Ғұмырын қазақ елінің ұлттық мүдесі мен мақсат мұраттарына арнап, соңына өнегелі өмір жолын қалдырған, үлкен парасат иесі Болатхан Тайжанның тұяғы - Мұхтар мырза abai.kz ақпараттық порталының дәстүрлі интернет-конференциясының «мінберінде».
Тайжан Мұхтар Болатханұлы (суретте) 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.1990 жылы қаладағы 23-ші жалпы білім беретін мектепті бітірді. 1991-1997 жылдары Варшава университетінде оқып, аталған оқу орнынын «өте жақсы» деген нәтижемен тәмамдап Халықаралық экономикалық және саяси қарым-қатынастар Магистрі дипломын алып шықты.
1997-2001 жылдары Астана қаласында мемлекеттік қызметте еңбек етті:
- ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша Агенттігінде қызмет атқарған ол 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарын жасаған топтың құрамында болды.
- ҚР Президенті Әкімшілігінде, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде қызметтер атқарды.
- 2001-2003 жж. - «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «Ордабасы» Корпорациясы» АҚ жұмыс істеді.
2004 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікке бет бұрды:
- 2004-2005 жылдары Мұхтар Тайжан ұйымдастырған өндіріс орыны пеноблоктар шығарды. Нәтижесінде - Талдықорған қаласындағы «Қаратал» ықшамауданында 12-қабатты төрт ғимарат тұрғызылды.
- 2006 жылы заманауи евроқойма салып бастап оны 2008 жылдың қаңтар айына дейін аяқтады. Қойма сол 2008 жылы қаңтар айында сатылып, несеие толығымен өтеліп, таза пайдаға шықты.
- Қазір «Taizhan Terminal» жобасымен айналысуда.
- 2007 жылы «Жаһандану жағдайындағы қазақстандық-польшалық экономикалық ынтымақтастықтың даму келешегі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. «Дүние жүзілік шаруашылық және халықаралық экономикалық қарым-қатынастар» бойынша кәнігі маман. Ғылыми, ғылыми-көпшілік журналдарда және баспасөздерде, соның ішінде шетелдік басылым бетерінде 17 еңбегі жарияланған. Екі ғылыми кітапшасы жарық көрді, үш халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан.
Үйленген, екі баласы бар.
Мұхтар Болатханұлына қоятын сауалдарыңызды әдеттегідей форумға немесе abai-akparat@mail.ru; dauren-kuat@mail.ru электронды пошталарына жолдай беріңіздер.
«Абай-ақпарат»




Бәрекелді, Мұхтар мырза! Хош келіпсіз. Алғашқы сұрағым: Болатхан ағамен бірге ол кісі шетелдерде елші болған кезде сіз қасында болдыңыз ба? Ол кісінің қандай мінезін өнеге тұтасыз?
Мухтар мырза! Сыздын акеныз ултжанды тулгалардын быры еды. Осы ретте Болатхан Тайжаннын есымын улыктау калай жузеге асырылып жатыр деп ойлайсыз?
Бұл баланың қай жетістігін дәріптеп конференция ұйымдастырып отырсыңдар? 2030 жылға дейінгі елді, қазақты мазақ қылған стратегиясы үшін бе? Әкесінің де бітіргені шамалы.
Сен ештеңенің байыбына бармастан айыптай жөнелетін "әсіребілгіш" екенсің. Әкесінің кім болғанынан сіркедей мағлұматың жоқ, тым құрыса аруаққа тіл тигізбейтін мұсылманшылыңды сақтасаңшы! Бірақ, мынау пікірсымағыңнан сенің мұсылманшылығыңның сиқы көрініп тұр.
Сәлеметсізбе? Сіз бұрын жоғарғы жақта қызмет істепсіз. Еліміздің дамуы қалыптасуы, экономикалық жағдайы қалай өрлеп жатқанын байқай алдыңыз ба, қай деңгейде екен, не дегенмен шетелде білім алдыңыз ғой салыстырып көрген боларсыз. Қазақ тілінде еркін сөйлей алаыз ба? Пеноблоктан үй салу Астана қаласының ауа-райына қолайлы ма? Қыста суық болмай ма? Ақ-Ару
Кедендің одақ туралы не айтасыз? Осы кедендік одаққа кіріп алып ертең Ресейдің ықпалынан шыға алмай қалып жүрмейміз бе? Кедендік одақ не үшін керек болды деп ойлайсыз?
