Әрбiр мемлекет өз ұлтымен ғана толыққанды мемлекет. Ресей үкiметiнiң осы мақсат аясында қабылдаған "Отандастар" мемлекеттiк бағдарламасына биыл үшiншi жыл. Әу баста дақпырты мен насихаты басым болған бағдарлама ресейлiк отандастардың елге оралуына ықпал жасады ма? Күнi бүгiнге дейiн жергiлiктi билiк пен ақпарат құралдары аталған бағдарлама жөнiнде халықты жағымды көрсеткiштермен алдауқаратып келсе де, нақты мәлiметтердiң керiсiнше өрбитiнi қалай?
Газетiмiзде жарияланған "Отандастар" операциясының сәтсiздiгi" атты мақалада бағдарламаның бiр жыл болмай жатып сәтсiздiкке ұшырағаны ашық сыналып едi. Одан берi екi жыл өтсе де, жергiлiктi билiк жалпақ жұртқа белгiлi жайтты әсiрелеп келгенiн қалай түсiнуге болады? Тiптi, Ресейдiң кез келген ақпарат көзi мен ғаламтор сайтын ашсаңыз, "Ресейге қандастар көптеп оралып жатыр" деген жалынды мәлiметтен көз сүрiнедi. Ал, шын мәнiнде, жағдай қуантарлықтай емес көрiнедi.
Кезiнде билiктi басқарып тұрған В.Путиннiң: "Ресей бұрынғыдай ұлы держава болып қалуы үшiн, кемiнде 50 млн. отандасты қабылдауы қажет" деп мәлiмдегенi есте. Ал "Отандастар" бағдарламасы барысында миллиондаған қандастың келуiне мүмкiндiк жасау керек" деген ол үш жылдың iшiнде 300 мың адамның елге оралуына сенiм бiлдiрген-дi. Атап айтқанда, 2007 жылы 50 мың, 2008 жылы 100 мың және 2009 жылы 150 мың отбасының келуiне үлкен үмiт артты. Алайда, бүгiнгi көрсеткiш Ресейге бар-жоғы 17 мың орыстың (отбасы мүшелерiн қосқанда) көшіп барғанын растап отыр. Турасын айтқанда, әр жыл сайын 100 мыңдаған отандастарды қабылдауға бел шеше кiрiскен ресейлiк атқамiнерлердiң бас жоспарының күл-талқаны шыққаны осыдан аңғарылатын сияқты.
Алайда, "Отандастар ұйымдары форумы" атқару комитетiнiң төрағасы Лидия Графова көзге терiскендей қадалған мәселенi жоққа шығарғысы келедi. Лидия ханым "Аргументы недели" басылымы тiлшiсiнiң: "Отандастар" бағдарламасының тоқтап қалуына себеп, бәлкiм, келуге ниет бiлдiргендердiң қатары сиреп кеткендiктен шығар..." деген сұрағына: "Бұл шындық емес. Өзiм ТМД мемлекеттерiнде жиi боламын. Сонда талай отбасының шабаданын жиып-терiп отырғанына куә болдым. Өйткенi, олардың балалары, немерелерi тұрған жерiнде орыс тiлiнде сапалы бiлiм ала алмайды. Әсiресе, орыс тiлiне қысым жасалып жатқан Қазақстандағы орыстар "келiңдер" десең, қазiр ұшайын деп отыр..." деп жауап берiптi. Ал, "Оларды қоныстандырып, жастарына жұмыс тауып беретiн жағдай жасамасақ, несiне шақырамыз?" деген сауалды, "Ресейде орыстар азайып барады. Бiз қазiрдiң өзiнде демографиялық апатқа ұрындық. Жыл сайын еңбекке қабiлеттi жастағы адамдардың саны бiр миллионға қысқарып жатыр. Бүгiнде барлық сарапшылар "Көшi-қонды жоғалтсақ, Ресейдi де уысымыздан шығарып аламыз" деген пiкiрдi бекер айтып отырған жоқ" деп тойтарған Лидия Графова "Отандастар" бағдарламасын Кеңес одағы құлаған кезде-ақ қабылдап, жүзеге асыру керектiгiн айтады. Әрине, маманның жанайқайы түсiнiктi. Бiрақ бiздiң бiлуiмiзше, қазақстандық орыстардың Ресейге асығып отырғаны шамалы. Неге дейсiз ғой? Жақында бiр орыс ұлтының азаматымен аталған бағдарлама төңiрегiнде шүйiркелесе кетiп едiм, ол өзiнiң Ресейдiң Калуга облысына барып, қайтадан "май шелпек" Қазақстанына оралғанын қуана жеткiздi. "Бiздi ол жақта екiншi сұрыптағы адам қатарына жатқызады екен. Оның үстiне дайын тұрған жұмыс та жоқ. Қолымды бiр сiлтедiм де, отанымдай болып кеткен Қазақстаныма қайта келдiм", - деген-дi ағынан жарылы ол. Расында да, әлеуметтiк жағдайы жергiлiктi қазақтардан көш iлгерi орыстардың Ресейге жақын арада көше қоймасы айтпаса да белгiлi.
