерін ғылыммен айналысып жүргендер не дер екен?



Байқоңырды игеру үшін қазақтардың космостық білімін дамыту керек. Сол Ресейге барып оқыту керек.Ал университеттер тың идеялармен аиналысу керек. Бұрыңғы біреудің зерттеп кеткен нарсесин қаита студентке берип миын ашытпау керек. оған дәлел біздің бір профессорымыз бір теманы әлмде маңызы бар деп өзінің идеясын аита береді.Бір қызығы өзінен сұрақ сұрасаң сендер кітап оқымаисыңдар деп қашқақтаиды. Сол теорияны біздер экспериментпен жасап шықтық. Ал енди біздің қолданған кітаптарымыз 90 жылдардың кітаптары. Оған қатысты заманауи адебиеттер жоқтың қасы.
Тағы бір қызығы біз өзіміз студенттер ағайымыздың мақтап журген ресеилік мамандармен тікелей телефон арқылы сөйлестік. Сөйтсек бізге сендердің темаларын ескі және ол әлдеқашан дәлелденіп (өйткені ол 90 жылдарғы екен), ал қазір одан зорлары табылған деген жауап берді.
Бұдан қорытсақ, біздің университеттер баяғы ескі құсқы заңдармен оқытады. өйткені һздері сол заманда диссертацияларын қорғаған. осындай жағдайлар болып отырса Байқоңыр музейге де аиналмаи қалады. Отырар төбеде алемнің ең мықты кітапханасы болған деген сияқты арман ғана болып қалады.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 7 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>