Жарқын
Сіз ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша Агенттігінде қызмет атқарып 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарын жасаған топтың құрамында болыпсыз. Осы топқа Ержан Өтембаев жетекшілік етті деген сөз рас па? Жалпы, ол қандай азамат? Оны жақын танимын деп айта аласыз ба? Алтынбек Сәрсенбаевты аттыруға соның тапсырыс беруі мүмкін бе?
Қазақтың бірінші жауы кім?
«Taizhan Terminal» жобасы не қызмет атқарады? Қарамағыңызда қанша адам жұмыс істейді? Сіз байсыз ба? Байлық туралы әкеңіз не айтушы еді?..
Болатхан аға студент кезінде Мәскеуде құрылған "Жас тұлпар" ұйымының белсенді мүшесі болды. Содан бақиға аттанғанша сол "Жас Тұлпардың" "шабысынан" таймай құйындатып өтті. Ұлтқа қызмет етуден, ұлтқа жанашыр болудан еш жалтарған емес. Сіз қазір сол "Жас Тұлпардың" құрамында болған қайраткерлермен араласып тұрасыз ба? Олар туралы не айтасыз?
Құрметбек
«Ел бірлігі» доктринасы талқыланып үлкен дау туып жатқан кезде Сіз ұлт-патриоттарының қатарынан табылдыңыз. Ойыңызды ашық білдіріп орыстілді басылымдарға қазақ халқының болмысы, табиғаты туралы тамаша мақалалар жаздыңыз! Сол кезде билік бизнесіме кедергі жасайды-ау, тартып алады-ау деген қауіпіңіз болған жоқ па? Қазір де қорықпайсыз ба? Неге қорықпайсыз? Әдетте кәсіпкерлер газеттерге мақала жазбақ тұрмақ сұхбат беруден қашады емес пе?..
Гүлназ
Мұхтар Болатханұлы, сіздің abai.kz сайтына қатысыңыз бар ма? Неге десеңіз, осы сайттан жиі көрініп жүресіз. Егер сіз сайттың құрылтайшыларының бірі болсаңыз бұныңыз құптарлық іс екен. Қашанғы қазақ бизнесі орыстілді баспасөзге қызмет жасай береді? Бұл менің пікірім әрі сізге қойып отырған сұрағым. Рахмет.
Асқар
Мынау бір бетіне жел тимеген бала ғой. Шетелде оқыған, жақсы қызметтерде болған. Енді бизнесте. Осының бір қарыны ашып, ертеңгі күнім не болар екен деп алаңдаған кезі болды ма екен? Мұха, не айтасыз мұныма?
Ауылда өскен Мырқымбай
Мұхтар Болатханұлы Қазақстан нағыз мызғымас ҚАЗАҚ ЕЛі болатынына сенесіз бе ? Қандай дәлелдеріңіз бар?
Молхы
Абай.кз сайтына! Бауыржан Момышұлының немересін осындай интернет -конференцияға неге шақырмайсыз? Не дегенмен асылдың сынығы ғой. Халықтың алдына көп шықпайды. Көпшілік оның да пікірін білгісі келетін шығар, осы жылы атасының 100 жылдығы. Бұл менің жеке пікірім.Ақ-Ару.
Әрине, бұл сұрақ талай қазақтың көкейін тескелі қашан... Сондықтан, Павлға сыйға тартылып, қазаққа мұра болып келген мұңлы атау Павлодардан тезірек құтылу бізге арман. Әрі мақсат! Сондықтан, бұл атаудан құтылу біздің қолымыздан келе ме деген сұраққа не деп жауап айтасыз? Павлодардың атын Кереку деп ауыстыруға қалай қарайсыз?