Бұл пiкiрдi Қазақстандағы "Орыс қауымдастығының" басшысы Юрий Бунаков та қуаттайды. Былтырғы жылдың желтоқсан айында Мәскеуде өткен ресейлiк отандастардың III Бүкiләлемдiк конгресiне қатысқан Юрий Бунаков ресейлiк аймақтардың отандастарды қабылдауға еш дайын еместiгiн ашына айтты. "Дағдарыс сылтау болды ма екен, отандастар мәселесi кейінге ысырылып қалған. Шақыруын шақырғанмен, оларды жайғастыратын мекенi, қолына тиетiн құжаттары алдын ала қамдастырылмаған. Мәселен, Израильде репатрианттарға барлық жағдай жасалған. Көмек ретiнде қаржылай ақша берумен қатар, баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етедi. Тiптi, әлеуметтiк шарт бойынша балаларды балабақша, мектепке орналастыру жөнiнде кешендi көмек ұсынылады", - дейдi ол. Сондықтан да "Орыс қауымдастығы" төрағасының Қазақстаннан кететiн ойы жоқ. Бұл тұрғыда ол: "Мен не үшiн кетемiн? Жұмыс жоқ, баспана жоқ. Ол жақта мұндай жағдайға қол жеткiзбеген жергiлiктi орыстар маған қандай қарым-қатынаста болады? Әрине, жаман. Себебi, олардың тауып отырған бiр үзiм нанын тартып алуға барып отырған жоқпын ба? Сол себептен де, ешқайда бармаймын. Алматыда өмiр-бақи тұрып, жұмыс iстеп келемiн. Мұнда жәй жүрмей, орыс тiлiнiң дамуына өзiндiк үлес қосып жатырмын. Қазақстанда достарым, оның iшiнде қазақтiлдi жолдастарым да көп" деп едi бiздiң сұрағымызға берген жауабында.
Соған қарағанда, елiмiздегi орыстар Ресейдiң құшақ жая шақыруын әзiрге қабылдамайтын сияқты.
«Түркістан» газеті. 25.02.2010. №8 (814)
Түпнұсқадағы тақырып «"Отандастар" бағдарламасының күйрегенi ме?». Мақала ықшамдалып басылды



Пікір алынып тасталды!
"Қара қытай қаптасы сары орыспен жылап көрісесің" Орыстар Қазақ Елінің азғантай пайызын құрағаны біз үшін тиімді болады.
орыспен жылап көрісетін де, к...н жалайтын да, сен секілді, ес-ақылы орнында жоқ, саудың тамағын ішіп, аурудың сөзін сөйлейтін, туған анасын да, сатудан тайынбайтын есуастар, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*дар. жазуды да,өте сауатсыз жазады екенсің бауырым. сен пікір таластыруға жарамайсың. тайып тұра ғой.
Шынында да, кара орман орыстардын Ресейге кеткиси жок. Оларга Казакстанда барлык жагдай жасалган гой. Аркайсысында еки-уш баспанадан бар. Барлык майлы жерде солар истейди. Оларга будан артык не керек?
