Кереку, кешіріңіз... Павлодар қаласына пәлен жылдан бері төл атауын таңа алмай келеміз. Газет-журналдарда жарияланған материалдар, жиналған қол, хат-ұсыныс, т.б., қысқасы, әзірге «Керекуді» әтештің «ку-ка-ре-куымен» шатастырамыз-ау деп шатқандардың мерейі үстем. 318 мыңдай тұрғыны бар өндірістік қала өзі аттас облыстың да орталығы. Бұл шаһардың кезінде атын шығарған трактор зауыты қазір тыныстамағанымен, алюминий, мұнай өндеу, электролиз зауыттарының мұржаларынан түтін кеткен емес. Тарихқа көз салсақ, кезіндегі қимақтар астанасы болған жерге 1720 жылы орыс отаршылдары әскери форпост салады. Тек 1861 жылы ғана дүниеге жаңа келген патша тұқымы Павел Александрұлына тарту ретінде бекіністі Павлодар деп атайды. Содан бері қанша су сырғыды. Ғасырлар өтті. Ал, орыс патшасының жарлығымен колонизаторлық кіреукеге айналған қалаға қазақы ат әлі берілмеді. Ұят-ай!



.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)

Өйткені халықты сужүрек қазақтар басқарып отыр
Кереку жырлары
Көктемнің күркірейді тасқынды әні,
Аспан тұр арайланбай.
Қарт тарих асфальт алаң астындағы
Жатыр-ау әлі оянбай.
«Казкрай» көшесінде ырғатылған
Әнді кім ұғына алар?..
Қимақтың жебесіндей түнде атылған
Таспа жол ыңыранар.
Сан дәуір төбесінен самғап өткен
Ескі жұрт дертті ме еді?
Қағанның сұсты елесі қанға бөккен
Намысты тепкіледі!
Кетті ме қорқау тірлік көріне еніп,
Таусылдым табанымнан.
Сонда да сұсты елестің соңына еріп,
Кек алам заманымнан!
Сенбеген баба рухтың өлгеніне
Ақынын жебер елім.
Жұтынып тұрған уақыт өңменіне
Қадалды жебе өлеңім!
***
Кереку – тұлғаң бөлек, атың ерек,
Жая түс керегеңді.
Өзіңе мен тәрізді ақын керек,
Батыр да керек енді.
Арғымақ арман өлер қамалдарда,
Ақ шаңдақ жолымыз бар.
Тірлікте қала түгіл, ғалам тар да,
Өлгенде көріміз тар.
Ендеше, тұрқымды елге таныттырған
Ереуіл ат арысын!
Пенде өмір замананы жалықтырған
Жалғыз сәт шаһар үшін.
Жүргенде жұпар желді жұтып күзгі,
Жапырақтай жаурап кетем.
Көпірдің үстінде, әне, күтіп бізді
Біреу тұр,
Аруақ па екен?..
Ханзада дәуіріңді түсінем мен,
Жатсынған көп қазақты.
Күні ертең, айсыз түнде түсіңе енем,
Абыз боп ақбоз атты.
Төсіңнен ақ сапарым басталмақшы,
Төбемде мөлдір ғалам.
Енді өзің өлеңімді аспандатшы,
Зерлі иық, зеңгір қалам!
***
Балалық – бұл күндері күңгірт елес,
Жас шағым – бұлдыр сағым.
Көзімде – жарқыраған күн нұры емес,
Жарығы түнгі шамның.
Көн қалқан тәрізденіп тозған айды
Төрге ілген аспан қандай!
Құс жолы тұманданған көзді арбайды,
Жұмаққа бастар жолдай.
Жағажай – тебіренген сыршыл әлем,
Төсінде жыр ұялар.
Сыйдиған үйеңкіден сыңсыды әуен,
Суыды жылы ұялар.
Жоғалды көкжиектен құстың легі,
Қалың лек, қаралы лек.
Айшықты Ақ мешіттің үстіндегі
Шытынап барады көк.