Ғабит Бөкенбай, Керекуден
Жәнібек хан мен Керей ханның мүсіндері «Қазақ елі» монументінен орын таппай қалған кезде қор ашып, Ескерткіштерге Астана қаласының әкімшілігі жер берсе алып барып орнатпақ болып әрекеттеніп едіңіз. Әкімшілік сіздің ол талабыңызға жауап бермеген секілді. Сіз қорға өзіңізден басқа ешкімнің қаражат аудармағанын жария еттіңіз. Сонда, хандардың ескерткіші қазақ бизнесмендерінің арасында тек сізге ғана керек болғаны ма? Жалпы біздің кәсіпкерлер ұлт мәселесіне неге мойын бұрмайды? Олардың халықшыл, ұлтшыл болуына не кедергі?
Жомарт
жастардың басын қосып ұлттық партя құру ойыңызда барма?
Сіз қазақ елі жастарының өкілінің бірісіз. Елдің қазіргі дамуына және болашағына қандай ой білдіресіз? Қазақты алда не күтіп тұр деп ойлайсыз?
Заманауи евроқойма деген қандай қойма? Ол қоймаларыңыз қайда тұр? Ол қоймаларда не бар? Сұрағым аңғалдау болуы мүмкін, бірақ білгім келеді.
Бір бала
Өз қатар-құрбы, замандастарыңның арасынан үлкен саясатқа дайын адам бар ма? Бар болса ол кім? Оның саясаткерге тән қандай қасиеттерін атап айтар едің?
Ғұбайдолла
Шетелге кетіп қалған мол қаражат саясиланып жатыр. Бұл жайтты Қажыгелдин-Әлиев-Ә*Бейәдеп сөз жазбаңыз!*зов одағынан байқауға болады. Бұл үшеуі бірігіп елімізде түрлі-түсті төңкеріс жасауы мүмкін деген қауіп те бар. Егер сондай бола қалса, қазақ тағы да сорлап жүрмей ме?
Сәлімбай
Мұхтар Жәкішевті қазақтың уранына иелік етіп жүрген орыстар қасақана арандатып істі қылды. Бұл жайында Жәкішевтің өзі айтып отыр. Бұл не болып барады өзі? Біз симовлдық белгілері ғана бар қуыршақ мемлекетке айналып бара жатқан жоқпыз ба?
Елмұрат
Қазақта еркек қалды деп отырсыңдар ма? Сайқымазақтар қалған! Таныстықпен, бармақ басты, көз қыстымен билік басына келіп, жер алып, үй салып, шетелдін машинасын мінгенге мәз! Қазақта есі дұрыс еркек болса 90 пайыз қазақ тілін білмейтін топас билік басында отыра ма? Қазақтын еркегі қалса Рахаттар, Әбіләздар, Ердендер қайдан шықты, жағымпаздар қайдан шықты!
Қарапайым қара халыққа қаншалықты жақынсыз?
Болатхан асыл Азамат еді! Тәуелсіз Қазақстанның маңдайалды дипломаты еді. Біздің Сыртқы істер министріміз болып отыратын білімді, білікті қайраткер еді. Бүгінгі билік оны маңдайымызға сыйғызбады. Ал енді, ағайындар, мен Мұхтардың 2-3 жыл шыдап, алды-артын әбден барлап алмайыншы саясатқа араласпауын қалар едім, әкесін аямағандар баласына ауыз салып жүре ме деп шын қауіптенемін.Мені сіздер де, Мұхтар да түсінсеңіздер деймін.Саясатта Болат,Жармахан,Мұхтар Шаханов,Жасарал және басқа мықты кісілер, солар да жететін сияқты. Қателессем де, ойым осы. Бағысбек.
Құрметті Мұхтар мырза! Сіздің әкеңіз өте ұлтжанды, тамаша адам болған. Өзіңізде тамаша оқу орнын бітіріп, жақсы қызметтерде болған екенсіз. Мен сізді осы 3-4 жыл бұрын ойда жоқта кездесіп, яғни сіздің жақсылығыңзда болғанмын. Алматының сыртынан қойма ашқан кезіңізде. Сол жақсылығыңызға Польшадан бір серіктесіңіз де келген. Менің байқағаным сіз өз ана тіліңізді жақсы білмейсіз, жұбайыңыз да білмейтін еді, бірақ балаларыңызға қазақша тәрбие беріпсіз, қуаныштымын оған! Жақында әкеңізге ас бергелі отырсыз, осыған орай әкеңіздің жазып қалдырған қолжазба немесе қандай бітпей қалған еңбектерін жалғастырмақ ойыңыз бар?