"Қара қытай қаптасы сары орыспен жылап көрісесің" ОСЫ СОЗДИ БИР НАГЫЗ ТОРМЫЗ АЙТКАН
Бір танысым айтты: Алматыда баласы жолдастармен бір орыстың үйін пәтер жалдап тұрады екен. Айына 60 мыңды санап береді олар. Әлгі адамның мұндай 8 жеке үйі бар көрінеді. Оған қоса өзіне коттедж салып алған, қымбат көлік иеленген. Мен мұны қызғанып тұрғаным жоқ. Сонда айына жарты миллионнан астам ақшаны түк істемей-ақ тауып отыр. Оны өзі де мақтанышпен айтқан.
Қазақстандағы мұндай "жұмақ өмірден" кететін орысты ақымақ дейсің бе? Оны Россиясы құшақ жайып та қарсы алмайды.
"Қара қытай қаптасы сары орыспен жылап көрісесің" ОСЫ СОЗДИ БИР НАГЫЗ ТОРМЫЗ АЙТКАН
Әрине, кезінде қазақты орыстандыру үшін шығарылған мәтел ғой,біздің ата-бабамыз мұндайды айтпаған шығар.
Бізде 130 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады деп мақтанғанда, оның 130 түрлі проблема екенін де айтуды ұмытып кете береміз. Мемлекеттік тілді үйренбей қырсығып отырған орыстар, өзгелерде қарсылық жоқ.Ал біздің биліктің тек орыстың көңіліне қарап қана жүретінін өздеріңіз білесіздер. Егер елден орыстар көптеп кетер болса, қазақ басты проблемасы – тіл проблемасынан құтылады.
Сонда таза экономикалық шаруалармен айналысуға мүмкіндік туады. Бұл – халықтың хал-ахуалының жақсаруына әсер ететін бірден-бір фактор.
Екіншіден, Қазақстанның өзге диаспораларға қолайлылығы сондай, Тәуелсіздік жылдары елге тек оралман бауырларымыз ғана емес, ТМД аумағының түкпір-түкпірінен өзбек, орыс, т.б көптеп келіп жатыр. Сондықтан,(онсыз да қазақтана алмай отырғанымызда) Үкіметтік деңгейде заң бойынша ұлты қазақ емес келімсектерге шектеу қоюу керек. Қазіргі кезде Батыс мемлекеттерінің көпшілігі еліміз "арабтанып кетті", "орыстанып кетті" деп шектеу қойып жатыр. Біздің есігімізді айқара ашып тастап неге отырғанымызды түсінбеймін?!
Біздегі бүкіл саясат тек қазақ ұлтының мүддесіне әдейі қарсы жасалып жатқандай болып көрінеді.
Сабырбай
Өскемендегі бір колледждің директорының орынбасары жақсы "табыс" тауып жүріпті. Күйеуі де бір фирманың қатардағы директоры жақсы "еңбек" еткен көрінеді. Екеуі де орыс. Баласы да орыс шығар... (оны шешесі біледі). Күйеуі марқайып талай уақыт Мәскеуге, еліме, Отаныма көшемін деп көкіп жүріпті. Содан бизнесте жолы болғыш марқасқа өзінің тарихи отанына, "аюдың апанына" көшуге қам-қарекет жасамақ болып ұшып барады. Бұл күнге дейін "дүниеқоңыз" жинаған боғын есептесе Мәскеудің шетіндегі бір бөлмелі пәтерге ғана жетеді екен. Содан ызаланған орыс мұндай Отаны құрысын деп қолын бір сілтеп, қазағына кеп қатыны екеуі қайта "жеуге" кіріседі. Қуаныш болғанда мемлекеттік мекемеде істейтін қатыны қаржы полицейлерінің құрған тұзағына түсіп, тұтқындалып, сотталды. Анау орыс алқаш болды. Құрыды. Тозды. Кімнен екені белгісіз шата туған бала зарлап далада қалды. Осындай міне орыстың көрер күні. Сондықтан, бауырлар, көп асқанға бір тосқан бар екенін ұмытпаңдар!