Мен, сірә, кетем сенен,
Арай нұрлы,
Ақ заңғар, зерлі қалам.
Қара аспан дір-дір етіп қақ айрылды,
Жол ашық енді маған!..
***
Жаһанданудың елесі елді кезгенде,
Жаңалықтарды салмақтап көрем безбенде.
Батыстық дәстүр кеңестік салтты қиратқан
Кереку сынды қала жоқ, сірә, өзге елде!
Сұқтанып супермаркетке
Танса есінен,
Көшеде жатқан нашақорды да кешірем!..
Сомбреро киіп, сигара тартқан джентельмен
Бильбордтан күлсе,
Техастан ол жер несі кем?..
Түтіні көкке шапшыған алып зауыттар,
Кафелер, барлар, сауналар, түнгі сауықтар!
Жабайы әуен,
Жалаңаштанған дүние,
Ыршыған билер,
Ышқынған үндер, жарықтар!..
Домналар буы будақтап бұлтпен шектесіп,
Менің де буым бұрқырап,
Көңлім көкке өсіп!..
Буалдыр қала төсінде жайлап жүзеді
Сәулесі аппақ қызғылтым собор, көк мешіт!
Соборда қыз жүр,
Мойнына крест байлаған,
Мешітте ұл жүр,
О дүние жайын ойлаған.
Бәрі де жаңа!
«Казкрай» ғана сол қалпы,
Қазақылық пен бұзақылықтан таймаған!..
***
Мұрағаттарға қанды тарихты құлыптап
Қойған соң,
Баба ерлігін ұрпақ ұмытпақ.
Романовтардың елесі кезген Павлодар
Патшаның ұлын әлі де тұрар ұлықтап!
Ел – жұрттың зарын жылнамашылар жазбаған,
Ертіске кеше төгіліп кеткен аз ба қан?!
Бетіме басты-ау айғақтап бодан кезімді,
Биліктің мөрі Павелдің аты тозбаған!
Бозала таңда бозарып мініп боз атқа,
Кетермін боздап жұмаққа,
Бәлкім тозаққа...
Патшазаданың аруағы әлі шат шығар,
Өлсе де есе бермеген біздің қазаққа!
Елбасы келсе,
Көкпері әндер даңғырлақ
Күмпілдеп тынып,
«Нұр Отан» даусы жаңғырмақ!
Павликті әлі білмейтін бүлдіршіндермен
Алаңда бірге тұрамын мен де шар бұлғап!..
Тілекті қабыл қылардай бірден Жасаған,
Шаттықтан басым айналып,
Көзге жас алам.
«Нұрқала» болсын атауы осы шаһардың,
Нұрағам егер құтқарса бізді Пашадан!..
Арман ҚАНИ,
Павлодар қаласы.
Мұнда Павлодар қаласының кеңестік кезін бейнелейтін фотолар да қойылыпты. Жоғарыдан төмен қарай санағанда тоғызыншы фотода көрсетілген "Дворец культуры железнодорожниковтың" "Шаңырақ" мәдени ойын-сауық орталығына ауыстырылғанына қанша жыл өткенін қазір тап басып айту оңай емес. Сондай-ақ он екінші фотосуретте ақ патша дәуірінде салынған Темір жол вокзалы бейнеленген. Өкінішке қарай, Кеңес үкіметі құлар кезде салынған әсем вокзалдың фотосы қойылмапты.
Арман.
Арман аға сіз аман болсаңыз павлорданың аты бір аусар!
Мен өзім поэзияға көп жоқпын... Анда-санда, онда да тек М.Мақатаев, М.Шаханов, А.Бақтыгереева, Ш.Сариев, Маралтай сияқтыларды ғана оқимын... Ал мына Елші ме, әлде Арман ба, жалпы қайсысы болса да жазған екен, оқуға тұрады екен... Жалпы жаман емес...
креку деп емес, Найманқала деп өзгертейік или Найманкерей деп..жалпы ұсыныс қой
тапкан екенсин
коке, шаныракка карап сойле!!!
Пікір қосу