Ассалаумагалуйкем! Кадирли Болатхан агамыздан калган казахи муддени жалгастыруда Аллам жар болсын сизге! Қазақтың мүддесі Қазақ елінде неге қорғалмай, керісінше тапталып тур, кімдер кіналі? не істеу керек, сіздің ойыңызша?
Астаналық.
Жалпы,осындай ағаларымыз ұлттық партия құрсағой шіркін. Ерлан Қарин, Айдос Сарым, Берік Уали, Мұхтар тайжандар бастама көтерсе біз қазақ жастары қолдаймыз!Сұрақ қорыңыз қандай жобаларды қаржыландырып отыр?
Ерлан Қарин, Дархан Қалетаев, Айдос Сарым, Берік Уәли, Дәурен Қуат, Ақберен Елгезек, Мұхтар Тайжан, Берік Әбдіғалиев сияқты есімдері елге белгілі саясаткерлер, ақындар, журналистер, т.б. жалындаған қазақ жастары Ұлы Қазақ ұлтының мүддесі үшін бас қосып, ұлттық партия құрса қазіргі кезде шуылдап ашық хаттардан басқа ештеңеге шамалары жетпейтін өтірік оппозияциядан мықты күш болып шығар еді. Билік бұл жігіттермен санаспай қоймас еді. Өйткені бұл жігіттер халық алдында анағұрлым пәк, таза. Халық еретін еді соңдарынан. Ең бастысы, халықтың белсенді тобының басым бөлігін құрайтын алып күш - ЖАСТАР соңдарынан еріп, тау мен тасты бірге қопарар еді.
Шіркін, сол күн қашан туады екен.
Мұхтар Шаханов ағамызға өтініш! Осы мәселені қарастырып, жігіттерге ақыл-кеңесіңізді беріңізші. Сізден басқа сөзі өтімді көзі тірі жан жоқ бұл елде. Өтініп сұраймын.
Орысы көп қазақтың қаласынан.
Мұхтар бауырым, шөп те тақыр жерге шықпайды демекші, сен асыл текті, көргенді жердің баласысың. Мынау алды-арты бұлыңғыр заманда Ұлт ісінің жоқтаушысы болу абыройлы да азапты сын(Көңілде үлкен үміт пен сенім бар).Бүгінгі мына өңкей орысшыл қоғамда,кіл орысшыл қауымның арасында ҚАЗАҚ болып қалу,әрі ҚАЗАҚТЫҢ жоқтаушысы болу – бейбіт күнде батырлық жасағаннан бірде-бір кем емес. Мәселен, бастығына батып сөйлемейтін, оны айтасыз әйеліне сөзі өтпейтін жігіттен табанды әрекет шыға қояды деп ойламаймын. Ал, ұлт мүддесі үшін күресу үшін билікпен де, қалыптасқан жүйемен де, орыстілділермен де,т.б жүз шайысып, жаға жыртысуға тура келеді. Оның үстіне бая-шая болып аяғыңнан оралатын жағымпаздар мен жалтақтар жолыңды бөгейді. Мұның бәрінен талмай-қажымай өту үшін, ұлт мұраттары жолындағы істеріңді орындау үшін ғаламат қажыр-қайрат та, ақыл-ой да, керек десеңіз қулық-сұмдық та керек.
Осының бәрін ойлана келе, ұлт ісі үшін деп жүрген әрбір азаматтың қайраткерлік жолдары қаншалықты ауыр екенін түсінетіндеймін. Қазақ тарихында ұлтым деп жанын қиған, өмірдің барлық бақыттарынан баз кешкен ардақты ағаларымыз аз емес.
Солардың ісі енді саған да үлгі болсын, Мұхтар замандасым!
Бар тілегім де, тілеуім де осы.
Сабырбай
Пікір қосу