Астанада көркем гимнастикадан бапкер болып істейтин бір орыс әйел(бұл жерде айта кету керек,талантты қазақ қыздарын көрсе де көрмегендей болып, оқтау жұтқан орыстарын Қазақстанның ақшасына шет елге жарыстарға шығарып жүр)мені Ресейге шақырып жатыр-деп мұрнын шүйіріп жүрген, біраз уақыт өткен соң,қашан көшетін болдыңыз - деп сұрағанымда мен көшпейтін болдым,біз көшсек, Қазақстан мемлекеті қайтеді, мамандар жоқ қой деп жауап берді. Сонда олардың ойларынша орыстар ыдыра көшіп кетсе, Қазақстан жапа шегіп қалады екен.
орыстардың қазақ тілін білмегені қандай жақсы ә?! Түсінсе мыналарды оқып шулап жүрер еді. (немесе білгені жақсы ма еді?...)Олар туралы көп ертегі біледі екенсіңдер.Пікіршілер!
«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».
Олардың көпшлігінің төбелері тесік. бәрін түсініп отырады, тек қазақ тілін менсінбегендіктен, сол тілде сөйлегілері келмейді.
Е...осындай пікірлерді оқи-оқи жүйке жұқаратын болды...Шіркін,қашанбір нағыз зайырлы мемілекет болады екенбіз...тыныш өмір сүретін...
Маған сенсеңдер, қазақта "Қара қытай қаптаса сары орыспен жылап көрісесің" деген тіркес те, мақал да, мәтел де болған емес! Кейін саяси мақсаттарда шығарылды. Мақалдың дұрысы "Қара орысты көргенде, сары орысты әкем дерсің" еді. Мұнда қазақ жеріндегі казачество мен крестьяндар туралы айтылған. Әрине, казачествоның қазаққа тізесі қаттырақ батқаны мәлім, сондықтан мұжақ (крестьян) жұмсақ көрінген.
Құлдық снасы әлі арылмаған топастарымыз толып жатыр екен замандастар. Орыс кетсе күніміз қараң қалатындай қиналып отырғой. Орыстар пікірімізді көрсе көре берсін, түсінсе түсіне берсін, не болыпты? Басымызды кесеме? Оңтүстік астанамыз Алматыда үйі бар, жайлары жайланған ұлт өкілі орыстар, қазақ халқы үйсіз, күйсіз "жетім бұрышта" жүр. Өз елімізде, өз жерімізде соларға тәуелдіміз. Жансая
Арине мен орысша білмеймін, сосын орысша уйренгімде келмейді. Шала қазақтар қазақша білмейтін біздің сөйлегеніміз мәдениетіміз мүлдем жат секілді көрінедіда сосын осылай ақ орыс болып журе берсем дейді намыс жоқ. Оларға қатаң заң керек, барлық жерді қазақшалап тастап қазақша білмесе жұмыс берілмейді десе амалы жоқ үйренеді қиналып, сосын түсінеді өз мәдениетін, тілін халқының жағдайын. Соған білетіндер атсалысайық заң шығуына билікке болашақ үшін таласайық. Біз секілділер билікте отырса әлі сайратамыз оларды қазақша
Пікір алынып тасталды!
"Орыстан досың болса, қойныңда балтаң болсын" деген де мақал бар)))
Ресейде қазір бір дилемма бар: не өз демографиясын, орыс пайызын сақтап қалу үшін орыстарды қайтару, не экс империяны қолдан шығарып алмау үшін Латвия, Украина, Кавказ, Қазақстандағы диаспораларын сақтап қалу. Біз үшін бұл жерде Приднестровьелік вариант болмауы үшін балтаны шығармай тұра тұруымыз қажет деп ойлаймын, олар әлі көптеу.
Сосын, олар кетіп қалса, штанганы кім көтереді, шаңғыны кім тебеді? Шишигина, Парыгин, Жиров, Ильин, Смирнов секілді орыстар болса, қала берсін)))
Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.
Қалмасын, аулақ кетсін. Солар еліміз үшін алып жатыр дейсіңба? Өз қара басы ғой? Кез келген спортшы өзінің жетістігі үшін тер төгеді. Сосын бір дәрежеге жетсе көкіп сөйлейді ел үшін тер төктім деп. Ол өтірік. енді қазақстаннан барса қазақстанның атынан аладығой. Олар бізге тиында керек емес, пайдасынан зияны коп. Силаса ең болмағанда қазақша сөйлер еді ғой. Ақымақ қазақ соғанда ми жетпейма?
Штанга көтеретін, шаңғы тебетін қазақ табылар, егер өкіметтің саясаты ұлттық саясат болса. Милиондаған қаржыны басқа елдің спортшыларына шашқанша спорт мектептерін салып, өз спортшыларын дайындағанда, болашаққа кеткен ақшаны өз білім жүйемізді дамытуға құйғанда басынан бастап,18 жылда талай жетістіктерге жетуге болар еді. Амал бар ма!Өзімізге өзіміз қимай отырған жоқпыз ба?
Алматыда өмiр-бақи тұрып, жұмыс iстеп келемiн. Мұнда жәй жүрмей, орыс тiлiнiң дамуына өзiндiк үлес қосып жатырмын.
-------------
Қазақстанда орыс тілінің дамуы үшін үлес қосып жүр екен. Ал біз өзге елді қойып өз елімізде орыстың советтен қалған боғын езгілеуді мәдениеттілік деп масайрап жүрміз. Ұялсақ етті!
Кәзіргі көптеген орыс жастарфы қазақ итілін жақсы түсінеді, сөйлеп кетуге орта жоқ, ол ортаны тарылтып отырған сені мен мен, қазақтар! Елдегі орыстың кетуіне басты афктор, ол - орыстардың қазақтардан артық тұратындығы.Егер қазақтар Қазақстанда орыстардан артық тұруды былай қойып теңесе бастаса, ороыстар Ресейге ағылады. Бұл жайтты тіл мәселесінен, БАҚ ахуалынан айөын көресіз. Елдегі 7 пайыздық қазақтілді БАҚтармен қазақ журналистерінің ахуалын бағамдайсыз. Биліктегі ресей тілімен сөйлейтіндердің кімнің арқасында билікті отырғанын бағамдайсыз.Сондықтан қазақ дегеннің бәрі Қазақстанды қазақ үшін көгерте ме деген сауалға оралуға тура келеді түбінде. Қазақтың бәрі Қазақстан үшін бе деген де сауалдың құлағы қылтияды!
"Қара қытай қаптаса, сары орыспен жылап көрісесің" деген былшылбай сөз әсте "қазақтың мақалы" емес, "Қара орысты көргенде, сары орысты әкем дерсің" және "Ақырзаман боларда қара қытай қаптайды" деген шынайы қазақ мақалдарын мидай араластырып жасаған қойыртпақ бірдеңе. Әсіресе соңғы кезде осы бір жасанды "мақалды" жиі қолданатын болып жүр. Сондықтан бұл "даналық" тілімізге сіңіп, бекіп қалмауы үшін үнемі түзетіп отыру қажет.
сары орыстың кеткені біз үшін келіп кетер ештеңе жоқ. ең бастысы ұлттық мүдемізді орға жыққан билік басындағы жансыздар ең қауыпты.
Ақтобеде бұдан 20 жыл бұрын орыстар өзін биік санаушы еді , қазір түзелген сияқты. Енді 20 жылдан кейін бәрі де біз ойлағаннан да тиімді жақсы болатындығына сөз жоқ. Қалаларда әрбір орыстың кем дегенде 2-3 үйі бар жалға беретін. Салық кодексіне кішкене жаңалық енгізсе, жалға беру табысына әрбір азаматтың екі не одан көп үйіне салық мөлшері бастапқы ставкадан 100 есе мөлшерде артық алынады деген...Сонда қаладағы бай арамтамақтардың кеңісі тарыларына сөз жоқ.Үйлер де төмен түседі.Бірақ, ондай Үкімет жоқ қой бізде.Ұлтымыздың сорлап жүргені де көбінесе терезесі тең,керегесі кең бола алмай баспанадан қиналып жүргендігінен ғой... Сөйтіп алып халық санын көбейту керек деп көпіргенін қайтерсің?
Пікір қосу